Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Нашақорлық- қоғамдық дерт
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылы
№2 жалпы орта білім беретін мектеп
жанындағы интернат
Аудандық семинар
Тақырыбы: <<Нашақорлық- қоғамдық дерт>>
Дайындаған: Тулешева Л.Т
Қосшағыл 2015 жылы
<<Бекітемін>> <<Келісемін>>
Мектеп директоры:. Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары:
Таласбаева Г.Т Жұмақшамова А.Ғ
<<23>> желтоқсан 2015 ж. <<23>> желтоқсан 2015 ж.
<<Нашақорлық- қоғамдық дерт>>
Мақсаты: Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру; Нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Міндеті: Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қорытындылай білуге, олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір салтын құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, плакаттар мен қанатты сөздер.
Әдісі: Ток шоу еркін форматта
Кіріспе сөз:
Армысыздар, ұлттық арнада <<Айтуға оңай>>. Бүгінгі хабарымыз <<Нашақорлық- қоғамдық дерт>> тақырыбына арналған. Хабарымызды Ұлы Абайдың өлең шумағымен бастағым келіп отыр. <<Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын>>. Иә, олай деп айтуымыздың өзіндік мәні бар.
Қателік кімнен кетуде, ата-анадан ба, мектептен бе, әлде қоғамнан ба? Мүмкін, осы үш тараптың жауапкершілікті тең арқалай алмауынан болар. Бүгін осы тақырыпқа тереңнен үңілмекпіз. Алдымен экранға назар аударайық.
(<<Есірткі туралы ақиқат пен жалған>> тақырыбындағы видеоролик көрсетіледі)
Жүру барысы:
-Бүгінгі кеш қонақтары: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмагүл Ғабиденқызы, емхана психологы Антонина Қуанқызы, интернат медбикесі Айнұр Демегенқызы, мектеп инспекторы Азимов Нұржан, Қосшағыл мешітінің бас имамы Айдарбекұлы Теңел қажы.
-Біздің алғашқы жұмбақ кейіпкеріміз, жасы 18-де. Нашақорлыққа салынып, көп зардап шеккен. Самат, шын аты емес. Арнайы айтуға оңайға өз оқиғасын айтуға келді.
-Сәлеметсіз бе, Самат? Сіздің осындай жағдайға түсуіңізге не себеп болды?
(Кейіпкеріміз перденің артында тұрып өз оқиғасын айтады, әрі қарай талқыланып оған сұрақтар қойылады)
(Кейіпкерге сұрақ қойылады)
- Сонда сіздің нашақор екеніңізді ата- анаңыз білмеді ме?
- Ал, сіздің сонда осыған дейін есірткіден бас тартпауыңыздың, пайдалануды қоймағаныңыздың себебі неде?
- Есірткі арқылы мол байлыққа кенелем деп ойлайтындар бар. Кейде оны тегін береді екен. Неліктен?
(Психологқа сұрақ қойылады)
-Қазіргі кезде Самат бауырымыз сиякты жастарымыз нашақорлыққа салынып, көп зардап шегуде. Осындай жағдаймен сіздің көмегіңізге жүгінген адамдар болды ма? Егер мұндай жағдай кездесіп жатса, сіздердің, яғни психологтар тарапынан қандай көмектер көрсетілер еді?
- Саматтың өмірі туралы не айта аласыз?
- Саматтың жағдайында қандай психологиялық күйзелістер бар?
(Сұрақ интернат медбикесіне қойылады)
- Айнұр Демегенқызы, нашақорлық туралы айтып өтсеңіз.
- Олардың нашақор екенін қалай байқауға болады?
- Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?
-Нашақорлыққа көптеген жастарымыз бейім, айыққысы келетін жастарға медицина тарапынан қандай көмектер көрсетіліп жатыр?
- Ортамызда №2 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернатта тәрбиеленіп жатырған қызымыз Мұхтар Сұлуханның тәрбиешісімен бірге шығарған жүрек жарды өлең жолдарын тамашалайық.
(Инспекторға сұрақ қойылады)
- Нұржан мырза, осындай жолға салынған және айналасындағыларды да өзімен бірге жаман жолға итермелейтін жастарымызға қандай шара қолданасыздар?
- Есірткі сатқандар немесе басқа да қылмыс жасап жүрген жасөспірімдерге қандай жаза бар?
(Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына сұрақ қойылады)
-Келесі сұрағымды Алмагүл Ғабиденқызына қойғым келіп отыр. Біз, әсіресе ата- аналар жағы осы жасөспірімдерінің бұзылуына байланысты мектепті айыптаймыз, яғни, мұғалімдерді дұрыс тәрбие беріп жатырған жоқ дейміз. Осы тұрғыдан не айта аласыз?
- Сөзіңізге дәлел болсын, кеше ғана бізде жұмыс істейтін бір апамыз айтады. Мектепке барғанмын, менен мұғалімі сауалнама алған. Сұрақтары қарапайым секілді, бірақ қиын екен. Мен жауап бере алмадым. Мысалы, балаңыздың достарын білесіз бе? Балаңыздың парталасы кім?- деген сұрақтарға жауап бере алмай, қиынсынғанын айтты.
(Ауыл имамына сұрақ қойылады)
-Теңел қажы мырза, нашақорлыққа қатысты дінде не қарастырылған?
-Жасөспірімдеріміздің зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға қандай ақыл- кеңес берер едіңіз?
- Бүгінгі біздің студиямызға Самат бауырымызбен тетелес өсіп келе жатырған болашақ жастарымыз келіп отыр. Менің ойымша бұл жастарға сіздердің айтылып жатырған ақыл- кеңестеріңіз түсінікті болды деп. Біздің болашақ жастарымыз көкейлеріне қандай ой түйгенін және Самат бауырымызға өздерінің қандай пікір- ойлары мен ақыл- кеңестерін айтады екен?
- Бүгінгі біздің студияға келген жұмбақ кейіпкеріміз, Самат есімді жігіттің өмірін естіп, тыңдадық. Ендігі алдағы уақытта Самат бауырымызға қандай ақыл- кеңес пен көмектерімізді бере аламыз?
- Кейіпкеріміздің сұрауы бойынша, ол өзін көрсетпеуін өтінді. Сонымен қатар оның мекен- жайы, телефон нөмірі сіздерге беріледі. Сіздердің тараптарыңыздан әрі қарай хабарласып, қол ұшын беріп, көмектесулеріңіз сұралады.
Қорытынды:
<<Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде>>. Иә, айтуға оңай.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz