Тірі ағзалардың таксономиялық жүйесі мен таксондық деңгейлері

Күні: Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы : Тірі табиғат дүниесі.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік : Тірі ағзалардың систематикалық топтарға бөліп қарастыру.

2. Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы:

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Империя - құрылым негiзiнде клеткалы және клеткасыздарға жататын ең iрi тiрi организмдер топтары.

Дүние үстi - тәуелденген кiшiрек топтар, ядроның құрылысына негiзделген екi таксон - прокариоттар мен эукариоттар.

Дүние - жер бетiнде тiршiлiк ететiн тiрi организмдердiң негiзгi топтарын көрсететiн негiзгi таксон: вирустар дүниесi, бытыраңқылылар дүниесi немесе бактериялар және көк-жасыл балдырлар, өсiмдiктер дүниесi, саңырауқұлақтар дүниесi, жануарлар дүниесi .

Дүние тармағы - клеткалы организмдердi құрылым деңгейлерiне қарай бiрiктiретiн таксон.

Тип немесе бөлiм (өсiмдiктер, бактериялар) - құрылысы мен қызметтерiнiң ұқсастығына, ортақ шығу тегiне, даму ерекшелiктерi және т. б. белгiлерi арқылы анықталатын тiрi организмдердiң негiзгi топтарын көрсететiн таксон.

Тип тармағы - типке тәуелдi топты көрсететiн және белгiлерi бойынша типке қарағанда ерекше таксон.

Класс - тип пен тип тармағына тәуелдi, аса ерекше белгiлерi бар тiрi организмдер тобын көрсететiн таксон.

Класс тармағы - класқа тәуелдi, класс деңгейiне қарағанда белгiлерiнде айрықша ерекшелiктерi бар топтарды көрсететiн таксон.

Отряд - класс пен класс тармағына тәуелдi, одан да спецификалық топтардың таксоны.

Отряд тармағы - спецификалық қызметi мен құрылысы бар топ, отрядқа тәуелдi таксон.

Тұқымдас - түр мен туыстарды бiрiктiретiн топ, отряд пен отряд тармағына тәуелдi таксон.

Туыс - көптеген ортақ белгiлерi бар түрлердiң жиынтығы, туысқа тәуелдi, бiрақ түрге қарағанда жоғары тұратын таксон.

Түр - белгiлi ортақ белгiлерi бар жиынтығы. Бiр түрдiң еркiн шағылыса алады, басқа түрдiң дараларынан репродуктивтi оқшауланған.

Қорытынды:

Таксондардың мұндай орналасуы классифакациялау логикасынан шығады және өте үлкен материалды оңай есте қалдыру үшiн арналған. Таксондардың иерархиялық қатарда орналасуы классификациялаудың (топтастырудың) иерархиялық жүйесi деп аталады. Иерархиялық жүйенiң негiзi даралар - түр, ал шыңы - барлығын қамтитын таксон болып табылады. Иерархияның түрлi деңгейлерiнде негiз бен шыңның арасында, әр қайсысы өзiнен жоғары тек бiр ғана таксонға тәуелдi және өзiнен төмен бiр немесе одан көбiрек өзiне тәуелдi таксондары бар, түрлi таксондар болады.

Бұл негiздiң биологиялық негiзi иерархиялық жүйенiң тiрi организмдер эволюциясының әртүрлi деңгейлерiн де бейнелеуде.

Үйге тапсырма : §1. 8-бет кестені толтыру


Ұқсас жұмыстар
Тіршілік және тірі табиғаттың негізгі құрылымдық деңгейлері
Экологиялық факторлар мен тірі ағзалардың өзара әсері
Орта факторлары мен тірі ағзалардың өзара әрекеттесуі және бейімделуі
9-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Орта факторлары мен тірі ағзалардың өзара әсері
Ағзалардың жеке дамуы: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары мен бағалау критерийлері
Программалаудың даму тарихы мен программалық жасақтаманың деңгейлері
10-сынып биологиясы: Ағзалардың жеке дамуы - сабақ жоспары
Биология пәнінің қысқа мерзімді жоспарлары: кіріспе, салалар мен жаратылу деңгейлері, ғылым тарихы және мектеп ауласындағы экожүйелерді зерттеу
Белоктардың құрылысы мен қызметі: құрылымдық деңгейлері және функционалдық классификациясы
1-сынып жаратылыстану сабақ жоспары: Өсімдіктер - тірі ағзалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz