Жж дыбысы мен әрпін таныстыру: бастауыш сыныпқа арналған аралас-сайыс сабақ жоспары

Жж дыбысы мен әрпі

Құрманбаева Жайлыгул Жубанышовна

«Сыңғырлау мектеп балабақша кешені»бастауыш сынып мұғалімі.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сыңғырлау ауылы.

Сабақтың мақсаты: «Жж» дыбысы мен әрпін таныстыру. Дауыссыз және сөз басында, ортасында кездесетінін байқау. Сөз, сөйлем құрастыру арқылы дыбыстық талдау жасап, тіл байлығын дамыту. Сурет салу, тіл бойынша әңгімелесу арқылы ойлау қабілеттілігін арттыру. Жазу барысында дұрыс элементтерді жазуға, дұрыс отыруға, әдемі жазуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түрі : аралас, сайыс сабағы.

Көрнекілігі : әріптер, суреттер, буклеттер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

Жылулық шеңберін жаау.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі жарық мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

II . Өткен сабақты пысықтау : «Ғалымдар мен ғарышкерлер » туралы не білеміз? Сурет бойынша сөйлем құрастыру берілген сөздерді оқу дыбыстық талдау жасау.

III. Ғғ әрпіне байланысты тақпақтарын жатқа айту.

IV. Үш топқа бөлу. I топ- «Жұлдызшалар»

II топ- «Жапырақтар»

III топ- «Жалаушылар»

V. Ғарыштағы жұлдыздар жайлы айта кету.

Жұмбақтар жасыру:

Ағайынды бәрі

Шықса - жасыл

Түссе - сары. (жапырақ)

Қанаты жоқ ұшады

Аяғы жоқ қашады (Жел)

Түнде жарқырайды,

Күндіз көрінбейді. (Жұлдыз)

Осында Жж дыбысына байланысты «Жемістер терейік» ойыны, дыбыстық талдау жасау.

VI. Жаңылтпаштар айту жарысы. Жылдам әрі дұрыс оқу.

Топталып жаттау: Жұлдыз көкте көп мүлдем,

Жарқырайды түнде көп.

Қызығамыз қараймыз,

Кекреметке балаймыз.

VII. «Жж» әрпінің элементін таныстыру, арнайы дәптерге жазу.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Жаңбыр жауар себелеп,

Тығылады көбелек.

Қол шатырды қолға алып,

Би билейміз дөңгелеп.

Ойын «Журналист». Жанұя туралы әңгімелесу.

VIII. Оқулықпен жұмыс. Жж әрпіне байланысты сөздерді оқу. Топталып оқу.

IX. Қорытынды: Абай Құнанбаевтың өлеңімен сабақты қорытындылау. Жүлдегерлерді, жеңімпаздарды марапаттау.


Ұқсас жұмыстар
Б б дыбысы мен әрпін таныстыру: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
П дыбысы мен әрпін таныстыру: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған Ұ дыбысы мен әрпін таныстыру сабағы
Е дыбысы мен әрпін меңгерту: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған О әрпін таныстыру сабақ жоспары
Х х дыбысы мен әрпін оқытуға арналған бастауыш сынып сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған Ә ә дыбысы мен әрпін оқыту сабақ жоспары
Ққ дыбысы мен әрпін таныстыру: мектепалды даярлық сабақ жоспары
Бастауыш сыныптар үшін Ж дыбысы мен әрпін оқыту бойынша сабақ жоспары
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру: сауат ашу сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz