Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тегіміз Түркі, дініміз - Ислам
Солтүстік Қазақстан Облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Новоишим қазақ орта мектебі
Рамазанова Женя Нургазиевна
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Тақырыбы: <<Тегіміз Түркі, дініміз - Ислам>>
Мақсаты: Оқушыларды сабырлы, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу;
Оқушылардың бойында имандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тегіміз-Түркі, дініміз - Ислам
<< Біз - тегіміз Түркі, дініміз - Ислам екенін ұмытпауымыз керек.Ол үшін қасиетті кітап-Құран - Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек. Халық Алласына, Тәңірге сеніп, ертеңгі күнін, аржақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап, дүниедегі мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммед Пайғамбарымыздың ( с.а.с.) Хадистеріне сәйкес өмір сүрсе деймін.
Дінімізді,ділімізді, тілімізді сақтау-Ұлттығымызды , Мемлекетімізді сақтау>> деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқан еді.
Яғни бүгінгі әңгімеміздің негізгі тақырыбы осы ислам дінінің төңірегінде болмақ. Әңгімемізге ауданымыздың бас имамы_________шақырып отырмыз.
Ислам салыстырмалы түрде жаңа дін болса да, барлық дүние бөлігіне таралған. Дүниежүзінің 120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар.
Енді осы дін жайлы біздің оқушыларымыз не біледі екен, соны тыңдайық:
1. <<Ислам >> сөзі араб тілінде <<бейбітшілік>>, <<тыныштық>> сөзімен түбірлес.
2. Аллаһ бұл дінді адамдарға ақиқат, тыныштық, игілік, жарылқану жолын көрсету үшін жіберген.
3. Ислам - бейбітшілік пен береке-бірлік діні.
4. Аллаһ қасиетті Құранда мұсылмандарға адамдарға жақсылық жасауға, әділ болуға әмір етеді.
5. Ислам діні әлемдегі ең үлкен, ең мықты дамыған діндердің ең соңғысы. Ислам дінінен соң ешқандай дін өмірге келген емес.
1- сұрақ. <<ИСЛАМ>> сөзін өзіңіз кеңінен тарататып айтып берсеңіз.
<<Иман>> деген не?
2-сұрақ. Иманды ұл, инабатты қыз деп дін жолында жүрген ұл мен қыздарымызды айтамыз ба?
Қазіргі жастардың бойында имандылық бар ма?
3-сұрақ. Иманға келген ұл мен қыздың қоғамға пайдасы қандай?
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбар адам болудың жауапкершілігін былай түсіндірген. Қиямет күні әр адамнан мына 4 нәрсенің есебі сұралады:
1.Өмірін (уақытылы) қайда жұмсағанын;
2.Жастығын қалай өткізгендігін;
3. Қалай дүние тауып,қалай жұмсағандығы;
4. Алған білімін қайда жұмсағандығы.
Пайғамбарымыз: "Сендер маған мына 6 мәселеге уәде берсеңдер, мен сендердің жұмаққа баратындарыңызға уәде берем"-деген.
1. Сөйлегенде шындық айтуға;
2. Уәде берсеңдер орындауға;
3. Аманатқа қиянат жасамауға;
4. Арлы болуға
5. Құран тыйған харамдардан сақтаныңыздар;
6. Жамандық жасамаңдар, көре алмаушылық болмасын.
Мұғалім: Бала өмірге келген соң, періште, пәк жасына дейін ата-анасының мейіріміне бөленіп өседі. Қыздың бой жетуіне, ұлдың азамат болуына көңіл бөлінеді. Табиғаттарына тән кәсіпті, мамандықты үйренуіне, игеруіне көмектеседі, өмірдің қиындығын білуге баулиды. (ана туралы слайдты көрсету) Осындай адамның жігерін құм ететін жайттар өмірде көптеп кездесіп жатады. Барлық адамдар жәннәтқа барғысы келеді. Жәннәтқа
1. Ата-анаға қарсы келген бала;
2. Өз әйелін қызғанбаған;
3. Еркектің киімін киген әйелдер бара алмайды.
4-сұрақ. Ата-ана сенің жәннәттың , олардан алғыс алсаң, жәннәтқа кіресің, қарғыс алсаң, кіре алмайсың деген. Ата-анаңды қуантуға жәннәтқа асыққандай асық,Ренжітуден тозақтан қашқандай қашу керек деген. Осы туралы не айтасыз. Раббың өзіне ғана құлшылық қылуды және әке шешеңе жақсылық жасауды әмір етті. Исра. 21-аят.
5-сұрақ. Әйелдер емес, ер адамдардың арасында да әйел адамның киімдерін киетіндер кездеседі. Адамдар ды күлдіру үшін әзіл-сықақа театрлар әйел образын жасап жүргендер өте көп. Бұған не айтасыз.
Дінге адам жақындаған сайын ата-ана мен бала арасы , бауыр арасы жақындай түседі. Ал керісінше діннен алыстаған сайын ата-ана мен бауыр арасы алыстай түседі.
Халық діни нанымдарына қарай да жіктеледі, бұл халықтың діни құрамы деп аталады. Оны анықтауда Жер шары халқының барлығы бірдей қамтылмайды, өйткені адамзаттың, шамамен 25-30 пайызының діни ұстанымы жоқ.
Ғылым мен технология даудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптары бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда.
І. Ой қозғау. - Оқушылар, <<Экстремизм,терроризм>> деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді?
Абайла адасу! <<Абайла, дін саудагерлері!>>
Діни топтар: <<Салафиттер>>.<<Такфиршілер>> ұйымы. <<Таза ислам>> <<Таблиғ жамағаты>>. <<Нұршылар жамағаты>> <<Қадиян>> тобы <<Уаһһабилер>>
Секталар: <<Иегова күәгерлері>>, кришнаиттер, саентологтар, мунистер, баптистер.
Секта - орталық шіркеу немесе мешіттен бөлектенген діни топ, қауым, бас пайдасы, жеке мүддесі үшін халықтан қол үзген топ.
Нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдер көруде. Соңғы жылдары Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен ұйымдар мен секталардың салдарынан мыңдаған адамдар аянышты халде қаза тапты.
Діни сенім - имандылық дегеніміз сүйіспеншілік, мейірімділік, бейбітшілік, ал терроризм мен экстремизмнің мақсаты бұған мүлде қайшы, қантөгіс, қатыгездік, адамдар үшін қайғы-қасірет.
Құранның бір аятында былай делінген:
...Аллаһ зұлымдық жасағандарды сүймейді. (ғимран сүресі, 140 аят) Олай болса, жалпы ел болып, осындай қауіптен, секталардан сақ болуымыз, балаларымызға лайықты дәрежеде көңіл бөлуіміз керек.
Ислам дінінің бағыттары туралы не айта аласыз?
Енді осы тақырып төңірегінде өз ойыңызды айта кетсеңіз.
Оқушылардың дайындаған сұрақтары:
4- сұрақ. Намазды қай уақыттан бастаған жөн ?
5- сұрақ :Қазіргі қыздардың хиджап киіп жүруі туралы не айтасыз?
6-сұрақ :Мешітке келіп , жұма намазға кімдер қатысады?
7-сұрақ :Ислам дінінің бағыттары туралы не айта аласыз?
8-сұрақ. Экстремизм, терроризм дегеніміз не? Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?
9-сұрақ. Қоғамның ең әлсіз тұсы дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір себептерінен бе, секталарға кіру себебі, неде?
Кездесуге келген ауданымыздың бас имамы зор алғысымызды білдіре отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға береке-бірлік тілейміз.
Қорытынды сөз: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев <<Біз тегіміз - түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз керек>>, - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған.
Ислам он төрт ғасырдан бері барша адамзаттың наным - сеніміне, нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабырлылыққа шақырып келе жатқан Аллаһ тағаланың соңғы, әрі бірегей діні. Бүгінгі сабағымызда дін, әдет - ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамын. өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек..
Бүгінгі сабақтың түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы адам, иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын демекпін. Осындай тілекпен бүгінгі қоғамымызды дөп басар кезінде ұлт зиялысы, ел жанашыры Міржақып Дулатұлының <<Оян, қазақ!>> атты өлеңінің мына бір жолдарымен қорытындылағым келеді.
Оян, қазақ!
Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,
Дініңді сен ардақтағын, құнтта!
Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,
Қателесіп жаман жолмен былықпа!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz