Сабақ жоспары :: Музыка

Файл қосу

Жұлдызды сәт Музыка техникасы, комп. экрандық көркемдеу құралдарын кеңінен пайдалану

Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Чапаев ауылы
№1 ОЖЖМ
Музыка пәні мұғалімі: Рамазанова Светлана Галимовна

Тақырыбы: <<Жұлдызды сәт>>
Мақсаты: Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл- қыздарын тәрбиелеу.
Міндеті: Шығармашылық ізденісін, есту және есте сақтау қабілетін арттыру. Білім мен дағдысының деңгейін анықтау. Шығарманы тыңдай білуге, әнді мәнерлі, әсем сазды орындауға үйрету.
Көрнекілігі: Музыка техникасы, комп. экрандық көркемдеу құралдарын кеңінен пайдалану.
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, тәрбиешілер және оқушылар!
<<Жұлдызды сәт>> атты музыкалық сайысқа қош келдіңіздер!
Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді.

Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыз сайыс түрінде өтеді. Біздің сайысқа қатысатын оқушыларымыз 2 топқа бөлінді.
Бірінші топ - <<Көңілді ноталар>> тобы
Екінші топ - <<Жас музыканттар>> тобы
(Бөлімдермен таныстыру)
Интерактивті тақтадан бөлімдерді жазып көрсету.
1- кезең. <<Аспаптар үнін ажырату>>
2-кезең. <<Ән шырқайық бәріміз>>
3-кезең. <<Ойна да ойла>>
4-кезең. <<Сұрақ-жауап>>
Әділдікпен баға берер сендерге,
Әділдікпен қара қылды жаруға
Қазір енді қазыларды сайлайық
Алғыр топты ішінен таңдап алуға, - дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар....
Ендеше сайысымызды бастайық.

1- кезең. <<Аспаптар үнін ажырату>>
Біздер бәріміз музыка тыңдағанды жақсы көреміз. Сүйікті әуенді естіген кезде, жақсы досымызға күлімсірегендей күлімсірейміз. Міне соның арқасында әуенге елітетін көптеген музыкалық аспаптарды білесіңдер деп ойлаймын. Қазір мен музыкалық аспаптардың үнін жіберемін, сендер қандай аспап екенін ажыратуларың тиіс. №1қобыз, №2 домбыра, №3 асатаяқ, №4 жетіген, №5сазсырнай, №6 дауылпаз, №7скрипка, №8 баян, №9 сыбызғы, №10 шанқобыз.Слайд арқылы аспаптардың суреттері шығады.
1.<<Көңілді ноталар>> тобы
2.<<Жас музыканттар>> тобы
Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып ән мен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқайық, кәне, бәріміз!

2-кезең. <<Ән шырқайық бәріміз>>
2- кезең бойынша сендер берілген әнді тыңдап,қай әннен үзінді екенін табуларың қажет. Дұрыс тапқан топқа 2 ұпайдан беріледі. Тапқан әнімізді қосылып бірге шырқаймыз.
<<Жас музыканттар>> тобы бастайды.
<<Көңілді ноталар>> тобы
3- кезең. <<Ойна да ойла>>
Слайд арқылы берілген тапсырмаларды әр топ кезек-кезек орындайды.
Күйші-композиторларды ата.
Әріптердің түсіне қарап , аспаптардың атауын тап
Суреттегі аспаптардың атауын және олардың неден жасалғанын айт
4- кезең. <<Сұрақ-жауап>>
Осы соңғы кезеңде әр топқа 5 сұрақтан беріледі. 5 сұрақтың бәріне дұрыс жауап берсеңдер 5 ұпай беріледі. Яғни, 1 сұраққа 1 ұпайдан ала аласыңдар.
<<Көңілді ноталар>> тобы
1.Құрманғазы кімге арнап күй шығарды, қалай аталады?
2.Шертпе күй дегеніміз не?
3.Театрға адамдар ен үшін барады?
4.Құрманғазының шәкірті кім?
5. <<До>> нотасына сөз құра

<<Жас музыканттар>> тобы
1.Дәулеткерей кімге арнап күй шығарды, қалай аталады?
2.Дина неше жыл шәкірт болды?
3.Театрға барудың қандай ережелерін білесің?
4.Үріп ойнайтын аспапты қалай атайды?
5. <<Си>> нотасын қатыстырып сөз құра

Жарайсыңдар, балалар! Бәріңіз жақсы қатысып, жақсы жауап бердіңдер. Ендеше, әділқазылар өз қортындыларын шығарғанша біздер <<Ата - ананы тыңдаймыз>> әнін шырқайық. Әділқазыларға сөз беріледі.

№1 ОЖББМ

Тақырыбы: <<Жұлдызды сәт>>
ашық сыныптан тыс шара

Өткізген: С.Г. Рамазанова
музыка пәні мұғалімі

Чапаев ауылы 2017

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның халық көркем өнерін қайта жаңғырту
Физика сабағында оқытудың техникалық құралдарды пайдалану
Лампаларды бөлшектеу жұмыстарын орындау
Жұлдызды сәт интеллектуалдық сайыс
Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу
Тірі табиғат бұрышы
Жұқа болат қаңылтырды тақтаймен түзету
ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Графикалық файлдар форматтары
Әйгілі вена опералық театр
Пәндер