Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мақсатым: Бастауыш сыныптарда жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттыру.
Міндетім: 1. Оқушылардың логикалық ойлауын,шығармашылық қабілеттерін арттыру;
2. Оқу үрдісіне озық технологияларды енгізу;
3. Оқушыларды мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа, өркениеттілікке тәрбиелеу.
Қазір бүкіл әлемде интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын ақпараттық қоғамға көштік. Бүгінгі күні инновациялық әдістермен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Бүгінгі таңда білім беру парадигмасы <<білікті адамға>> бағытталған білімнен <<мәдениет адамына>> бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде оқытушының рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, оқытушы тек қана білімді алып жүруші ғана емес,сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды.
Оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі - шығармашылық қабілетті дамытудың басты жолы. Бұл ізденіс, ойлау әрекетімен тікелей байланысты. Ол үшін балаға берілетін білім сабақтастықты қажет етеді. Мысалы, мәтін тақырыбына орай айналадағы естілген дыбысты, адамдардың, жануарлардың сыртқы пішініне әр түрлі сөздер арқылы қатысты сипаттама мәтін құрату, көркем мәтіннен сөздерді табу, оқушының тілін дамыту ғана емес, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге де әсер етеді, яғни оқушы ізденеді, талаптанады, ойланады. Сонымен қатар қайталау сабағында ән-музыка, бейнелеу түрлерін көбірек пайдалану, оқушыға ұсынылған жаттығуда мәтін құрауға жиі көңіл бөлу де шығармашылық қабілетті арттырады. Жаттығулардың бір қатары оқушының танымдық белсенділігін дамытып, шығармашылық әрекетін қалыптастыруға негізделеді. Оқушы тақырыпты меңгергеннен кейін жаттығу арқылы ойын жүйелеп, жұмыс жүргізуде, тапсырманы орындауда ойлау қабілетін жетілдіре түседі. Ойлау мен сөйлеу қабілеті бір-бірімен тығыз байланысты. Оқушының ойын жүйелеуде әр түрлі әдіс-амалдар қолданылады:
- жаңа материалды меңгеру;
- оқушыға бағыт беру, яғни түрткі сұрақ, реплика беру;
- оқушының өзін көбірек сөйлету;
- тақырыпты бекіту;
- игерілген білімді тиянақтау;
- көрнекіліктердің әсерлігін тиімді пайдалану.
Оқушының өз бетімен ізденісінде қай жаттығу ойды бекітіп, қай жаттығу шығармашылық бағытты көздейтінін мұғалім топтық жұмыс арқылы да жүзеге асыра алады. Мұғалім әрбір тақырыпты өткен сайын сөз өнерінің құдіретін оқушыға жеткізе білуі тиіс.
Жұмыс үстінде ең қажетті деген қарым-қатынастық машықтар жүзеге асырылып, олар оқушының шығармашылық қабілетін жетілдіре түседі, яғни мәтін тақырыбын түсіну, ашу; ондағы негізгі ойды бөліп алу; шығармадағы кейіпкер, оқиға, құбылыс туралы өз пікірін тұжырымдау; өз ойын дұрыс жазу, айту оқушының байланыстырып сөйлеуін қалыптастырып, жетілдіруге, сөз қорын молайтуға, өзіндік көзқарасын орнықтыруға септігін тигізеді. Бұл - әрбір тақырып бойынша оқушының ойын жүйелеудегі басты құрал.
Бұл бағдарламаның басты мақсаты педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу. Мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Бұл бағдарлама негізінен жеті модульге сараланған. Модульдер:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқытуда АКТ-ны пайдалану
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер ретінде <<Диалог арқылы оқыту>>, <<Қалай оқу керектігін үйрету>> деп қарастырамыз. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғаліммен оқушы арасындағы дилогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектесетін амал.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты олар жан-жақты ойлап, өз ойларын толықтай жеткізе біледі, ойларын дұрыс болмаса да еркін жеткізе алады, әр оқушы әртүрлі ойларын айту арқылы ортақ бір пікірге келеді.
Оқытуды бағалау (жиынтық баға) баға қою, мадақтау, оқу қорытындысын шығару. Оқыту үшін бағалау (формативті) әр топ оқушылары немесе бағалаудың түрлері бойынша бағалау. Әртүрлі крийтерилар арқылы, ым ишара арқылы, білім ағашы арқылы, смайликтер арқылы бағалауға болады.
АКТ-ны пайдалану бұл оқушыларға интертақтамен жұмыс жасай білуге, ол арқылы сурет сала білуге, интернет желісін пайдаланып ақпараттар алуға, сюжетті суреттерді анық көруге, видеороликтер көруге дағдыландырады.
Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Мектепішілік шаралар өткізуде әр оқушының талантын байқаймыз, ал ешқандай шараға қатыспайтын тұйық оқушылар арасында әртүрлі қызықты жарыстар өткізу арқылы дарынын байқау болып табылады.
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту да бұл модульмен тығыз байланыста.
Көшбасшыны анықтау өткізетін кез-келген сабақта сынып оқушыларын топқа бөліп, әр топтан лидер таңдап алу. Келесі сабақта топтарды өзгертіп отыру арқылы әр сабақ сайын лидерлер шығып, оқушылар толық қамтылып шығады.
Бұл бағдарламадағы осы айтылған 7 модульді кез - келген сабақтарда барлығын дерлік қолданып шығуға болады. Өзім өткізген сабақтарда оқушыларым топқа бөлінуге қалыптасты, постер арқылы қорғауға үйренді, интертақтамен сабақ көруге дағдыланды, бағалау түрлерін пайдалана білді.
Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін - өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Элконин - В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі құрылымдары.
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден - дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Мысалы: Қазақ тілі пәнінен <<Жалқы есім және жалпы есім>> тақырыбын өткен кезде <<Түсіну деңгейі>> сызба арқылы жалпы есім туралы оқушылардың өз білетіндерін еске түсіріп, жаңа тақырыпқа дайындық жұмысы жүргізіледі.
Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. <<Жақсы оқушы>>, <<Жаман оқушы>> ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
<<Қолдану деңгейі>> бойынша оқулықпен жұмыс жүргізіп жалпы есім туралы түсініктерін кеңейтеді. Бұл жерде оқушылар <<Топтастыру стратегиясы>> арқылы постер қорғайды.
І- топ: Жалқы есімдерді бір бөлек, жалпы есімдерді бір бөлек топта
ІІ- топ: Жалқы есім болатын сөздерді мағынасына қарай топта.
Құнанбай, Омбы, Сарысу, Сыңғырлау, Зере, Алыпсоқ, Құлагер
Үшіншіден - оқушының жеке басын дамытатын басты құрал - ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Бұл деңгейде оқушылар шығармашылық тапсырмалар орындайды.
Мысалы: Бос орынға ұйқас сөзді ізде:
Ұзын мойын көрікті
Білесің бе______?
Жақсы жазып тестті,
Алдым бүгін______.
<<Талдау деңгейі>> бойынша Венн диаграммасы. Жалқы есім, жалпы есімді салыстырады.
<<Жинақтау деңгейі>> бойынша <<Қала салайық ойыны>>
раз
Та
мен
ке
бас
Өс
Екі
тұз
Талды
қорған
қорған
- Бұл қандай сөздер?
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Жалпы есім дегеніміз не?
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бір-бірін тыңдау арқылы қорытынды пікірге келеді.
<<Бағалау деңгейі>> бойынша: Не білдік?, Не үйрендік?, Сен қалай ойлайсың? Осы сұрақтар арқылы оқушылар бүгінгі сабақта не біліп, не үйренгендерін ортаға салады.
Кері байланыс: - Сабақ ұнады ма?
- Сабақ ұнамады ма?
Оқушылар смайлик арқылы көрсетеді.
Төртіншіден - дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы - <<орындаушы", <<мұғалімнің тасасындағы" объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы жеке тұлға.
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық
белсенділігі артады;
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби
сенімін қалыптастырады.
Бастауыш сынып оқушыларына жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бірін-бірі тыңдай білуге үйретеді.
:: Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянды;
:: Шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланды;
:: Оқуға ынта-ықыласы артты;
:: Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренді;
:: Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренді;
:: Өз ойын қағазға түсіруді үйренді;
:: Оқушының жеке басын, ұжымды сыйлауға үйренді:
Көрсетілген әдіс-тәсілдер бастауыш сыныптарға тиімді екендігіне көзім жетті. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев мұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. <<Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады>> деген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу бүгінгі күннің мақсаты.
Сонымен сөзімді қорытар болсам сабақ барысында мынандай талаптар басшылыққа алынуы қажет:
1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.
4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.
Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу- оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан-жақты білім алуына көмектеседі.
Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді.Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады.Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де - білім.Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде.
Аудандық білім беруді үйлестіру орталығы
Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі
Өтеген Жарасхан Ерсұлтанқызы
Бейнеу, 2016 жыл

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz