Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Жер және ғарыш Ғарыш дегеніміз не

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы:
Жер және ғарыш
Ғарыш дегеніміз не?
Мектеп:
Күні : 20.01.2017 жылы

Мұғалімнің есімі: Н.Үсенбекова
СЫНЫП: 1- <<А>>сынып
Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:
Барлық оқушылар:астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Ресурстар:
жұлдызды аспанның картасы;
ең танымал шоқжұлдыздардың суреттері. Интернет-ресурстар:
астрономия тарихы туралы бейнефильм, мысалы, https://www.youtube.com/watch?v=X-0Lzezbwmc;
астрономияның нені зерттейтіні туралы таным­ дық мультфильм, мысалы, https://www.youtube. com/watch?v=GI0OEuDqrE8&index=1&list=PLlnx ylws3Ecdcw9Tw13eBOnLzwN3nRMLX.
Күтілетін нәтижелер:
Оқушылар:
ғарыш ұғымымен танысады. Астрономияның аспан денелерін және оларда жүретін барлық үдерістерді зерттейтін ғылым екенін түсінеді;
шоқжұлдыздар терминімен танысады және оның мағынасын түсінетін болады. Ол үшін түрлі аңыздарды оқиды, өз беттерінше шоқжұлдыздар туралы жоба дайындайды.
Сабақтың мақсаты:
1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;
1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;
Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Астрономия -- жер бетіндегі ең ежелгі ғылым. Ол ғаламды, аспан денелерін, олардың қозғалыс­ тарын, пайда болуы мен дамуын зерттейді.

Ерте заманда адамдар жұлдызды аспанды бақылаған,­ олар күн мен түннің және жыл мезгіл­ дерінің, Ай фазаларының ауысуын байқаған. Ежелгі мысырлықтар аспанда жарық жұлдыз Сириус пайда болғаннан кейін төртінші-бесінші күні Ніл өзенінің арнасынан асатынын білген. Ежелгі диқандар Күн көкжиектен неғұрлым биік көтерілсе, соғұрлым жылы болатынын, яғни жақын арада көктем келетінін анықтаған. Бақылау нәтижесінде алғашқы күн­ тізбелер­ жасалған. Күн және Ай күнтізбелері әр халықта әртүрлі болған. Олар әлі күнге дейін қазіргі
ғалымдарды зерттеулеріндегі дәлдігімен таңғалды­­ рып келеді.

Ғалам -- уақытпен және кеңістікпен шектелмеген алуан түрлі әлем. Ол -- адамның санасынан тыс тіршілік ететін әлем. Ғалам өте көп аспан денелерінен тұрады, олардың көпшілігінің мөлшері Жерден бірнеше миллион есе үлкен.

Шоқжұлдыздар -- шоғырланып түрлі мүсіндерді­ түзетін жұлдыз­дардың­ тобы. Олардың көпшілігінің атаулары грек аңыздарынан шыққан. Птолемейдің "Альмагестінде" аспан мен шоқжұлдыздар жан-жақты сипатталған. Бұл классикалық сипаттама. Жылдар­ өте келе кейбірі ұмытылып, жаңадан пайда болды, бос орындар толтырылды. 1930 жылы қазіргі шоқжұлдыздардың тізімі жасалып, шекарасы бекітілді.

Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Сынапта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін оқушылардың бүгінгі сабаққа дайындықтарын,көңіл күйлерін сұрау.Оқушыларды ғаламшарлар арқылы 4 топқа бөлу.
1-топ <<Жер>>
2-топ <<Күн>>
3-топ <<Юпитер>>
4-топ <<Марс>>
Оқушыларды жұмыс орындарына отырғызу.

<<Миға шабуыл>>әдісі арқылы алдыңғы тақырыпты сұрау. Біз заттарды қалай қозғаймыз? Суретке на­зар аудартыңыз. Алдымен балалар не істеп жүр деп сұраңыз. Ойыншықтар өз бетімен қозғалады ма?Көлік қалай қозғалады? Адамдар қалай қозға­-лады? -- деп сұраңыз. Қозғалыстың ізі. Суреттерге назар аударың­ дар. Оның қайсысында қозғалыстың ізі көрінеді? (Біріншісінде, ұшақтан.) Тағы қай көліктің қандай жолмен жүргенін көруге болады? (Суда.) Жолдағы мәшиненің ізін көруге бола ма? Суреттегі балалар қандай жаттығулар жасап жатқанын сұраңыз. Осы жаттығу­ лардың әрқайсысын жасағанда қай дене мүшелері қозғалады?

<<Шағын дәріс>> әдісі Қане бастайық.Кіріспе тапсырма. Күнтізбе. Әртүрлі күнтізбелер нұсқасын көрсетіңіз. Оларды топтарға таратып беруге болады. Оқушыларға қазіргі күнтізбелердің көбінде мейрам күндері, Күннің тұтылуы, шығуы мен батуы жазылып тұрғанын көрсетіңіз. "Ерте замандағы адамдарға
күнтізбе не үшін қажет болды?" деген сұраққа қайтып оралыңыз. (Тіршіліктеріндегі маңызды оқиғалар: егін егу, өнімін жинау, жыл сайын болатын өзендердің арнасынан шығу уақытына дайын болу үшін.) Ерте кездегі күнтізбелер қазіргілерге ұқсас болуы мүмкін бе? -- деп сұраңыз.Ерте кездегі күнтізбелер суретін көрсетіңіз, оларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауды тапсырыңыз. (Алғашқы күнтізбелердің ортасында Күн және Ай бейнеленген,­ ал айлар айнала орналасқан. Барлық күнтізбелерде­ күндер мен айлар белгіленген. Әр айдың белгісі мен атауы болған.)
Оқушы :Жыл он екі айға тоқталып өту.Жыл - Жердің Күнді бір айналып шығуына кететін уақыт.Жай жылдары 365 тәуліктен,кібісе жылдары 366 тәуліктен тұрады.Бір жылда 12 ай бар.
Жұмбақтар.
Бір ошақтың оты,
Бүкілге әлемге ортақ.
Сен.Ғарыш дегеніміздің не екенін түсінесің. Астрономияның нені зерттейтінін білетін боласың.Ғарыш - бұл шексіз кеңістік.Онда ғаламшарлар,жұлдыздар және басқа да ғарыш денелері бар. Ғарыш денелеріне ғаламшарлар,Жер серіктері,жұлдыздар,кометалар,астероидтар жатады.
<<Ғарышқа саяхат>> Оқушылардан ғарышты қалай елестететіндерін сұраңыз. Суретке назар аудартыңыз.
Анықтаңыз:
-- Сендердің елестеткендерің шындықпен сәйкес келді ме?
-- Ғарышта не бар? (Ғарыш -- бұл шексіз кеңістік, онда сан алуан ғарыш денелері бар.)

<<Кейстер>> әдісі.Бақылау. Тапсырманы орындай отырып, оқушыларға сұрақтар қойыңыз:
-- Астрономия нені зерттейді ?
-- Астрономия" сөзі гректің "астрон"(жұлдыз),"номос"(заң) деген екі сөзінен шыққан.Ол "жұлдыздар заңы" деп аударылады.Астрономия-табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Астрономия-ғарыш кеңістігіндегі жекеленген денелердің немесе жекелеген денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді.
Мұндағы тірек сөздер <<Астрономия>>,>>Ғарыш>>,>>Шоқжұлдыз.>>
Сиқырлы ғарыш өз құпияларын ашады! Ғарышқа саяхат?Ерте замандағы адамдардың аспанның және аспан шырақтарының­ Жерді айналып қозғалатынын қалай көз алдарына елестеткендігі туралы айтып беріңіз.
Суретке қара ғарышта не бар? Ғарышта күн жүйесіндегі ғаламшарладың серіктері бар.
Астрономиялық жаңалықтар.Жер -- Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар. Күн жүйесі - Күннен, оны айнала қозғалады . Күн жүйесі - Күннен, оны айнала қозғалады. Сатурн -- Күннен санағанда алтыншы, салмағы мен үлкендігі бойынша Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар. Есекқырған (кейде Юпитер) -- Күн жүйесінің бесінші ғаламшары. Қызылжұлдыз бен Сатурн (Қоңырқай) ғаламшарларының арасында орналасқан. Плутон - Күн жүйесінің сыртқы жағында айналатын ергежейлі ғаламшар.Уран - Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. 1781 жылы наурыздың 13-інде Уильям Гершель ашқан. Нептун - Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары, Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Меркурий- күнге ең жақын планета болғандықтан оны бақылау өте қиын. "Венера" -- Шолпан планетасына 1961 жылдан бастап ұшырылған кеңістік .Ең алғашқы ғарышқа ұшқан иттер туралы мәліметтер беру. 1960 жылы Белка мен Стрелка атты иттер ғарышқа ұшты . Лайка 1957 жылдың 3 қарашасында Кеңес Одағы әлемнің екінші жасанды серігі - "Спутник-2"-нің бортында ұшырды.
Алғашқы жаңалықтар. Ғарышқа ұшқан ең алғашқы адамзат Гагарин Юрий Алексеевич
1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды. Біздің ғарышкерлер.
Кейінгі жаңалықтар.Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров ғарышкер. Азаматтығы Қазақстан 1946 жылы шілденің 27<<1-май>> ұжымшары, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысында туған. Мансабы зерттеуші-ғарышкер
Дәреже генерал-майор, Ғарыштағы уақыт 7 күн 22 сағ 12 мин,, Іріктелуі -1991
Тапсырыс(тары) Союз ТМ-13. Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев -- қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасы.Мансабыинженер, Зерттеуші-ғарышкер Әскери атағыгенерал-лейтенант (Қазақстан), генерал-майор (Ресей)ЭкспедицияларыСоюз ТМ-19, Союз ТМ-27, Союз ТМ-32 Ғарышта болған уақыты341 күн 9 сағ 48 мин. Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев -- қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасы.Мансабыинженер, Зерттеуші-ғарышкер
Әскери атағыгенерал-лейтенант (Қазақстан), генерал-майор Ресей)ЭкспедицияларыСоюз ТМ-19, Союз ТМ-27, Союз ТМ-32 Ғарышта болған уақыты341 күн 9 сағ 48 мин.
Адамдар аспанда шоғырланып,әртүрлі өрнек құрап тұрған жарық жұлдыздарды - шоқжұлдыздарды байқаған.Содан соң кейін оларға атау берген.Мысалы: Таразы,Егіздер,Шаян және басқалар. Шоқжұлдыздар көмегімен бағдарлау жеңіл болды.
Жеті қарақшы жұлдызы,Ғаламат жұлдыз,Жұлдыз меруерті ,Жұлдыз меруерті , Шаян (Краб) тұмандығындағы ғаламатжұлдыз қалдығы .
Ғарышқа саяхат ойыны.
Тапсырманы орындай отырып, оқушыларға сұрақтар қойыңыз:
-- Астрономия нені зерттейді ?
-- Астрономия қай тілден шыққан?
oo Ғарыш дегеніміз не ?
Зерттеу барысында сұраңыз:
-- Шоқжұлдыздарды ажырату не үшін қажет болды? "Астрономия" сөзінің аудармасы жайлы айтып беріңіз. Оқушылардан: "Жұлдыздар қандай заңды­ лықтарға бағынады?" -- деп сұраңыз. Әңгіме бары сында оқушылар жұлдыздардың белгілі тәртіппен орналасатыны, аспан денелерінің қозғалысы соған байланысты болатыны туралы айтып бере алады.
Бағалау: Смайлик әдісі
Кері байланыс:>>Чемодан,Ет өткізгіш,Қоқыс шелек>>
Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Дүниетану. Ерте замандағы адамдардың өмір салты. Көшпенділер.

Шоқжұлдызды құрастыр. Оқушылар "ғаламшар" сөзінің әріптерін тауып алып, жұлдыздарды ретімен жалғастыра алады.Тапсырманы­ орындау­ нәтижесінде оқушыларда Жетіқарақшы шоқжұлды­­ зының бейнесі (ожау) пайда болады.

Бағалау

Оқушылар ғарыштың не екенін түсінеді.

Ғарышқа саяхат. Оқушылардан өздерін ойшағарыштамыз­ деп елестетуді өтініңіз. "Айналадан не көріп тұрсыңдар?" -- деп сұраңыз. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар өздерінің ғарыш ту ралы қиялдарының суретін салып бере алады. Оқу шылардың тақырыпты қаншалықты жақсы меңгер генін білу үшін: "Айналада ауа бар ма? Шарлар ұша ала ма?" -- деп сұраңыз.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Ұқсас жұмыстар
Ғарыш дегеніміз не?
Сабақтың бөлімдері
Ғарыш дегеніміз не? дүниетану, 4 сынып
Біз боламыз ғарышкер
Ғарыш дегеніміз не ( Ашық сабақ )
1994 жылы Байқоңыр космодромын Ресейге жалға беру мерзімі
Қазір ғарышты қалай зерттейді
Балалар ғарыш тұрғындарының көңіл күйі қандай болды деп ойлайсыңдар
Ғарыштық зерттеулердің бүгіні мен ертеңі
Ғарыш әлеміне саяхат
Пәндер