Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ахмет мерген С.Кенжеғұлов

Сабақтың атауы
Ахмет мерген С.Кенжеғұлов
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
1.Мәтін мазмұнын тарау тақырыбына байланыстыра отырып, оның идеясын ашуға жағдай туғызу.
2. Топтық, жеке жұмыстар арқылы шығармашылық дағдыларын дамыту.
3. Туған жерге, оның табиғаты мен жануарларына деген сүйіспеншілікті адамгершілік, ақыл - парасат тұрғысынан шешуді үлгі ету. Білмегенді үйрету, өзара көмекке дайын болу дағдысын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, сызба, маркер, көздеу дөңгелегі, т.б.
Қызығушылықты ояту
* Балалар, мерген деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар айтқан сөздерін топтау сызбасына түсіру:
* Мергендік не үшін керек?
* Адам қалай мерген болады?
* Қандай мерген адамдарды білесіңдер?
* Мерген болу үшін адамға қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?
Сұрақтарға берілген жауаптар бойынша қорытындылау.
-Балалар, бүгін сабақта біз мерген де, көреген де болайық.
Тақтаға << Нысана дөңгелегін>> ілу. ﴾Нысана сызу.﴿
-Біздің алдымызда тақтада нысана дөңгелегі тұр.
Сендерге бір мәселе айтайын. Аю ормандағы омарташының балын күнде жеп кетеді екен. Ол күнде келеді. Омарташы не істерін білмейді.Омарташыға қалай көмектесер едіңдер? Ескерту: Егер сұрақтағы мәселе он шешімін тапса, жауаптарың нысана дөңгелегіндегі 9 бен 10 - ға түседі.Егер мәселе теріс шешілсе, 2 және 3 - ке түседі.
Әр топ ақылдасып, <<Жедел жәрдем>> операциясын құрады. Жұмыс шығармашылық жағынан тапқырлықты керек ететіндіктен, оқушылар жұмыс формасындағы еркіндікті сезіну керек. Дегенмен, оқушылардың алдында плакат, маркерлер болғаны жөн.
Тақтада алдын ала кесте сызулы тұрады. Оқушылардың сөздері кестеге жазылады.
Мәселенің:
Балалар шешімі
Мәтіндегі шешімі
Мысалы, 1 - топ - аюды атып алу.
2 - топ - аулап ұстап алу.
3 - топ - ұстап алып, зообаққа өткізу немесе ұйықтататын оқпен атып, қорқытып қойса, ешқашан келмейді.

Жаңа сабақ
- Ал, балалар, енді <<Ахмет мерген>> мәтінін оқып көрейік, - деп автор мен таныстыру.
Мәтіннің <<Жарайды>> , деп басталған сөйлеміне дейін оқу.
Сұрақтар:
* Бұл өңірде қандай аюлар өмір сүреді екен? ﴾Үзінді арқылы дәлелдеу.﴿
* - Ахмет қарттың туған жерін қалай білетіні туралы не айтуға болады?
Дәлелдеу.
Қарттың жан - жануарларға жанашырлығы қалай байқалады? Үзінді оқы.
* Осы оқыған бөлімде оқиға бірден басталып кетті ме? Бөлімге ат қойып жаз.
* Ахметтің мына сөзіне қандай мақал - мәтел табар едіңдер: Атпағаның дұрыс болған. Өлтіре алмасаң, өзіңді мерт қылады. ﴾Сақтық туралы.﴿
Ары қарай оқу. Оқу кезінде:
* Үзіндіге ат қою.
* Аюдың әрекетін жазушы қалай суреттегенін тауып оқу.
Мәселенің шешімін сабақ басындағы <<Балалар шешімі>> кестесіне толтыру.
* Ақаңның шешімін қалай бағалайсыңдар? ﴾Кестеге толтыру.﴿
* Табиғатқа, аюға зиянды жағы бар ма?
* Енді өз шешімдеріңмен салыстырыңдар.﴾ Кесте бойынша.﴿
* Аюды атудың қандай зардаптары болуы мүмкін?
* Егер оған дене жарақатын салса, аю қандай зиян жасауы мүмкін?
* Ендеше, Ахмет қандай адам?
Кейіпкер мінезін талдау кезінде мына жайттарды еске алған жөн; әңгіме тақырыбына қарап, Ахметті мерген десе де, атуға бейім адам емес, керісінше табиғатқа жанашырлық сезіммен қарайтын адам екенін мәтін идеясының негізі ретінде алу.
Сабақты қорытындылау кезінде туған жеріміздің табиғаты бай, жануарлар әлемі сан алуан екенін, ал адамдар осы табиғатқа зиян келтірмей өмір сүру жолдарын бірінші мәселе ретінде ойлануы керек екенін ескерту.
Ой толғаныс
Тақтадағы плакатқа көз жіберіп, дұрыс, ойлы шешім тапқан балалардың ұпайлары туралы айта келіп, мәселеге басқаша, қатал қараған балаларды да ақтап, себебі олардың адамды құтқару үшін амалсыз айтқаны атап керек те, ұпайларды бала көңіліне қаяу түсірмейтіндей, келешекте ойлатындай түрде бөлу. ﴾Нысана дөңгелегіне.﴿
БББ кестесі

Үйге тапсырма
Әңгімедегі жер, су аттары мен аюлар мекені болған Тарбағатай тауы туралы <<Тарбағатай табиғаты>> атты эссе жазу.
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Ұқсас жұмыстар
Ахмет мерген. с.кенжеғұлов.4 сынып
Батыр қыздар
Воронеж облысынан
Тоты. Тырна.Тоқылдақ
Ұбт ға дайындық. 11 сынып
Ожаудың суреті
«үздiк құқықтанушы» сайысы
Эстафеталық ойын «кім мерген?»
Атыс жүргізу
Тұман өлеңін жаттау, Мерген әңгімесін мазмұндау
Пәндер