Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Ж.Жабаев
Бекітемін:
Сыныбы: 9
Күні:
Тақырыбы: Ж.Жабаев
Мақсаты:
1) Білімділік: Айтыскер акын Жамбылдың өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуды оқушыларға жан-жақты білім беру үшін ақынның туған халқына, оның әдебиетіне сіңірген еңбегін танып білуді оқушылардың өздеріне жұмыс істете отырып, іздендіре меңгерту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту, өз бетінше ізденуге дағдыландыру,әдебиетті сүюге баулу.
3) Тәрбиелік: Адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, ақын өмірін үлгі ету, әдебиетті, өнерді сүюге баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интер тақта, сурет, кітаптар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
<< ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілдерін білеміз бе?>> Оқушыларды топқа топтастыру арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнату. Бір-біріне жылы лебіз айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Жабық сұрақ
Р/С
Сұрақтар
Иә
Жоқ
1
ХХ ғасыр әдебиеті империялистік әдебиетті дәріптеді
+
2
<<Айқап>> журналы Троицкіде шығарыла бастады
+
3
<<Қазақ христоматиясының>> авторы А.Құнанбаев
+
4
1913 жылы <<Қазақ>> газетінде А.Байтұрсыновтың <<Қазақтың бас ақыны>> атты мақаласы шықты
+
5
ХХ ғасыр әдебиеті ағартушылық-демократтық бағыттағы әдебиет
+
6
<<Маса>> жинағының авторы М.Дулатов
+
7
<<Қазақтың бас ақыны >> атты мақала А.Құнанбаевқа арналған
+
8
Ш.Құдайбердіұлы <<Зар заман>> ақыны
+
ІІІ. Тұсаукесер:
<<Ой қозғау>> әдісі ( слайд)
ІV.Жаңа сабақ
<<Ойлан, жұптас, бөліс>> әдісі
1.Жамбылдың өмірі
2. Ақын жырлаған тақырыптар
3.Жамбыл айтыстары
4. Жамбыл өлеңдерін жатқа айту
<<Екі жұлдыз, бір ұсыныс>> арқылы бағалау
V. Сабақты бекіту:
Шығармашылық жұмыс
<<Мен-саған-сен маған>> әдісі
1 топқа. Жамбыл өлеңдеріне ұйқас айту
Менің пірім - Сүйінбай
Сөз сөйлемен сыйынбай.
--------------------------------
----------------------------------
2 топқа
--------------------------------------------
------------------------------------------
Жақсының әрқашанда жөні бөлек,
Жаман адам жарамас бір қымтарға.
3 топқа
Әріп жұмбақ. Жасырылған әріптердің арасынан Жамбылдың өлеңін тауып оқу
АтсмвАдамдықтывпролсайт,тирангвыерліктірпнюджэзщайт,эжрбатырлықтыхшгн айт,
Елорпенюжэбірлігінйцутбюсақтағанхдлгрпеататулықтысмигнерөқұайт.авкенқұһоржэқұн
МрпнкеуқұүһҚарынбайдайжнегқдлшщзсараңдароргнңімртолыпюждщшұүпае жатыр,хһд
Оныжзнекұқбщзмақтапқұһжэдорпмиәурерпнекмитұболмайжхкуғгтқұродүйіңеэжхзи қайт.
4 топқа
Жамылдың өлеңіне талдау жаса
Он бесте-ақ домбыраны алдым қолға,
Тең басқан төрт аяғын болдым жорга.
Он алты желі ұзатты, өрістетті,
Түскендей бұлтартпайтын даңгыл жолға (Менің өмірім)
VІ. Сабақты қорытындылау: <<БББ>> әдісі
Бағалау
VII. Үйге тапсырма: Ж.Жабаев тақырыбын оқу, өлеңдерін жаттау.
Кері байланыс: Жүз жасаған бәйтерек
Жамбылдың атын бұрынғы Одақтың барлық халықтары білетін. Оның шығармалары орыс тіліне аударылды. Шетелдің алдыңғы қатарлы прогресшіл адамдары Жамбылды үлкен жыршы деп таныды.
Дат жазушысы Мартин Андерсен Нексе: "Сіз өзіңіздің ұзақ өміріңізде көп, қызықты, ұлы істерді бастан кешірдіңіз. Сіз бақыттысыз, өйткені сіз мәдениеттің көшпелі өмірден өсіп жеткендігін көрдіңіз және сіздің жүрегіңізешбір қартаймайды, ер жігіттің жүрегіндей болып келеді" - деген болатын. Жамбылдың көптеген өлеңдері ағылшын, француз, испан, қытай тілдеріне аударылып таралды.
Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алады. Жамбыл - айтыстың асқан шебері.Ол өз кезеңін көптеген атақты ақындарымен айтысып, бірде-бірінде жеңілмеген.Біз бүгінгі сабағымызды сатира, жыршы, жырау, айтыс туралы айттық. Сатира, жыршы, жырау, айтыс дегеніміз не? (ауызша жауап аламын)
Дәптерлеріне Жамбыл Жабаевтың қазақ әдебиетінде алатын орны туралы ойтолғау жаздырамын.
"Жыр алыбы - Жамбыл"
Сабақты бекіту.
Жамбыл есімі қазақ халқы үшін, қазақ поэзиясы үшін аса қымбат. Ақын шығармаларының толық жинақтары бірнеше рет басылып шыққан, ол туралы зерттеу кітаптары жазылған, кинофильмдер түсірілген. Жамбыл атымен облыс, елді мекендер, көшелер аталады. Ақынның туғанына жүз елу жыл толуын ЮНЕСКО-ның ұйғарымымен күллі Қазақстан жұртшылығы, бүкіл дүние жүзі үлкен мереке ретінде атап өті.
Оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма:
1.Жамбыл Жабаев жөніндегі ақын-жазушылардың еңбектерін оқу.
2.Ақын өлеңдерін жаттау.
Сурет: kyiv-vestnik.com.ua
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу.
Дамытушылық: көркем ойлау, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: ақын өлеңдерін насихаттай отырып, оқушыны отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, география
Сабақтық көрнекілігі: Ж. Жабаевтың суреті, шығармалары, слайд.
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру сәті
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Кезекші арқылы түгелдеу
3. Сынып тазалығына көңіл бөлу
4. Оқушылар назарын өлең жолдарымен сабаққа аудару.
<<Өнер алды - қызыл тіл>>,
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай, талмай үйрен, біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл - асыл қазына,
Байлығың - білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің,- деп сөз асылын,
өлең қасиетін сезінетін кезекті әдебиет сабағын бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Балалар, Ілияс Жансүгіровтің асқан ақындық таланты оның поэма жанрында әсіресе айқын көрінеді.
1. Олай болса, ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтейік. Кім айтады?
2. Ақынның қандай поэмаларын білесіндер?
3. <<Күй>>, <<Күйші>> поэмаларының негізгі тақырыбы не?
4. Кенесары хан туралы қай поэмасында айтылады?
5. <<Дала>> поэмасы қандай тараулардан тұрады?
6. Ақынның оқу - білімге жазған қандай өлеңдерін білесіңдер?
7. <<Құлагер>> поэмасында кімнің өмірі суреттелген?
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жүз жыл жырлаған жүрек (слайд - 1)
Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен. (М. Әуезов) (Слайд - 2) Ой қозғау сұрақтары
1. Балалар, Жамбыл Жабаевты қай шығармасы арқылы жақсы білесіңдер?
2. Қазақ әдебиетінде ақынның алатын орны қандай?
Мұғалімнің түсіндірмесі
1. Ақынның дүниеге келуі
2. Ақынның ұстаздары мен ақындық ортасы. (Сүйінбайдан Жамбылтың өмірінен көрініс) (слайд - 3)
3. Айтыстары
4. Сатиралық өлеңдері
5. Отаншыл өлеңдері
6. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлеңдері.
ІV. Сабақты бекіту. Хронологиялық кесте толтыру.
Жылдар Негізгі оқиғалар
1846 ж.------- Ақын дүниеге келді
1863 - 64 ж.---- Қоқан хандығы билік құрды
1881 ж.------- Құлмамбетті жеңді
1916 ж.------- Ұлт азаттық көтеріліс
1936 ж.------- Қазақстан көркем әдебиетінің онкүндігі
1941 - 1945 ж.---- Ұлы Отан соғысы
1945 ж.------ Дүние салды
Шығармалары
<<Кедей күйі>>
<<Зілді бұйрық>>, <<Патша әмірі тарылды>>
<<Туған елім>>
<<Ленинградтық өренім>>, <<Ата жаумен айқастық>>
1. Балалар, Жамбыл атамыздың өлеңдерін жатқа айтатындарың бар ма?
(Ұлы Отан соғысы кезінде жазған өлеңдерін оқушылар жатқа айтады)
2.<<Зілді бұйрық>>, <<Ленинградтық өренім!>> өлеңдері мәнерлеп оқылады.
V."Ленинградтық өренім" өлеңнің сатылай кешенді талдау
:: Авторы - Жамбыл Жабаев.
:: Тақырып - халықаралық достығы, Отанды сүйспеншілік.
:: Жанр түрі - поэзия (өлең).
:: Идеясы - автор тақырып арқылы өзінің сезімін, көзқарасын бейнелейді. Жауға - соққы беру, ленинградтық тұрғындарының ерлігін жырлау.
:: 2 шумақ.
:: 33 тармақ.
:: 1 бунақ.
:: Әдеби теориялық ұғымдар: эпитеттер - көк, сүйкімді, заманымның өрнегі.
:: Теңеу - бұлағымдай, өркеш - өркеш жарасқан, шоқылардай, судай.
:: Өлеңнің тәрбиелік мәні: бәр халықтар достасып, бірге жауға қарсы шығып, Отанымызды сүйіп, мақтаныш етіп, Елімізді құрметтеп, бірлік пен ынтымаққа ұмтылу.
V. Сабақты қорыту. Тест сұрақтары беріледі.
(Дәперлерін алмастыру арқылы бір - бірлерінің тесттерін тексереді)
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- Ақын Сәкен Сейфуллин <<Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру - біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз>>,- деген екен. Сондықтан Жамбыл жырларын, өмірін біліп, өнегелі өмірі мен сөздерінен үлгі алуымыз керек.
<<Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз>>
Н. Ә. Назарбаев
VІ. Үйге тапсырма: Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (шығарма)
VІІ. Бағалау: Жауаптарына қарай бағалау.
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы. <<Аттандыру>> өлеңі
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы. <<Аттандыру>> өлеңі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: халық ақыны Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып, ақын өмірін үлгі ету, өлеңін талдау және өлеңнің мәнін ашып, меңгерту.
ә) тәрбиелік: Жамбыл өлеңі арқылы туған елі мен жерін сүйетін, асқақ арман, биік мұратқа талпынатын ұлттық рухтағы патриот ұлан тәрбиелеу
б) дамытушылық: оқушылардың шығармашылығын дамыту, ойлау шеберлігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту
Сабақтың түрі: жаңа сабақ материалын өздігінен игеру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, шығармашылық
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, музыка
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд суреттер, кітаптар
Әдебиеттер: М. Жолдасбеков <<Жүз жыл жырлаған жүрек>> А. <<Жазушы>> 1992 жыл, <<Аңыз адам>> журналы (Ж.Жабаев туралы) № 08 сәуір 2011 жыл, <<Қазақстан әйелдері>> журналы (Жамбыл туралы) №4, 1996 жыл
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау (<<Кубизм>> әдісі арқылы)
Ж. Аймауытұлы кім және оның қандай шығармалары бар?
<<Әнші>>әңгімесіндегі Әмірхан бейнесі өнер тарихынан өздерің білетін қай әншіге ұқсайды?
Әміре Қашаубаев кім? Әңгімеле.
Шығарманың негізгі идеясы не?
III. Жаңа сабақ
Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен
М. Әуезов
1.Бала Жамбылдан Дана Жамбылға дейін баспалдақ (интерактивті тақтада слайд бойынша әңгімелеу)
Сәби Жамбыл
Бала Жамбыл
Жасөспірім Жамбыл
Ақын Жамбыл
Айтыскер Жамбыл
Жыршы Жамбыл
Күйші Жамбыл
Дана Жамбыл
<<Жасымнан атым аян Жамбыл едім, Сүрінбес қара өлеңге даңғыл едім>>,- деп өзі жырлағандай, шашасына шаң жұқпаған дана жырау ақындық туын әрдайым жоғары ұстаумен өтті.
Ол тарихта <<Халық поэзиясының алыбы>>, <<ХХ ғ. Гомері>>, <<феномен - феникс>> атағымен қалды.
<<Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы>> болған Жамбыл бабамыз өз шығармаларының біразын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерге күш-қайрат, жігер беруге және елін, жерін қорғауға үндеуге арнады. Соның бірі өз ұлын майданға шығарып саларда шығарған <<Аттандыру>> өлеңі.
ІV. <<Аттандыру>> өлеңі (электронды оқулықтан оқыту).
- Өлең кімге арналған?
- Ұлы Алғадайға арналған.
- Өлең не туралы?
- Атаның балаға арнаған ақ тілегі, батасы, жүрегінің түкпірінен шыққан әкелік сезімі.
Қосымша мәлімет. 1942 жылы Алғадай Жамбылұлы майданға кетеді. 1943 жылы 22 ақпанда Днепрпетровск облысы, Синельникова қаласында ерлікпен қаза табады.
3. Түсіндірме күнделігі (оқушылар өздері толтырады).
Өлеңдегі сөз
Оқушы түсінігі
Арлы
ар сақтағыш, ұяты бар
Абырой ар, ұят
атақ, дәреже, бедел
Ағат
жаңсақ, жаңылыс, теріс
Аңғарлы
әріден ойлап білетін, толғамды
4. Әдебиет теориясы.
Бата да, қоштасу да - халық поэзиясының шағын түрлеріне жатады.
Бата - өлең түрінде беріліп, елге тыныштық, от басына амандық, жасөспірімдерге
бақытты өмір тілеу мазмұнында болып келеді (ақ бата, теріс бата туралы түсінік беру). Қоштасу - мазмұны, сыр - сипаты әр алуан болып келетін жыр. Мәселен, өмірмен қоштасу, туған жермен қоштасу, жақын достан, жүйрік аттан, қыран құстан айырылу, жақын адамын ұзақ сапарға аттандырарда қоштасу, т.б.
5. Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.
6. Өлеңді талдау. Аралас ұйқасты, толғау түрінде жазылған.
V. Қорытындылау.
<<Ер - ел үшін туады>> бейнекөрінісін тыңдату (электронды оқулық).
<<Топтастыру>> стратегиясы (Алғадайдың бойындағы қасиеттер)
Ұлы Отан соғысындағы Алғадай сияқты ерлердің ерлік істерін әңгімелей отырып, ҚР Конституциясының 36-бабы және тәуелсіздіктің 20 жылдығымен байланыстыру.
VІ. Үйге тапсырма.
Жамбыл Жабаев туралы оқып, <<Аттандыру>> өленің жаттау.
<< Біз соғысты көрген жоқпыз!>> тақырыбына шағын шығарма жазу.
Бата беру.
Береке берсін басыңа,
Бақ келіп қонсын қасыңа.
Балын татып өмірдің,
Жамбылдың жет жасына.
Қуанышпен достарың,
Жинала берсін қасыңа.
Шалқып жатсын дәулетің,
Тасыған селдей теңізден.
Баянды Алла бақ берсін,
Адалын берсін, ақ берсін.
Атағың кетіп Алашқа,
Астыңа алтын тақ берсін!
Әумин!
VІІ.Бағалау (Оқушылар бір-бірін бағалады).
Қосымша деректер
Жамбылдың өзі де, шәкірті Кенен де 20-дан астам күй шығарған. Ел арасында Жамбыл күйлері бүгінге дейін сақталған. Олар - <<Ыңғайтөк>>, <<Сұрмерген>>, <<Басшылбай-Күйшілбай>>, <<Ұран>>, <<Ой, дүние-ай>> т.б. күйлері.
Домбыраны қолыма,
Он жасымнан алғанмын.
Дәл жетпіске келгенше,
Күй тартудан танбадым.
Ұлы адамдардың киесі, пірі болады. Абылай ханда - ақ түйе, Райымбек бабада-қызыл түлкі, Кемпірбай ақында - көкала үйрек. Ал Жамбыл атамыздың киесі - қызыл шұбар жолбарыс.
Дәулескер күйші-сазгер Нұрғиса Тілендиевтің атын Жамбыл бабамыз қойған. Нұрғисаны Жамбыл <<Тұқатай>> деп еркелететін. Қайтыс болғанда өзін Жамбылдың қасына қоюды өсиет еткен.
Ж. Жабаев туралы <<Жамбыл. Адамзаттың ұлы жыршысы>> деректі фильмі және <<Жамбылдың жастық шағы>> кинофильмі (ақын бейнесін кейіптеуші: айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабеков) түсірілген.
Жамбылдың әдеби-мемориалдық мұражайы Алматы обл., Жамбыл ауд., Жамбыл ауылында 1947 жылы ашылған. Ол ақынның 1938-45 жылдары өмір сүрген үйінен ашылған.
Ақын атақты Балуан Шолақпен кездескен. Дәулескер Дина замандасымен күн құрғатпай хабарласып, жақын араласып тұрған.
<<Жамбыл>> журналы 2004 жылдан бері жарық көріп келеді. Редакторы және жоба авторы - Несіпбек Дәуітай.
Жамбыл атындағы халықаралық диплом мен медаль бар.
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен өлеңдері
Жарияланды 10-04-2013, 16:15 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен өлеңдері (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: 1. білімділік: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу.
2. дамытушылық: көркем ойлау, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3. тәрбиелік: ақын өлеңдерін насихаттай отырып, оқушыны отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтық көрнекілігі: Ж. Жабаевтың суреті, шығармалары, буклет, слайд.
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру сәті
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Кезекші арқылы түгелдеу
3. Сынып тазалығына көңіл бөлу
4. Оқушы назарын сабаққа аудару

1. Олай болса, ақынның қандай поэмаларын білеміз?
2. <<Күй>>, <<Күйші>> поэмаларының негізгі тақырыбы не?
3. Кенесары хан туралы қай поэмасында айтылады?
4. <<Дала>> поэмасы Қазақстанның неше жылдық тойына арналған?

6. Осы поэмада ақын көбінесе қандай көркемдік тәсілді қолданған?

Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен. (М. Әуезов) (Слайд - 2)Ой қозғау сұрақтары

2. Ақынның ұстаздары мен ақындық ортасы. (Сүйінбайдан Жамбылдың бата алу сәтінен көрініс) (слайд - 3)

2.<<Зілді бұйрық>>, <<Патша әмірі тарылды>> өлеңдері мәнерлеп оқылады.
3. Мазмұны ашылады
4. Өлеңнен кейіпкерлерді табу.
Кейіпкерлер әлемі
Көпес, халық, патша, губернатор, жандарал, пристав, болыс
Өлеңді құрылысына қарай талдау
<<Зілді бұйрық>>
<<Верныйдың>> // <<қадам баспай>> // <<қаласына>> - а
Кемпір, шал //жылап жатыр// баласына - а
Ешбір ем // табылмады // іздесе де - б
Халықтың // жүректегі // жарасына - а
4 тармақты, 1 шумақты, 11 буынды,
3 бунақты қара өлең ұйқасы.
Әдебиет теориясы бойынша өлеңнен көркемдеуіш сөздерді табу.
Көкорайға жайылған
Секілді едік үйрек, қаз
(теңеу)
Көген көзді қосақтап,
Қалай қиып берерміз?!
Көздің жасы моншақтап,
Көңіл шер боп өлерміз.
Көк жайлауды қалдырып,
Қайда көшіп кетерміз?!
(аллитерация)
V. Сабақты қорыту <<Топтастыру>>
Жамбыл
↓
ұстаз
ақын
шәкірт
дастан
VІ. Үйге тапсырма:
Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (шығарма)

Жамбыл Жабаев
Жарияланды 21-03-2013, 23:09 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті
Сыныбы: 9 <<Б>> сынып
Пәні: қазақ әдебиеті
І. Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев
ІІ. Сабақтың мақсаты: оқушылардың Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерін тексеру, білім деңгейін көтеру.
ІІІ. Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: оқушыларды іздендіре отырып, ақын туралы білімдерін кеңейту, толықтыру.
ә) Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, сөз қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: оқушылардың ақынға деген сыйластық, құрмет сезімдерін тәрбиелеу, әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту.
ІІІ. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ ( <<ХХІ ғасыр көшбасшысы>> интеллектуалдық ойыны)
ІV. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, пікірталас, тест
V. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын портреті, презентация
VІ. Пәнаралық байланыс: математика, орыс тілі, ән - күй, тарих, жағрапия
VІІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу;
Сынып оқушыларын екі топқа бөлу;
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
2. - Бүгінгі ХХI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысын бастаймыз. Сен - дерге үй тапсырмасына Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша дайындалып келу берілген болатын.
Жабаев Жамбыл (1846 - 1945) - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігі - мен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл - ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. <<Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру - біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз>> - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
Жамбылдың өмірі мен шығармашылығын терең білу үшін бүгінгі зият - керлік сайысымызды ұйымдастырып отырмыз.
I кезең <<Бәйге>>
Ойынның шартымен таныстыру. Ортақ сегіз сұрақ қойылады, бірінші болып текшені көтерген топ жауап береді. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
Жамбыл Жабаев қай жерде дүниеге келген?
(Жамбыл Жабаев Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында Жамбыл, Хантау деп аталатын тауларының баурайында туған)
Жамбыл Жабаев қай жылы дүниеге келген?
(Жамбыл Жабаев 1846 жылы дүниеге келген )
Жамбылға қай ақын бата берген?
(Жамбыл Сүйінбайдан бата алған)
Жамбыл кімдермен айтысқа түскен?
(Құлмамбет, Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Досмағамбет, Шашубай )
Жамбылдың қандай поэмалары бар?
(<<Өтеген батыр>>, <<Сұраншы батыр>>)
Жамбылдың 1941 жылы Ленинград жау қоршауында қалған кезде шығарған өлеңін атаңдар.
("Ленинградтық өренім" )
Жамбылдың анасының атын атаңдар
(Ұлдан)
Жамбылдың "Туған өлкем" өлеңі орыс тілінде қай газетте жарық көрді?
("Правда")
IІ кезең <<Көкпар>>
Екі топқа да бірдей тапсырмалар беріледі. Бірінші болып текшені көтер - ген топ жауап береді. Дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.
"Шағым" өлеңіндегі молда бейнесіне талдау жасаңдар.
"Өстепкеде" өлеңінде ақын адамдардың қандай мінездерін сынап тұр? Өлеңнен мысал келтіріп, дәлелдеңдер.
Қазақстанда 1916 жылы қандай тарихи оқиға болды?
Жамбыл өлеңдерінен аллитерацияларды табыңдар.
IІІ кезең. <<Жанды сұрақтар>>
Топ ойыншылары ұяшықтардағы пән мұғалімдерін таңдайды, тест түрінде берілген сұрақтарға жауап береді. Ұяшықтардың сұрақтары шығып отырады. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.
Жамбылдың Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған ұлы
Жапа
*Алғадай
Әбдірахман
Құлмамбет
Жамбылдың ақындық атағы кіммен айтысқаннан кейін шығады?
Айкүміспен
Шашубаймен
Бөлтірікпен
Құлмамбетпен
Жамбылдың 1916 жылғы оқиғаға байланысты жазған өлеңін табыңдар.
"Менің өмірім"
"Зілді бұйрық"
"Туысқан ел"
"Өстепкеде"
Жамбыл қай дастанды жатқа жырлаған?
"Ләйлі - Мәжнүн"
"Қыз Жібек"
"Ер Тарғын"
"Толағай"
IV кезең. <<Жеті пән>>
Ұпайы көп топ ұяшықтықтағы керекті пәнді таңдап, сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап бере алмаса, келесі топ жауап беруге болады. Ұяшық - тан таңдаған сұрақтар экранда үлкен болып көрсетіліп тұрады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Жағрапия
Жамбыл Жабаев қай таудың етегінде дүниеге келген?
Тарих
Жамбыл қай жылы Жоғарғы Кеңеске депутат болып сайланды?
Ағылшын тілі
When was J. Jabaev was born?
Орыс тілі
Попробуйте перевести стихотворение Жамбула "Әкеме" на русский язык
Ән - күй
Ақын суретте қай күйшімен бейнеленген?
Математика
Жамбыл Жабаев неше жасында қай - тыс болды?
Қазақ тілі
Өткен өлеңдердің қайсысында төл сөз бар?
V кезең. <<Полиглот>>
Экранға Жамбыл Жабаевтың өлеңдерінен үзінділер шығып отырады. Әр өлеңіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып айту керек. Ол сөзді үш тілде айту жүктеледі. Үш тілде дұрыс айтқан топқа 30 ұпай беріледі. Егер екі тілде айтса, 20 ұпай, бір тілде 10 ұпай беріледі. Ұпайы көп топ бас - тайды.
Жапаның ұлы _______боп
- Жақсы іспетті,- дер, әке.
Ағайынды еңіретті
__________ жасына қарамай...
Жан қысылса белгілі,
Табылмайсың жарқын______
Жасауыл_______тінтпек
Қылыштары жарқылдап
Қайтіп ________ береді?
Айтқаны ішке қонбаған
VІ кезең <<Жорға>>
Топ ойыншылары ұяшықты таңдап, берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
А
1. "Күлтегін" ескерткіші қай жерден табылған?
2. "Музыканың үлкен кітабы" зерттеуінің авторы кім?
3. Абылай ханның кеңесшісі болған жырау?
4. Шоқанның шын аты.
5. Абай қай облыста дүниеге келген?
6. "Бандыны қуған Хамит" әңгімесінің авторы кім?
Ә
1. "Құдатғу" білік дастанының авторы кім?
2. Абайдың шын аты.
3. Ы. Алтынсарин алғашқы мектепті қай қалада ашты?
4. Абайдың неше қара сөзі бар?
5. Араб алфавиті негізінде жаңа жазуды жасаған кім?
6. "Шұғаның белгісі" повесіндегі Шұғаның сүйіктісінің аты кім?
VІІ кезең. <<Бұл кімдер?>>
Топ жетекшілерінің сайысы. Бұл кезеңде топ жетекшілері берілген ақын - жазушылардың кімдер екенін тауып айту керек. Дұрыс әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
І топқа
ІІ топқа
VІІІ кезең. <<Шешендік сайыс>>
Соңғы шешу кезеңде топ мүшелері бірлесе отырып тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.
Тәуелсіз ел - бақытты ел
ІІІ. Қорытындылау
Әр топтың ұпай санын санап, жеңіске жеткен топты анықтау. Мадақтау, марапаттау.
ІV. Бағалау
Топ жетекшілері сайысқа қатысқан топ мүшелеріне тиісті бағаларын қояды.
V. Үйге тапсырма
Жамбыл Жабаевтың кез келген бір өлеңін жаттау.
Жыр патшалығының алыбы - Жамбыл
Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны
СКАЧАТЬ 84.0Kb
Загрузка...
Автор Публикации: Admin
Жамбыл дүниеге екі рет келді:
тоғыз ай, тоғыз күнде ана құрсағынан,
тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан туылды.
Ғ.Мүсірепов
Білімділік мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексеру.
Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.
Дамытушылық
мақсаты: Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға Ж.Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: білімді қорытындылау
Сабақта қолданылатын
көрнекіліктер: интерактивті тақта:
а) Ж.Жабаевтың портреті
ә) Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты кезеңдерге арналған көркем суреттер
б) <<Жамбыл>> тірек - сызбасы
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Жамбыл... Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жаһан, айдай әлемге жария етті.
Жамбыл - өмірімен де, шығармышылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13-14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең-жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады.
Олай болса келесі кезекте үй тапсырмасы бойынша оқушылар әзірлеген жауаптар мен көрініске кезек берелік.
Интерактивті тақтада Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты кезеңдер берілген.
Балалар өздерің көріп отырғандай мына кесте бойынша сөз кезегін сендерге беремін.
Осы кезеңдер бойынша тапсырмалар орындату.
I кезең 1846-1916 жылдарға көз жіберсек.
II кезең 1917-1940 жылдарды қамтитын ақын өмірі қандай із қалдырды.
III кезең 1941-1945 жылдары төбемізге қара бұлт болып төнген ауыр да азапты кезеңде Жамбыл өміріне бір сәт тоқталсақ.
Мұғалімнің сөзі.
Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл - жүз жасаған ақын. Балалар тақта да берілген кезеңдер бойынша өз ойларыңды ортаға салыңдар, бірінші кезең бойынша кім бастайды?
* 1846 жылы ақпанның 28-де Жамбыл дүниеге келді.Туған жері- Жамбыл тауы.
*
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей-көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.
* Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, атақты Сүйінбай ақыннан бата алған.
КӨРІНІС
*
Шағым.
Оқымаймын молдадан,
Не оқытпақшы ол маған.
Бала келсе сабаққа
Жем дәметкен дорбадан.
Ақ сәлдесін төңкеріп
Көзін жұмып теңселіп,
Күн ұзығынға боздаған.
Оқығанша мен одан
Домбыраны қолға алам...
*
Бұл жылдары Жамбыл айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтеріледі. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен, Досмагамбетпен, Шашубаймен айтысы жақсы мәлім.
*
Жамбыл айтыс ақыны Шөжемен дидарласады
*
Атақты әнші-ақын Әсет сияқты серілермен, шешендермен кездеседі. Қырғыз еліне ақындығымен танылады.
*
1912 ж. Жамбыл Сарыарқадан Жетісуға келген Балуан Шолақпен кездеседі.
*
Романовтар әулетінің патшалық құруының 300 жылдығын тойлау құрметіне көрме өткізіліп, оған үш жүздің игі жақсылары жиылды. Жамбыл өз жырында бастықтарына жаныға жағымпазданған болыстардың, билердің озбырлық іс-әрекеттерін әшкере етеді.
*
Патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған <<Патша әмірі тарылды>> және <<Зілді бұйрық>> деген өлеңдерін шығарады
*
Патша әмірі тарылды
Оған қылап бар ма лаж ?!
Ішке толған зарымды,
Кімге айтармын қылып наз?!
Ал, балалар ақын өмірінің бірінші кезеңіне байланысты осындай тарихи оқиғалар болған екен.
Ал екінші кезеңі қандай оқиғалармен сипатталған екен.
*
Мамыр айында Верный қаласында Жетісу ақындарының тұңғыш слеті өтеді. Слетке Жамбыл қатынасып, ақындар айтысында бағалы сыйлық алады.
*
17-23-мамыр аралығында Мәскеу қаласында қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің бірінші онкүндігі өтті. Бұл онкүндікке қатысушы Жамбыл Жабаевты Мәскеу құшақ жая қарсы алды.
*
Желтоқсан. Жамбыл Қазақстан делегациясын бастап, грузин халқының ақыны Шота Руставелидің <<Жолбарыс терісін жамылған батыр>> деген поэмасының 750 жылдық тойына қатынасты. Жыраулық өнерімен, суырып салмалық ақындығымен елді тәнті етіп, қайталанбас тума талантымен тағы да тамсандырды.
*
Кавказға сәлем
Ақсақал Жамбыл келед жанаттанып,
Қиялы қиярға өрлеп қанаттанып,
Жазылып бүкіш белі қуаттанып,
Туған ел сәулетімен санаттанып!
Қолға алып домбырасын жаны жайнап,
Советтік дәуірінде талаптанып,
Ән шырқап шарықтағаған сағатында
Жыр арнап, шың Кавказға қанат қағып.
1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер - зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің "Ленинградтық өренім" атты өлеңін арнады.
*
Маусым. Фашистік Германия КСРО Мемлекеттік шекарасын бұзып, басқыншылық соғыс бастады деген суық хабарды емханада жатып естіген Жамбыл Отанды қорғап қалуға шақырған патриоттық өлеңдерін шығарады.
Қыркүйек. Жамбыл атақты <<Ленинградтық өренім>> деген өлеңін шығарады.
*
Ленинградтық өренім.
Мақтанышым сен едің.
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін
Жабықпағын, Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап-сап болып қол барап,
Қорғап сені ол қалар...
*
Ленинградцы, дети мои!
Ленинградцы, гордость моя!
Мне в струе степного ручья
Виден отблеск невской струи.
Если вдоль снеговых хребтов
Взором старческим я скользну,
Вижу своды вашых мостов
Взорь балтийскую голобизну,
Фонарей вечерних рой,
Золоченных крыш острия...
Ленинградцы, дети мои!
Ленинградцы, гордость моя!
Келесі кезекте суреттер бойынша сөйлесек.
1- сурет : Мына суретте Жамбылдың қай кезі суреттеледі?
2- cурет: Пірім менің Сүйінбай
Сөз сөйлемен сыйынбай - деп өлең бастауы нені білдіреді?
3-сурет:Жамбылдың ұлы бабасы Қарасай батыр ескерткіші қайда орналасқан?
4-сурет: Жамбыл өз жырларында байларды даттап, жарлыны жақтады. Мұны мына суретке қарай отырып, қалай дәлелдер едіңдер?
5-сурет: Осы кезде Жамбыл қай жағынан танылды?
Мұғалімнің сөзі.
Жамбыл атамыз әр түрлі жанрда өлеңдер жазған.
Тапсырма:
1. Сатиралық өлеңдері
2. Отан, Туған жер тақырыбындағы өлеңдері.
3. Жамбыл- айтыс ақыны.
****
Отан тақырыбында өлеңдер.
Мұғалімнің сөзі.
Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алады. Айтыс ақыны ретінде қандай мағлұмат айта аласыңдар.
тапсырма
*
Жамбыл- айтыстың асқан шебері. Ол өз кезеңінің көптеген атақты ақындармен айтысып, ешкімнен жеңілмеген.
*
Жамбыл мен Құлманбет айтысы күрделі, мазмұны кең айтыс. Айтыста Жамбыл жеңеді.
*
Жамбылдың артықшылығы Құлманбетке:байлығыңмен мақтанба, ерлікті айт, татулықты айт, бірлікті айт-, деген сөздерінен көрінеді.
*
Жамбыл Құлманбет сияқты бір жақты емес, ойлауы кең жан-жақты.
*
Жамбыл батырлық, ерлік, адамгершілік сияқты бүкіл халықтық құндылықтарға толық сенеді.
Мұғалімнің сөзі.
Сұрақ- жауаптар. Викториналық сұрақтар.
1.Ақын қандай болу керек деген сұраққа Жабыл қалай жауап берді?
2. Алғадай майданға аттанған жеті күннен кейін әйелі босанып, дүниеге ұл әкелді. Жамбыл осы немересі туралы қандай өлең шығарды?
3 К.Әзірбаев Жамбылды Алғадайдың өлімінен кейін қалай жұбатты?
4 Жамбыл Н.Тілендиевке өз домбырасын ұсынып тұрып, не айтты?
5 Жамбылдың Бауыржан Момышұлына берген батасы?
6 Жамбыл қырғыз ақыны Тоқтағұлға қандай өлең шығарды?
7 Жамбыл жыр қалай туады деген сұраққа қалай жауап береді?
Мұғалімнің сөзі :
Соғыс жылдарында Жамбылдың Алғадай деген баласы ерлікпен қаза табады. Ақын өз қайғысы арқылы бүкіл ел қайғысын танытады. Сол жоқтау өлеңін Бекжанның орындауында тыңдайық.
Бекжанның өлеңі.
Тақтамен жұмыс:" Бесік жыры "
Жамбыл ардақты ұлы Алғадайдан айырылса да, қажымай Алғадайдың баласына бесік жырын арнайды.
Ал енді осы өлеңді толықтырайық.
1-оқушы. (бөбегін)
2-оқушы. (бесігің)
3-оқушы. (жұлдыз)
4-оқушы.(лақан )
5-оқушы.(ботақан )
6-оқушы.(құлыншақ )
7-оқушы.(бұзауқан )
8-оқушы (қошақан)
Мұғалімнің сөзі:
Сағаттың суреті. Жамбылдың соңғы өмірі.
22-маусым. Жергілікті уақыт бойынша 7 сағат 55 минутта Жамбыл дүниеден өтті.
8-шілдеде Жамбылдың мұражайы мен кесенесі ашылды.
Мұғалімнің сөзі:
Балалар! Жамбыл атамыз өлсе де аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбылдың сағаты әр қайсымыздың жүрегімізде соғып тұр.
Өз облысымызда Жамбыл есімі берілген 15 мектеп бар.
Шымкент қаласында №26 мектеп Жамбыл атымен аталады.
Қане сендер не қосасыңдар?
Жамбыл атында облыс бар.
Жамбыл атында аудан бар.
Жамбыл атында көшелер бар ...
Мұғалімнің сөзі. Жазба жұмысы.Жамбыл атамыз артына ұмытылмастай қазына қалдырды. Ол Жамбылдың мәдени мұрасы, шығармашылығы.
Тапсырма: Тақтада өлең жазылады және оқылады.
Өлең "Мәңке туралы"
Сөздерін ұзарта келеді,
Өңешін қызарта келеді.
Өнімі азырақ жерде
Үстіне тұз арта келеді.
Оқушыларға үлестірме қағазы таратылады.
Дұрыс жауап тақтада көрсетіледі.
Тірек сызба: ЖАМБЫЛ
Сабақты қорытындылау.
1. Не білдік?
2. Не білгіміз келеді?
Суреттер көрсетіледі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жамбыл бабамыздың туып-өскен жері Ұзынағашта өткізілген 150 жылдық мерейтойына арнайы қатысты.
Ұлттық мәдени- рухани байлықты дамыту.
Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы
Гүлбану
Май 9, 2015
Қазақ әдебиетінен ашық сабақтар
Leave a comment
814 Показы
tweet
Рецепт
Необычные деруны с изюминкой: таких вы никогда не ели
vpuzo.com
Свинина
Потрясающие чебуреки - простой рецепт!
vpuzo.com
Хитрости кулинаров
К чаю стоит приготовить нежный, вкусный сыр: рецепт

білімділік: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу.2. дамытушылық: көркем ойлау, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.3. тәрбиелік: ақын өлеңдерін насихаттай отырып, оқушыны отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.

4.Оқушылар назарын өлең жолдарымен сабаққа аудару.
<<Өнер алды - қызыл тіл>>,
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай, талмай үйрен, біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл - асыл қазына,
Байлығың -- білсең ол сенің.

1. Олай болса, ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтейік.Кім айтады?
2.Ақынның қандай поэмаларын білесіндер?
<<Күй>>, <<Күйші>> поэмаларының негізгі тақырыбы не?

<<Құлагер>> поэмасында кімнің өмірі суреттелген?
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жүз жыл жырлаған жүрек (слайд -- 1)
Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен. (М. Әуезов) (Слайд -- 2)Ой қозғау сұрақтары

2. Ақынның ұстаздары мен ақындық ортасы. (Сүйінбайдан Жамбылтың өмірінен көрініс) (слайд -- 3)

1846 ж. -- -- - Ақын дүниеге келді
1863 -- 64 ж. -- - Қоқан хандығы билік құрды
1881 ж. -- -- - Құлмамбетті жеңді
1916 ж. -- -- - Ұлт азаттық көтеріліс
1936 ж. -- -- - Қазақстан көркем әдебиетінің онкүндігі
1941 -- 1945 ж. -- - Ұлы Отан соғысы
1945 ж. -- -- Дүние салды

V."Ленинградтық өренім" өлеңнің сатылай кешенді талдауРецепт

vpuzo.com Свинина
Потрясающие чебуреки - простой рецепт!
vpuzo.com Фантакстика
Такое блюдо 100% удивит ваших домашних - оригинально и ...
vpuzo.com
Авторы - Жамбыл Жабаев.
Тақырып - халықаралық достығы, Отанды сүйспеншілік.
Жанр түрі - поэзия (өлең).
Идеясы - автор тақырып арқылы өзінің сезімін, көзқарасын бейнелейді. Жауға - соққы беру, ленинградтық тұрғындарының ерлігін жырлау.
2 шумақ.
33 тармақ.
1 бунақ.
Әдеби теориялық ұғымдар:эпитеттер - көк, сүйкімді, заманымның өрнегі.
Теңеу - бұлағымдай, өркеш-өркеш жарасқан, шоқылардай, судай.
Өлеңнің тәрбиелік мәні: бәр халықтар достасып, бірге жауға қарсы шығып, Отанымызды сүйіп, мақтаныш етіп, Елімізді құрметтеп, бірлік пен ынтымаққа ұмтылу.
Сабақты қорыту. Тест сұрақтары беріледі.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ақын Сәкен Сейфуллин <<Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру - біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз>>,- деген екен. Сондықтан Жамбыл жырларын, өмірін біліп, өнегелі өмірі мен сөздерінен үлгі алуымыз керек.

Н.Ә.Назарбаев
VІ. Үйге тапсырма:Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (шығарма)

Сабақтың тақырыбы: << Жыр алыбы- Жамбылға 165 жыл.
Сабақтың мақсаты:Б/К Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.
Д/Қ:Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету.
Т/К: Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.
Сабақтың әдіс- тәсілдері:әңгімелеу, мәнерлеп өлең оқу.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, ақын жазушылардың пікірі, буклеттер, ақын өлеңдерінен үзінділер,сурет, кітап көрмесі, сөзжұмбақ,Жамбыл әлемі фотосуреттер.
Сабақтың барысы: Кіріспе. Мұғалім сөзі.
Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
Халыққа үшін төрге төсеп төсек етер,
Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.
Көтерген көкке төбе тірелгенше,
Иеді көпшілікке басын Жамбыл.
Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
Армысыңдар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
Заманына <<ХХ ғасырдың Гомері>> , жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына арналған тәрбие кешіне хош келдіңіздер! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы ой толғап сыр шертеді.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 165 жасқа толып отыр. Осы мерейтойға арналған би шашу.
Сахнада 7 <<а>> сынып оқушыларының орындауында қазақ биі.
1-жүргізуші:Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе, де жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.Ол <<Көрұғлы>>, <<Мұңлық- Зарлық>>, <<Шаһнама>>, <<Қыз Жібек>> сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.
2-оқушы: Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.
3-оқушы:Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған.Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген.
Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, <<Халық поэзиясының алыбы>>, <<ХХғасырдың Гомері>>, <<Жамбыл - менің жай атым, халық- менің шын атым>> деген ұлы тұлға.1938 жылы <<Ленин>> орденімен, 1939 жылы <<Құрмет белгісі>> орденімен марапатталды. 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді.Алғашқы өлеңдері Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет, Шашубаймен айтысқан, әсіресе 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп , Жетісудың атақты ақыны аталды. Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері,дастандары бар.
2-оқушы: Тірек сызба мен жұмыс.
Поэзия алыбы.
Жүз жасаған. Айтыс ақыны.
Дастаншы. Жамбыл
Жыр алыбы.
Ауыз әдебиет алыбы. Суырып салма ақын.
Қазақтың Гомері.
3-оқушы: Шын жүректен шыққан сөз. Ақын жазушылардың Жамбылға берген бағасы.
Жамбыл - ақыл ойдың алғыры , өзгеге ұқсамайтын дара , оқшау бет - бейнесін аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрә айтыс ақыны, әрә азаматтық әуеннің де ақыны. М. Әуезов.
Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
С. Сейфуллин.
Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың. І. Жансүгіров.
Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі. С. Мұқанов.
4-оқушы.Слайд. <<Жамбыләлемі>> Фотосуреттер.
Жамбылдың үрім бұтақтары жөнінде әңгімелеу.
5-оқушы: << Халық - менің шын атым.
Жамбыл деген - жай атым,
Халық - менің шын атым,
Жай - құйрығым, қанатым,
Қазақстан- Отаным.
Қалаған бақыт мұрасын.
Кеңес - менің мыңдап жыл.
Аңсап тапқан мұратым.
Жаңқамды жауға бермеске,
Отанға берген бар атым.
Миллион- миллион барлық жан ,
Арыстан жүрек ер балам,
Сарқылғанша талшы қан,
Қорған, шебін құратын,
Жау мойынан жұлатын-
Атым осы болатын...
6-оқушы:Балаларға.
Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп, тұра алмаймын,
Ішінен асып, кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді , міне , Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейіріне қанған,
Қуанып жастығына сендей, ботам.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз- түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
7-оқушы:Жаныс ақынға.
Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлемен Сыйынбай!
Сырлы, сұлу сөздері,
Маған тартқан сыйындай!
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай!
Екпініме кезіккен
Кетер ме екен жығылмай!
Құлаштап бір кетейін,
Көбен құсап тығылмай....
8-оқушы:Шындық туралы.
Осынау жалпақ жалғанда,
Жамбыл қартың талмады.
Іздеуден шындық жүрегі,
Бір уақыт та тынбады.
Жетпіс бес жыл өткеше,
Дауылда ұшқан кептерше,
Көз ұшында бұлдырап,
Қуған шындық зарлады.
Ұшқыр ойым ұмтылды,
Сонда да оған жетем деп,
Кешусіз теңіз, асусыз.
Таудан да зырлап өтем деп,
Бөгеттен бірақ өте алмай,
Шындыққа қуған жете алмай,
Ұзақ жүрдім тепеңдеп.
9-оқушы:Қайта келген жастық шақ.
Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты,
Тоқсаннан әрі кетіп, жүзге асты.
Шебер сөз , асыл меруерт, шаттық күйі
Жамбылдан енді, сірә, құтылмас-ты.
Бұл Жамбыл көрген бұрын талау- таран,
Кез болды енді оған алтын заман!
Кең жатқан байтақ ұлан шежіремін,
Тарихтың домбырасын қолыма алам!...
10-оқушы:Жасымнан атым аян Жамбыл едім.
Жасымнан атым аян Жамбыл едім,
Сүрінбей қара өлеңге даңғыл едім.
Самғасам, сары түнде шалдырмайтын,
Қарқырап қайран даусым қалды менің.
Шалқыған самғап көкке қайран әнім.
Кіргіздің талай жерде тойдың сәнін.
А десем, аузымнан бытырайды,
Көкірегің кірілдеп,
Көздің алды іріңдеп,
Қаз- қаз басқан баладай,
Буындарың дірілдеп,
Қартайған соң , немене,
Қауіп ойлайтын күнің көп.
Айлашы екен кәрілік,
Бірге түнеп, бір жүріп,
Сыр білдірмей, сұрамай,
Не көрсетіп тонамай,
Мүшеңді алған біріңдеп.
12-оқушы: Алғадай баласына арналған өлеңдері.
Аттандыру.
Атаңнан бата ал ,балам,
Арғымақ атқа мін, балам,
Ақ сақалым желбіреп,
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда, құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған.
Алғадайым, арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған....
13-оқушы: Балама хат.
Хатыңды, балам ,оқыдым,
Халіңді білдім сапардан.
Қуанып саған отырмын,
Гвардеец атанған.
Сұраншы, Саурық секілді,
Болыпсың , балам, қаһарман.
Қайтармай жаудан бетіңді,
Қаптаған қолға қасарған.
14-оқушы:Алғадай туралы.
Түне күні кеткеннен,
Ғали, жаңа келдің бе?
Алғадайдың мүрдесін
Жол жөнекей көрдің бе?
<<Топырағың торқа боп,
Тыныш ұйықта>> дедің бе?
Қалай қиып қалдырдың
Қарт әкеңді еліңде?...
15-оқушы: Ленинградтық өренім.
Ленинградтық өренім ,
Мақтанышым сен едің !
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағындай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін
Өркеш- өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім....
16-оқушы: Алатау
Тізілген таулары бар жетісудың,
Ішінде орман, тоғай біткен нудың.
Дариядай тулап аққан сол таулардан
Көресің тамашасын аққан судың.
Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін
Өрік, алмағ алмұрт, жиде жемістер көп,
Бір татсаң , аузыңнан дәм кепейтін....
17-оқушы : Аққу едім.
Жамбыл ем, кеше кім едім,
Дуадақ едім шөлі жоқ,
Аққу едім көлі жоқ,
Сыбызғы едім үні жоқ,
Асыл едім құны жоқ.
Енді , міне , кім болдым,
Елім сүйген жыр болдым.
Көрермендермен ойын. Сөзжұмбақ.
1.Жамбылдың әкесінің есімі.
2.Дүниеге келген айы.
3.1881жылы Жетісуде қай айтыскер ақынды жеңіп алды?
4.Жамбылдың ұстазы кім?
5.Жамбыл жас ұрпақты неге шақырады.
6. Жамбыл1938жылы қандай орденмен марапатталды?
7.Жамбыл қанша жасаған?
8.Жамбылдың ұлының аты кім?
9. Біреу сапар шегер алдында, үлкен іс бастарда оң тілек айту не деп аталады?
10.Екі ақынның бір- бірімен жарысар өлеңі.
11.Жамбылдың шәкірті кім?
12.Алматы қаласының патшалық кезеңдегі аты.
ж
а
п
а
А
қ
п
а
н
қ
ұ
л
м
а
м
б
е
т
с
ү
й
і
н
б
а
й
ы
н
т
ы
м
а
қ
қ
а
л
е
н
и
н
ж
ү
з
А
л
ғ
а
д
а
й
б
а
т
а
а
й
т
ы
с
К
е
н
е
н
в
е
р
н
ы
й
Келесі ән шашу 6 <<а>> сынып оқушысы Сонғыбай Балдауреннің орындауында.
Мұғалім: Сиынып аруағына бабамыздың,
Киесін ұққандаймын даламыздың.
Жырлары-шежіресі еліміздің,
Сырлары-сағынышы санамыздың.
Осымен Жыр алыбы- Жамбылдың 165 жылдығына арналған тәрбие сағаты аяқталды.Ынта қойып,тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.
Жамбыл - жыр дүлдүлі
Жарияланды 26-03-2014, 04:15 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті
Тақырыбы: Жамбыл - жыр дүлдүлі (слайд)
Жай сөзің - жаппай күміс, жырың - алтын,
Арзан деп кім айтады алтын нарқын.
Асылды қанша жапса кір шалмайды,
Тот баспас, тозаң жұқпас атақ - даңқың! (Қайып Айнабеков)
Семинар сұрақтары:
:: Жыраудың жыр ұясы
:: Айтыстың асқан шебері
:: Ақын дастандары
:: Өрелі жырдың өрнегі
Неге жамбыл - жыр
дүлдүлі дейміз?
"Өмір өткелі"
Жамбылдың туып - өскен жері.
Сүйінбайдың Жамбылға берген батасы.
Жамбылдың жас кезіндегі өлеңдері.
● Ақын айтыстарында не туралы айтты?
● Ақын қашан және қандай өлеңін Романовтар әулетінің үш жүз жылдық мерейтойына арнады?
● 16 жылғы патша жарлығына байланысты қандай өлеңі шықты?
● Ақын қазан төңкерісін қалай қабылдады?
● Ақын өміріндегі әйелдер.
● Ақын ұрпақтары туралы.
<<Шығармашылық шыңында>>
І тапсырма
Сұрақ
Ақын шығармаларын неше топқа бөлеміз?
Жауап..............
● Ақын айтыстары және оның ішінде көрнектісі.
● Жамбыл қандай эпикалық жырларды жырлаған?
● Жамбыл дастандарының негізгі идеясы.
● Жамбыл жырлаған Өтеген кім?
● "Өтеген батыр" жырының ерекшелігі неде?
● Өтеген образы қазақ әдебиетінде кімнің образдарына ұқсас келеді?
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев (1846 - 1945)
<<Жыр алыбы - Жамбыл>>
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбылдың өміріне мәлімет бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға, ізденіп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабқтың әдісі: <<Сәйкестендіру>>, <<Мағынаны тану>>, <<Ой қозғау>>, <<Жоба қорғау>>, <<Ұлылар ұлағаты>>, <<Сауаттылықты ашатын хат>>, <<Автопортрет>>, сұрақ - жауап, талдау, іздену, т. б.
Көрнекіліктері: Б. Момышұлының суреті, интерактивті тақта, <<Аңыз адам>> 2011 №9 қараша
Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, сабақтың мақсатын хабарлау, ерекшелігін түсіндіру. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Сәйкестендіру
1.<<Ана тілі>>, <<Домбыра>>, <<Жастар ұраны>> т. б. ---- 2) І. Жансүгіровтың туған жылы
2. 1894 жыл 14 мамыр -------------------------------------- 4) І. Жансүгіровтың тұңғыш жинағының аты, қай жылы шыққан?
3. Алматы облысы, Ақсу ауданы -------------------------- 1) І. Жансүгіров өлеңдерін тап.
4. 1928 жыл <<Сағанақ>>жинағы ---------------------------5) Ақынның поэмаларын тап.
5. <<Күй>>, <<Күйші>>, <<Дала>>, <<Құлагер>>. т. б.------------3) І. Жансүгіровтың туған жері.
ІІІ. <<Мағынаны ашу>> бөлімі
Мақсаты: Сабақтың тақырыбын оқушылар көмегімен ашу
- Оқушылар! Мен бір өлеңнен үзінді оқимын. Сол үзінді қай ақынның өлеңі, қалай аталады?
- Енді оқушылар бейне таспаны тамашалайық.
- Сонымен оқушылар өлеңнің кімдікі екенін таптық, бейнежазба кім туралы екенімен таныстық. Олай болса бүгінгі сабағымыз кім туралы деп ойлайсыңдар.
- Жаңа сабағымыздың тақырыбы <<Жыр алыбы - Жамбыл!>>. Ақынның бұрынғы сыныптарда өткен өлеңдерін есімізге түсірейікші.(Ақынның бұрынғы сыныптардағы өлеңдерін айтқызып, мәнерлеп оқыту).
ІV. "Жобаны қорғау>> бөлімі
Мақсаты: Оқушыларға өздері ізденіп, дайындап келген материалдарын оқыту.
1. Жамбыл Жабаев өмірі туралы.
2. Ақындығы.
3. Айтыстары туралы.
4. Ақын ата ұрпақтары жайында.
V. <<Ұлылар ұлағаты>> бөлімі.
Мақсаты: Интерактивті тақта арқылы ақын - жазушылар лебізін тыңдау
VI. <<Сауаттылықты ашатын хат>> бөлімі
Мақсаты: Оқушыларға ақын ата аруағына арнап хат жаздыру. Жамбылдың Абайға жазған хатын оқу.
VIІ. <<Автопортрет>> бөлімі.
Мақсаты: Жаңа сабақты қорытындылау.
Сұрақтары
1. Ақынның аты - жөні, туған жылы?
2. Туып - өскен жері?
3. Қандай өлеңдерін білесіңдер?
4. Қандай дастандарын білесіңдер?
5. Ата ұрпақтарынан кімдерді білеміз?
Жауаптары: ......
Тұжырым: Ж. Жабаев - әрі эпик, әрі айтыс ақыны, жауынгер жыршы, ХХІ ғасыр Гомері.
VIII. Үйге тапсырма:
1.<<Ұрпақ парызы, тілегі>> тақырыбына ой толғау жазу
2. Ақын айтыстары мен дастандарын оқу.
IX. Бағалау: Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев (1846 - 1945)

IX. Бағалау:
Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек
Жарияланды 22-05-2013, 11:28 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті
Білімділік мақсаты:Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексеру. Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты:Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:Оқушыларға Ж. Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:
а) Жамбыл Жабаевтың портреті
ә) Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына
байланысты кезеңдерге арналған көркем суреттер
б) << Жамбыл>> тірек - сызбасы
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап түсіндіру
Венн диаграммасы, ИНСЕРТ әдісі, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі: Үйге берілген тапсырма:
Ж. Аймауытовтың << Әнші әңгімесі.>>
1. Әңгіме не себепті << Әнші>> деп аталған?
2. Әңгіменің негізгі кейіпкері кім?
3. Әмірқан қандай адам?( оқушылардың үйден дайындаған Әмірхан диалогы)
4. Әңгімеде Әмірқаннан басқа тағы да қандай әнші, сал - серілер, туралы айтылған?
5. Шығарма аяқталмай қалған сияқты. Өздерің қалай аяқтадыңдар?
6. Үй тапсырмасын мұғалім өзі <<Көңіл толқыны>> күй әуеніне салып Әмірқан туралы қорытынды сөзді өзі айтады.
7. Франция сахнасына барып ең алғаш ән шырқаған қай әнші?
8. Әмірқанның өмірдегі прототипі кім деп ойлайсыңдар?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жарайсыңдар, міне біздердің осындай бәйтертеріміз болған екен. Жаңа сабақты бастамас бұрын әуелі осы <<бәйтерек>> сөзінің анықтамасына тоқталып кетейік. Қазақта << Бәйтерек>> атауына ие болған тамырын тереңге жіберген, көп жыл жасаған, ыстықтағанға сая болатын шаршағанға демеу болатын, жүргіншіге тоқтау болатын үлкен саялы, қасиетті ағаш бар. Астанамыздың қақ төрінде орын теуіп, бар адамзатты өзінің көркімен баурайтын, Қазақстанның символына айналған <<Бәйтерегіміз>> де осы қасиетті ағаштың үлгісімен салынған. Осындай қасиетті <<жүз жасаған бәйтерек>> атты атауға ие болған қазақтың жалғыз ғана
Жамбыл Жабаевы екен.
Міне, осы үш бәйтеректі салыстырып, бір - біріне теңеуіміз де бекерден-бекер емес. Іздің бүгінгі сабағымыз << Жүз жасаған бәйтерек>> деп аталуы да сондықтан. (тақтаға бәйтеректің суреті, Астанадағы <<Бәйтерек>> монументі, Жамбыл Жабаевтың суреттері ілінеді).
Жамбыл Жабаев (1846 - 1945)
Біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфы:
Жамбыл дүниеге екі рет келді:
тоғыз ай, тоғыз күнде ана құрсағынан, тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан туылды.
Ғ. Мүсірепов.
Жамбыл...... Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жахан, айдай әлемге жария етті.
Қақаған қара аралас соғып боран,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.
13 жасынан бастап Жамбыл алғашқы өлеңдерінің шығарып, өз әкесінің келісімінсіз атақты Сүйінбай ақыннан бата алған.
Сүйінбай ақынның батасы.
Сонымен қатар Жамбыл атамыз әр түрлі жанрда өлеңдер шығарған.
Соның бірі - Айтыс ( Айтыс дегеніміз не?)
Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алған. Жамбыл айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтеріледі. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен Досмағамбетпен, Шашубаймен айтысы жақсы мәлім. Жамбыл айтыс ақыны Шөжемен дидарласады. Жамбыл - айтыстың асқан шебері. Ол өз кезенінің көптеген атақты ақындармен айтысып, ешкімнен жеңілмеген. Жамбыл мен Құлманбет айтысы - күрделі, мазмұны кең айтыс, Айтыста Жамбыл жеңеді. Жамбылдың артықшылығы Құлманбетке: байлығыңмен мақтанба, ерлікті айт, татулықты айт, бірлікті айт,- деген сөздерінен көрінеді. Жамбыл Құлманбет сияқты бір жақты емес, ойлауы кең жан - жақты.
Жамбыл батырлық, ерлік, адамгершілік сияқты бүкіл халықтық құндылықтарға толық сенеді дей келе сатиралық өлеңдері: <<Кәдірбайдың төбеті>> деген өлеңі де бар. (<<Кәдірбайдың төбеті>> өлеңнің оқу.) Сонымен қатар, патшаға қарсы ұл - азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған: <<Патша әмірі торылды>>, <<Зілді бұйрық>> деген өлеңдері бар. << Сұраншы батыр>>, << Өтеген батыр>> атты жыр - дастандары бар.
Сонымен қатар Жамбыл Верный қаласында өткен Жетісу ақындарының тұңғыш слетіне қатысады, Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің онкүндігіне қатысады.
Жамбыл өмірінің екінші кезеңі ауыр қайғыда болады. 1941 - 1945 жылдар аралығын біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Сол кезде біздің аталарымыз ел ақсақалдарынан бата алып, майданға аттанады. Ал балалар, енді артқа шегініс жасап, халық поэзиясының бір түрі: тұрмыс салт жырларындағы <<бата>>, <<жұбату>>, <<қоштасу>> түрлеріне тоқталайық.
Қане, кім қандай бата біледі?
Міне осындай батамен Жамбылдың жалғыз ұлы Алғадай майданға аттанады. Сонда Жамбылдың баласына берген батасын: << Аттандыру>> өлеңіне көруге болады. (кітаптан << Аттандыру>> өлеңнің оқу>>)
Соғыста жүріп Алғадай ерлікпен қаза табады. Жамбыл бұл қазаны ауыр қабылдап, көпке дейін оңала алмайды. Сол уақытта Жамбылға халық ақындары, қазақ жазушылары. өнер адамдары, өзінің шәкірті Кенен Әзірбаев келіп жұбатады. Сондағы Жамбылдың өлеңі: << Алғадай туралы әрбір ой>> (оқушылар кітаптан тауып << Алғадай туралы ой>> атты өлеңнің оқиды)
Алғадай майданға аттанғаннан кейін 7 күннен соң, Жамбылдың ұрпағын жалғастырар өмірге ұл бала келеді. Немерелі болып, атын ырымдап Қуаныш қояды. Жамбыл осы немересіне алданып, өзін жұбатып << Атаның әлдиі>> атты өлеңнің шығарады. ( кітаптан << Атаның әлдиі>> атты өлеңнің оқу) Неміс - фашист басқыншылары Нева өзенінің жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қамауда қалады. Халық үшін зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің << Ленинградтық өренім>> атты өлеңнің арнайды. Жамбылдың бұл өлеңі Ленинград қаласының бар жерінде ілініп, Ленинградтықтарға күш - жігер берді, қуаттандырды.(оқушылар Жамбылдың <<Ленинградтық өренім>> орысша - қазақша нұсқаларын оқиды).
Жамбыл ауыр қайғыдан кейін басын көтеріп, өз жолдастарының қатарына қосылғанмен де оңала алмайды. Өнер адамдарымен де кездеседі. Өз домбырасын Нұрғиса Тілендиевке бере тұрып: << Мына, қасиетті қара домбыраның киесі сенде болсын. Осыны көзіңнің қарашығындай сақтап, қазақтың қара домбырасын бар әлемге асқақтата паш ет>> деп, батасын береді.
Нұрғиса Тілендиев Жамбыл аманатын ұрпақтар сабақтастығы ретінде қазақтың қара домбырасын айдай әлемге паш етіп, Жамбыл атамыз сияқты артына өшпес мол мұра қалдырып кетті.
Жеңіс жырын естіп, ауыр қайғыдан кейін Жамбыл атамыз 1945 жылы 22 маусымда 7 сағат 55 минутта дүниеден өтті. Жамбыл атамыз өлсе де, аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбыл өлеңдері, жырлары әрқайсымыздың жүрегімізде соғып тұр.
- Неге, не себепті біздер Жамбыл атамыз өлген жоқ дейміз?
- Өйткені, оның атында облыс бар, Жамбыл атында. Жамбыл атында өнер ордасы - театр бар.
Бекіту кезеңі:
Жамбыл атамыздың << Алғадай туралы әрбір ой>> атты өлеңін өлең құрылысына талдайық: II шумақ (өлең ұйқасына, шумағына, бунағына, тармағына талдау. Өлең ырғағына талдау) <<Алғадай туралы ой>>, <<Аттандыру>>, <<Атаның әлдиі>> осы өлеңдерінің негізгі түйіні кім болып тұр? (Алғадай) сөздікпен жұмыс. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша Жамбыл өлеңдеріне тоқталайық:
<<Сұраншы батыр>>,
<<Өтеген батыр>>
<<Алғадай туралы әрбір ой>>,
<<Аттандыру>>
<<Ленинградтық өренім>>
<<Жаныс ақынға>>,
<<Атаның әлдиі>>
Сергіту кезеңі: әуен тыңдай отырып, жаттығулар жасау.
Қорыту кезеңі:
Жамбыл - өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13 - 14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең - жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл сынды тұлғаларымыз өз ғасырында қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Жамбыл бабамыздың туып - өскен жері Ұзынағашта өткізілген 150 жылдық мерейтойына арнайы қатысып, жамбыл рухына бас иді.
Венн диаграммасы арқылы сабақты қорыту
- Сонымен, біздер бүгінгі сабақта не білдік?
- Не білгіміз келеді? (инсерт әдісі арқылы сабақты қорыту)
Үйге тапсырма: <<Аттандыру>>, <<Алғадай туралы әрбір ой>>, <<Атаның әлдиі>>, өлеңдеріне ортақ кейіпкер - Алғадай бейнесін құрастыру, жазу. <<Аттандыру>> өлеңін жаттау, <<Атаның әлдиі>>, <<Алғадай туралы әрбір ой>> өлеңдерін мәнерлеп оқу.
Кері қайту
Материал рейтингісі:

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz