7 саны мен цифры туралы

Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп

Ашық сабағы

«7 саны мен цифры»

Өткізген: Қадір Гүлсім

Жыңғылды

Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры

Сабақтың мақсыты: Оқушыларды 7 санның пайда болуымен, 7 цифрымен таныстыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру. 7 цифрын дұрыс жазуа үйрену. Ұлттық дәстүрімізді дәріптеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, топтастыру, ақыл-шапшаңдығы, еркін жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: сандар, плакаттар, дөңгелекттер, 7 байланысты ұғымдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

1) Оқушылардың оқу құралдарын түгендеу, сабаққа дайындау(оқулық, дәптер, қалам, сызғыш, санаттыш таяқша) .

2) Оқушылардың білімдерін дөңгелектермен бағалауды ескерту.

ІІ. Өткен сабақты тиянақтау.

-Оқушылар біз қандай сандармен таныстық?

-(0, 1, 2, 3, 4, 5, 6)

-Ал, енді осы сандарды кері санайық.

-(6, 5, 4, 3, 2, 1, 0)

-Сонымен қатар немен таныстық?

-(Сандар құрамымен)

-Қанеки, сандар құрамын еске түсірейік? (Сандар қатарын әр оқушыдан сұрау, дөңгелектерін беріп отыру. )

2-нің құрамы, 3-тің құрамы, 4-тің құрамы, 5-тің құрамы, 6-ның құрамы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Мұғалімнің түсіндірмесі:

-Оқушылар, кассада қанша төртбұрыш бар? (Алтау)

-Қандай түсті? (Көк түсті)

-Мен енді нені қостым? (1 қызыл төртбұрышты)

-Осы төртбұрыштар арқылы өрнек жазуға бол ма? (Иә)

-Кім жазады? (6+1 Бір оқушыға жаздыру)

-Енді барлығы қанша болады? (Жеті)

- Олай болса біз бүгін 7 санымен танысамыз, 7 цифрын жазып үйренеміз. Сонымен 6+1=7 тең. Қанеки, 7-ні орналастырайық. (7-ні көрсет, орналастыр)

-Оқушылар 7 саны тақ сан, киелі сан. Біз 7 санымен танысып қоймай, сонымен бірге 7 саны туралы қазақтың ұғымдарымен де танысамыз, білетіндерімізді еске түсіреміз. Енді тақтаға қарайық. Тақтада 7 санына байланысты ұғымдар 4 цифрымен берілген. Әр цифрдың астындағы ұғымды білу үшін менің берген тапсырмамды орындауыңыз керек. Сіздер жаңа өткен сабақтар бойынша сандар құрамын, содан соң 7 санының шығуын орындадыңыздар. Енді оқулықтағы 1 тапсырманы орындаңыздар. Тақтадағы 1 цифрын ашып, ондағы ұғыммен танысамыз.

2. Оқулықпен жұмыс. (Топпен жұмыс)

1 тапсырма.

-Нелер берілген? (Қорапшалар)

-Үстіңгі екі сөреде қанша қорапша бар? (Алты)

-Астыңғы сөреде ше? (Біреу)

-Барлығы қанша? (Жеті)

-Сонда 6+1=7 Бұл өрнек тақтадағы кассада жазылған. Солай ма? (Иә)

-Екінші суреттен не көріп отсыздар? (Қорапшалар)

-Үстел үстінде барлығы қанша қорапша? (Жетеу)

-Соңғы қорапшаны бала не істеп жатыр? (Бұзып жатыр)

-Нешеуін бұзды? (Біреуін)

-Қорапша азайды ма, көбейді ме? (Азайды)

-Қаншасы қалды? (Алтауы)

-Қандай өрнек жазуға болады? (7-1) (Бір оқушыға жаздыру, мәнін таптыру, дөңгелегін беру)

-Біз оқушылар тапсырманы орындадық. Енді тақтадағы 1 цифрын ашайық. Ондағы 7-ге байланысты ұғыммен танысайық (7қазына)

- Қанеки, жеті қазынаны білеміз бе? (Білсе сұрау, білмесе мағлұмат беру, егер айтса дөңгелегін беру)

-Енді 2 цифрының астындағы 7-ге байланысты ұғымды білу үшін біз оқулықтағы 2, 3, 4 тапсырманы орындауымыз керек. Сонымен қатар 3 тапсырмаға байланысты дәптердегі тапсырманы орындауымыз керек. Бұл сонда күрделі тапсырма. Ал, кәнеки бастайық.

Оқулықтағы 2-тапсырма

Алдымен кесіндіні өлшету. Кассага 7см > _ cм. (Оқушыларға таптыру, жаздыру)

3-тапсырма

-Оқушылар біз сабақтың басына 7 цифрының баспа түрімен таныстық (баспа түрін көрсету) . Енді, кәнеки жазба түрімен таныс болайық. (7 санының жазба түрін көрсету, ауада жазып көрсету) . Енді дәптерімізге назар аударайық 7 цифры дәптерімізге назар аударайық. 7 цифры дәптерге қалай жазылған? (2 рет 7, содан соң бір бос көз қалдырып, тағы рет 7 жазылған)

- Мен сіздерге енді тақтаға жазып көрсетейін (тақтаға жазу) . Енді дәптерге орындайық. 77 77 (Оқушыларға дәптерге орындату. Өте жақсы орындағандарға дөңгелек тарату) Оқулықтағы 3- тапсырманың суреттерімен жұмыс жүргізу.

-Бірінші сөреде не берілген?(Қысқаш) Мағұлмат беру.

-Қанша қысқаш?(Алтау)

-Екінші сөреде не берілген?(Кілт) Мағұмат беру.

-Қанша кілт?(Жеті)

-Қайсысы кем?(Қысқаш)

-Нешеуі кем?(Біреуі)

4-тапсырма. Салыстыру . Тақтаға орындатy

_ > 6 6< _ 6=6 (Тақтаға орындату, оқыту, дөңгелектерін беріп отыру)

-Тапсырмаларды өте жақсы орындадық. Енді тақтадаға 2 цифрын ашайық. (2 цифрын ашу, наурыз көжеге салатын 7 түрлі тағамды атату, білмесе мағұлымат бер)

4. 7-ге байланысты 3-інші ұғымды білу үшін оқулықтағы 5-тапсырманы сонымен бірге дәптерге қалған тапсырманы орындаймыз.

5-тапсырма. (Тақтаға жаздыру, кері амалын табу)

_+_ = 6 6 -_ = _ _ +_= 6 6 - _ =_ (Екі оқушыға орындату, дөңгелектерін беріп отыру)

Дәптермен жұмыс. (Алғашқы 3 оқушыға дөңгелек беру)

А) Дәптерге хоккей таяғына байланысты есепті шығарту. (түсіне отырып шығару)

6+1=7 7-1=6

Ә) Салыстыру. Өз бетімен жұмыс. Мәнін тап.

4<7, 7>3, 2<7, 7>1, 0<7, 7см>5см, 5см<7см

Б) Соңғы тапсырма, өз бетімен жұмыс. Мәнін тап.

6+1=7 7-1=6 7-6=1

-Барлық тапсырманы


Ұқсас жұмыстар
Білімдерін тексеру
Дәптерге жазу
7 саны мен цифры. 7 санының құрамын анықтату
Дауысты дыбыс әріптері
Арифметикалық негізі. Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру. Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар
7 саны мен цифры
Барлығы неше алма
Төртбұрыштың бұрыштары нешеу
Орта мерзімді жоспар, математика. 1 сынып
10 саны мен цифры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz