Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

ТЕХНОЛОГИЯ - ҒАЖАЙЫПТАР АЛАҢЫ

"ТЕХНОЛОГИЯ - ҒАЖАЙЫПТАР АЛАҢЫ"

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін қорыту, бекіту.
Дамытушылық: жылдам ойлап, шапшаң жауап беруге дағдыландыру. Этика, эсетикалық талғамдарын арттыру.
Тәрбиелік: ұлттық мәдениеттілікке, қолөнерге байланысты көне сөздіктерді меңгеруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: тест сұрақтар, "Ғажайып алаң", қоржын, асық, нұсқалар, түсіндірме сөздер, көкөністердің суреттері.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, қазақ тілі, биология, технология.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Армысыздар, ардақты ұстаздары мен оқушылары. Бүгін, міне, "Технология - ғажайыптар алаңы" атты танымдық сайысына қош келдіңіздер!
Талпынған өр шыңдарға жас таланттар,
Ақ орда аспанында ар қалықтар.
Күтіп тұр арман қуған өрендерді,
Алдында жарқыраған жеңіс шыңдар - дей келе сайысты бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа қатысатын 5 - сынып оқушыларын таныстырайын. Әр оқушының аты-жөнін айтып, таныстыру.
Әділ қазы алқасымен таныс болайық.

Ойын 6 кезеңнен тұрады:
1. "Оқу - білім азығы, білім - ырыс қазығы" (тест).
2. " Сөз - құдірет, сөз өнер" ( сөздің әр әрпінен сөз құрау).
3. "Ата мұрасы - асыл қазына" (ұмыт болған көне сөздердің мағынасын ашу).
4. "Өзіңді өзің емдей біл" (көкөністердің пайдасын айту).
5. "Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады" (сұрақ - жауап).
6. "Ғажайып алаң" ойыны.

Құрметті ойынға қатысушылар, ойынның шарттарымен таныс болыңыздар! Екінші кезеңнен бастап ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығып отырады. Ойынның алғашқы бөлімін бастаймыз.

І. "Оқу - білім азығы, білім - ырыс қазығы" дей келе, оқушылардың білім деңгейін тексеру. Әр- бір дұрыс жауапқа үшін екі ұпай.

Тест сұрақтары.

1. Көкөніс түрлерін ата?
а) Асқабақ, баклажан.
б) Алма, рамжапырақ.
в) Күріш, бидай.
г) Қымыздық, арпа.

2. Өлшеуіш құрал.
а) Құлаш.
б) Арқан.
в) Цикуль.
г) см.таспа.

3. Бір немесе бірнеше көкөніс түрлерінен дайындалатын салқын тағам.
а) кеспе.
б) салат.
в) бутербродь
г) көже.

4. Ең көп пайдаланылатын асханалық құрал?
а) қасық.
б) сүзгі.
в) пышақ.
г) ожау.

5. Инені матаға шаншып кіргізу үшін нені пайдаланамыз?
а) См. таспаны.
б) ине.
в) оймақты.
г) қайшы.

6. Қандай тағамдарды пісірмей жеуге болады?
а) картоп.
б) помидор.
в) нан.
г) асқабақ.

7. Мақта мата қандай талшықтарға жатады?
а) химиялық.
б) қоспалы.
в) табиғи.
г) синтетикалық.

8. Матаның көлденең жіптері қалай аталады?
а) негізгі жіп.
б) тарпа жіп.
в) қатты жіп.
г) арқау жіп.

9. Тігілу тәсіліне қарай машиналар неше түрге бөлінеді?
а) екі.
б) үш.
в) төрт.
г) одан да көп.

10. Төмендегі машиналардың қайсысы педальсыз жұмыс істейді.
а) электрлі.
б) аяқпен.
в) қолмен тігілетін тігін машинасы.
г) арнайы машина.

11. Алжапқыш қандай киім тобына жатады?
а) тұрмыстық.
б) өндірістік.
в) арнайы.
г) барлық жауап дұрыс.

12. Оқушы киімін қандай киім түрі дейміз?
а) арнайы.
б) формалық.
в) тұрмыстық.
г) салтанатты.

13. Дененің көлденең түсын айналдыра өлшеу.
а) мықын өлшемі.
б) киімнің ұзындығы.
в) белдің өлшемі.
г) иықтың ені.

14. Өлшеуді адамның қай жағынан тұрып алады.
а) сол жағынан.
б) алдыңғы жағынан.
в) қырынан.
г) оң жағынан.

15. Матаның ұзына бойына орналасқан жіптер.
а) арқау.
б) негізгі.
в) салма.
г) тартпа жіп.

16. ---------- тігістің қандай түрі.
а) көктеу.
б) жөрмеу.
в) қайшы.
г) айқас.

17. Тігін машинасының инесі неше бөліктен тұрады.
а) 3.
б) 2.
в) 1.
г) 4.

18. Ыдыс - аяқтарды жуғанда қандай жуғыштарды пайдаланады.
а) ас содасы.
б) кір сабын.
в) фэри.
г) кір жуатын ұнтақ.

ІІ. Адам көзінің нұры,
Жүзінің шырай түрі.
Тіл деген - ақыл гүлі,
Тілде жатыр сөздің сыры - деп "Сөз - құдірет, сөз - өнер" бөліміне береміз.
Шарты: Құрметті ойыншылар, сіздер мына берілген сөздің әр әрпінен сөз құрайсыздар. Берілген 1 минут уақыт ішінде қанша сөз тапсаңдар сонша ұпай беріледі.

Ең ұпайы аз ойыншымен қоштасуға тура келеді.

ІІІ. "Ата мұрасы -асыл қазына" бөлімі.
Шарты: Қолөнерге байланысты ұмыт болған көне сөздердің мағынасын ашу. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1. Бүйда- түйенің мұрындығына тағылған жетек бауы.
2. Асар- көмек, жәрдем үшін жиналу.
3. Айшық- сырғаның, өрнектің бір түрі.
4. Аяққап- киізден жасалатын, ыдыс-аяқ салатын қорап.
5. Зерен - ағаштан жасалған ыдыс.
6. Текемет- қойдың жүнінен ою бастырылып жасалған төсеніш.

Рахмет. Тағы да ұпайы аз бір ойыншымызбен қоштасамыз.

ІV. "Өзіңді өзің емдей біл"- деп аталады.
Шарты: Суретте берілген көкөністердің емдік қасиеттерін айту. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1. Сәбіз - жас сәбізді үгіп, сөлін іш қатқанда, бауыр, бүйрек, жүрек қантамырлары ауырғанда пайдасы бар.
2. Пияз - пиязға қант немесе бал араластырған шырынды ішсе туберкулезге, жөтелге ем.
3. Картоп - пісірілген картоптың буын иіскеп, ішке тарту жоғарғы тыныс жолының ауруынн емдеуге көмектеседі.
4. Қызылша - қызылша шырыны ол жүйке жүйесінің қызыметі үшін және жүрек бұлшық еттерінің жиырлуын реттеу үшін қолданылады.
5. Қияр - асқазан сөлінің бөлінуін күшейтеді, майдың, белоктың сіңімділігін арттырады. Толық адамдарға өте пайдалы.

Осымен 4- бөлімде аяқталды. Өкінішке орай тағыда ұпайы аз бір ойыншымызбен қоштасамыз.

V. "Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады" деп аталады.
Шарты: Бұл бөлімде оқушы берілген сұрақтарға дұрыс, әрі жылдам жауап тауып беруі керек. Сұрақтар қиындық тудырмайтын оңай, бірақ барлық саланы қамтыған жан-жақты болып келеді. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріліп отырады.

1. Қалталы аң?(Кенгуру)
2. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)
3. Қыздар тақиясының төбесіне не таққан? (Үкі)
4. Қойдың пірін ата? (Шопан ата)
5. Салат дегеніміз не? (Бір немесе бірнеше көкөніс түрлерінен дайындалатын тағамдар)
6. Еліміз егемендігін қай жылы алды? (1991жылы 16 желтоқсан)
7. Еліміздің туының авторы кім? ( Шәкен Ниязбеков)
8. Қалыңдықтың баскиімі? (Сәукеле)
9. Қазақтың дәстүрлі ет тағамдары? (Қазы, қарта, қуырдақ, бесбармақ, жал-жая)
10. Қазақстанның бірінші призеденті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
11.Егде жастағы әйел адамның баскиімі? (Кимешек)
12. Сегіз жердегі тоғызым? (72)
13. Салатқа тұздық ретінде не қолданамыз?(Мойенез, қаймақ)
14. Биенің сүтінен ашытылатын сусын? (Қымыз)
15.Біз қай ауданда түрамыз? (Бейнеу)

Ұпай санын есептеп тағы да ұпайы аз ойыншымен қоштасамыз.
Сонымен ары қарай ойнымызды екі ойыншымен жалғастырамыз.

VІ. "Ғажайып алаң" деп аталады.
Шарты: Ойыншыларымыз барабанды айналдырып берілген сұраққа әріп айту арқылы жауап береді. Барбанда берілген әріптер мен сандардың пайдалану ережелерімен жүреді.
Ойынды ұпайы аз ойыншы бастайды.

Сұрақ: Технологияда киімнің жаңа үлгілерін жасауды не деп атайды? (М о д е л ь д е у)

Сайыс қорытындысын шығарып жеңімпазды марапатаймыз. "Технология - ғажайыптар алаңы" атты сайысының жеңімпазы деп ------------------------ марапаттаймыз.

Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал ,
Тепкілесең, кетпейді. Осымен 5-сынып оқушыларының арасында өткен сынып сағатымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп рахмет

Ұқсас жұмыстар
Оқулықтан есептер шығару
Квадрат теңдеулер
Дәстүрлі емес сабақтар
Компьютерлік технология тақырыбы бойынша 5 сынып оқушыларына арналған ойын сабақ
Балаларға ұнайтын
Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару
Ғажайыптар әлемі танымдық сайыс
Ғажайыптар әлемі. қайталау
ЖАС ҰРПАҚ
Paint графиктік редакторы
Пәндер