Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

жана жыл сценарий

1.Сахына Би болуы керек.
1-жүр: Мен саған бір арманымды айтайын ба?
2-жүр:Ал, тыңдап көрейін, арманыңа жеткізе қоятын сиқыршылығым жоқ, бірақ мына тамаша күнде мүмкін орындалып қалар.
1-жүр: Мүмкін! Онда тыңдап қарашы. Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, ел төрт түлікке бай, суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты жанға дауа Қазақстан деген ұлан байтақ елде, халқының ынтымағы жарасқан ауыл болыпты. Сол ауылда көптеген жақсы азаматтар өмір сүрген екен. Ол ауылдың суы шипа, құм топырағының өзі жанға дауа көрнеді. Ауылының тұрғындары ертемен кетсе, кешке дейін ауылын сағынып қалатын көрінеді. Олар ауылға келгенде жұмаққа келгендей болады екен. Менде сол жұмақта өмір сүргім келеді.
2-жүр: Ол ауылдың аты барма екен. Айтуыңа қарағанда жақсы жер сияқты ғой.
1-жүр: Ол ауыллл казір есіме түсірейіннн Иа, иа есіме енді түсті Ол ауыл ----- деп аталады. Соданнн
2-жүр: Түшш. Мэқ мэқ
1-жүр: Ту, не болды, тағы да тыңдағың келмейді сенің.
2-жүр: Жоқ ----------сенің арманың орындалды десем да болады.
1-жүр: Қойыңызшы мені тыңдамаудың амалы ғо.
2-жүр: Міне сенің арманыңдағы ауылға келіп тұрмыз. Мен сиқыршы боп кеткен сияқтымын.
1-жүр: Шын айтасыз ба? Онда амандаспаймыз ба?
2-Армысыздар! Қасиетті Сам ауылының тұрғындары. Қош көрдік.
1-жүр:Кеш жарық. --- аулының барша халқы мен қонақтарын, ұстаздары мен білімпаз оқушыларын бүгінгі жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.
2-жүр:
Төсінде туған жердің берекелі,
Аймалап майда самал жел еседі.
Достықтың мекеніндей Сам ауылы,
Сөз жетпес асқақ арман келешегі.
1-жүр:
Жаңа жыл - туған елдің даналығы,
Жаңа жыл - дала ырыс, дала гүлі.
Жаңа жыл - тұнық көзді тыныштықтың,
Жаңа жыл - ұлы ақынның жыр кермесі.
2-жүр:
Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда жырмен шашу шашамыз.
1-жүр: Бәрекелді Құрметті халайық! Ал енді біз бүгін мына керемет Жаңа жыл тойын осы бір әсем шыршасы бар, сұлу безендірілген қасиетті қара шаңырақта тойлағалы отырмыз ғой. Олай болса осы ауылдың әкімі мен мектеп директорын ортаға шақырсақ қайтеді.
2-жүр: Әрине орынды. Келген қонақтарын құдайындай сыйлап, құрметпен, жылы лебізбен қарсы алған қазақпыз ғой. Жақсы сөз жарым ырыс демекші. сөз кезегі өздеріңізде.

Тілек айтылып бола бергенде сахнаға сыған қызы екеуі шығады.

Сыған: Ооо не деген керемет жер мынау қызым, бар мына кісілерден қайыр сұрап келші. Жап жақсы киініп алыпты ғой.
Қыз: Құдай жар болсын, үйіңізде амандық болсын. Тілек қабыл болсын маған садақа беріңізші. Шешесіне қайтып келіп ештеңе жоқ сияқты оларда дейді.
Сыған: Олай деме, қазір өзім барып көрейін. Бал ашамын, болашағыңды болжап беремін. Жай алақаныңды. Мә мынаны қара не деген керемет. Сіздің үйде ай десе аузы, күн десе көзі бар әйеліңіз бар екен. Солай ғо. Бірақ ол сіздің төс жаңқалтаңыздағы ақшаны көрмей қалған екен. Сол маған бұйырайын деп тұрған сияқты. Кәне кәне маған бере ғой. Кане апай сіздің алақаныңызды көріп жіберейін. Мына кереметті қараңыз сіздің біреуі көзіңіздің қарасы болса, екіншісі ағы боп тұрған екі ұлыңыз бар екен. Бірінші ұлыңыз жұмысынан өсейіндеп тұр, екінші ұлыңыз үлкен оқу орнына түсіп түр ғой. Ал осы көріп тұрғаным рас болсын десеңіз қалтаңыздағы пұлды бере салыңыз. Тағы да залдағы адамдардан алады, қызына береді.
Сыған: Қызым бүгін қандай мереке еді.
Қыз: Жаңа жыл болуы керек.
Сыған: Мм. Онда жақсылап бір би билейік.

2.Би:
Сығандар шығып баратырғанда , әйел адам кіреді.Раушан
Әйел:-Мыналар қайдан жүр. Осылардың да жүрмейтін жері жоқ. Сіздерге бір зияны тимеді ма? Байғұс олардың да салты да, оларда құдайдың жаратқан пендесі ғой.
Шалы келеді.
Шал: -Әй бәйбіше не күбірлеп жүрсің. Өзің жасанып алыпсың ғой. Біреу келетінбе еді әлде.
Әйел: -Қойш осы сенің соның бар екен, сен үшін, өзім үшін әдемі боп жүруге де болмай ма? Ай, еркектер ай, еркектер.
Шал:- Ааа. Сенің осы ашуланғанда әдемі болып кететінің ұнайды. сосын сәл-пәл ашуландырғым келіп тұрады. Сен соны әлі күнге дейін білмейсің. Үй болғанымызға біраз жылдың жүзі болды.
Әйел: -Кәне, шайға жақында, әңгімеңді сосын жалғастырарсың.
Шал:-Бүгін мереке ғой. Жаңа жыл.
Әйел: -Иа.
Шал: -Бұл күнді бала күнімізде қалай күтуші едік. Қоян сұйектен шырша жасап, оны зеленкамен бояап, қолдан жасалған қармен, ойыншықтармен толтыратынбыз.
Әйел:-Әр сынып бірінен бірі өткізіп жар газетін шығаратын. Оны жарға жапсыратын желім таппай тіс пастасын сығып жапсыратынбыз. Ең жақсы жаңа жылдық безендіруге қатысқан сыныпқа жүлде беретін. Бәрі казіргідей көз алдымызда.
Шал:-Қазіргі балдар ештеңенің қадірін біліп жатырған жоқ, бәрі оп -оңай жасалып жатыр. Бәрі электроний. Әй, Сол кезе Шәмшінің әнінен басқа бөтен ән білмейтінбіз. Қандай мереке болмасын соны айтатынбыз.
Әйел: -Шынында да. Сол әндер әлі жадымызда жаттаулы.
Шал:-Әй, екеуміз сол әнді айтып көрсек қайтеді бүгін мереке, әрі жатқа білеміз. Бір жасарып қалармыз.
Әйел: Қойшы құдай алжығаннан саумысың.
Шал:-Ии. Шын айтам менің сөзімнің бәрін әзіл көресің ба? Бірінші сен баста.
Әйел:-Жарайды онда ән айтқаннан әбестік болмас. Айтып көрейік.

3.Ән: Раушан
ән аяқталғанда көзін уқалап бала келеді.
Бала: -Әке,ана сағат неше болды. Радио жіберіп қойғандарың не? Ұйқымды бұзып зарлатып. Әке, шеше бір біріне қарап мырыс етіп күліп
Әйел:-Балам күн кеш болды. Неғылған ұйқы қанбайтын. Тағы айтарым жаңағы радио емес әкең екеуміз шырқаған ән Шәмші әндерінен папури.
Бала: -Қойш, анашым шынымен сіздер айтыңыздар ма? Тамаша дауыстарыңыз бар екен ғой. Айтпақшы бүгін жаңа жыл, жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Менде сіздерге ұқсағанмын ғой. Онда менде сіздерге бір ән сыйлайын.
Әйел:-Жарайды балам. Айта ғой.
4.Ән: Қобылан
Әйел:-ей балам өркенің өсін тіл көзден сақтасын.
Шал: -ей балам теледидар қосып кетші келінің болатын уақыты болдау.
Бала:-Жарайды әке. Теледидар қосып кетеді.Анандидің музикасы шығады.бала қайтып келеді.
Бала: -Әке, ана біздің ауылға Ананди келіпті қонаққа. Шын айтам. Қарашы қара.
Ана:- Жарайды енді. Жаңа жылдық мерекеде әр ұлттан қонақтардың келгенінің ешқандай әбестігі жоқ. Келсін келсін. Анандимен Калани келеді. Амандасады.
Әйел:-Амансыздар ма? Төрлетіңіздер. Қош келдіңіздер.
Шал.-Әй сен саулатып жатырсың, бұлар қазақшаға түсіне ма?
Әйел:-Ойбой түсінер ау. Бұлардың Қазақстанда жүргеніне бірнеше жыл болды.
Шал:-Ааа. Солай екен ғой.
Калани:-Арма Сам аулының тұрғындары. Жаңа жыл мерекелеріңізбен. Бізде сіздерді мерекелеріңізбен құттықтағалы келгенбіз.
Шал:-Міне керемет. Сау болыңыз. Мына қасыңыздағы Қазақстанға әйгілі болған Ананди қызыңыз ба.
Калани:-Иа, Менің қызым Ананди. Біздер мереке болып жатқан жерлерге соғып құттықтап жүрміз. Қызымның сіздер әкелген биі бар, соны тару етеміз.
Әйел:-Шай алыңыз.
5.Би:
Әйел: -тамаша билейді екен. Туфа түфа.
Шал:- Бұлар тумысынан биші болып келеді ғой, оның несіне таң қаласың.
Калани:- Иа, біздің елде ренжісекте, қуансақта бимен жеткіземіз. Біз сіздерге қуанышты. Шаттық деген би билеп бердік. Енді біз жүргіміз кеп отыр. Сыртқа шығып ауылды аралап дегендей.
Әйел:-иа. дұрыс жүр біз аралатып келейік, жүріңіздер.

6.Көрініс: Тракторшынің махаббаты.
7.Ән:
8.Ән:
1-жүр:
Бәрекелді , бәрекелді! құрметті халайық бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен , әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.
2-жүр:
Олай болса ауыл жастарына сұрақтар жасырып ойын ойнап көрейік.
1-жүр:
Жарайды, ары қарай жаңа жыл кешін көрермендер өздері жалғастырсын. Мен бастайын.
1.
2.
3.
Ойын ойнатылады:
1-жүр:
Тамаша ойын болды. Көңіл күйлеріңіз әр дайым көтеріңкі болсын. Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңіздер.
2-жүр:
Жаңа жылда жаңа бақыт, тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік, туыстық.
Қарсы алдық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
ӘН:
ӘН:
Келін сахынаға келеді.
Келін:- Ауыл іші құжынаған халық қо. Басқа ұлттың адамдары да жүрген сияқты. Атамен, енем қайда кеткен, казір сап етіп бір орыс кіріп келсе не деймін масқара. Манағы жүгермек қайнымда жоқ боп кетеді бұндайда. Әншейінде мені келемеш қылып бар орысшасын құртып жүр еді. Туу, енді қайттым. Мм. тел соғайын. Туф көтермеймейді.
Қайнысы кіріп келеді.
Қайнысы :-Жеңеше мен мұндамын, неболды өңің қашып кетіпті ғой. Үйде тышқан бар ма екен.
Келін:-Ии, қойш сенде қайдағы тышқан, сыртағы халықты көрдің ба? Басқа ұлттар сияқты. Мен содан қорқып түрмын. Бір орыс келсе нестеймін деп.
Қайны: -Айй. Жеңеш- ай! Қорыққанға қос көрнеді деген осы екен ғо. Орыс келсе ол да адам емес па? Сөйлесеміз. Чо за праблема. Не бойтесь я стабой.
Келін: -Әй қарағым оларыңды маған айтпа қазір орыстар келед соған сақтап қой.
Қайны:- Айтпақшы жеңеше жаңа жыл мерекеңмен. Мен саған бір сыйлық әкелгенмін, ұмытып барады екенмін.
Келін:- Мм. Манадан солай демейсің ба? Рахмет.
Қайны: - Жеңеше былай жасайық, қызық болсын. Сен менің қандай сыйлық әкелгенімді тауып көр, егер таппасаң бір ән айтып бересің, тапсаң мен бір ән айтып беремін.
Келін: - Жарайды онда, тауып қарайын. Мерекеде ән айтсам несі айып. Бірақ уаде, уаде. Сенің маған сыйлығын торт болуы керек.
Қайны:- ооо. Жарайсың жеңеше таппадыңыз мен сізге тойға ұстайтын сумка әкелгенмін. Міне сыйлық.
Келін: -Рахмет. Әдемі екен.
Қайны: -Иа, әдемі. Бірақ уаде, уаде сіздің даусыңыз оданда әдемі.
Келін: - Жарайды енді. Жаңа жылдарыңызбен. Жаңа жыл берекелі жыл болсын.

9.Ән:
Қайны: -Пах. Гауһар тастағы Салтанаттың даусындай екен.
Келін:- Енді сенде қарап қалма әу, демейтін қазақ жоқ. Сенде бір ән айтып бере ғой бізге.
Қайны: - Жарайды керемет болмасада,Бірақ екеуміз айтайық .

10.Ән:
Ән аяқтала бергенде сахынаға әйел келеді, қасында түріктің қызы бар.
Әйел:- Әй, келін келгенбісің. Ауылдағы адамдарды көрдің ба? Мана үйге Калани келіп мен соны шығарып салуға кеткенмін.
Келін: Мама Каланиі несі. Сізде жұртарға ат қойғышсыз ақ. Кім енді келген. Дұрыс есімін айтыңызшы.
Әйел: Әй, қарағым мен қалжыңдап түрған адамға ұқсаймын ба? Шын мына теледидардағы Калани кемпір келді. Қасында монтиған қызы Анандиі бар.
Келін: Ой Алла шын айтасыз ба?
Әйел: Шын. Қайтарда жолдан мына баланы кездестірдім. Танимысың.
Келін:-Жооқ мама бірақ түрі таныс.
Әйел: - Әй бұл, -----------------------------------сол ғой, үйге ертіп келдім. Ертең ауылдың әйелдеріне мақтанам ғой.
Келін:-Мм. Мама біздің үй Нүрлан Қоянбаевтың Түнгі студиясы боп кеткенге ұқсайды. Қайным ай сен неғып үйде отырып қалдың, сыртқа шықсайшы.
Қыз:- Апа мен сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтап түріктің тамаша биін билеп берсем қайтеді.
Әйел:- Ондайда өнерің бар ма еді. Жарайды қарсылығым жоқ. Нұр үстіне нұр болар еді. Жұртың балдары тек өнерлі бола қалады.
11.Би: Түрік
Әйел: - Өнерің өрге жүзсін балам. Әр ұлттың биі, әні өзіне жарасып ақ тұрады.
Қыз: -Рахмет.
Әйел:-Менің де сенімен қарар қызым бар. Шақыршы келін. Тамаша ән салады. Кейін кім болатынын білмеймін.
Қызы:- Мама неге шақырдыңыз. Қонақтар кеп қалған ба?
Әйел:-Иа.Қызым мен сені ән айтады деп айтып жатырмын. Қонаққа бір әніңді шырқап берсейші.
Қызы:-Жарайды мама.

12.Ән:

Әйел:- Міне, тым жақсы әнші. Жүр қызым сені шығып аяз атаны күтейік.
Қызы:- Биыл аяз атаға тосын сый жасамақшымыз. Бәріміз одан жасырнып қаламыз. Ол мені күтпеген деп ойлап қалуы керек.
Әйел:- Онда не тұрыс жүр жасырнайық. бәрі шығып кетеді.

Музикамен сахынаға аяз ата келеді. ешкім жоқ болады.
Аяз ата:- Қызым, мына ауыл жаңа жылды қарсы алмайтын сияқты. Тым тырыс, мерекелік дыбыстар жоқ.
Ақшақар: - Иа ата солай сияқты. Басқа ауылға қарай жылжый берейік.
Аяз ата:- Жоқ, қызым бұл ауылды керісінше оятып жақсы көңіл күй сыйлайық. Сен бір би билеп жібер. Сосын халық жиналар.
Ақшақар: - Жарайды онда.
13.Би:
Би аяқтала бергенде свет сөніп қалады. Сахынаға қатысушылар түгел май шаммен шығады. Жаңа жыл деген ән жіберілгенде свет жанып салет атылады.
1-Жүр: Қош келдің Аяз ата, қош көрдік ақшақар. Сіздерді асыға күттік. Ал, жақындағанда тосын сый болсын деп тығылып қалған болатынбыз. Соның арқасында ақшақардың әсем биін тамашаладық.
Аяз ата: - Амансыңдар ма? Сам ауылының тұрғындары Ай, бәсе не деген тыныштық деп таң қалып қалғанымыз рас. Көп елдерді аралап кешігіп қалған жайымыз бар. Бірақ неше ауылды араласақта мынадай әсем шырша көрмеппіз. Енді маған арнаған халыққа арнаған өнерлеріңді көрсетіңдер халық күтіп қалар.
Жүр: - Аяз ата біз халықты жалықтырмай өнерімізді көрсетіп, мерекелік шара аяқталуға жақын. Енді сізбен бірге барлығымыз бір әсем ай сыйлайық.
Аяз ата:- Мм. Дұрыс болған. Сам ауылының тұрғындары. Жаңа жылдарыңызбен. Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа нұр әкелсін. Отбасыларыңыз аман, бауырларыңыз бүтін, табысты, тыныштығымен келген жыл болсын.

Жүр:
Амин. Ата.
Мерекеміз Жаңа жыл
Тойында қызық думан бар!
Жаңа жыл-бұл Жаңа өмір,
Сайранда туыс - туғандар
Бақытты болып жыл сайын-
Осылай басты қосайық,
Татулықпен бірлесіп
Шаттықпен нұрды тосайық.

Жүр:
Басымыз болсын аманда,
Болмасын ешбір жаманда,
Жыл сайын бізге келіп түр,
Аяз атам әманда.
Тауық жылы қош келсін,
Қуаныш, бақыт бір келсін.
Қош аман бол көрермен,
Риза болып бізге шын.
Бірге: Қош сау болыңыздар.

14.Хор: Ән.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ елім
Бал иесі ханшайым
Мектеп вальсі
Аяз ата әні
Жаңалық анықтамалығы
Балабақшадағы эстетикалық тәрбие беру жүйесі
Сұлтандар кеңесі
Түлкі айқайлап
Көшпенділер тарихи роман
MACROMEDIA FLASH ОРТАСЫНДА АНИМАЦИЯ ҚҰРУ
Пәндер