Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өндірістік оқу сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалану

<< Арқалық политехникалық колледжі >> КМҚК

Баяндама

Тақырыбы: <<Өндірістік оқу сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалану>>

Дайындаған: Өндірістік оқыту шебері: Исмагулов Е.Н.

Арқалық қаласы 2014-2015 оқу жылы
Қостанай облысы. Арқалық қаласы.
<<Арқалық политехникалық колледжі>> КМҚК
өндірістікоқыту шебері
Исмағұлов Ержан Нұрғалиұлы

<<Қандай оқу орнының болсын,
басты нысаны оқушыларға сапалы
білім, салиқалы тәрбие беріп,
оларды еңбекшіл етіп тәрбиелеу>>.
А.Байтұрсынов

Өндірістік оқу сабақтарында деңгейлеп
саралап оқыту технологиясын пайдалану.

Жаңа технологияға сәйкес, барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да, келесі деңгейге көшіп отырады. Мұндай жағдайда оқушылар арасында өзара жарысумен қатар, әр оқушының өзіндік деңгейіне сай білім алып үйренуі қамтамасыз етіледі. Өзіне деген сенімі артып, шығармашылық және іскерлік қабілеті шыңдалады. Оқушылар қарапайым анықтамалар алғаннан кейін деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.
Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы өндірістік оқытуда ауыл шаруашылық технологияларына күтім жасау сабығына төмендегідей талаптар қойылады.

Бірінші деңгейлік тапсырмалар:
нұсқау картасындағы орындалатын тапсырмалар болуы керек;
алдағы сабақта үйренген, меңгерген білімдері бойынша, бүгінгі тапсырманы орындау барысында қайта пысықтауына мүмкіндік болуы тиіс;
тапсырмаларды орындай отырып, оны болашақта іс - тәжірибесіне пайдалана білуге бейім болуы керек. мысалы ауыл шаруашылық техникаларына жасалатын техникалық күтім ережелері мен олардың техникалық кестелерін меңгеру.

Екінші деңгейдегі тапсырмалар:
Үйренген жұмыстарын реттей отырып, жүйелеуге берілген тапсырмалар бұлар өзгертілген, әғни бұрынғы атқарған жұмыстарына ұқсас, бірақ оларды орындауға алғашқы үйренгендерін түрлендіріп пайдалануы қажет болады. Өндірістік оқу сабағында мұндай іс - әрекетке келтіретін тапсырмалар: бөлшектерді жинақтау, реттеу (регулировка жасау), құрастыру және т.б.с.с.

Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар:
танымдық-іздену түріндегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тапсырмалар бойынша меңгерген алғашқы білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, тағы да жаңа үйренгендерін меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұны орындау барысында оқушылар техникалық жаңалықтарға байланысты өлшемдерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оған көшу үшін оқулықтар арқылы ізденуі керек.

Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі, түсініктері мен ой-еңбегінің нәтижесінде жаңаша бір тәсілдерді пайдалануға, яғни ауыл шаруашылық технологияларының ақауларын реттеуге жасап шығуға негізделген.
Сонымен қорыта келсек, оқушылар өзара бәсекелесе отырып, әр деңгейдегі тапсырмаларды орындап, барынша көп жұмыс жасауға ұмтылады. Барлық тапсырманы орындаған оқушы үлгермеушіге көмектеседі. Топтағы басқа оқушылар өздегімен жұмыс жасап жатқан кезде, оқу шеберінің білімі төмен, баяу оқушыға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады.
Деңгейлеп оқыту барысында әрбір тапсырманың орындалуы жеке есепке алынып отырады. Барлық оқушы жұмысын бір мезгілде бастап, әрқайсысы шеберлігі мен бейімділігі және іскерлік қабілетіне қарай өз биігіне жетеді.

Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туындайды. Өз білімін көрсету жекеленген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Оқушылар оқыту барысында білім алады, ал содан соң оны қолдану арқылы шығармашылыққа бұрады.

Оқушы өндірістік сабағында шағармашылығын қалыптасрыту үшін мынадай талаптарды орындау қажет.
1. Оқулықтағы материалды оқу;
2. Тақырыптағы негізгі түсінік пен заңдылықты меңгеру;
3. Бір тақырып бойынша баяндама жасау;
4. Байқау ж.мысына, емтиханға жақсы дайындалу;
5. Таңдап алынған байқау жұмысына өз бетімен зертеу жүргізу;
6. Тақырыптағы құбылыстарды түсіну;
7. Тақырыптағы нақты сұрақтарды тереңдедіп қалыптастыру;
8. Техникалыққұрал-жабдықтармен жұмыс істеп, тәжірибие жасауды үйрену;
9. Қаблетті көрсету және дамыту;
10. Тақырыптағы оқу барысында аргументтер бойынша пікір таластыруға үйрену;
11. Тақырып бойынша есептерді немесе проблемаларды шешу.

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының нысандары:
зерттеушілік (эксперемент, тәжірибе қткізу, ғылыми мәселені өзінің шешуі);
шығарма (тақпақ, ертегі, есептер, очерктер, трактаттар);
көркемөнер шығарма (бұйым, үлгі, макет, сызба, сұлба, компьютерлік бағдарлама);
техникалық шығарма (бұйым, үлгі, макет).

Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау - өте күрделі үдеріс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үдерісінде пайда болады. Егер шығармашылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса, онда болашақта да оның қалыптасуы екіталай. Сондықтан да оқушының шығармашылық әрекеті өнімді әрекетпен ұштасып жатуы тиіс. Өнімді әрекет - педагогикалық үдеріс, яғни оған жүйелілік тән. Өнімділік оқытудың тек белгілі кезеңіне ғана сай емес, бүкіл үдеріске тән белгі болып табылады.

Сыныптан тыс жұмысқа сабақтан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады. Бұл сабақтар қазіргі кезде тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Олар жан-жақты дамуға, бос уақытты ақылға қонымды ұйымдастыруға септігін тигізеді. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа бауылып, олардың белсенділігін, қызығушыдықтарын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін оқуда және сабақтан тыс уақытта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Олар мынадай:
1. Тақырыпты мамұнына қарай жинақтау;
2. Арнаулы тақырыпта пікір-талас тудыру;
3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;
4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс.

Сабақтың тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:
1. Өндірістік мекемелерге апару (экскурсияға);
2. Әр түрлі кездесулер өткізу;
3. Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікір таластар өткізіп тұру;
4. Өткен тақырыптарға байланысты толық мәлімет жинап, тәжірибелік тапсырмалар орындау.

Ұқсас жұмыстар
Деңгейлік оқытудың математика сабағында тиімділігі
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы
Ақпараттық оқыту технологиясын экология сабақтарында қолдану әдістері
Репродуктивтік деңгей
Кәсіби қазақ тілі сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану
Вальдорф технологиясы
Интерактивті тақтаны қолдану
Информатика сабағында дамыту технологиясын қолданып оқыту
Модульдік оқыту технологиясы негізінде оқу процесін ұйымдастыру
Пәндер