8-сынып: Сутек - химиялық элемент және жай зат, сутектің изотоптары

8сынып.

Сабақтың тақырыбы: Сутек - химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары.

Сабақтың мақсаты:Сутек- химиялық элемент және жай зат, сутектің изотоптары туралы жан- жақты мағлұмат беруге қолайлы орта жасау.

Сабақтың міндеттері:

- Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып бағдарлау.

- ақпаратпен жұмыс істеуге, сараптауға, өз тәжірибесімен алмасуына жағдай жасау,

- топтық жұмыс дағдыларын дамыту, басқаның ойын құрметтеуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер: Оқушылар эксперименттік тәжірибелердің орындалуын мұқият қадағалап, қауіпсіздік ережесін еске түсіреді, зертханалық тәжірибелерден қорытынды жасап, реакция теңдеулерін жазып, реакция типтерін ажыратып, есептерді шығаруды біледі.

Сабақтың түрі: инновациялық - ақпараттық сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдіс- тәсілдері: СТО жобасының «Ой шақыру», зертханалық жұмыс,

Құрал - жабдықтар, көрнекі құралдар: Bilim Land сайты, «Сутек» видеофильмі, газ жинайтын құрал, мырыш, тұз қышқылы, таразы, периодтық кестесі, 8 сыныпқа арналған электрондық оқулық, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, физика, биология.

Сынып 3 топқа бөлінеді, топ жетекшілері сайланады, бағалау парағы таратылады, бағалауды топ жетекшісі жүргізеді.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қызығушылықты ояту сатысы.

1. « Миға шабуыл»

  • 1. Заттар нешеге жіктеледі? Жай және күрделі заттар дегеніміз не?
  • Химиялық элемент дегеніміз не? Оттек элементіне сипттама беріп көрелік( аты, таңбасы, сал. ат. массасы, молекуласы, сал. мол. массы, валенттілігі, периодтық кестеде орны бар, аллотропиялық түр өзгерісі бар)
  • 3. Химиялық реакцияның неше типі бар? Атаңыз
  • 4. Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция, ол нешеге жіктеледі?

2. « Семантикалық карта»

Қосылу реакция

сы

Айырылу реакция

сы

Орын

басу реакция

сы

Алмасу

реакци

ясы

Экзо

Термия

лық реак

ция

Эндо

Термия

лық реак

ция

: Са + О 2 = 2СаО
Қосылу реакциясы: +
Айырылу реакциясы:
Орынбасу реакциясы:
Алмасуреакциясы:
ЭкзоТермиялық реакция:
ЭндоТермиялық реакция:
: Fe + CuCI 2 = Cu + FeCI 2
Қосылу реакциясы:
Айырылу реакциясы:
Орынбасу реакциясы: +
Алмасуреакциясы:
ЭкзоТермиялық реакция:
ЭндоТермиялық реакция:
: CaCO 3 = CaO + CO 2 - Q
Қосылу реакциясы:
Айырылу реакциясы: +
Орынбасу реакциясы:
Алмасуреакциясы:
ЭкзоТермиялық реакция:
ЭндоТермиялық реакция: +
: HCI + NaOH = NaCI + H 2 O + Q
Қосылу реакциясы:
Айырылу реакциясы:
Орынбасу реакциясы:
Алмасуреакциясы: +
ЭкзоТермиялық реакция: +
ЭндоТермиялық реакция:
: 2H 2 O = 2H 2 + O 2 - Q
Қосылу реакциясы:
Айырылу реакциясы: +
Орынбасу реакциясы:
Алмасуреакциясы:
ЭкзоТермиялық реакция:
ЭндоТермиялық реакция: +
: 2H 2 + O 2 = 2H 2 O + Q
Қосылу реакциясы: +
Айырылу реакциясы:
Орынбасу реакциясы:
Алмасуреакциясы:
ЭкзоТермиялық реакция: +
ЭндоТермиялық реакция:

ІІІ. Мағынаны ажырату.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы (интерактивті тақтамен, дәптермен жұмыс ) . Bilim Land сайты, «Сутек» видеофильмі.

Химиялық таңбасы : Н, Ar ( Н ) = 1, 008 м. а. б.

Н 2 , Mr ( Н 2 ) = 2 м. а. б.

Н 2 ↑, и, т, суда АЕ (100Vсуда - 2V Н 2 ериді) .

  • Жер бетінде оттекке қарағанда сутек едәуір аз. Ең көп тараған қосылысы-Н2О
  • Күн жүйесі планеталарының 92%-ін сутек атомы құрады.
  • Сутектің жер қыртысында газ күйіндегі метанның, қатты тас көмірдің, сұйық күйдегі мұнайдың, көптеген минералдар мен тау жыныстарының құрамында оттекпен қатар сутек те кіреді. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %. Ол аз болып көрінгенмен, шындығында жердегі әр 100 атомның, шамамен, 10 атомы сутектің үлесіне келеді.
  • Сутекті отын ретінде пайдаланған тиімді. Әзірше сутекті көп мөлшерде өндіруге болатын шикізаттар - метан мен суды айыру қымбатқа түсіп отыр. Келешекте автомобильдерді сутек отыны көмегімен жүргізуді дамыту көзделуде.

Жер қыртысындағы сутектің мөлшері:

Image002

Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді, көп тараған қосылысы-су. Судағы сутектің массалық үлесі 11 пайыз. Сонымен қатар сутек табиғатта қосылыстар құрамында кездеседі.

Сутектің ашылуы

Сутекті алғаш ХҮІ ғасырда неміс дәрігері ПАРАЦЕЛЬС ашқан .

▪1776 жылы ағылшын ғалымы Г. Кавендиш сутектің қасиетін анықтап, басқа газдардан айырмашылығын анықтап берген.

▪Француз ғалымы А. Лавуазье сутекті алғаш судың құрамынан бөліп алды және судың құрамы сутек пен оттектен тұратындығын дәлелдеді. Ол сутектің жай зат екенін анықтап, оған “гидрогениум” деп ат берген. Латынша бұл “су тудырушы” дегенді білдіреді.

ІҮ. Ой толғаныс сатысы.

  1. Интерактивті тақтада кесте толтыру. Авогадро заңын қолданып, оттектің және сутектің физикалық қасиеттерін салыстыру.

Өнеркәсіпте алынуы:

  1. Жер бетінде су кең тарағандықтан өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі - суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Сутек: химиялық элемент, жай зат және оның изотоптары - 8-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Сутегі: химиялық элемент және жай зат, изотоптары мен қасиеттері
8-сынып химиясы: Оттегі - химиялық элемент және жай заттың қасиеттері, алынуы және қолданылуы
8-сынып 33-сабақ: Оттегі - химиялық элемент пен жай заттың қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Сутектің физика-химиялық қасиеттері, қолданылуы және алыну жолдары
Сутектің физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Сабақ жоспары: Сутектің химиялық қасиеттері және қолданылуы
8-сынып химиясы: Сутектің физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы мен қолданылуы (Кипп аппаратымен таныстыру)
Химиялық реакциялардың теңдеулері және зат массасының сақталу заңы: 8-сынып сабақ жоспары
Сутектің табиғаттағы таралуы мен алыну әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz