Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Тақырып Құстардың көптүрлілігі

Сабақ жоспары
Биология 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: $56 Құстардың көптүрлілігі.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: құстардың көптүрлілігі, таралуы, құрылыс ерекшеліктері мен топтары жайлы түсінік беру
дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, танымдық белсенділігін,өздіктерімен жаңа тақырыпты меңгеру іскерліктерін,саралау, қорытынды жасау дағдылары арқылы оқушының дарындылығын анықтау бағытындағы жұмыстармен дамыту
тәрбиелік:оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
Сыныптың ішкі белсенділігі артады;
Шығармашылықпен жұмыс жасайды;
Өз пікірімен санаса алады;
Берілген тапсырмаға тиянақтылық көрсетеді;
Дарынды,талантты оқушы анықталады;
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: жеке, топтық жұмыстар, кері байланыс. рефлексия
Көрнекілігі: интерактивті тақта, құстардың суреттері,
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Ұшты, ұшты ойыны арқылы оқушыларды сабаққа бағытталған сұрақтар қою. Балалар қалай ойлайсыздар неліктен құс туралы әңгіме қозғап тұрмыз. Қандай құстар туралы білесіздер? Олар қандай ортада тіршілік етеді? Қызығушылықты ояту. Түсінгенім, түйгенім, қорытқаным
Үй тапсырмасына шолу
І Тізімде. Құстардың денесі қандай бөлімдерге бөлінеді?
А ) Бас Б) Мойын В) Тұлға
ІІ Суретте Құс жұмыртқасының құрылысы қандай?
1. Әкқабық
2. ақуыз
3. саруыз
4. Саруыз қабықшасы
5. Арқанша
6. Ұрық тегершігі
7. Ауа қуысы
Жіңішке сұрақтар
1.Қазақстанда құстардың неше түрі мекендейді?
2. Орнитология ғылымы нені зерттейді?
Мекиен дегеніміз ...
4. Тауық жұмыртқасынан
неше тәуліктен соң балапан шығады ?
5.Жұмыртқадан шығатын балапандарды қандай топтарға бөледі
Жуан сұрақтар
1. Бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі
2. Қосарлы тыныс алу дегеніміз?
3. Жемсау...
4 . Құстар неліктен жылықанды жануарлар деп аталады?
5. Безді қарын қандай қызмет атқарады?
Топқа бөлу (Түйеқұс, пингвин,торғай, жылқұстары, көшпелі құстар,қыстап шығатын құстар) суреттер бойынша оқушыларды топқа отырғызу.
Жаңа сабақ
<<Блум түймедағы>> әдісі арқылы сабақ өткізіледі
Құстар дене құрылысына және тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөлінеді.
І топ Қыртөссіздер немесе жүретін құстар
ІІ топ Жүзетін құстар
ІІІ топ Қыртөстілер немесе ұшатын құстар
ІҮ топ Құстардың жыл маусымына байланысты тіршілігі
1 күлтеде Қарапайым сұрақ
2 күлте Нақтылайтын сұрақ;
Әр топқа алгоритм ұсынылады
І топ
Қандай ерекшелігі бар?
Қандай құстарды атай аласың?
Қандай ортада тіршілік етеді?
ІІ топ
Қандай құстар тобы?
Қандай ерекшелігі бар?
Қандай жерде тіршілік етеді?
ІІІ топ
Құстардың құрылысына тән белгілер?
Қандай құстар жатады?
Қандай топтарға бөлінеді?
ІҮ топ
Жыл маусымының алмасуына байланысты?
Қандай құстарды айта аласың?
3 Шығармашылық сұрақ;
Құс отрядтарына байланысты оқушылардың шығармашылық жұмыстарын қорғайды.
4. Бағалайтын сұрақ;
Топқа тапсырмалар Қандай пікірлер дұрыс?
Құстардың жүрегі 4 камералы +
Нанду, түйеқұс қыртөсті ұшатын құстар -
Пингвиннің аяқтары ескекке айналған +
Торғай, қарға көшпелі құстар-
Үкі жапалақтектестер отрядына жатады. +
<<Сұрақ менен жауап сізден>>
1. Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар?
2. Құс өңешінің кеңейген бөлігі
3. Ең ірі құс және оның салмағы қандай? (түйеқұс, салмағы 90 кг)
4. Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс (кезеген альбатрос 75-85күн)
5. Ең кішкентай құстың салмағы қандай, бұл қандай құс?
3 тапсырма
Сөйлемді байланыстыр (Сәйкестендір)
Ширақ балапан
1 Дара жынысты сырттай ұрықтанады
Қызылшақа балапан
2. Балапан жұмыртқадан шығысымен анасына еріп еркін жүре алады
Құстар
3. Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттегіне қан 2 рет қанығады.
Қосмекенділер
4.Әлсіз, көзі соқыр мамығы жетілмеген
Қосарлы тынысалу
5.Салмағы 80-90 кг тартатын қыртөссіз ұша алмайтын құс
Түйеқұс
6.Дара жынысты, іштей ұрықтанады, жұмыртқа салу арқылы көбейеді
1-2, 2-4, 3-6, 4-1, 5-3, 6-5
Тест
1. Қазақстанда құстардың қанша түрі мекендейді?
А) 8600 В) 500 С) 550 Д) 489 Е) 350
2. Құс денесін жауып тұрады-
А) қалемше В) сояу С) мұртша Д) пәрі Е) қауырсын
3. Жемсау ...
А) қарынның кеңейген бөлігі В) қңештің кеңейген жері С) Қарын Д) жүректің кеңейген жері Е) қуықтың кеңейген жері
4. Пингвин
А) қыртөсті құс В) қыртөссіз құс С) ұшатын құс Д) Жыл құсы Е) Орман құсы
5. Қыран құстар қай отрядқа жатады
А) Тырнатектестер В) Тауықтектестер С) Торғайтектестер Д) Сұңқартектестер
6. Эму мен Нанду қандай құстар
А) қыртөсті құс В) қыртөссіз құс С) ұшатын құс Д) Жыл құсы Е) Орман құсы
7. Кептер, торғай балапаны
А) Ширақ балапан В) қызылшақа балапан С) Балапан Д) Көзі ашық, ширақ
5. Кіріктірілген сұрақ
Сергіту сұрақтары
Құстарға байланысты қолданылатын теңеу сөздер
Құс атауын иеленген ұл мен қыз есімдері
Құстарға байланысты ырым-тыйым сөздер
Саз әлемінің символы
Сұлулық символы
6 Түсіндіретін сұрақ Қорытынды 10+5+1
Рефлексия Бүркіт Шағала Тауық
Бағалау
Үйге тапсырма $56 Құстардың көптүрлілігі.

Ұқсас жұмыстар
Құстардың көптүрлілігі
Күнтізбелік жоспар. 7 сынып
Жануарлардың көптүрлілігі
Пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау
Сабаққа оқушылардың барлығын қатыстыру
Табиғат тіршілігі құстар
Жануарлардың көптүрлілігі. Сабақтың тақырыбы
Дүниетану пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспар. 2 сынып
«тіршіліктің даму тарихы туралы ілім» тарауы бойынша қорытынды сабақ
Қосмекенділердің көптүрлілігі
Пәндер