Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Боранқұл бөбекжайы МКҚК (отбасылық сайыс)

Абенова.К.М <<Біздің отбасы осындай>>
<<Боранқұл бөбекжайы>>МКҚК (отбасылық сайыс)
Дене шынықтыру жетекшісі.
Мақсаты: Балалардың дене мүшелерінің сұлулығын қалыптастыру, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту, оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа , ептілікке, төзімділікке тәрбиелеу. Қимылды ойындарға деген қызығушылығын арттыру. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып , ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу.
Көрнекі құралдар: кегли, ыдыс , тәттілер, былғары қолғап, доп, қап, секіргіш, машина, бала киімдері, су,шелек, сулық.
Жүргізуші: Құрметті, балалар, ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі <<Біздің отбасы осындай!>> атты отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!
Спорт десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын жанұяларды бүгінгі,
Қарсы алайық, қошеметпен бәріміз!
(ортаға жарысқа қатысатын үш топтың отбасы мүшелері шығады)
Бәріңізге сәттілік тілейміз.
1 <<Тұлпар>>тобы- Ахмет Жансая отбасы.
2 <<Қыран>> тобы-Бекболат Дильназ отбасы.
3 <<Барыс>> тобы-Жолниязқызы Ұлжан отбасы.
Сайысты бастамас бұрын әрбір жанұяға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Балабақша әдіскері - С. Динбаева
2. Балабақша медбикесі- Г . Ермекова
3. Балабақша шаруашылық меңгерушісі - Н. Жариева.
Жарыс 5 кезеңнен тұрады:
1. Таныстыру(әр отбасы өз ұрандарымен таныстырады.)
2. <<Кім тез жинайды?>> ойыны
3. <<Ептілер>> ойыны.
4. << Жүйріктер>> ойыны.
5. << Кім шапшаң?>> ойыны.
1-кезең . Таныстыру.
<<Тұлпар>> тобының ұраны:
Биіктерде тұрамыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Бірлікпенен күш қосып,
Тұлпарларша шабамыз.
<<Қыран>> тобының ұраны:
Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық.
Намысты қолдан бермейік,
Жарыста озып шығайық.
<<Барыс>> тобының ұраны.
Қиындықтан қашпайтын ,
Алған беттен қайтпайтын.
Арыстандай айбатты,
Болайықшы қайратты.
2-кезең. << Кім тез жинайды?>>
Шарты: әкесі кедергілердің арасымен шелектегі суды табақшаға құйып келеді,баласы сол суға сулықты салып келеді, ал анасы шелекке суды сулықпен сығу арқылы жинайды. Қай топ бірінші жинаса, сол топ жеңіске жетеді.(Әділқазылардан ұпай санын сұрау.)
3-кезең << Ептілер>>
Шарты: бала ыдыстағы тәттілерді құрсаудың ішіне шашып , ыдысты орындықтың үстіне қояды. Анасы барып сол тәттіні былғары қолғаппен ыдысқа жинайды. Әкесі секіргіш доппен секіріп барып, ыдыстағы тәттіні шашып алмай, кедергілер арасынан өтіп алып келеді. Қай топ бірінші болса сол жеңіске жетеді.(Әділқазылардан ұпай саны сұрау).
4-кезең. << Жүйріктер>>
Шарты: топ басшысы қапты аяғына киіп кедергілер арасымен секіріп, белгіленген жерге келеді. Анасы секіргішпен сол тәртіппен секіріп келеді. Баласы кедергілер арасымен машинаны айдап келуі керек. Қай топ бірінші болса сол жеңіске жетеді.(Әділқазылардан ұпай саны сұрау).
5-кезең. <<Кім шапшаң?>>
Шарты: бала белгілі бір орында тұрады. Әкесі кедергілер арасымен жүгіріп келіп баланы киіндіреді де, кері жүгіріп кезекті анасына береді . Ал анасы баланы шешіндіріп, шешкен киімдерді ұқыпты әрі шапшаң жинап, баламен кері оралады. Қай топ бірінші болса сол жеңіске жетеді.(Әділқазылардан ұпай саны сұрау).
Жүргізуші: Құрметті әділқазылар алқасы! Бүгінгі біздің қызықты сайысымыз өз мәресіне жетті, сіздерден қорытынды нәтижені күтеміз.
Әділқазылар шешімі дайын болғанша ,ән шашу: << Қос бәйтерек>> әні.
Орындайтын: Жансая, Дильназ, Ұлжан.
Жарысты қорытындылау үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау, сыйлықтар ұсыну.
Отбасы- жылы ұямыз,
Тірегі ата-анамыз.
Еркелеп, ойнап, еліктеп ,
Осында өсіп толамыз-дей отырып , сайысымызды аяқтаймыз

Ұқсас жұмыстар
Балаларға бір заттың астынан өтуді және икемділікке арналған жаттығуларды үйрету
Ата заңымыз айбатты
Тақырып Құстар-біздің досымыз
Жол белгісін білеміз бе
Білім алушының әрекеті. Сабақ типі
"үйшік" орыс халық ертегісі
Жүректің жылуын сыйлыйншы анама
Комедиялық жұп
Аналар өздерінің балаларын көздерін жұмып, сипау арқылы тауып беру
Жаңа материалды бекіту
Пәндер