Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Microsoft Excel - бағдарламасында , , , функцияларын сабақтарда тиімді пайдаланудың тәсілі

ОҚО, Шымкент қаласы,
№ 82 Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Тоқтамысов Қуаныш Алиханұлы.
Kuanshnako@mail.ru

Сабақтың тақырыбы:

Microsoft Excel - бағдарламасында <>, <>, <> , <> функцияларын сабақтарда тиімді пайдаланудың тәсілі.
Сабақтың мақсаты:
Қазіргі заманғы программалардың атқаратын рөлін пысықтап және олардың көптеген қажеттіліктерге тез арада қол жеткізетінімізді оқушыларға түсіндіріп, оларды тәжірибе жүзінде үнемі қолдануға үйрету.
Білімділік -
Microsoft Excel - бағдарламасымен жұмыс істеуге үйретіп, жаңашылдық ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану.
Дамытушылық -
Microsoft Excel - бағдарламасымен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Функциялады пайдала отырып, қажетті бағдарламалар құрстырып шығу деңгейін арттыру. Тақырыпқа ынта қойып, оның мақсатын, мазмұнын, болашағын түсініп, іс жүзіне асыра білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік -
Адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдіптілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Өндірістік тәжірибелік сабақ сабақ.
Сабақтың типі:
Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер:
Түсіндірмелі-өндірістік бейне ролик.
Құрал-жабдықтар:
Компьютер, бейнепроектор.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі -
Сабаққа қатысып отырған оқушылардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудырып, оқу-құралдарын түгелдеп, реттеу.
ЕТ кабинетінің техника қауіпсіздік ережесін айтып ескерту.
Жаңа сабақты түсіндіру -

Microsoft Excel - бағдарламасында <<Сөз жұмбақ>> және <<Тест тексеру>> программаларын жасап шығамыз.
Бағдарламаны іске асыру үшін Microsoft Excel-дің если, сумм, счётесли, сцепить функцияларын пайдаланып орындаймыз.
1) <<Сөз жұмбақ>> программасын жасаймыз. (1-сурет)
Формуласы:
=СЦЕПИТЬ(C5;D5;E5;F5;G5;H5;I5;J5;K5;L5;M5) - Ұяшықтарды бріктіру
=ЕСЛИ(P4="Информатика";"Дұрыс";"Қате") - Ұяшықтарды теңестіру
=СЧЁТЕСЛИ(Q4:Q13;"Дұрыс") - Ұяшықтағы <<Дұрыс>> жинау
=ЕСЛИ(Q16<5;"2";ЕСЛИ(Q16<7;"3";ЕСЛИ(Q16<9;"4";"5"))) - Бағалау

1-сурет.

2) <<Сөз жұмбақ>> бағдарламасы құрылған соң. (2-сурет) орындалады.
2-сурет.

3) <<Сөз жұмбақ>> бағдарламасында ұяшықтар қате толтырылса. (3-сурет) орындалады.

3-сурет.

4) <<Тест тексеру>> программасын жасаймыз. (4-сурет)
Формуласы:
= ЕСЛИ(C4=D4;1;0) - Ұяшықтарды теңестіру
= СУММ(E4:E13) - Ұяшықтардағы санды қосу
= ЕСЛИ(F4<4;"2";ЕСЛИ(F4<6;"3";ЕСЛИ(F4<9;"4";"5"))) - Бағасы

4-сурет.

5) <<Тест тексеру>> бағдарламасы құрылған соң. (5-сурет) орындалады.
5-сурет.

6) <<Тест тексеру>> бағдарламасында ұяшықтар дұрыс толтырылса. (6-сурет) орындалады.

6-сурет.

Қорытынды:
<<Сөз жұмбақ>>, <<Тест тексеру>> бағдарламаларын кез келген пәндер бойынша пайдалануға болады.
1. Microsoft Excel бағдарламсында <<Сөз жұмбақ>> құрастырудың тиімдісі - қанша сөз құрастырылсада бір оқушы бәрін өзі шешеді.
Егерде бір ғана қабырға газетіне жазылса , онда бір оқушы бір сөзден басқа сөздерді шешуден бас тартады, өйткені қалған оқушылар да шешуі керек. Әр компьютерге орнатылған болса, бір оқушы <<Сөз жұмбақты>> толық шешуге мүмкіндігі болады.

2. Microsoft Excel бағдарламсында <<Тест тексеру>> бағдарламасының тиімдісі - мысалы:
Мұғалім 25 оқушыдан тест сұрақтарын алды. Тест 25 сұрақтан тұрады.
Мұғалім 625 сұрақты тексеріп шығуы керек.
Әр бір сұрақтың дұрыс немесе қате екенін тексеріп шығуына 1 минут уақыттан жұмсағанда 625 минут, сағатқа бөлгенде 10 сағат 25 минут уақыты кетеді.
Мұғалім 1 күн отырып 10 сағат бойы тест тексеруге мүмкіндігі болама?
<<Тест тексеру>> бағдарламасының осы жердегі мүмкіндігі - 25 сұрақты 1 минутта, 625 сұрақты 25 минутта тексеріп, мұғалімнің 10 сағат үнемдеуіне мүмкіндік береді.

Үйге тапсырма: Microsoft Excel-дің если, сумм, счётесли, сцепить функцияларын пайдаланып қажетті бағдарламалар құрастыру. МИН, МАКС, ЛЕВСИМВ, ПРАВСИМВ, ПСТР, ДЛСТР функцияларының атқаратын қызметі.

Ұқсас жұмыстар
Кестені толтыру
Сабақтың түрі. Сабақтың мақсаты
Ашық сабақ. Сабақтың типі
Microsoft Excel терезесіне шолу
Электрондық кесте
Информатика пәнінен тест
PowerPoint және презентация. Терезелік интерфейс және Power Point-ты баптау
Тесттер жинағы. 8-сынып
Microsoft Excel кестелік процессор
Мәтіндік редакторларды оқыту әдістемесі
Пәндер