Арқалық политехникалық колледжінің Ақ Ару - Ер Сұлтан студенттік байқауының сценарийі

Қостанай облысы

Арқалық қаласы

Арқалық политехникалық колледжі

Тәрбиеші Нурпазилова Биби Калиевна

Тақырыбы: «Ақ Ару-Ер Сұлтан»

(Фанфар)

1-жүргізуші: Қайырлы кеш қадірменді қонақтар, аяулы достар, қымбатты көрермендер!

2-жүргізуші: Арқалықтай арқалы төсіңізде

Өнерлімен өрге қарай өсіңізде

Айналатын аяулы асыл халқым

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге.

1-жүргізуші:

Шатықтан жалын жырдың шығары анық

Қуаныштан басқа бақыт қонар анық.

Бүгінгі күн әсіресе көрермендер сіздер үшін қызықты болары анық.

2-жүргізуші:

Студентті болып күннің арасында.

Күлімсіреп сіздерге қарайтында.

Әдеміде әсерлі кеш өткелі отыр.

Жатахана студенттер сарайында.

1-жүргізуші:

Шабыт келіп шаттықтан жыр құралар,

Өнерлі жан әр биік бал алмақшы,

Әр қабаттан боз баламен бой жеткен.

Сахынада сайысып сыналмақшы.

2-жүргізуші:

Болса өнерің ортаға жолда тоқтама,

Сайыс десе сайыс керлер қорқама.

Олай болса сайысатын жандарды,

Зор құрметпен шақырайық ортаға.

1-жүргізуші:

Сайысқа қатысатын «Ханзада мен Ханшайымдарды» ду қол шапалақпен қарсы алайық.

1-жұп: Алишер мен Дана

2-жұп: Нұрдәулет пен Тоғжан

3-жұп: Ғасыржан мен Тоғжан

4-жұп: Айдос пен Талшын

2-жүргізуші:

Шыңға шығар өнердің әр тасымен,

Қуанышты болар кеш тарқасымен.

Төрде отырып төрелігін шешетұғын,

Таныстырайық әділқазы алқасымен.

Әділ қазылар: Тәрбие ісі жөнінің орынбасары Гүлзада Байдрахмановна

Ұйымдастырушысы: Салтанат Мырзағалиевна

Әдіскерлер: Дархан Шомытұлы

Балыс Серікқызы

1-жүргізуші:

Өнер десе алып ұшып ем,

Сайыстың тарамдарын білетін ем

Көрерменге бүгінгі кешіміздің,

Таныстырайық бағдарлама ретімен.

1. Таныстыру

2. Өнерлінің қанатты талмас (өз өнері)

3. Сұрақ бізден, жауап сізден (сұрақ жауап)

4. Сән үлгісі (авангартный шоу)

5. Көрініс (қойылым)

2-жүргізуші:

Аламанда жүйріктерді шабыстырсын,

Жеңімпазды мәреде табыстырсын.

Ал бірінші бөлімде сайыс керлер,

Көрерменге өздерін таныстырсын.

1-жұп :Алишер мен Дана

2-жұп : Нұрдәулет пен Тоғжан

3-жұп: Ғасыржан мен Тоғжан

4-жұп: Айдос пен Талшын

Ханзада мен Ханшайымдарымыз келесі сайысқа дайын болғанша

Сұлтанов Амантайдың орындауында «Ана» әнін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:

Айналайын арқа тұтар көрерменім,

Алға шықты тарландай өрендерің.

Бойларында теңіздей тулап жатқан,

Көрсетсінші ортада өнерлерін.

Өз өнерлері

1-жұп :Алишер мен Дана

2-жұп : Нұрдәулет пен Тоғжан

3-жұп: Ғасыржан мен Тоғжан

4-жұп: Айдос пен Талшын

Сайысқа қатысушы Ханзада мен Ханшайымдарымызды сахнана төріне шақырамыз.

2-жүргізуші: Мен қойған сұраққа кім дұрыс жауап береді сол жеңіске жетеді дей келе «сұрақ бізден, жауап сізден» сайысына кезек берейік.

Бектұрсынова Майа Ханзада мен Ханшайымдарымызға әсем әнін дайындап алып келіпті соны тамашалыңыздар.

1-жүргізуші:

Аямайық өнерлерден шапалақты,

Нұрға бөлеп жүздерін шапағатты .

Ал, сән салтанат шығарған

Сән үлгісін көрейік салтанатты!

1-жұп :Алишер мен Дана

2-жұп : Нұрдәулет пен Тоғжан

3-жұп: Ғасыржан мен Тоғжан

4-жұп: Айдос пен Талшын

Ойын:

Сайыскерлеріміз келесі бөлімге дайын болғанша Әділ қазылар алқасымен ойын ойнасақ қалай қарайсыздар?

2-жүргізуші:

Әнші қандай, жыршы қандай, ән қандай?

Көмейінен күлімдеп бал тамғандай

Көрерменнің арасынан өнерлерге

Жібереміз қалайша ән арнатпай -дегендей сайыскерлеріміз келесі бөлімге дайын болғанша

Кенжебек Айсұлудың орындауында «Арманыма асығып барам» әнін тамашалыңыздар

1-жүргізуші:

Әннен, жырдан шашу жырын төгиікші,

Өнерін өр қамшыдай өрейікші .

Бір-бірімен жарасымды жұп болған,

Жұптарымыздың көрінісін көрейікші

1-жұп :Алишер мен Дана

2-жұп : Нұрдәулет пен Тоғжан

3-жұп: Ғасыржан мен Тоғжан

4-жұп: Айдос пен Талшын

Қазылар алқасы бүгінгі кештің « Ақ ару -Ер сұлтан» атты Алтын күз байқауын жеңімпаздарын анықтағанша ортаға Бектұрсынова Майаның орындауында «Тойла» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Барлығы да саналы, айлы, епті еді,

Бұл кешті де өнерлілер тойлы етті .

Қазыларға сөз берейік кім болды екен,

Сайыстың үздік ақ ару - ер сұлтаны!

1-жүргізуші:

Ұштаспас деймін қызықты бұл күнді,

Жырлай берем төкпештеп .

Күздің ақ ару-ер сұлтанын,

Құттықтаймыз жеңісімен бүгінгі.

2-жүргізуші:

Бұл жұптарды ғашықтарға балайтын

Қақтыратын талайлардың таңдайын.

Аяқталды кешімізде әдемі,

Олай болса сау болыңыздар ағайын.

Бас жүлде: Әлішер мен Дана

1 -орын: Айдос пен Талшын

2-орын: Ғасыржан мен Тоғжан

3-орын: Нұрдәулет пен Тоғжан


Ұқсас жұмыстар
Ақ ару мен Ер сұлтан тәрбие сағатының сценарийі мен ұйымдастыру жоспары
8-сынып оқушылары арасындағы Ақ Ару мен Ер Сұлтан жұптық сайысының сценарийі және өткізу жоспары
Арқалық политехникалық колледжінің Өнерлі өрендер кеші: концерттік бағдарлама (2015)
Арқалық политехникалық колледжінің Ер есімі - ел есінде атты Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған патриоттық кеші
Адамгершілік тәрбие және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру: Арқалық политехникалық колледжінің тәжірибесі
Арқалық политехникалық колледжінде өткізілген Достық тақырыбындағы тәрбие кешінің сценарийі
Арқалық политехникалық колледжінің Наурыз мерекесіне арналған мерекелік-концерттік бағдарлама: сценарий және тәрбиелік-дамыту мақсаттары
Тәуелсіз елдің тірегі - білімді жастар жүрегі: Арқалық политехникалық колледжінің танымдық сайысы (2014)
Арқалық политехникалық колледжінің 2015 жылғы Жүзден жүйрік зеректік сайысының бағдарламасы мен өткізу тәртібі
Арқалық политехникалық колледжінің 5-ші қабат қыздарының тәрбиеші Нурпазилова Биби Калиевнаға арналған Бибінің бикештері мәдени-өнерлік кеші
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz