Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Теріс сандарды қосуға есептер шығару

Сабақ жоспары
№53
Пән: математика
Сынып: 6 <<А>>
Күні: 08.11.16
Сабақтың тақырыбы: Теріс сандарды қосуға есептер шығару
Сабақтың мақсаттары:
oo Білімділік: Теріс сандарды қосу тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, толықтыру және бағалау, есептер шығару тәсілдерімен таныстыру.
oo Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту.
oo Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі басқаруға, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың түрі:Сұрақ-жауап, шығармашылық ізденіс
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
oo ІІ. Негізгі бөлім
1."Қайталау - білім анасы"
1. Екі теріс санның қосындысы қалай табылады?
2. Екі теріс санның қосындысы теріс сан ба, әлде оң сан ба?
3. Екі теріс санды қосқандағы қосындының мәні үлкен бе, әлде қосылғыштардың біреуі үлкенбе?
2."Жүзден жүйрік" Ауызша есепте!
1. (-15) + (-*)= -23 7. -9,1 +(-0,9) =
2. (-3,25) + (-*) = -4 8. -3 + (-11)=
3. (-8,4) + (-*) = -10 9.
4. (-*) + (-99,9) = -100 10.
5. 11. -1 + (-7) =
6. 12. -4 +(-6) =

3.Біліміңді сынап көр!
1. Кеше термометр -9[0]С - ты көрсетсе, бүгін одан -3[0]С - қа өзгерді. Бүгін термометр неше градусты көрсетіп тұр?
2. Жердің солтүстік жарты шарындағы Оймякон елді мекенінде ең төменгі температура -71[0]С болды. Бірақ <<Восток>> станциясындағы полярлық зерттеулер нәтижесінде Жер шарындағы ең төменгі температура одан да -18,2[0]С - қа төмен екені анықталды. <<Восток>> станциясының зерттеуі бойынша Жер шарындағы анықталған ең төменгі температура неше градус?
3. Алғашқыда бұйымның бағасы а тг болды. Бұйымның бағасы бірінші айда 320 теңгеге, екінші айда 140 теңгеге арзандады. Бұйымның бағасы екі рет арзандаған соң неше теңге болды?
1. "Кім көп біледі?"
1. Қосуды орында: -11,6 + (-4,3) а) 15,9 в) -7,1 с) -15,9 д) 7,1
2. Қосындысы -14-ке тең болатын екі санды тап:
3. а) -15 және 2 в) -7,5 және -6,5 с) 7,5 және 6,5 д) 15 және -2
4. Өрнектің мәнін тап: -11,2 +х, егер; х= 29,1 болса.
5. а) -17,9 в) -40,3 с) 40,3 д) 17,9
6. Қандай бірдей екі санның қосындысы -3,6 - ға тең?
7. а) -1,8 және-1,8 в)1,8 және 1,8 с)-8,6 және 5 д)3,2 және -6,8
8. Азайтуды орында және сәйкестікті анықта: а) -9,1-14,2
в) -5,3-(-2,5)
с) 4,8-6,1 A= -2,8; B= -23,3 Д=-1,3
А) АВД В) АДВ С) ВАД Д) АДВ
9. Теңдеуді шеш: -16 +(15-х) = 7 а) -8 в)6 с) 8 д) -13
10. Өрнектің мәнін тап: 18-х-13+4, мұндағы х=-12
а) -3 в) 21 с) -21 д) 15
5.Сергіту сәті.
Адам тәулігіне орта есеппен 8 сағат ұйықтайды. Егер де адам өмірі орта есеппен 80 жыл аралығында болса, онда адам осы аралықта неше сағат ұйықтайды?
6."Білгенге - маржан". Фишка ойыны
ІІІ. Қорытындылау
"Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған күнді немесе сағатты бақытсыз сана" деген екен Ян Амос Коменский. Олай болса, әрбір сәтімізді тек ізденуге, жаңалыққа ұмтылуға арнайық!
oo ІV. Үйге тапсырма беру.
oo V. Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Теріс сандарды қосуға байланысты мәтіндік есептер шығару
Таңбалары әр түрлі сандарды қосуға есептер шығару
Анықтамаларды есептер шығаруда қолдану
Рационал сандар
Таңбалары әртүрлі сандарды қосуға есептер шығару
Таңбалары әр түрлі екі санды қосу тақырыбына есептер шығару
Рационал сандарға амалдар қолдану жайлы ақпарат
Теріс сандар тобына Топтастыру стратегиясы
Рационал сандарды көбейту туралы ақпарат
Рационал сандарды қосу және азайту
Пәндер