Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Тақырып - Құстар бізде қонақта

Тақырыбы: <<Құстар бізде қонақта>>
Мақсаты: Табиғаттың байлығы құстарымызды қорғау. Олардың өсіп- өнуіне мүмкіндік беру. Адамға тигізер пайдасын танып білу. Табиғатты аялау.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме достар! Сіздерді көктем мерекесі <<Құстар күнімен>> құттықтаймыз! Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршысы - құстың келуіне байланысты.
Жүргізуші: Құс - табиғат, өмір көркі. Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, тойда ән шырқайтын әншісін - бұлбұлға, ел үшін, отын үшін жанын қиятын батырларын - бүркітке, елден асқан сұлу қыздарын - аққуға теңеді. Ертеде байлар мен патшалар, аққуды көлінде жүздіріп, сұңқарды қолына қондырған. Құс балық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі болған.
Жүргізуші: Құстар табиғатқа сән береді. Олардың сазды әуені, сәнді реңі табиғатты құлпыртып, адамды жігерлендіре түседі. Сондықтан көктемнің алғашқы айында құстар күнін белгілеп, қанатты достарды қуана қарсы аламыз.
Жүргізуші: Көктем , көктем, көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып біз қаламыз
Әнмен қарсы аламыз.
<<Құстар қайтып келеді>> әнімен танымдық кешмізді бастаймыз.
Кешіміз <<Құстар бізде қонақта>> деп аталады. Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін:
1."Құс және біз" (әр топтың таныстыруы)
2. "Білгенге маржан" (сұрақтарға жауап беру)
3. "Сиқырлы ұяшықтар"
4. "Жұмбақ сурет"
5. "Ойлан тап"
6."Құстарды қорғайық" (үй тапсырмасы)
<<Білгенге маржан>> бөліміне кезек береміз.(Топ мүшелеріне сұрақтар беріледі)
Бүркіт тобына сұрақтар:
Ең қырағы құс (бүркіт)
Балапаны жетілгенде оны ұясынан итеріп, құлатып жіберетін құс (бүркіт)
Ең сақ құс (сауысқан)
Ұрлық жасайтын құс (қарға)
Адамға ең жақын жүретін құс (қарлығаш)
Сап түзеп, салтанатпен ұшатын құс (тырналар)
Ең көреген құс (үкі)
Бүркіт әбден қартайған кезде (өзін құздан тастайды)
Киелі құс, махабаттың символы (аққу)
Туған жерінен жазда да, қыста да кетпейтін құс (бозторғай)

Аққу тобына:
Әнші құс (бұлбұл)
Мүлде ұша алмайтын құс(түйеқұс)
Мойнын созбаса дауысы шықпайды (әтеш)
Бір шақырым жердегі ұсақ жәндікті көре алатын құс (сұңқар)
Күн шыққанын хабарлайтын құс (әтеш)
Ең киелі құс (үкі)
Әр құстың ұясын паналайтын құс (көкек)
Мүшелдік жыл санауға кірген құс (тауық)
Жастық жасауға мамығын пайдаланатын құс (қаз)
Бейбітшілік құсы (көгершін)
<<Қосымша ұпай>>
<<Сиқырлы ұяшықтар>> бөліміне кезек береміз. Бұл бөлімде өздеріңіз ұяшықтар таңдап, сол сұраққа жауап берулеріңіз сұралады.
Ақын жазушылар 10
Ел қорыған мен едім,
Мен де айрылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
(Махамбет Өтемісұлы Қызғыш құс )
20
Оятып дүниені дел сал қылып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып,
Сай сайдан бошалаған бозала таң,
Таудағы тіршілікке ән салдырып,
Еміндіріп, еріксіз қарсы алдырып,
Бұлбұлға дүниеге жар салдырып...
(М.Мақатаев Аққулар ұйқтағанда)
30
...Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда.
Бүркітші тау басында, қағушы ойда.
Іздің бетін түзетіп аңдағанда,
Томағасын тартқанда бір қырынан,
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
(А.Құнанбаев Қансонарда бүркітші шығады аңға)
Қорықтар: 10
1958 жылы құрылған қорық облыстың 258 мың га-дан астам жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың га) қол тимеген жерлері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген. Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүтқоректілердің жартысынан астамы кемірушілер болып келеді. Табиғаты тамаша, балыққа бай көл бар. Көлде дүние жүзінде сирек кездесетін, солтүстікке ұя салатын құс бар. Бұл қандай қорық екенін білесіз бе? (Қорғалжын)
20
Бұл қорық 1926 жылы ҚР Кеңес халық комитетінің қаулысымен құрылған. Қазіргі кезде көлемі 128118 га.
Қорықтың территориясында жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктердің 1465 түрі өседі. Соның ішіндегі, сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62 түрі кездеседі. Мұнда, қанаттылардың 238 түрі, сүт қоректілердің 42 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі, қос мекенділердің 2 түрі және балықтардың 2 түрі тіршілік етеді. Қорық жерін мекендейтін жануарлардың ішінде кәсіптік маңызы бар - арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа сияқты аңдар өздерін еркін сезеді. Қазақстандағы ең ежелгі қорық. (Ақсу Жабағылы)
30
Бұл қорық 1929 жылы ұйымдастырылған. Бағалы аң терілері Одағының аңшылық шаруашылығынан басталды. Аралға қарақұйрық, ақбөкен, орқоян, сұр шіл, сырдария қырғауылы әкелініп қорық құрылды. Одан кейін ақбөкен , құландар әкелінді. Қорықтың жалпы көлемі 105879 га. Қорықтың әкімшілік мекен - жайы Қызылорда облысы Арал ауданы, Қазалы қаласынан батысқа 210 шақырым жерде.
(Барсакелмес қорығы)
<<Қосымша ұпай>>
<<Жұмбақ сурет>> Қарға, үйрек, тауық, жапалақ, қызғыш, күйкентай, сауысқан, ителгі, бірқазан, нанду, әупілдек, оқпан, түйеқұс, тоты, бөктергі.
<<Қосымша ұпай>>
<<Ойлан тап>> (Бірнеше құстардың аттары беріледі,оларды топтастыру)
Суда жүзетін құстар: аққу, үйрек, қаз, пингвин
Жыртқыш құстар: үкі, жапалақ, лашын, бүркіт
Мекен-жай құстар: қарлығаш, торғай сауысқан
Ашық далалық құстары: кекілік, құр, бөдене
<<Қосымша ұпай>>
Келесі үй тапсырмасы <<Құстарды қорғайық>> бөліміне кезек береміз.
<<Аққу>> тобына <<Құстардың пайдасы>>
<<Бүркіт>> тобына <<Құстарды қорғау>> (Постер қорғайды)

Ұқсас жұмыстар
Құстар бізде қонақта
Сөйлем туралы ақпарат
Алтын күз мерекесі (ертеңгілік)
Табиғатта қонақта. 1 сынып
Балалар сендер тістерінді тазалайсындарма
Дыбыстық құбылыстар жайлы ақпарат
Автобус
Құрама есептер
Құстар біздің досымыз
Қызыл телпек бізде қонакта
Пәндер