Сабақ жоспары :: Математика
Файл қосу
Сандар сырының құпиясы
БҚО, Қаратөбе ауданы, Жусандыой ауылы, Жамбыл ЖОББ мектеп - балабақшасының математика пәні мұғалімі Дүйсенов Ахметқали Орынбасарович
Күні: 25.02.17
Пәні: Математика
Түрі: Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: <<Сандар сырының құпиясы>>
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық: оқушылардың танымдық, елестету және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, тиянақтылыққа, математикалық сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Технологиялар: АКТ, Ойын технологиясы
Әдісі: топтық
Көрнекілігі: интеракивті тақта, кеспе қағаздар, сұрақ карточкалары
Барысы:
Жүргізуші:
Армысыздар ұстаздар, ата-аналар, көрермендер және білімділер сайысының қатысушылары! Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты, еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.
<<Біздің түпкілікті мақсатымыз - интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру>> деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев.
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі кеш жеңімпазы болады.
Дәл қазір алдарыңызда жан-жақты білімдерімен өз өнерлерін сарапқа салатын, сайысқа қатысатын биік талапты оқушыларымызбен таныс болыңыздар:
5-сынып оқушылары:
Ермекқалиқызы Жасмина; Шынтасқызы Мадина; Ергенұлы Елжан.
6-сынып оқушылары:
Тарасұлы Қуанжан; Серікұлы Айбол; Ертілекұлы Саят.
7-сынып оқушылары:
Көпжасқызы Аэлита; Ергенқызы Жанбота; Жайылханқызы Гүлбақыт.
Ендеше, бүгінгі кештің турларымен таныс болайық:
1. Таныстыру.
2. <<Ойлан, тап!>>
3. <<Кім жүйрік?>>
4. Біліктілік сайысы
5. <<Озық ойлы оқушы>>(капитандар сайысы)
6. <<Кім тапқыр?>>
7. <<Ұшқыр ой>>
8. <<Кім білгір?>>
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамын сіздерді!
Алғырлар мен тапқырлар,
Бар өнерін салады.
Білімділер болса егер,
Сол жеңімпаз болады.
Қатысушыларымыз дайын болса, сайысымызды бастайық!
І-кезең: ТАНЫСТЫРУ. Әр топ өз топ басшысын, команда мүшелерін, сонымен қатар топ атын, ұранын, эмблемасын таныстыруы керек(слайдтан топтардың аттарын шығарып қоямын).
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына.
ІІ-кезең: <<Ойлан, тап!>> деп аталады. Мен қазір әр топқа қарапайым амалдарды орындау тапсырмасы бойынша 12 сұрақтан беремін(тапсырманы шығарып дайындап алып келемін)...
Ал топтарымыз есеп шығарып болғанша, көрерменмен ойын өткізгім келіп тұр. (Көрермендерге сұрақ қоямын:)Біздің тәуелсіз Қазақстанымыздағы айналымда жүрген ақша қалай аталады? ...теңге... Ал монета түріндегі қанша теңгеліктер бар? ...1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 теңгеліктер... Олай болса, көрермен, ойын ойналық!
Көрерменмен ойын: <<Теңге ілу>> ойыны (1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 теңгелік монеталарды қолдан әсемдеп салып, дайындап әкелемін, дұрыс жауабын тапқан адамдарға таратып отырамын, ондағы сұрақтар: )
1-теңгенің сұрағы:
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш)
2-теңгенің сұрағы:
Күшіне сенген бір мықты
Жығып алып сегізді
Қайда барайын дегізді
(шексіздік)
5-теңгенің сұрағы:
Санау үшін адамды, малды, талды...
Ертеден мұра боп қалды.
(сан)
10-теңгенің сұрағы:
Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін бер алашқа
Қалады сонда қанша алма
(жиырма төрт)
20-теңгенің сұрағы:
Айқасқан екі таяқ
Тұрады жоқты сұрап
(икс)
50-теңгенің сұрағы:
Шар емес, дөңгелек емес
Бірақ осылардың бөлігі
Радиус,диаметрін іздегенде
Онсыз болмайды келісі
(шеңбер)
100-теңгенің сұрағы:
Санға қосып, алсаң,
Сол санның өзі шығады.
Санды оған бөлуге болмайтынын,
Математиктер ұғады.
Көп адамдар сол санға,
Шекесінен қараған.
Сан өсін қақ бөлуге,
Сол саныңыз жараған.
(нөл)
<<Ойлан, тап!>> кезеңіндегі сайыскерлердің орындаған тапсырмаларын тесеріп жіберейік!(интерактивті тақтадан дұрыс жауаптарын көрсетемін)
Бүгінгі күн жарыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста.
ІІІ-кезең: <<Кім жүйрік?>> деп аталады. Бұл турда 2 топқа ортақ логикалық сұрақтар қойылады, бірінші болып қол көтерген топ жауап береді(слайдтан сұрақтар қойып, сол бойда дұрыс жауабымен тексеріп отырамын).
Шындықты алғаш таратқан,
Жыл, күніңді санатқан,
Тауып ғажап жаңалық,
Жоқтан барды жаратқан
Есеп демей немене?
IV-кезең: <<Біліктілік сайысы>> Сіріңкенің 1 талын қозғағанда теңдік дұрыс болуы керек(Үлестірме қағаздағы әр топқа 2 тапсырманы беремін).
Ал сайыскерлер ойланып болғанша, тағы да көрерменмен ойын өткізсек... Бұл жолы сіздердің іштеріңізден логикалық есепке жүйріктеріңізді анықтағым келіп тұр.
Көрерменмен ойын(слайдтағы 6 сұрақ жауабымен тексеру, дұрыс тапқан адамға қаламсап беру)
IV-кезеңдегі сайыскерлердің орындаған тапсырмаларын тексерейік!
V-кезең: <<Озық ойлы оқушы>> деп аталып, топ басшыларына арналады. 3 топ басшысын кезекпен ортаға шақырып, құрамында сандары бар мақал-мәтелдердің жартысын айтамын, жалғасын табулары керек(слайдтан қойып, дұрыс жауабымен тексеріп тұрамын).
VІ-кезең: <<Кім тапқыр?>> - әр топқа математика пәнінен 10 сұрақ қойылады(слайдтан дұрыс жауабымен).
Шабыт тасып шалқысын
Көңілді кеш жасайық,
Мұнда қызық табылар
Өлең есеп бәрі бар
Білімдеріңді сынайық!
VІІ-кезең: <<Ұшқыр ой>> - өлең есептер - әр топқа(слайдтан оқимын, дұрыс жауабымен тексеремін).
VІІІ-кезең: Кім білгір? деп аталатын соңғы сайыста әр топ өздеріне ұнаған түстегі шарды бір-бірден таңдап алады(барлығы үш шар). Сол шарларды жарып, ішіндегі тапсырмаларды әр топ мүшелері бір-бірден алады(барлығы тоғыз тапсырма). Тапсырма: <<Рим цифрларын ата>>. M-1000, D-500, C-100, XC-90, CM-900, MD1500, XIX-19, DC-600, XIV-14.
Сайысымыз өз мәресіне жетіп қалды. Қазылар алқасы шешім шығарғанша соңғы рет көрерменмен 1 ойын өткізіп жіберелік: ортаға 1 оқушы шықсын. Ол өзінің 2 досын ертіп әкелсін. (Ойын шарты слайдта бар, )
Қорытынды
Қорытынды марапаттау сөз кезегін қазылар алқасына береміз.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба аман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағыда үйренеміз аман болсақ!
дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.Келесі кездескенше аман - сау болыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz