Қалау рай, қалау райдың мағынасы

Мұғалім: Сабитова Г. Ж. Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 7 «Ә1»

Сабақтың тақырыбы: Қалау рай, қалау райдың мағынасы

SMART-мақсат: Етістіктің рай категориясын топтастыра отырып, қалау райдың мағынасын, жасалу жолдарын игеру. Жаттығу жұмысын орындау.

Күтілетін нәтиже: Барлығы: Қалау райдың мағынасына түсінік алады. Мысал келтіреді.

Көпшілігі: Қалау райдың жасалу жолына тоқталып, басқа рай түрлерімен салыстырады.

Кейбіреулері: Сөйлемге толығымен морфологиялық талдау жасап, қалау райды табады.

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту

Оқушылар қызметінің ұйымдастыру формалары: жеке жұмыс, жұппен жұмыс

Тәсілі: түсіндіру, баяндау, кері байланыс

Әдістер: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар, венн диаграммасы

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка

Ресурстар: оқулық, тірек сызбалар, үлестірмелі қағаздар, суреттер, дидактикалық тапсырмалар, аудиозапись, кесте

Уа-қытмин
Сабақ кезеңі
Блум бойынша оқушылардың ойлау деңгейлері
Мұғалімнің оқытудағы міндеттері
СМАРТ мақсатты амалға асыру механизмі.
Бағалау
Ресурстар
Оқушылардың іс-әрекеттері:
Бәрін қосқанда ұйымд. форма
Уа-қытмин: 2
Сабақ кезеңі:

Ұйымдас-

тыру кезеңі, психоло-гиялық дайындық

Блум бойынша оқушылардың ойлау деңгейлері:

Барлығы: мұғалімнің сөзін тыңдайды. Тақтадан оқыйды.

Көпшілігі: сұрақтарға жауап береді. Тақтадағы тілектерді оқиды.

Кейбіреулері: оқушылар басқа оқушыларға тілек айтады, сабаққа сәттілік тілейді.

Мұғалімнің оқытудағы міндеттері:

-Балалар, ненің суретін көріп тұрсыздар?

- Күннің (оқушылар жауап береді)

- Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезесіңдер?

- Көңілің көтеріледі. Күнге қуанамыз. Күн бізге жылу береді. Сәулесін төгеді. Күн шыққан кезде жарық болады.

-ОСЫ КҮННІҢ ШУАҒЫ БІЗГЕ ДЕ ТҮСІП ТІЛЕК ЖОЛДАПТЫ.

-СОНДЫҚТАН, бәрің бір-біріңіздің қолдарыңыздан ұстап, тақтада жазылған тілекті оқып шығыңдар.

СМАРТ мақсатты амалға асыру механизмі.: Оқушылар шеңбер құрып, сұрақтарға жауап береді. Тілектерді оқиды.
Бағалау: Жеке жұмыс
Ресурстар:

Формативті

(Қалыптастырушы)

Мадақтау

Картинки по запросу смайлики

Интербел-сенді тақта

Күннің суреті

Уа-қытмин: 3
Сабақ кезеңі: Қайталау
Блум бойынша оқушылардың ойлау деңгейлері:

Барлығы: шартты райдың ережесін біледі, түсінеді, мысал келтіреді.

Көпшілігі: шартты рай қалай жасалады, мысалды морф. талдайды.

Кейбіреулері: етістіктің басқа рай категорияларына тоқталады.

Мұғалімнің оқытудағы міндеттері:

«Нені білеміз?»

  • Шартты рай дегеніміз не?
  • Шартты рай қалай жасалады? Мысал келтіріңдер.
  • Етістіктің рай категориясын топтайық.

Ашық рай Шартты рай

Бұйрық рай

Қалау рай

СМАРТ мақсатты амалға асыру механизмі.:

Оқушылар өткен сабақ бойынша нені білетіндерін дәлелдейді. Сұрақтарға жауап береді.

book117

Бағалау: Жеке жұмыс
Ресурстар:

Формативті

(Қалыптастырушы)

Бас бармақ

MSOfficePNG(8)

Интербел-сенді тақта.

Тірек сызбалар арқылы топтасты-рады.

Уа-қытмин: 10
Сабақ кезеңі: Үй жұмысын тексеру
Блум бойынша оқушылардың ойлау деңгейлері:

Барлығы: Тест тапсырмасын орындайды.

Көпшілігі: 5 мақалды толығымен жатқа айтады, шартты райлы етістікті анықтайды.

Кейбіреулері: Шартты райлы етістіктерді жіктеп, морф. жасайды.

Мұғалімнің оқытудағы міндеттері:

1) Тест тапсырмасын орындайды. (5 сұрақ) 5-ұпай

2) 5 мақал шартты райлы тұлғасындағы жатқа айту. 5-ұпай

3) Шартты райлы етістікті жіктейді, морфологиялық талдау жасайды.

Ұпай саны: 12, 11 ұпай - «5»

10, 9 ұпай - «4»

8, 7, 6 ұпай - «3»

5 төмен ұпай - «2»

СМАРТ мақсатты амалға асыру механизмі.: Оқушылар тест тапсырмасын орындайды. Шартты райлы етістіктерді табады, жасалу жолын түсіндіреді.
Бағалау: Жеке жұмыс
Ресурстар: Суммативті (жиынтық)
Тест және тапсырмалар
Интербел-сенді тақта.
Уа-қытмин: 1
Сабақ кезеңі: Сергіту сәті.
Блум бойынша оқушылардың ойлау деңгейлері:

Барлығы: әнді тыңдайды.

Көпшілігі: Әннің мағынасын ашады. Етістіктерді анықтайды.

Кейбіреулері:а қынның басқа да өлеңдеріне қызығушылығы артып, оқиды.

Мұғалімнің оқытудағы міндеттері:

«Әнді сүйсең, менше сүй»

Аудиозапись тыңдайды.

Қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаевтың «сәби болғым келеді» өленің ән түрінде есту.

. . . Құс та болғым келмейді!
Қанатым бар.
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.
От та болғым келмейді!
Жылуым бар.
Жылуым бар, керекпе жылыныңдар.
Әлди болғым келеді, әлди болғым -
Күн сәулесі ойнақтап тұлымында,
Отыратын анасы құлынымдеп.
Қанаттанып өмірге ұшарымда,
Кесілмесін бәрібір тұсауым да.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Сәбиі жоқ Ананың құшағында.
Tap бесігі - кең жаһан тарылмаған,
Біреуге бар, біреуге табылмаған. -
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Ана сүті аузынан арылмаған.

СМАРТ мақсатты амалға асыру механизмі.: Оқушылар ақын Мұқағалидың әнін тыңдайды. Өлеңнің мағынасын түсіндіреді. Етістіктерді анықтайды.
Бағалау: Жеке жұмыс
Ресурстар:

Формативті Мадақтау

http://img-fotki.yandex.ru/get/9068/68789891.55/0_ac531_5a8232a3_L

Ақын портреті
Уа-қытмин: 10
Сабақ кезеңі: Жаңа тақырып-ты меңгеру
Блум бойынша оқушылардың ойлау деңгейлері:

Барлығы: Жаңа тақырыпты меңгереді.

Көпшілігі: Сұрақтар қояды. Соған жауап іздейді.

Кейбіреулері: Өз беттерімен басқа рай түрлерімен оның жасалу жолдарымен салыстырады.

Мұғалімнің оқытудағы міндеттері:

Қалау - ниет, тілек дегенді білдіреді. Қалау- тұрмыстық салт, белгілі бір затты не бұйымды сұрап алу.

Сонда қалау рай дегеніміз іс иесінің қимылды, іс- әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді, бірақ беретін мағынасы нақтылы емес және белгілі бір жолдармен жасалады. Мысалы: Менің кітап оқығым келеді. Сабақтан шыққан соң үйлеріңе аман жетсеңдер игі еді.

Қалау райдың жасалу жолдары.

  1. -ғы/гі ; -қы/кіжұрнақтары және тәуелдік жалғауы жалғанып, кел көмекші етістігімен тіркеседі.

Етістікке -ғай/-гей; -қай/-кей жұрнақтары мен жіктік жалғауы жалғанып жасалады

Етістікке -ғай/-гей; -қай/-кей жұрнақтары жалғанып еді көмекші етістігімен тіркесіп те қолданылады.

  1. Етістіктің шартты рай тұлғасына екен сөзі тіркесіп, қалау рай жасалады.

Мысалы: Анам қаладан кел- се екен . Қалау рай жіктеледі.

СМАРТ мақсатты амалға асыру механизмі.: Оқушылар мұғалімнің түсіндіргенін тыңдайды. Көршілерімен оқиды. Бір-бірлеріне түсіндіреді, сұрақ қояды.
Бағалау:

Жеке жұмыс.

Жұппен жұмыс.

Ресурстар:

Формативті

Мадақтау

Кесте

Тірек сызбалар

book107

Уа-қытмин: 7
Сабақ кезеңі: Жаңа сабақты меңгерге-нін тексеру
Блум бойынша оқушылардың ойлау деңгейлері:

Барлығы: Жаттығуларды орындайды, бір-бірлерімен тексереді.

Көпшілігі: Қалау райлы етістіктерді жеке, көпше түрде жіктейді.

Кейбіреулері : Шығармашылық тапсырманы орындайды. Қалау райлы етістіктерді қатыстырып, өлең шығарады. Басқа оқушыларды түзетеді.

Мұғалімнің оқытудағы міндеттері:

Практикалық жаттығулар.

156-жаттығу. Қалау райлы етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын ажыратыңдар.

Үлгі: ішкіміз келді - І жақ, көпше түрі

Тапсырма: Карточкамен жұмыс.

Төмендегі қалау райлы етістіктерді жіктеңдер.

І оқушы - көргісі келеді, ІІ оқушы - орындағым келеді, ІІІ оқушы - жазғайсың, IV оқушы- барсаң игі еді,

V оқушы - барғысы келеді, VІ оқушы - айтқай.

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

158-жаттығу. Ойлан тап.

  • Барлық шаққа ие болатын қай рай?
  • І жақта айтымайтын қай рай?
  • Тәуелдік жалғауларын керек ететін қай рай?

Шығармашылық тапсырма: «Менің арманым» шағын ээсе жазу. Қалау райлы етістіктерді қатыстырып өлең жазу.

СМАРТ мақсатты амалға асыру механизмі.: Ж
Бағалау: Жекеше
Ресурстар: Көпше
І
барғым келеді
барғымыз келеді
ІІ
барғың келеді
барғыларың келеді
барғыңыз келеді
барғыларыңыз келеді
ІІІ
барғысы келеді
барғысы келеді

Оқушылар жаттығу жұмысын орындайды.

Карточкамен жұмыс жасайды. Шығармашалық тапсырманы орындап, қалау райлы етістікті анықтайды.

Жеке жұмыс

Формативті

Бағдаршам

Оқулық (105б. )

Үлестірме-лі қағаздар

Кесте

Уа-қытмин:
Сабақ кезеңі:
Блум бойынша оқушылардың ойлау деңгейлері:
Уа-қытмин:
Сабақ кезеңі:
Блум бойынша оқушылардың ойлау деңгейлері:
Уа-қытмин:
Сабақ кезеңі:
Блум бойынша оқушылардың ойлау деңгейлері:
Уа-қытмин:
Сабақ кезеңі:
Блум бойынша оқушылардың ойлау деңгейлері:
Уа-қытмин:
Сабақ кезеңі:
Блум бойынша оқушылардың ойлау деңгейлері:
Уа-қытмин: 5
Сабақ кезеңі: Бекіту және түзету.
Блум бойынша оқушылардың ойлау деңгейлері:

Барлығы: Шартты рай мен қалау райдың ортақ белгілерін табады, салыстырады.

Көпшілігі: Рай түрлерінің жасалу жолдарын айтып, дәлелдейді.


Ұқсас жұмыстар
Қалау рай
Қалау рай. қалау райдың мағынасын білу
Кім болғым келеді? 5-сынып
Қазақ тілінен 3-тоқсанға орта мерзімдік жоспар
Етістіктің райлары
Есімшенің түрленуі
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Жасырылған сөзді тап
Етістік райларынан өткенді қайталау.7-сынып
Етістікті қайталау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz