Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Білгірлер додасы атты математика мен информатика пәндерінен сыныптан тыс шара
<<Білгірлер додасы>> атты математика мен информатика пәндерінен сыныптан тыс шара
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін сарапқа салу арқылы жеңімпаз топты анықтау.
Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой - өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.
Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, проектор
Жоспары
Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің <<Білгірлер додасы>> атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Уа, жарандар, жарандар,
Мына бізге қараңдар!
Мінекей залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біздер қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Математика, информатика жайында
Ойын сайысты бастаймыз!
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық,
Математика, информатика құрметтеуге лайық,
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Табиғаттағы қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз, компьютерсіз түсіну
Есебіңіз, программаңыз дүние кілті әлі де.
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
Алдымызға ас келгенше өзімізді таныстырып өтейік.
МАТЕМАТИКА ( <<Ананың тілі>> әнінің мотиві)
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Жазу мен сызу, санау үйрендім.
Сан менен өрнек, теңдеу мен бөлшек,
Сырына оның, үңіліп көрсек.
Математика - бар ілім басы,
Математика - ғылым патшасы.
Математика-өмір тірегі
Математика - шәкірт жүрегі.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз.
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз
ИНФОРМАТИКА
Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың.
Армысыздар, қымбатты төрешілдер.
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер де әділ баға берерсіздер - дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысамыз.
(Алдымен жарысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасы сайланады)
1. __________________
2. __________________
3. __________________
Енді сіздерді ойын шартымен таныстырып өтейік
Құрметті қонақтар! Ғажайып <<Инфо - Мат>> мейрамханасына қош келдіңіздер! Біздің мейрамханамыздың алғашқы қонақтарына мына төмендегі ас мәзірін ұсынамыз. Ас мәзіріміз 1 - 2 тамақ, салат және сусындардан құралған. Әр столдағы қонақтар өз қалаулары бойынша тағамдарды таңдайды. Олай болса бүгінгі мейрамханада қызмет көрсететін даяшыны ортаға шақырайық. (Даяшы ортаға шығады).
Даяшы: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Мейрамханамызға қош келдіңіздер!
Мейрамхананың ұстанымы:
<<Білімді қорыту үшін, тәбетің жақсы болу керек>>
Бүгінгі ас мәзірімен сіздерді таныстырып өтейін:
Бірінші тағам:
1. МИФ кеспесі
2. Математикалық тұшпара
3. Информатикалық борщ
Екінші тағам:
1. Қазақша ет (бесбармақ)
2. Кестелі палау
3. МИФ гарнирі
Салаттар:
1. <<МИФ-тік ассорти>>
2. <<Жұмбақтар оливьесі>>
3. <<Логикалық винегрет>>
Сусындар:
1. Логикалық кофе
2. Алгоритм шырыны
3. Газдалған МИФ коктейлі
Қонақтар өз қалаулары бойынша аз мәзірін таңдайды.
Бірінші тағам:
1. МИФ кеспесі
1. 2 ғасырда неше жыл бар? (200 жыл)
2. Компьютердің құрылғыларын ата? (Жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан)
3. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
4. Информатика қандай ғылым? (ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым)
5. Үш сызықтан пайда болған фигура. (үшбұрыш)
6. Баспаға шығару құрылғысын не деп атайды? (принтер)
7. Уақыт өлшемдерін ата. (секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр)
8. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (CapsLock)
9. Периметр деген не? (қабырғалар ұзындықтарының қосындысы)
10. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны? (файл)
11. Компьютердің миы. (процессор)
12. 120 минут неше сағатқа тең? (2 сағат)
13. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)
14. Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады? (кесінді)
15. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)
2. Математикалық тұшпара (Әр дұрыс жауап-10 ұпай)
( __ +__) * ( __ - __) = 45
2,3,7 және 8
Ж: (7+2)*(8-3)=45
( __ +__) * ( __ - __) = 30
4,6,7 және 8
Ж: (8+7)*(6-4)=30
5 5 5 5=3
Ж: (5+5+5)/5=3
5 5 5 5=4
Ж: (5*5)-5)/5=4
3. Информатикалық борщ
Информатикаға қатысты суреттерді табу. (Әр дұрыс жауап - 10 ұпай)
Сканер, принтер, веб-камера, флешка, колонка, монитор
Екінші тағам:
(әр дұрыс жауап-5 ұпай)
1. Қазақша ет (бесбармақ)
1. Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады?
(қараша,1993ж.)
2. Көктем мерекесінде болатын жаңа жылдың қазақша айы қалай аталады?
(наурыз)
3. Қазақ халқының ұлттық аспабы не? (домбыра)
4. <<Жеті жарғы>> заң жобасын жасаған кім? (Тәуке хан)
5. Қазақстан Республикасының Туының авторы: (Ш.Ниязбеков)
6. Түйенің сүтінен қандай емдік қасиеті бар сусын дайындайды? (Шұбат)
7. Жеті қазынаны ата? (Жеті қазына - Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-ой, жүйрік ат, ит, қыран бүркіт, берен мылтық) .
8. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты. (Екі рет)
9. Қазақтың үш биін ата.
(Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)
10. ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы сайланды?
(1991 ж 1 желтоқсан)
2. Кестелі палау
1 топ:
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 21-ге тең болатындай етіп 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11 сандарымен бос торкөздерді толтыр.
10
3
8
5
7
9
6
11
4
11
4
9
6
8
10
7
12
5
2 топ:
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 24-ке тең болатындай етіп 4,5, 6,7,9,10,11,12 сандарымен бос торкөздерді толтыр.
МИФ гарнирі
Тікелей эфирде сұрақтар қою. (2 топқа 2 сұрақтан)
Салаттар:
1. <<МИФ-тік ассорти>>
1. 2017 жылы жасы жыл сандарының қосындысына тең болған адам қай жылы туылған? (2007 ж)
2. Амалдарды орындап, мақалдарды тап:
1) 1476:3 - 2 + 2563 * 5 = 13305
2) 76+1575:9 - (45:9+358) - 321= 209
3) (732 - 32:8)*6-124*5 = 3748
4) (14 : 7- 2):12+16*(548 - 23) = 8400
Жаманға 3748
Ақыл 17715
Баспа 8400
Шірімес 13287
Тозақ 1272
Жақсыдан 13305
Тура 124
Қалма 209
А
Б
И
Л
Й
Н
Т
Е
І
К
Ү
Ш
Ж: Жақсыдан қалма,Жаманға баспа
3.Циферблат-кілт
Мақалды оқы.
6, 11, 1, 12, 7, 4, 4, 12, 4
12, 1, 9, 3, 1
5, 10, 8, 9, 2
Билайннан алтел күшті
(Өлімнен ұят күшті)
4.Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын шашын тарайды екен, неге? (Фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды екен)
2. <<Жұмбақтар оливьесі>>
1. Шар емес, дөңгелек емес
Бірақ осылардың бөлігі
Радиус,диаметрін іздегенде
Онсыз болмайды келісі
(шеңбер)
2. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы (тышқан)
3. Сан ол сызықпенен бөлінген
Үсті алым,асты бөлім деп аталып,
Әсем түрде керілген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген
Дұрыс,бұрыс, аралас деп
Түрлері оның берілген (Бөлшек сан).
4. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (жүйелік блок)
5. Бүтін, бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады,
Осы санның кім біледі
Аты қандай болады? (ондық бөлшек)
6. Ақпаратты қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? /принтер/
7. Күшіне сенген бір мықты
Жығып алып сегізді
Қайда барайын дегізді (шексіздік)
8. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)
9. Келбеті келген бір сұлу
Жағасы жоқ, жеңі жоқ
Үшбұрыш көйлек киіп тұр
Етегі жерге тиіп тұр (пирамида)
10. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер.
(бит)
1. <<Логикалық винегрет>>
1. Мені ешкім түсінбейді, неге? (Өйткені ол ешкі ғой)
2. Аяқ киім жөндеушілердің ең жақсы
көретін клиенті? (Қырықаяқ)
3. Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын
келеді? (Сөздікте)
4. Лимонның жартысы неге ұқсайды?
(Екінші жартысына)
5. Құлақ не үшін керек?
(Көзілдірікті ұстап тұру үшін)
6. Машинаның қай дөңгелегі айналмайды?
(Запастағы дөңгелек)
7. Есікті ашу үшін не қажет? (Есіктің жабық болуы қажет)
8. Ненің көлеңкесі жоқ? (Көлеңкенің)
9. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
10. Адам тамақ пісірерде ең бірінші қазанға не салады? (көз)
11. Бәріміз бауырсақ ертегісін жақсы білеміз! Ертегі бойынша бауырсақ қашып кетеді. Бір күні кемпір бауырсағын пісіріп, дала шығарып, кейін келіп қараса, бауырсақ қашпаған! Неге? кемпір қандай амал қолданды? (бауырсақты төртбұрышты етіп пісірген)
12. Үнемі дұрыс айтылмайтын сөз (<<Дұрыс емес>> сөзі)
13. Екі қолда қанша саусақ бар, он колда ше? (10, 50)
14. Оның үш күйімен біз жиі кездесеміз. (су)
15. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
(шырпы)
1. Логикалық кофе
1. 2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды? (2)
2. Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, <<Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін>>, депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, <<Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?>> дейді. Сонда әкесі баласына <<Кітапты оқымағансың>> деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген? (Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған)
3. Бір жүк машинасының артында бір шелек тұр. Жаңбыр жауа бастады. Шелек, жүк машинасы тоқтап тұрған кезде тез тола ма, әлде жылдам кетіп бара жатқан кезде ма? (Шелекке судың толу жылдамдығы машинаның тоқтап тұруына немесе жүруіне байланысты емес. Шелек екі жағдайда да бірдей жылдамдықта толады)
4. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? (Жанат - ұзын)
5. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? (Медет)
6. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? (үш стакан)
7. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? (үшеу)
8. (1)
9. Аш қарынға қанша жұмыртқа жеуге болады? (1, себебі екіншісін жегенде асқазанда бірінші жұмыртқа болады)
10. Көл бетінде 6 үйрек жүзіп жүрді. Аңшы біреуін мылтықпен атып тастады. Көл бетінде неше үйрек қалды? (0, қалғандары ұшып кетті)
1. Алгоритм шырыны
Электронды оқулықтан алгоритм тарауы бойынша тапсырмаларды орындау.
2. Газдалған МИФ коктейлі
Электронды оқулықтан тапсырмалар беріледі.
Енді, мына көріністі тамашалаңыз
1-оқушы / түртіп қойып/ Көшіруге есеп берсем не етер едің?
2-оқушы: Өмір бойы сені силап өтер едім.
1-оқушы: Өзім шығара алмасам не етер едің?
2-оқушы:Дидар ағайдан сұранып Бекболат ағайды іздеп кетер едім.
1-оқушы Дидар ағай <<5-ке>> шығарса не етер едің?
2-оқушы: Өмір бойы қарыздар боп өтер едім.
1-оқушы: Ал егер <<2-ге>> шығарса не етер едің?
2-оқушы: Қойшы, Ернұр бәрін де көтеремін.
Әділқазыларға сөз кезегі беріледі. Жеңімпаздарды марапаттау.
Информатик ағайдың жиында берген батасы:
- Ал, енді құрметті қонақтар, ерлерше бата берейік- дейді.
- Ғ1 әрқашан көмекке келе берсін, Ғ2 пәле- жаладан сақтай берсін, CTRL ALT DEL үнемі жар болып қолдай берсін, ENTER!
Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренерміз аман болсақ!
Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар!
Кешімізді тамашалағандарыңызға мыңда бір рахмет.
<<Зеленов аудандық білім беру бөлімінің
Макаров жалпы орта білім беретін мектебі>> КММ
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы:
<<Білгірлер додасы>>
(5а - 6а сынып)
Өткізгендер: математика пәнінің мұғалімі Б.Ж.Төреғалиев,
информатика пәнінің мұғалімі Б.С.Дуюсенгалиева
2016 - 2017 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz