Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тақырып Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Сабақтың мақсаты: Балаларды мейірімділікке,аналардың өлшеусіз еңбегінбағалай білуге,анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер, балалардың ашық хаттары,аналар туралы үн таспа.
Сабақтың түрі: Мерекелік кеш.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру <<Әлемнің жарығын сыйладың сен маған>> өлең. Оқушыладың суреттері экранда көрсетіледі.
1-жүргізуші:
Армысың,ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен күй,өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары.
2-жүргізуші:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін ,
Жинадың сен маған.
Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құрылған қасиетті сөздің түп-төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма өмірде? Жақсылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен жаралған. Олай болса, <<Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған>> атты бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Көктемді қанатына қондырып, жан жылуын көкірегіне толтырып, әйел-аналардың дәстүрлі мерекесі - 8-наурызда ару ауылымызға келіп жетті. Өздеріңізді анадай шуақты, құлпырған қызғалдақтай әсем мерекемен құттықтаймыз!
2-жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайрандаған
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам-дей келе қазақтың қыздарын ортаға шақырайық.
1-жүргізуші:
Аналарға арналған
Өнерлерін көрейік
Ынта қойып тыңдаңыз
Тақпаққа кезек берейік.
Өлең - жырларға кезек беріледі.
1-оқушы
Жүрегі - күн, жаны - нұр, жүзі шапағат.
Ана - мақтан, ана - өмір, ана - атақ.
Ана - дәуір, ана - абырой, ана - жауһар
Олармен күн кешудің өзі ғажап!
2-оқушы
Аналар шаңырақтың сәулеті ғой!
Ана деген баршаның дәулеті ғой!
Адамды адам еткен ақ сүт беріп,
Жан бағыштап өмірге жетелеген.
3-оқушы
Мереке келді, шаттықтың ған тарт күйін,
Ән айтқың келсе, қуаныш әнін айт бүгін.
Жасарып дүние ұмытып кетті қарыштығын,
Көктеммен келген 8-Наурыз бүгін!
4-оқушы
Нұрлы таң атты шуағын төгіп келді күн,
Бақытың қолда, қолында сенің теңдігін.
Өзіңсіз бәрі - ғалым да ұстаз, қайраткер,
Егеменді елдің сүйіктісі де сен бүгін.
5-оқушы
Жеткізбес шегі айтылар саған тілектің,
Сен жүрген жерге келеді менің гүл еккім.
Үйдің сәні, түздің де сәні өзіңсің,
Сен тіпті үлкен әлемге мынау тірексің.
Маған қымбат адам жоқ бір Анадан,
Бар жақсылық аналардан жаралған.
Жер бетне өмір нәрін себуші,
Аналарға барышты ғой бар адам
6-оқушы
Мен ананы шуағы толы, күн деймін,
Анадан зор құдіретті білмеймін.
Анам аман - сау жанымда жүрсе егер,
Бақытым да әр кез бірге жүр деймін
2-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
Би: <<Қамажай>> биі
1-жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай,
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болдып сағыныштан ақтарылмай.
Ән: Темірбай Назерке орындауында <<Асыл анашым>> әні
2-жүргізуші:
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана - дейді жас сәби де жарқылдап
Ана - деген бәйтерегі өмірдің,
Ана - деген алтын қазық, алтын бақ.
Деп енді ата-аналарға сұрақтар. (жағдаятар)
1-жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып, сыныптастарымыздың орындауында попурри ұсынамыз.
2-жүргізуші:
Тыныштық баршамыздың ұранымыз,
Мәңгілік таусылмайтын жыр - әніміз.
Арманның асқарына қанат қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз-дей келе сыныбымыздың биші қызын ортаға шақырамыз
Темірбай Назерке
2-жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті ... сыныптың байсалды да байыпты бишілеріне береміз.
БИ: Вальс <<Қыздар мен жігіттерді>> би алаңына шақырамыз
1-жүргізуші:
Бала деп соғар әрбір ана жүрегі
Бала қашан ер жетер деп жүреді.
Ер жеткен соң баласына ең қимас
Адал болсын деген ана тілегі - деп
Кезекті асыл аналарымыздың тілегі мен бүгінгі кешімізді толтыра түссек
2-Жүргізуші:
Оқушылар Аналарына арнап жасалған сыйлықтарын ашық хаттарын тапсырады.
1-Жүргізуші:
Рахмет !
Аналарға алғыс хат тапсырылады.
2-жүргізуші:
Сыныбымыздың жігіттерінің қыздарымызға арналған сыйлықтарды тапсыруға рұқсат етіңіздер.
2-Жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда <<Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада>> демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz