Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Екі сөйлеу ерге сын
Бекітемін :
Мектеп: Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебі
Мерзiмі: Мұғалiм: Капуова Л
Сынып: 10 Оқушылар саны: Сабақ:
Тақырып: Екі сөйлеу ерге сын
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: жауапкершілік,шынайылық,әділдік,адалдық.
Мақсаты: Оқушыларды <<Шындық>> ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру арқылы <<дұрыс әрекет>> құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. ( 5<<Т>>сақтау)
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіз нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын да таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін тек жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: біздің <<Бөбек>> орталығына, біздің гимназияға, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: <<Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын>>.
Осындай Нұр,Махаббат, және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Енді жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!
Ескерту
2.Үй тапсырмасын тексеру
Жаңылмай жалғастыр.М. Мақатаевтың <<Ақиқаттың ауылы>> өлеңін жңылмай жалғастырып жатқа айту.
Сен мұғалімсің........
1 -2 шумақ- 1 топ
3-4 шумақты - 2 топ
5-6 шумақты-3 мазмұнын айту.
Өзіңе ұнаған шумақты жазып ал ,не себепті ұнағанын айту.
3.Дәйексөз.
<<Әділдікті мойындау-адал кісінің ісі>>
Б. Момышұлы.
Оқушылар мақалдың мағынасын қалай түсiнетiндерiңдi айтып береді, дәптерлеріне жазып алады.
4.ӘңгiмелеуМұғалім сыйы.
Мәтінмен жұмыс.
Ж. Баласағұнның <<Құтты білік>> дастанынан алынған үзінді.
Естінің сөзі - хауаздың лебіндей есер,
Естердің сөзі - сүйреңдеп өз басын кесер
Тиянақ жоқ әсіресе қызыл сөзіңде,
Пәтуа жоқ көк мылжыңнан өзінде.
Айтар болса, әр ойыңды қадап айт,
Бір сөзіңді мың толғамға балап айт.
Бір сөзбен - ақ ұлы болып шығарсың,
Көп мылжыңмен күлкі болып шығарсың,
Әр сауалың асыл болсын жасындай,
Ауыр тисін диірменнің тасындай.
Надан - мылқау, даңқың қалар соңында,
Көзі нашар, соқыр - мылқау болса олар.
Басың болса, даңқың қалар соңында,
Ізің қалар, хатың қалар жолыңда.
Өсек - өтірік қор қылмасын тіліңді,
Телитін тіл санаңа әкеп білімді.
Білер болсаң, мен айтайын ашығын,
Тіл кесілсе, ес кетеді бірінен.
У менен тең зәрлі сөзі наданның,
Күйе - жала - қаны зұлым адамның.
Ойлы сөзді, құлақ құрышын қандырар,
Білім ғана, май құйғандай жандырар.
Қорға жұртты, қорғағандай арыңды,
Тіл тигіздің - байлағаның бағыңды.
Қалар атың мынау жарық жалғанда,
Қайырымды сөз, қайырымды ісің қалғанда.
Өлсең бір күн, күлге айналар тәнің де,
Сөзің қалар тілі бардың бәрінде.
Өсиет еттім сәулесі бар пендеге,
Зеріккеннен емес, түйгін зердеңе.
Ел аралап, сырын ашсам білімнің -
Сол ғана арман - мәні күн мен түнімнің.
Түпті білмеу - одан асқан сор болмас,
Білер болсаң - одан даңғыл жол болмас.
*Шығарманы оқыған соң қандай ой түйдіңіз?
*Мәтіннен ойламай сөйлеудің адамға тигізетін залалдарын тауып, түсіндіріңіз.
4.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Күн,жүрек,кітап суреттері арқылы топқа бөлу,соған байланысты топтарының атын шығару.
1 топ тапсырма.
Оқулықта төмендегідей тапсырма берілген:
Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, <<Екі сөйлеу - ерге сын>> тақырыбында шағын әңгіме құрастырыңыздар.
Тірек сөздер: уәде, ант, серт, ар - намыс, шындық, азаматтық, қымбат, өмір, жеңіл, ой, пейіл, ниет, ақиқат, өтірік, ұят, абырой, артық сөз, мақтаншақтық.
Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар тақырып бойынша түйінді сөздерді пайдалана отырып, өз бетімен мәтін құрастырады. Тапсырманы топпен немесе жұппен орындауға болады.
2 топ тапсырма.
<<Мен білетін ең әділ адам>> тақырыбында эссе жазу.
Тапсырманы орындауға 7 минут уақыт беріледі.
Тапсырма орындау кезінде баяу музыка қойылады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмысын жариялайды.
Сахналау.
Өтірікшіге сылтау көп.....
Шағын қойылым қою
1.Уәде бергіш оқушы
2. Жалқау оқушы
3. Жігерлі оқушы.
4 Адал оқушы.
5.Үй тапсырма: Өзіңді алдайсыңба? Сауалнам құрастыру.
6.Топпен ән айту.
Б. Тәжібаевтың <<Асыл арман>> өлеңін орындау.
Арманым, ақ сәулелі күнімбісің,
Әлдебір алаулаған гүлімбісің.
Әлдебір желпіп өткен самал ма едің,
Арманым, айтарым көп саған менің.
Қайырмасы:
Асыл арман, асыл арман.
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.
Асыл арман, аспанымда жарқылдаған
құсым ба едің.
Мен сенің құдіретіңе, мен сенің
құдіретіңе түсінбедім.
Арманым, құздан құлар бұлақпысың.
Әлдебір күлімдеген шырақпысың.
Әлдебір албыраған ай ма екенсің,
Арманым, айтшы маған қайда екенсің?
Қайырмасы:
Асыл арман, асыл арман,
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.
Бұл өмірде, бұл өмірде,
Мен жайқалған алау гүлмін,
Арманым, күнде сені,
Арманым күнде сені іздеп жүрмін
Бағалау.
7.Соңғы тыныштық сәтi.
Балалар, бүгінгі сабақта алған ойларды жүрегімізге түйейік. Сабақ аяқталды,сіздерге рахмет!
Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz