Сабақ жоспары :: Технология

Файл қосу

Жаға, қондырма жең құрылымы. ҚР әлемдік шаруашыллыққа интеграциялау

Қостанай облысы
Арқалық қаласы
<<Мектепаралық оқу өндірістік комбинат>>МӨОК
Елубаева Майра Какеновна

Сабақ тақырыбы: № 22Жаға, қондырма жең құрылымы. ҚР әлемдік шаруашыллыққа интеграциялау.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Технологияда киімнің жаға түрлермен жең түрлерін түсіндіре отырып, жағалармен жеңдерді жіктеу және толық мәлімет беру;
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс-жүзінде жүргізуге ықпал ету, сарамандық жұмыспен іс-әрекеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамдарын дамыту;
Тәрбиелігі:Еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көрсетуге баулу, кәсіптік бағдар беру;
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:әңгіме,түсіндіру,инструктаж, сарамандық жұмыс,жеке дара жұмыс.
Пәнаралық байланыс:геометрия,сызу,сурет,математика
Сабақтың көрнекілігі:интерактивтік тақта,суреттер,жаға үлгілері,жең үлгілері.
Пайдаланатын жабдықтар:үтік,сызғыш,сантиметрлік таспа,қайшы,мата,ине-жіп,қағаз, жағамен жең үлгілері т.б;
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру;
3. Оқушыларды топтастыру.

Психологиялық дайындық.
Сәлеметсіздер ме қонақтар?
Қайырлы таң достым
Қайырлы таң құрбым
Сейсенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын.
Мұғалімнің сұрағы: Оқушылар жауабы:
Әрбір адам? Досым, сыныптасым
Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;
* Өлшем алу,
* Иық бұйымдарының сызбасын құрастыру (тор, артқы бой, алдыңғы бой)
* Дағдарысқа қарсы саясат
ІІІ.Жаңа сабақ.

Жең түрлері.
Қондырмалы
Реглан
тұтас

қысқа
ұзын
Екі тігісті
Бір тігісті
тар
кең
жеңсіз
Жеңнің иық тұсы (жоғарғы жағы)
бүрмелі
қатпарлы
қондырмалы
Реглан,погонды,
Жартылай реглан
Жиде жең
жеңсіз
Жеңнің ауыз жағы
қаттамалы
түймелі
резинкалы
сыдырмалы
шытырмалы
шілтерлі
бүрмелі
қатпарлы
кең
кесте
тар
желбір
желбіршек
буф

Қондырма жең.
Халат,көйлектер мен жейделердің жеңдері қондырмалы, реглан,алдыңғы және артқы бойымен тұтас пішілген, қиыстырылған болуы мүмкін.
Анағұрым кең таралғаны- қондырма жең.(1-4 сурет.) Олар құрылымы бойынша бір тігісті не екі тігісті, тік, жең ауызына қарай кеңейтілген немесе тарылтылған, үстінде немесе астында бүрмелері бар, түрлі қатпарлары бар,бүртесіндері, кесінділері, бүрдіктері және бедерлі сызықтары бар болуы мүмкін.
Қондырма жеңдері бар бұйымдардың жең ойығы төмен түсірілген, шаршы және т.б болуы мүмкін.(5-6 сурет).
Реглан пішімді жең екі бөліктен тұрады немесе иық тұсында ғана қиық бүкпесі болады. Ал қалған жері жеңі тұтас пішіледі.(7-8 сурет).
Жеңі тұтас пішілген бұйымдар үшін, жеңнің алдыңғы бөлігін алдыңғы бойымен бірге пішеді, ал артқы бойымен артқы жең пішіледі. Тұтас пішілген жең пішімдері әр түрлі болады. Жең асты қолтық тұсына кішкене қиық қоюға болады ол жең еркін қозғалуға және жең жақсы тұруға жақсы. Жең аузы түймелікпен, резинкамен, әдіппен, бейкамен т/б өңдеуге болады. (9,10,11)
Жеңдердегі бүкпелер, қатпарлар, бүктесіндер, бүрмелер, кесінділер мен бүрдіктер басқа бөлшектердегі сияқты өңделеді.

Қондырма жеңді өңдеу.
Сырт киімнің моделіне қарай жең конструкциясы әр түрлі болады. Олар қондырмалы, реглан,тұтас пішілген аралас пішімді, екі тігісті,бір тігісті.
Жең ауызы жармамен түймелі қатпармен бүрдікпен сәнді тігіспен т/б әдістермен өңделеді. Жазғы маусымдық сырт киімдер жең астармен, ал қыстық киімдер жылулық күпсе іштікпен дайындалады. Әйел бұйымдарында жеңдердің сыртқы түрі сан алуан. Пішу жөнінен жеңдер бір тігісті, екі тігісті, үш тігісті болса онда оған иніш салынады әр түрлі пішінде. Жеңдер әр түрлі тәсілмен әрленеді; бедерлі тігіс,бастырмалы тігіс.
Жеңді өңдеу әдісі мен реттілігі конструкциясымен қолданылатын матаға байланысты. Қыстық маусымдық киімдер жеңінің бөлшектері негізгі матадан және астарлық матадан пішіледі.Жеңнің ауызы созылып не желініп кетпеске және формасын ұстап тұру үшін шыдамдылыққа оған қатырма салып үтіктейді ені-3 см.
Жең конструкциясының ерекшелігін ескерместен оның өңделуі екі кезеңге бөлуге болады; 1.Жеңді өңдеу. 2.Жеңді бұйымға біріктіру.
Қондырмалы екі тігісті жеңді өңдеуде жеңнің үстіңгі және астынғы бөлшектерінің оң беттерін беттестіріп, алдыңғы қиығын теңестіреді де жоғарғы жағынан 10 мм көктеп тігеді.Астыңғы қиықтарын да теңестіріп көктеп бірінші өлшемге дайындап қоямыз. Дұрыс болса машинаға тігемізде қиық шеттерін торлаймыз.Көктеуді алып тастап жең үтіктейтін қалыпқа жеңді кигізіп теріс жағынан тігісті айыра үтіктейміз модельде шынтақ тұсында бедер тігіс болса онда бірінші тігісті тігіп барып үтіктейміз.

Жең өлшемі. №
Өлшем аты
Өлшем белгісі
Өз өлшем
1
Қол орамы
Қо
30
2
Жең ұзындығы
Жұ
58
3
Білезік орамы
Бо
24

Қондырма жең сызбасы.

Сызбаға белгі салу
Қиындылармен нүктелер аты
формуласы
Цифрлық есеп см

Ж
Тік бұрыш
-
-

ЖЕ
Жең ұзындығы
Ұжең
58

ЖЖ1
Жең ені (тор)
Қо + Қ
30+5=35

ЖЖ1 = ЕЕ1
Тіе бұрыш жасау
-
-

ОЕ2
Жеңнің ортасы
ЖЖ1 :2
35:2=17,5

ЖР
Жеңнің түбі және биіктігі
ЖР РР1
35:2=17,5

РОР1
Нүктелерді қосамыз және ирек сызықпен қосу
-ирек
-

Е3Е2Е4
Е2 нүктеден оңға, солға білезіктің өлшемін сызу
түзу
24:2= 12

РЕ3 Р1Е4
Түзу сызықпенен қиғаш қосамыз

Жаға үлгілері.

ІV. Сарамандық жұмыс.Қондырма жеңді формула бойынша сызу және дөңгелек, сүйір, тік жағаларды үлгі бойынша пішіп матаға тігу. ТҚЕ- сақтау және ескеру керек.
Оқушыларды 3-топқа бөлу және өздерін бағалау параққа жазып өздерін бағалайды.
1. Қондырма
2. Реглан
3. Тұтас
Қауіпсіздік ережелері:
Инемен жұмыс кезінде:
1. Тот басқан, майысқан, ұшы жоқ инемен тікпе
2. Инемен жұмыс істеген кезде оймақ ки
3. Инені арнайы жастықшаға түйре.
4. Жұмыс басында және соңында инелерді санап орнына қой
Қайшымен жұмыс кезінде:
1. Қайшыны жолдасыңа сабымен ұсын.
2. Өтпейтін қайшымен жұмыс жасама.
Үтікпен жұмыс кезінде:
1. Үтікті тоққа қосар алдында баусымын тексеріп ал.
2. Қолдың құрғақ болуын қадағала.
3. Үтіктеу кезінде баусымның үтік табаны астында қалып қоймауын қадағала.
4. Қызу режимін мата түріне байланысты келтіруді ұмытпа.

Оқушылар үлгі бойынша жағаны матаға пішеді.
1.Қол жұмысымен жағаны тігеді.
2.Мұғалім қадағалау,қатемен жұмыс жасау.
3.Тігістің сапасын тексеру.
Нұсқау карта бойынша оқушылар жұмыс жасайды. Оқушыларға нұсқау карта таратылады.
Нұсқау картаны талдаймыз, жұмыс мазмұнын түсінеміз. Қажетті құралдар мен материалдарды дайындап алып жұмысқа кірісеміз.
Мұғалімнің іс-әрекеті. Оқушылардың жұмысын бақылап, бағыт - бағдар беріп отырады.
1. Мұғалім тігістерді орындау технологиясын көрсетеді.
2. Оқушылар жоғарыда айтып кеткен ретімен тігістерді орындайды.
3. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қателерді түзеу.
V. Бекіту сұрақтары.

Қ
ы
н
а
м
а
л
ы

д
О
ғ
а
л

к
о
Н
с
т
р
у
к
ц
и
я
м
о
Д
е
л
ь
д
е
у

қ
о
н
д
Ы
р
м
а

Р
е
г
л
а
н

М
а
н
е
к
е
н

т
ұ
т
А
с

1.Силуэттің қандай түрі Қ әріпінен басталады. (қынамалы)
2. Жағаның түрін ата. (доғал)
3. Киім бөлшектеріне сызық түсіретінді не деп атаймыз? (Конструкция)
4.Жаңа киімдерді шығару, жаңа пішімдерді ойлап табу, өзінің қиялын жүзеге асыруды не дейміз? (модельдеу)
5.Киімдерде көп кездесетін жең.(Қондырма)
6. Иықтан басталатын жең.(Реглан)
7.Киімді өлшейтін зат. (Манекен)
8.Алдыңғы бой, артқы боймен пішілетін жең. (Тұтас)
ҮІ.Қорытынды.
1.Қол жұмысын жасаған кезде дұрыс отыру ережелері қандай?
2.Жағамен жеңді пішкенде матаның жібі қалай жату керек?
3.Жағаны қалай пішеміз оған қандай өлшем керек?
4.Қосымшаға неше см қалдырамыз ол не үшін аламыз?
5.Осы сабақтан алған нәтижелерің қандай?
6.Жағаның қандай түрлері бар?
7.Жағаны өңдеудің неше кезеңі бар?
1. Жең түбі деген не?
2. Жең түрлерін ата?
3. Жеңге қандай өлшемдер керек?
VІІ. Сабақ барысында сұраққа жауап берген оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма жағамен жеңді қайталау.

Нұсқау картасы.
Тік жаға формуласы

Белгілеу
Қиындымен нүкте аттары
Есептеу формуласы
1
АЖмой= 38
Жартылай мойын айналымы
ОА- 38:2=19
2
ОЖ
Жаға ені
4см
3
ОЖ=АА3
Жаға енін теңестіреміз тік төрт бұрыш етіп
4=4
4
А1 А2
Жағаның ұшын көтереміз
0,5 не 1см көтереміз

Сүйір немесе доғал жаға.

Белгілеу
Қиындымен нүкте аттары
Есептеу формуласы
1
АЖмой= 38
Жартылай мойын айналымы
38:2=19
2
ОЖ
Жағаның ойығы
3см
3
ЖЖ1
Жаға ені
10см
4
ЖА
Жаға ұзындығы
19см
5
ЖЖ1=АА3
Жаға енін теңестіреміз тік төрт бұрыш етіп
10=10
6
А1 А2= Ж2Ж3
Жағаның ортасын көтереміз
0,5 не 1см көтереміз
7
Жағаның ұшын доғал не сүйір жасаймыз өз қалауымыз бойынша

1. Жаға қандай бөліктен тұрады?
2. Жаға сызықтары мен қиықтарын атаңдар?
3. Жағаға қандай өлшем керек?
4. Жаға түрлерін атаңдар?
Нұсқау картасы.
Жең өлшемі.

Өлшем аты
Өлшем белгісі
Өз өлшем
1
Қол орамы
Қо
30
2
Білезік орамы
Бо
24
3
Жең ұзындығы
Жұ
58
Қондырма жең сызбасы.

Сызбаға белгі салу
Қиындылармен нүктелер аты
формуласы
Цифрлық есеп см

Ж
Тік бұрыш
-
-

ЖЕ
Жең ұзындығы
Ұжең
58

ЖЖ1
Жең ені (тор)
Қо + Қ
30+5=35

ЖЖ1 = ЕЕ1
Тіе бұрыш жасау
-
-

ОЕ2
Жеңнің ортасы
ЖЖ1 :2
35:2=17,5

ЖР
Жеңнің түбі және биіктігі
ЖР РР1
35:2=17,5

РОР1
Нүктелерді қосамыз және ирек сызықпен қосу
-ирек
-

Е3Е2Е4
Е2 нүктеден оңға, солға білезіктің өлшемін сызу
түзу
24:2= 12

РЕ3 Р1Е4
Түзу сызықпенен қиғаш қосамыз

1. Жең түбі деген не?
2. Жең түрлерін ата?
3. Жеңге қандай өлшемдер керек?

Жең өлшемі
Қо- қол орамы
30
Бо-білезік орамы
24
Жұ- жең ұзындығы
58

Қондырмалы жең

Қондырмалы жең

Реглан жең

Реглан жең

Тұтас жең

Тұтас жең
Мектепаралық оқу - өндірістік комбинаты

Ұқсас жұмыстар
Жаға сызбасының құрылымы
Тағам әзірлеу технологиясы
Стиль, сән, костюм туралы түсінік
Су моншақпен гүл жасау. 4 сынып
Молотилканың жұмыс процесі
Қазақтың ұлттық киімі-камзол тігу.
Халат тігу. Үлгіні пайдаланып матадан пішу
Әлемдік экономика мен ұлттық шаруашылықтағы қызмет көрсетудің ролі
Оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын және Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін ұғындыру
Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі ел қорғаны
Пәндер