Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Гүлдер біздің сәніміз

Атырау облысы
Индер ауданы
Көктоғай ауылы
Б.Нысанбаев атындағы шағын топ тәрбиешісі:
Аскарова Динара Каленовна

Тақырыбы: Гүлдер біздің сәніміз
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация
Мақсаты:
Білімділігі : 8 Наурыз мерекесі туралы және
гүлдер туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: Тілдерін дамыту.
Тәрбиелігі: Анасына деген құрмет пен
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Түрлі түсті ашықхаттар, желім
қайшы, сулық, үлестірмелі
материалдар.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Кәне, кәне тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Тұрсақ енді шеңберге
Алақанды ұрайық
Ұстаздарға бұрылып
Амандасып алайық
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Шаттық шеңберіне тұрады.
Ұйымдастыру- іздестіру
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Ең алғаш шығатын гүлді ата.
<<Гүлдердің таласы>> атты шағын әңгімені сахналайық.
Енді аңдар ұйқыдан оянып, бізге қонаққа бір аң келді. Соны қарсы алайық.
Бізге қоян қонаққа келіп қалыпты. Қолында жұмбағы бар екен, шешуге көмектесейік.
Гүл, гүл жайнап жер, аспан
Гүрілдейді сайда өзен
Гүл жазира жарасқан
Гүлдерменен қай кезең?
Адамдардың бәрі әдемілігіне қызығады
Су құймасаң сәні бұзылады?
Тәрбиеші балаларға аналарына арнап ашықхат жасауды ұсынады.
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Пластикалық жаттығу: <<Гүл қауызы>>.
Балаларға гүлдің бейнесін қимылмен салуды ұсыну.
Тәрбиеші балаларға аппликацияның жасалу ретін және үлгісін көрсетеді.
-Алдымен дайындаған қағазымызды ортасынан төменге дейін біріктіріп, дәл ортасынан қайшымен қиямыз.
Енді бізге гүлдің сабағы керек. Жасыл түсті қағазды алып, гүлдің сабағын қиямыз.
Тіктөртбұрышты қағазды алып, одан жапырақтың жобасын жасаймыз. Бұрыштарын абайлап кесеміз.
-Құмыраға арналған қағазды алып, бұны да бүктеп, дәл ортасынан қиямыз(көрсетеді).
-Мінекей біз ашық хат керектінің бәрін дайындап болдық.
-Бірінші құмыраны, одан кейін гүлдің сабағын, гүл бөлігі мен жапырақтарын орналастырамыз.
-Енді желім жағатын қылшаны аламыз, дайындалған заттарымызға теріс жағынан желім жағамыз, абайлап жұмыс жасаймыз. Енді жапсырамыз, оның үстін арнайы дайындалған сулықпен тегістеп, жабыстырамыз.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Сұрақтарға жауап береді.

Көктем

Гүл

Балалар әдемі әуенмен гүлдің қимылын келтіреді.
Шынтақтарын үстелге қойып, қолдарын қосады. Алақандарымен ашылмаған гүл қауызын жасайды. Гүл күннің шуағына бөленіп, ашыла бастайды. Балалар алақандарын аша бастайды-ашылған гүлді келтіреді.
Желмен тербелгендерін көрсетіп, бастарын әрі-бері бұрады.

Жұмыс жасалу ретімен танысады, тәрбиешіні тыңдайды.
Жұмысқа кіріседі, барлық жапсырмаларды дайындайды. Алдымен құмыраны, сабағын, гүлді және жапырақтарды жабыстырады.

Рефлексивті - түзетушілік
-Қандай гүлдер гүлдеді біздің ашықхатта! Сүйіспеншілік пен құрметіміз, нәзіктік сезіледі.
Қуаныштарын білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:

Геометриялық пішіндерді қиып, гүлдерден ашықхат жасайды.
Нені игереді:

Еңбектену арқылы жақындарына қуаныш сезімін сыйлай алатындарын.
Нені біледі:

Анасына сыйлық жасау барысында оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.

Ұқсас жұмыстар
Бәйшешекті оятар
Туған күніңмен, балақай!
Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні
Бауырласпыз бәріміз, Қазақстан жерінде
Біздің балабақшада
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Көктем мерекесімен, анашым
Сері болған баланың, Өрге жүзіп өнері
Қош келдің,төрлет наурызым!
Елін сүйген елбасы 2 сынып
Пәндер