Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дін - ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің (Имаммен кездесу)

Жалдама жалпы білім беретін орта мектебі

Кездесу

Тақырыбы:
Дін - ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің
(Имаммен кездесу)

Өткізген: Информатика пәні мұғалімі - Тайкелдин Р.С.

2016-2017 оқу жылы
Жердің жүзін дәл тауып,
Ешбір дін жоқ орныққан.
Бәрінде де бар қауіп,
Дін көбейді сондықтан.
( Ш. Құдайбердиевтің <<Дін>> өлеңі )

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі ұйымдастырылып отырған <<Дін - ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің>> атты кездесуімізге қош келдіңіздер.
Отырысымызды бастамас бұрын, келіп отырған қонақтарымызды таныстырып өтсем.
Аманкелді ауданы ішкі саясат бөлімінің теолог маманы - Ысқақов Аслан Мүбәракұлы.
Ауылымыздағы <<Шайхы молла>> мешітінің имамы, Қажы, дін жанашыры - Сапин Дархан Ғазезұлы ортамызға келіп отыр. Қош келдіңіздер.

Дін - адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы. Дін - адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін - имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жоқ халықтың болашағы жоқ.
Ал, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы - мына біздер. Біз - бақытты ұрпақтармыз. Себебі, Егеменді, Тыныш, Тәуелсіз, Ынтымақты, Берекелі Мемлекетте уайым-қайғысыз еркін өмір сүріп жатырмыз. Бұлай деуімнің себебі - қазір шет мемлекеттердегі саяси жағдайларды көрсең, қан төгіс, ұрыс, шабыс, соғыс. Сол кезде шүкіршілік етіп, тәубе,-дейміз.
Әр адамның діни көзқарасы, пікірі әр түрлі болады. Жан-жағыңа қарасаң, көшеде жүрсең сырт тұлғасы қазіргі қоғамға келіспей киінген аға, әпке, замандастарымызды көргенде, неге сонша сана-сезімі төмен, неге сонша еліктегіш екен,-деп іштей налып қаламыз.
Біздің тәуелсіздігімізге мойын ұсынбайтын, мемлекетімізге шүбә келтіретін, балақтарын тобықтарынан жоғары кесіп, қысқа шалбар киген, иектеріне бейберекет сақал өсіргендер өздерінің <<мұсылманның өмір салты Құран қағидаларынан құрылу керек>>,-деп әңгіме таратып, әдейі ислам дінін жат пиғылды қылып көрсету үшін әр түрлі амалдарға барып жүр.

Осы орайда сөзімнің дәлелі ретін экрандағы бейнежазбаға назар аударайық (Бейне жазба: <<Дін - ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің>>).
Құрметті Аслан Мүбәракұлы, <<Дін - ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің>> деген сөзге өзіңізіздің пікіріңізді білдірсеңіз. (Көп рахмет)
Біздің басты байлығымыз - Тәуелсіздік, қазақтың болашағы - қазақтың қолында, қазақтың жерінің де, тарихының да, дәстүрінің де иесі - өзіміз. Сондықтан, жақсы қасиеттерімізді сақтап, теріс пиғыл, елдің шырқын бұзатын жағымсыз әдеттерден аулақ болуымыз керек. Ата-ана бізден үлкен үміт күтіп отыр. Біз, үкілеген үміттер, таза жүруге, таза сөйлеуге тиістіміз. Көптеген жастарымыз діннің құндылықтарын дұрыс түсінбей, қасіретке ұшырап жатыр. Бұл жөнінде журналистер шырылдап шындықты жазып та жатыр, көз жасы көл болған ананың аянышты, ащы даусын теледидардан көрсетіп те жатыр. Бірақ жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ секілді дінсіздер күннен-күнге көбейіп барады...

Дархан ағай, мына отырған оқушылар мектеп табалдырығын аттап, бітіріп кеткен соң бәрі жан-жаққа қалаларға оқуға кетеді. Ол жақта біз сияқты <<әй, өйтпе, бүйтпе>> дейтін, не мұғалім, не ата-ана жоқ. Қараусыз. Енді осы оқушыларға теріс жолға түсіп кетпеудің сақтану жолдарын айтып жіберсеңіз.

Бұл мәселе Елбасын да толғандырып отыр. Жоғары мінбелерде талданып та жатыр.
Елбасы Жолдауда жастар мәселесін ерекше атап өтті. Жолдауда жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге, тәрбиелеуге көп көңіл бөлінген. Оған қоса, дін мәселесін де Елбасы айналып өткен жоқ.
Қазақ халқында <<Дініңді ұстай алсаң - қасиетің, ұстай алмасаң - қасіретің>> деген ұлы сөз бар. Елбасымыздың ел экономикасын, әлеуетін дамытуға атсалысуға шақырған игі бастамаларын іліп әкетіп, жұмыс істейтін болсақ, өзіміздің зайырлы мемлекетіміздің іргесін одан сайын бекіте түсіп, 2050 жылы бірге жаңа белестерге жетеміз,-деп үміттенемін. Халқымыздың салауатты өмір сүруіне, денсаулығының зор болуына болашақта үлкен үлес қосамыз,-деп сеніммен айта аламын.
Осы орайда, биыл мектебімізден түлеп ұшқалы отырған түлектеріміз артындағы іні-қарындастарына бірер ауыз сөз айтсын. Дін - дегенді қалай түсінеміз.
Біздің қазақ дінді таза ниетпен, жүрекпен қабылдаған. Дін түркілердің күллі салт-санасы мен ырымына, әдет-ғұрпы мен танымына балдай батып, судай сіңді. Дін - біздің темір қазығымыз. Бұл темір қазығымыз - ар-ұждан тәрбиесі мен обал-сауап тәрбиесінен құралған. Алланың берген алтын қазығы. Тарихымыз бен әдебиетіміз осы діннің құдыретін бойымызға сіңіргенін ұмытпауымыз керек.
Дәл қазір түрлі ағымның шырмауынан шыға алмай жүрген психологиясы әлсіз жастарымыз көп. Діни экстремизмге, діни сауатсыздыққа тосқауыл қоймасақ, еліміздің тыныштығы, берекесі бұзылары анық. Исламның нағыз жауына айналып, қазақтың арасына жік салып, тура жолдан тайғандар әке-шешесінің айтқанын тыңдамай, қатігезденіп барады. Бұндайлар - қоғамға қауіпті.
Дін - біле білгенге рухани азық, білмегенге - от, оттан өрт шығады. Осы қасиетті рухани азықты қадірлей білейік, Алла тағала қасіретке ұшыраудан сақтасын.
Қатысқандарыңызға көп рахмет

Ұқсас жұмыстар
Бір көзім
Сабақ барысын
Тәлім сөз – тәрбие құралы
Әдеп - ең қымбат мирас
Ата сөзі санамада
Әдеп басы - тіл
Бала тәрбиесі сіз үшін үлкен мәселе
Ойлан тап (интеллектуалды ойын)
Топ ұраны
Әдеп – ең қымбат мирас жайлы ақпарат
Пәндер