5-сынып: Натурал сандарды көбейту және бөлу - қайталау сабақ жоспары

F:\винетька\IMG_2670.JPG Павлодар облысы

Лебяжі ауданы

Тақыр жалпы негізгі білім беру мектебі

Математика пәнінің мұғалімі Бастенова Алина Бейбутовна

Күні

Сынып 5

Сабақтың тақырыбы: Натурал сандарды көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты :

  1. Білімділік:оқушыларға натурал сандарды көбейту және бөлу ережелері бойынша есептер шығару; бірдей қосылғыштардың қосындысын табу көбейту амалымен орындалатынын ары қарай дамыту, мысалдар арқылы көрсету; алған білімдерін тиянақтау, тексеру; өткен материалдарды толық пысықтату;
  2. Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануда өзіне сенімділігін арттыру; оқушылардың білім деңгейін көтеру, деңгейлік тапсырмаларды меңгерту;
  3. Тәрбиелік: оқушыларды білімді саналылықпен меңгеруге үйрету, ойда сақтау қабілеттіліктерін дамыту.

Сабақтың түрі : қайталау сабағы

Көрнекіліктер :қағаз, жұмыс дәптері, карточкалар, кубик

Сабақтың өту барысы :

  1. Ұйымдастыру

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) Сабақтың мақсатымен таныстыру

  1. Үй тапсырмасын сұрау(3минут)

№260

  1. 884/17=52м

Бала 1 минутта 52м қашықтыққа барды

  1. 52*13=676 м

Бала 13 минутта 676 м қашықтыққа барды

№270

8*(5*3+17) =8*(15+17) =8*32=256

(12*8+25) /11=(96+25) /11=121/11=11

Қосымша сұрақтар қою : (2 минут)

  1. Натурал сандар дегеніміз не?
  2. Натурал сандардың қатары
  3. Кез келген санды нөлге көбейтсек қандай сан шығады?
  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты: натурал сандарды көбейту және бөлу, бөліндінің негізгі қасиеті, оны есептеулерде қолдану, алған білімдерін ары қарай жетілдіріп тиянақтау.

Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топ басшысы тандалады.

1 кезең Есептеу (5+5 минут)

Қағазға 1 - топ натурал сандарды көбейтуге арналған 4 өрнек жазады

Қағазға 2 - топ бөлуге арналған 4 өрнек жазады . (жауаптарын өздері білуі тиіс) . Қағаздармен ауысып топпен шығарады.

2 кезең Жұппен жұмыс жасау (7 минут)

12 т нан дүкендерге жөнелтілді. Бір дүкенге 2070 кг, екіншісіне одан 3 есе артық, ал қалғаны үшінші дүкенге жіберілді. Үшініші дүкенге қанша килограмм нан түсті?

Шешуі:

2070⋅3=6212

2070+6212=8250

12000-8250=3720

Жауабы: 3720 кг нан түсті.

Мектепке бірде бағамен қазақ батырларының 6 портреті және қазақ билерінің 4 портреті сатып алынды. Оларға 1960 теңге төленді. 1 портрет неше теңге тұрады? 6 портрет ше? 4 портрет ше?

Шешуі: 6+4=10 1960∶10=196

196⋅4=784 196⋅6=1176

Жауабы: 1 портрет 196 тг, 4 портрет 784 тг, 6 портрет 1176 тг.

Хауызға 1 сағатта бірінші құбырдан 85 м 3 су ақса, екінші құбырдан 70 м 3 су ағады. Егер су екі құбырдан қатар ақса, 620 м 3 су хауызға неше сағатта жиналады?

Шешуі:

  1. 85+70=155

Су екі құбырдан 155 м 3 ағады.

  1. 620 : 155=4

Жауабы: 620 м 3 су хауызға 4 сағатта жиналады

Бірінші токарь 5 сағатта 240 бөлшекті станокта жонып дайындайды. Екінші токарь 1 сағатта одан 16 бөлшекті кем дайындайды. Егер екі токарь станоктарда қатар жұмыс істесе, олар осы тапсырманы неше сағатта дайындайды?

Шешуі:

  1. 240:5=48

Бірінші токарь 1 сағатта 48 бөлшек дайндайды.

  1. 48-16=32

Екінші токарь 1 сағатта 32 бөлшек дайындайды.

  1. 240/(48+32) =240/80= 3

Жауабы: екі токарь станоктарда қатар жұмыс істесе олар тапсырманы 3 сағатта орындайды.

Сергіту сәті:

Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ,

5- ке 5- ті қосқанда

Болып қалды 10 саусақ

3 кезең Математикалық диктант (12 минут)

  1. 12 мен 100 сандарының көбейтіндісін санды өрнек түрінде жазындар және есептендер

12*100=1200

  1. 42 мен 14 сандарының бөліндісін өрнек түрінде жазындар және есептендер

42/14=3

  1. 316 және 79 сандарының бөліндісінің 9 -ға қосындысын өрнек түрінде жазындар

(316:79) +9

  1. 879 және 1562 сандарының қосындысының 63 -ке көбейтіндісінің өрнегін жазындар

(879+1562) *63

  1. 250 -ден 15 және 12 сандарының көбейтіндісін азайтқандағы айырмасын өрнек түрінде жазындар.

250-(15*12)

  1. х пен 8 санының айырмасының мәнін табындар, мұндағы х=20

х-8=20-8=12

  1. Қорытындылау (7 минут)

Кубизм стратегиясы (кубтың әр қырында сұрақ жазылып тұрады, әр оқушы шығып кубты лақтырады да шыққан сұраққа жауап береді)

  1. Үйге тапсырма беру: (2 минут) жұмыс дәптерінен №
  2. Бағалау(2 минут) 4\Топ жетекшісі мұғаліммен бірге оқушыларды бағалайды

Ұқсас жұмыстар
Сабақ жоспары: Бөлшектерді көбейту - жай бөлшектерді, аралас және натурал сандарды көбейту
Нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу: сабақ жоспары
5-сынып математикасы: Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту - сабақ жоспары мен бағалау
5-сынып: Натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу және салыстыру
5-сынып: Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу - сабақ жоспары
5-сынып: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту - сабақ жоспары
5-сынып математика сабағы: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
Нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу
5-сынып математика: Натурал сандарды оқу және жазу (Сабақ №1-№2)
Рационал сандарды көбейту: ойын арқылы өткен тақырыпты қайталау және бекіту (5-сынып)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz