Сабақ жоспары :: Химия
Файл қосу
Ароматты көмірсутектер .Бензол
Химия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ароматты көмірсутектер .Бензол
Білімділік мақсаты :Ароматты көмірсутектер туралы мағлұмат алу,оқушылардың танымдық тапсырмалар арқылы инновациялық ой-өрісін дамыту,ұшқырлыққа дағдыландыру;
Дамытушылығы: өз бетінше жұмыс істеуге ,ізденушілік қабілетін дамытуға баулу; пәнге деген қызығушылығын арттыру,жауапкершілікті сезінуге үйрету,
Тәрбиелігі: сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі : жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың әдісі : түсіндіру , СКТ ,тренинг , жұмбақтар ,сұрақтар
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация-слайдтар,атом моделдері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Сыныптың сабаққа қатысын түгендеп,назарын сабаққа аудару және 3топқа бөлу: Алкандар, Алкендер, Алкиндер
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым - зия
Жаңалып бірі жаралған.
Өмірдің бірақ керегін,
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей, сірә, тереңге.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Көмірсутектер дегеніміз не, олар қалай жіктеледі?
2.Олардың бір- бірінен айырмашылығы неде?
3. Көмірсутек молекулаларының модельдерін дайындау (метан, этилен, ацетилен)
4.Мына айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар
CaC2 C2H2 CO2 CaCO3
5. Көмірсутектегі көміртек пен сутектің массалық үлестері сәйкесінше 75% және 25%. Көмірсутектің оттек бойынша салыстырмалы тығыздығы 0,5. Заттың молекулалық формуласын анықтаңдар.
6.СaСО3 СaО СaС2 НС ≡ СН Н2CO3
7.Алкиндер (ацетилен) туралы әңгіме құрастырыңдар:
құрылым формуласы,жалпы формуласы,жұрнағы,физикалық қасиеттері,алынуы, химиялық қасиеттері,қолданылуы
Жаңа сабақ:
І бөлім <<Ой қозғау кезеңі>> Сызықтық диктант. Иә+ жоқ-
1.С2H2-ацетилен
2Этан-ацетиленді көмірсутектер
3.Екі изомері бар
4.Түссіз, иіссіз газ
5.Көп күйе бөлмейді
6.Металды кесуге пайдаланады
7.Кальций карбидінен алады
8.Қос байланысы бар
9.Сумен әрекеттеседі
10.Ацетилен алкиндер тобына жатады.
<<Білім еске сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім>>деген Л.Толстойдың нақыл сөзіне сүйене отырып бүгін ароматты көмірсутектер ,оның өкілі бензол жайында айтамыз.
ІІ. Мағынаны тану
Молекула құрамында бензол сақинасы бар жалпы формуласы Cn H2n-6 болатын карбоциклді көмірсутектер.Оларды арендер деп атайды. Ароматты сөзінен ар-, молекуласындағы қос байланыста болғандықтан-ен жұрнағы жалғанады. Бұл қатардың алғаш табылған өкілдері хош иісті болғандықтан,гомологтық қатар осылай аталған.Ароматтылықтың белгісі - молекула құрамында бензол ядросының немесе бензол сақинасының болуы.
Сатылай кешенді талдау жоспары
1.Алынуы.Ацетиленнен 3 С2Н2 С6Н6
2.Жалпы формуласы Cn H2n-6
3.Физикалық қасиеті:Улы сұйықтық,өзіне тән иісі бар,түссіз тез оталатын,балқу т 5,5°С, қайнау т 80,1°С, буы ауамен араласып, қопарылғыш қоспа түзеді,судан жеңіл,суда ерімейді,
4.Бензолдың молекулалық формуласы С6Н6.
5.Жұрнағы "ен"
6.Химиялық қасиеттері: жану a ) 2C6H6+15O2 12CO2+ 6H2O
H2C
H2C CH2
ә)қосылу реакциясы: C6H6+3H2 Pt
H2C CH2
H2C
циклогексан
б)орын басу реакциясы C6H6+CI2 C6H5CI+ HCI
хлорбензол
7.Қолданылуы:өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын препараттар , бояғыш,қопарылғыш заттар алуда,дәрі-дәрмектер,улы химикаттар,органикалық еріткіш ретінде қолданылады
8.Экологиялық аспектілері:
Бұл ароматты көмірсутектер қоршаған ортаға мұнай ингредиенттері және таза зат ретінде түседі. Қала атмосферасының ұшқыш ароматты көмірсутектермен ластануы ең алдымен транспорт құралдарымен байланысты және бұл қала ауасының ластануының 50% құрайды. Қоршаған ортаның ароматты көмірсутектермен ластануы орман өрттері арқылы болады.Бензол ағаш немесе басқа органикалық қалдықтарды жаққанда түзіледі. Мысалы, 1 т бақтағы қоқысты өртегенде шамамен 1,4 кг бензол бөлінеді.
Су бензолмен ластанған жағдайда омыртқасыздар, балдырлар да зардап шегеді. Судағы концентрациясының 20 мг/л - ден асуы балықтардың қырылуына әкеледі.
Жоғары дәрежеде уланғанда адамдардың артериялық қан қысымы төмендейді, дененің дірілдеуі пайда болады. Негізінен адам ағзасына бензол тыныс алу жолдары, ауыз су, азық - түлік арқылы енеді. Ағзада бензол сүйек майында , май ұлпаларында концентрленеді, ал тотығуы бауыр мен сүйек майында өтеді.
Қосымша хабарлама .Бензол өте көптеген органикалық қосылыстарды синтездеуге негізгі зат болады. Нитрлеу реакциясы арқылы нитробензол C6H5NO2 алады; бензолды хлорландыру арқылы, хлорбензол С6Н5СL (еріткіш) және басқа да хлор туындыларын алады. Бензолды синтездегеңде дәрі-дәрмектік және хош иісті заттар, әр түрлі бояулар, үлкен молекулалы қосылыстарды және т.б. синтездеуге арналған мономерлер алу үшін бастапқы өнім ретінде пайдаланады. Ол еріткіш ретінде де қолданылып қасиеттерін жақсарту үшін мотор жанармайына қосылады.
Бензолдың және басқа да көмірсутектерінің хлор туындылары ауыл шаруашылығыңда өсімдіктерді химиялық жолмен қорғау құралы ретінде қолданылады. Мысалы, бензолдағы сутегі атомдарының орнына хлор басу нәтижесінде түзілетін өнім -- гексахлор-бензол С6Н6 қатты қара күйеге қарсы бидай мен қарабидай тұқымын құрғақ өңдеу үшін қолданылады. Басқа көмірсутектердің галоген туындыларынан гексахлорбутадиенді C4CL6 атауға болады, оның құрылысы, 1,3-бутадиенге ұқсас, жүзімдіктерде филлоксераға қарсы қолданылады.
Гомологы: толуол-метилбензол( C7H8)C6H5-CH3
Толуол -- медицинада және медициналық өндірісте,сол сияқты кейбір дәрі-дәрмектерді даярлауда еріткіш ретінде қолданылатын, адам үшін уытты, оның жүйке жүйесін және қан жасау мүшелерін зақымдайтын хош иісті, көмірсутек.
Бекіту сұрақтары: (Интерактивті тақтамен жұмыс)
1. Нәтижесінде көмірқышқыл газы мен су түзілетінін ескеріп, бензолдың жану реакциясының теңдеуін жазыңдар.
2. Көмірсутектердің қандай түрлерін білдік, әрқайсысына мысал келтіріңдер.
3. Бензол (С6Н6) мен циклогексанның (С6Н12) толық жану реакцияларының теңдеулерін жазып, бөлінетін көмірқышқыл газының көлемдерін салыстырыңдар.
СИНКВЕЙН
1 жол - зат есім (синквейн тақырыбы)
2 жол - екі сын есім
(синквейн тақырыбын ашатын)
3 жол - үш үстеу (қозғалысты сипаттайды)
4 жол - сөйлем н\е фраза
(тақырыпқа байланысты айтылған)
5 жол - синоним (резюме-сөз)
1 жол - бензол
2 жол - хош иісті, түссіз сұйықтық
3 жол - жанады, ерімейді, қосылады
4 жол - Ароматты көмірсутектердің ең қарапайым өкілі
5 жол - арен
ІІІ бөлім. Есеп шығару бөлімі №4
Төмендегі берілген заттардың қайсылары ароматты көмірсутекке жатады: а) С6Н14 ә)С6Н6 б) С6Н12 в)С6Н10
№5 есеп
2. Мына айналуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулдерін жазыңдар және алынған заттарды атаңдар. С2Н6 -->С2Н4-->С2Н2-->С6Н6-->СО2
ІҮ бөлім Тренинг ойыны
Сенесің бе,сенбейсің бе ? <<Иә>> ˆ, <<жоқ ->> деп жауап береді.
1.Бензол-ароматты көмірсутек
2.Ароматты сөзі-жағымсыз.
3.Оттегімен әрекеттеспейді .
4.Хлормен әрекеттеседі.
5.Халықаралық атауы-арендер
6.Молекула құрамында бензол ядросының болуы
7.Ацетиленнен алынады
8.Толуол гомологы
9.Бензол улы сұйықтық
10.Бензолдан әртүрлі бояулар ,пластмассалар алынады
Ү.Бөлім Жұмбақ әңгіме
Мен туралы аңыз әңгіме көп. Өзіме тән иісім бар. Тез оталамын. Улы сұйықтықпын. Ольга деген орыс қызына үйленіп, әрекеттесемін. Мен Халықпен өте тығыз араласамын. Менен әр түрлі бояулар,дәрі-дәрмектер .пластмассалар ,қопарғыш заттар алады. Өзіме жақын досым бар-Толыбай.Құрамым бірдей.Мен және менің туыстарым кімдер?
Жауаптары : Ольга - оттек , Халық-хлор, Толыбай-толуол, бензол және оның гомологтары туралы айтылған.
ҮІ. Сөзжұмбақ шешу.
1.Қаныққан көмірсутектің 4-ші өкілі
2.Қанықпаған көмірсутектердің жұрнағы
3.Ароматты көмірсутек қалай аталады?
4.Мұнайдан алынатын өнім
5.Бензолдың туысы
6.Бензол қандай сұйықтық
Сөзжұмбақты шешкенде ароматты көмірсутектің өкілі аты шығады.
Жауаптары:
1-бутан ,2-ен,3-арен,4-бензин,5-толуол,6-улы
Сөзжұмбақ>> <<Бензол>>
Сабақты қорытындылау. <<Білімнің басы-бейнет, түбі-зейнет>>.Оқушыларды мадақтап,бағалаймын.
Үйге тапсырма
Химия 9"а"сыныбы 14.04.16
Сабақтың тақырыбы: Көмірсутектерді қолдану және өңдеу, экологиялық мәселелер,өндіру кезіндегі қиындықтар
Білімділік міндеті: Көмірсутектердің табиғи қорлары, пайда болуы, құрамы, алынуы , қолданылуы , өнімдері туралы түсінік беру.
Дамыту міндеті: Органикалық заттар қатысуымен жүретін химиялық реакция теңдеулерін жазу, есеп шығару дағдысын дамыту.
Тәрбие беру міндеті: Өндіріс саласына кәсіби бағдар беру, экологиялық , экономикалық тәрбие беру.
Сабақ түрі: Дамыта оқыту.Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Зерттеу, салыстыру, жекелеме және топтық жұмыс, ауызша / сұрақ-жауап/, жазбаша сұрақтар, интерактивті тақтамен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Биология , тарих, география
Техникалық құрал: Интерактивті тақта
Құрал - жабдықтар: Жинақтама мұнай,мұнай өнімдері,каучук,жасанды талшық,жанғыш газдар,вазелин,парафин,спирт шам,ұстағыш
Оқыту ұстанымы : <<Білімдіден білуге, аз білуден көп білуге үйрету>>
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
а/ мұғалім мен оқушылардың өзара сәлемдесуі, оқушыларды түгелдеу, сабаққа көңілін аударту
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Көмірсутектер табиғатта қайда кездеседі?
2. Көмірсутектердің табиғи қорларын ата?
3 Еліміздің табиғи газға бай аймағын атап,картадан көрсетіңдер
4.Мына өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
а) СaСО3 СaО СaС2 НС ≡ СН Н2CO3
ә) С CH4 CH3 Br CH3 - CH3 CO2
III. Мағынаны тану :топтық жұмыс
Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша
1-топ мұнай
2-топ газ
3-топ көмір туралы өз ойларын айтып шығады,слайд түрінде жұмыстарын қорғайды
IV. Жаңа тақырыпты толықтыру:.
Мұнай , мұнай өнімдері, табиғи газ, көмір қолданыстағы қайта қалпына келмейтін дәстүрлі энергия көздері. Мұнай , табиғи газ, көмір, ағаш, жанғыш сланц- табиғи отын, ал кокс, мотор отыны , генератор газы т.б. жасанды отын. Агрегаттық күйлеріне қарай - қатты, сұйық, газ тәрізді отын түрлері белгілі.
Қолданылуына қарай аттары ядролық отын, реактивтік отын, жанғыш заттар делінеді.
Жанғыш заттар көміртектен тұрады.Осыдан өсімдік және жануар көптүрлі, әрі байлық. Көміртек ДНҚ құрамына да кіреді. 70 кг салмағы бар адамдарда 16 кг, ал бұлшық ет 64% көміртектен тұрады.
Жанғыш заттардан энергия өндіріледі. Ал энергия әртүрлі физикалық үрдістерді / балқыту, кептіру, қыздыру т.б./, химиялық айналымдарда реагенттерді қыздыру үшін қажет.
Интерактивті тақтада <<Әлемдегі энергия мөлшері>> суретінен зерттеуді салыстыру. Адамзат пайдалануына жылына 7,5 млрд. т. көмірсутек қажет, оның 95 % -і отын ретінде жұмсалады. Газ -22%, көмір - 27%, ядролық энергия , т.б.- 11% , мұнай - 40 %. Мұнай, таскөмір көп, мұнайдан газ 2 есе аз.
Атауы
Құрамы
Қолданылуы
Табиғи газ
95% метан
Өндірістік газ
Тұрмыстық газ
Таскөмірді кокстеу газы
50%-ға жуық сутегі
30%-ға жуық метан
10%-ға жуық көміртек оксиді
Өндірістік газ
Тұрмыстық газ
Коңыр көмірді кокстеу газы
35%-ға жуық сутек
20%-ға жуық көміртек оксиді
15% -ға жуық метан
18%-ға жуық көмірқышқыл газы
11% -ға жуық азот
Өндірістік газ
Тұрмыстық газ
Оқушылар <<Жанатын пайдалы қазбалар >> сызбанұсқасын әңгімелейді.
Көмір - жер қойнауында миллиондаған жылдарда пайда болды. Көмір - көміртек элементінің түр өзгерісі. Маңызды қасиеті - жанатындығы , жылу беретіндігі.
Кен орындары, өңдеу, өндіру саласында туындайтын экологиялық проблемалар туралы ситуациялық сұрақтар беру тақырыптың мәнін аша түседі.
Өндірісті үйрену үшін бірнеше минут бойы өзін кәсіп иесі ретінде сезіну, рольдік ойындар ұйымдастыру. Оқушыларға әртүрлі маман иелері туралы деректі және көркем фильмдер көру, баспасөз беттерінен оқып , танысуын тапсырдым.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев біздің мақсатымыз - 30 озық ел қатарына кіру екенін айтты Экономикамыз жақсарып , жаңа жұмыс орындары ашылып, оқытып, даярлануда.
Үштілді үйренуде тақтаға аудармасы жазылады.
Қазақша: <<табиғи газ>> , мұнайға серік газдар
Орысша: <<природный газ>>, <<попутный газ>>
Ағылшынша: <> /нэчэрэл/ oil gas with /оил газ уиз/
Y.Тәжірибе: парафинді қыздыру
VI. Жаңа тақырыпты бекіту
1.Оқушыларды оқу еңбегіне баулуда әдістемелік оқулықтарда берілген есептерді шығару.
2.<<Ойландырар..... сұрақтар>>
3.Мұнайды,көмірді өңдегенде алынатын өнімдерді схема арқылы түсіндіру
VІI. Үйге тапсырма беру. §52-54 Тақырып соңында берілген тапсырмаларды орындау.
VІІI. Қорытынды.
Химия өнеркәсібі - ауыр индустрияның маңызды саласы. Өндіріс туралы берілген ақпараттар политехникалық білім беру мәселесін шешеді. Ғылым мен техниканы оқып үйренеді
Өндірістік материалдар химияның, биология, физика, математика , сызу , т.б. пәндерімен байланысын химиялық мәліметтермен толықтырады. Оқушының қызығып тыңдаған сабағы есінде мәңгі сақталады.
IX. Білімдерін бағалау. Оқушылардың берген жауаптарын толықтыру. Өзін - өзі және ұжымдық бағалау рейтінгісі шығарылды

Ағылшынша: <

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz