Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу

Мұғалімнің аты-жөні: Токина Жанель Асанқызы
Күні: 20.02.2015 жыл
Сыныбы: 6 <<ә>>
Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың білімін пысықтау, жүйелеу, тақырыпты меңгеру деңгейлерін анықтау.
2.Оқушыларды үнемі өз білімдерін қорытындылауға, пысықтауға, толықтырып отыруға тәрбиелеу, жеке жұмыс жасауға дағдыландыру, білімдерін тереңдету.
3.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа баулу.
Міндеттері:
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге арналған есептерді шығара білу;
oo Санды теңсіздіктердің қасиеттерін білу;
oo Координаталық түзуде сан аралықтарды ажырата білу. Координаталық түзуде қиылысуын және бірігуін таба білу:
oo Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікке арналған есептерді шығара білу.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме кеспелер, интерактивті тақта,плакаттар, қазақ - орыс халықтарының тағамдары.
Техникалық құрал: проектор, слайд
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: топтық жұмыс арқылы білімді пысықтау сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, практикалық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. ( 3 минут)
А)Оқушыларды түгендеу
Ә) Сергіту сәті <<Шаттық шеңбері>> жылы лебіздер арқылы.
Б) Топтастыру Геометриялық (Оқушыларды екі топқа бөлу <<Теңдеулер>> және <<Теңсіздіктер>>)
Күтілетін нәтиже:
oo Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шеше алады.
oo Санды теңсіздіктердің қасиеттің біледі.
oo Координаталық түзуде сан аралықтарын ажыратады. Координаталық түзуде қиылысуын және бірігуін ажырата біледі.
oo Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шеше алады.

І. Ұйымдастыру кезеңі: ( 3 минут)

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және бүгінгі сабағымыздың қонақтары. Бүгін біздің сабағымыз ерекше сабақ.

2015 жыл Қазақстан халқы ассамблеясының жылы деп бекітілді. Ұлт пен ұлыстар сүттей ұйып, татулық пен келісімнің тұмарына айналған Қазақстан бүгінде көпшілікке үлгі болып отыр. Қазақстан өңірінде 130 - дай ұлт өкілдері бір - бірімен тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Нақтырақ айтатын болсақ, 1 наурыз - Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні. Осы күнге орай бүгінгі сабағымызды мен Қазақстан ассамблеясына арнағым келіп отыр. Мен сіздерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.

Мұғалім оқушыларға сәттілік тілейді:

Күннін шуағындай жылу тілеймін.
Қажымас қайрат тілеймін.
Таудай талап тілеймін.
Сәттілік тілеймін.
Оқушылар <<рахмет>> айтады.

І. Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)
Мұғалімнің сөзі: Бүгін біз сабақта топпен жұмыс істейміз.
Оқушылар <<Шаттық шеңберге>> тұрып жылы лебіздер білдіреді.
Топқа бөліну:
Оқушылар өздеріне ұнаған фигураларды таңдау арқылы топқа бөлінеді. Сол таңдалған фигуралардан үй құрастырып тақтаға жапсырады, қасына ағаш жапсырады.
Мақсаты: серіктестік қарым-қатынас жасауға ыңғайлы орта құру.
Мұғалімнің сөзі:
oo Әр топтан топ мүшелерімен ақылдасып, топ басшысын сайлаңыздар.
oo Әр топқа бағалау парағын таратамын.

І топ -теңдеулер, ІІ топ - теңсіздіктер

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (3 минут) Қайталау сұрақтары. (Интерактивті тақтада сұрақтар жазылып тұрады)
Оқушылар сұрақтың жауаптарын интерактивті тақтада тексереді.
1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деген не?
2. Мәндес теңдеу деген не?
3. Егер a != 0 болса, онда теңдеудің неше түбірі болады?
4. Сан аралығының неше түрі бар?
5. ( 2; 7 ) сан аралығының оқылуы және сан аралығының аты қалай?
6. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік дегеніміз не?
7. [-3;5] және [-1;9] сан аралығының қиылысуын табыңдар.

Мұғалімнің сөзі: ( 2 минут )
Құрметті оқушылар!

Біз сіздермен бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер тақырыптарын бүгін пысықтаймыз. Сіздер жаңа геометриялық фигураларды таңдау арқылы екі топқа бөлініп, фигулардан үй құрастырдыныздар. Енді бүгінгі сабақта есептер шығару арқылы, Қазақстан ассамблеясының мерейтойына қатысты, <<Қазақ>> және <<Орыс>> ұлт өкілдерінің баспанасын құрастырып көрсетеміз.
Оқушалар сіздер білесіздер ме?
oo Қазақ халқында баспанасы қалай аталады?
oo Киіз үй
oo Орыс халқының баспанасы?
oo Изба
Енді осы баспаналарды қай топ жасайды екенін білу үшін әр топтың басшылары мына қағазды таңдау қажет.

ІІІ. Осы баспаналарды салу үшін бізге не керек? (жер). ( 7 минут)
Мұғалімнің сөзі:
oo Ал енді жер алу үшін топ мүшелеріне мына есептерді тез шығарып шығуларың керек:
oo Енді дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып алайық. 1 тапсырма дәптерде орындалады.
І топ:
1) Петропавл мен Қорған қалаларының арақашықтығы 300 км-ден кем болатын. Пойыз бір қаладан шығып екінші қалаға қарай 3 сағ жүргенде екінші қалаға дейін 45 км қашықтық қалды? Пойыздың жылдамдығын бағалаңдар.
2) Төмендегі есепті шығаруда кеткен қателіктерді анықтаңдар.
8y -(5y - 4)=22
8y+5y+4=22
8y+5y=22+4
13y=26
y=26: 13
y=2
ІІ топ:
1) Екі пойыз А станциясынан бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жүріп барады,А станциясынан Астана пойыз 70,5 км, Омбы пойыз 56,75км қашықтықта, Астана пойызы 57 км/сағ жылдамдықпен, Омбы пойызы 62,5 км/сағ жылдамдықпен жүрді,Неше сағаттан соң екі пойыз А станциясынан бірдей қашықтықта болады?
2) Төмендегі есепті шығаруда кеткен қателіктерді анықтаңдар.
a) 2(3x - 5)- 3(x - 5)=x
6x+10 - 3x - 15=x
6x - 3x - x=- 10+15
2x=25
x=25: 2
x=12, 5
Әр топтан 1 оқушы шығып, екінші тапсырманы интерактивті тақтада қатесін ауызша айтып дұрыстайды. (Бағалау парағына ұпай сандарын қою. )

ІV. Енді балалар жер алдық енді әр ұлттың баспанасын тұрғызу үшін енді не керек?
Оқушылар жауап береді?
oo Ол үшін киіз үйдің керегісін және избаның қабырғасын тұрғызу қажет.
Мұғалімнің сөзі:
Үйдің керегесін мен қабырғасын түрғызу үшін бізге мына тест жұмысын орындауымы керек.
Екі топқа тест жұмысы тапсырылады. ( 8 минут)
Әр топтан екі оқушыны тұрғызып, тест жұмысының жауаптарын сұрау.
1. ( -- infinity;5] сан аралығының аты:
А) ашық сәуле Б) интервал В) кесінді Г) сәуле
2. Белгіленумен жаз: 1-ден 4-ке дейінгі кесінді
А) (1;4) Б) [1;4] В) (1;4] Г) [1;4)
3. Белгіленуімен жаз: 1-ден 3-ке дейінгі 3 саны қоса алынған жартылай интервал
А) (1;3] Б) [1;3] В) (1;3) Г) [1;3)
4. [4;9] сан аралығының аты:
А) кесінді Б) сәуле В) ашық сәуле Г) интервал
5. Белгіленуімен жаз: 2-ден 7-ге дейінгі интервал
А) [2;7] Б) (2;7] В) [2;7) Г) (2;7)
6. Белгіленуімен жаз: -infinity -тен 6-ға дейінгі ашық сәуле
А) [6;+ infinity) Б) (6;+ infinity) В) (-infinity;6) Г) (-infinity;6]
7. Қиылысу белгісін көрсет.
А) Б) В) infinity Г) <=
8. ( 3; 5 ) сан аралығының белгіленуін қос теңсіздік арқылы жазып көрсет.
А) 3 <= х <= 5 Б) х>= 5 В) 3х5 Г) х 5

Тест жауаптары интерактивті тақтада көрсетіледі. Әр топ өз жауаптарын салыстырады. Әр тест жұмыстың дұрыс жауабына 1 ұпай саны қойылады.

V. Мұғалім сөзі:
- Киіз үйдің керегесі, избаның қабырғасы орнатылды.
- Оқушылар енді киіз үй мен избаға тағы не жетпейді?
- Шаңырағы мен төбесі.
Сіздер киіз үйдің шаңырағы мен избаның төбесін жабу үшін мына сәйкестікті табу тапсырмасын орындау керексіндер.
Жауаптарын интерактивті тақтадан тексереді.

Тапсырма: <<Сәйкестікті табу>> (5 минут)

реті
Деңгей
Теңсіздік
белгіленуі
1
С
9-5х+12>х+5

2
А
2х+1х+6

3
В
3-2(х-1) 8+х

4
А
4х+2 3х+1

5
С
4+х2-х+27<х+3

6
В
5(х+2)+14 6-х

Жауабы:
Б: (х1) І: (х5) Р: (х-1) Л: ( х-1) І: ( х -2) К: (х-3)
Оқушылар біз <<Сәйкестікті табу>> тапсырмасында тапсырмаларды орындағанда бізде <<Бірлік>> деген сөз шықты. <<Бірлік болмай - тірлік болмайды>> дегендей барлық ұлт өкілдері бір - бірімен бірлікте, татулықта, ынтымақта өмір сүрейік.
VІ. Мұғалім сөзі: Оқушылар киіз үй мен избамыз дайын болды . Ал енді оқушылар енді екі топ өз баспаналарынызды әсемдеңіздер. Сіздерге осы екі баспанын заттары тапсырылады. Тапсырманың екінші жақ бетінде тапсырма бар, сол тапсырманы кім орындайды, сол апарып баспаналарының қасына жапсырасындар.
Әр затта тапсырмалар болады. ( 5 минут)
І топ: Киіз үй әсемдейді.
1) Сандық - Теңдеуді шешіңдер: 2х+17 = 22 + 3x
2) Домбыра - Теңдеуді шешіңдер: 5х+13=1+8х5
3) Күбі - Санды теңсіздіктерді азайту: 12,7 15 және 5,3 4,2
4) Ошақ -Теңсіздікті шеш: 5у + 9 <= 3 - 7у
5) Бесік - [-3;2] сан аралығының аты.
ІІ топ: Избаны әсемдеу.
1) Матрёшка - 3х+1 <= 4х - 5
2) Балалайка - 8у - (5у-4) = 22
3) Самовар - Теңдеуді шешіңдер: 5х+13=1+8х5
4) Колыбель - (-infinity; 3 ] сан аралығының аты.
5) Орыс халқының пеші - санды теңсіздіктерді қосу: 5,3> 2,7 және 1,5>0,8
VI. Қорытынды: (3 минут) Балалар біз бүгін киіз үй мен избаны керемет әсемдедік, киіз үй мен избаның тұрғындары осы отырған қонақтарға өз тағамдарын тарту етеді.
Оқушылар тілек білдіріп апарады.
(Оқушылар қонақтарға бауырсақ, құймақ, блины апарады.)
Бағалау. (2 минут).
Оқушыларға берілген бағалау парағы бойынша топ мүшелері интерактивті тақтада өз ұпай сандары бойынша бағалайды.
Бүгінгі сабақта біз бар білімімізді ортаға салдық, қаншама тапсырмалар орындадық. Егерде біз ары - қартай осылай еңбек етсек, біз қанша жақсылықтарға жетеміз.
<<Рефлексия. (2 минут)
Әр оқушының алдында <<қызыл>>, <<сары>>, <<жасыл>> алмалар жатыр. Оқушылар сіздер екі топқа бөлінгенде үй құрастырдыңыздар, сол үйдің ағашына апарып, таңдаған алмаларыңызды жапсырыңыздар.
Біздің сабағамызда осы екі ағаш өз жемісін берді.
Қызыл алма - Маған бүгінгі сабақ өте ұнады, күшті әсер алдым.
Сары алма - Маған сабақ орташа деңгейде өтті.
Жасыл алма - Маған сабақ мүлде ұнамады.
Үйге тапсырма. ( 2 минут)
Оқушыларға жеке - жеке кеспе түрінде үй тапсырмасы беріледі.

Ұқсас жұмыстар
Күнтізбелік жоспарлау. 6 бағдарлы сынып
Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау
Функциялар және графиктер
Сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері
Теңдеуге есептер шешу
АЛГЕБРАЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ӘДІСТЕРІ
Теңсіздіктерді мүшелеп азайтыңдар
Бүтін рационал теңдеу
Қысқа мерзімді сабақ жоспары.6 сынып
Екінші санды табыңдар
Пәндер