Абай Құнанбаев Ғылым таппай мақтанба

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Абай өлеңдерін барынша терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, ғылым мен білімге, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Абай
ұлылығын терең сездіру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Әдіс - тәсілі: СТО : «Ой қозғау», «Венн диаграммасы», «Топтастыру».
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта (слайд), үлестірме парақшалар, «Арман» ағашының суреті салынған плакат, жапырақшалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі .
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Ой қозғау».
- Лирика деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Табиғат лирикасы деген не?
- Абайдың табиғат лирикасына қандай өлеңдерін жатқызамыз ?
- Ақын бұл өлеңдерінде табиғатты қалай суреттейді? (оқушыларды сөйлету) .
- «Қыс», «Күз», «Жаз», «Жазғытұры» өлеңдерін жатқа айтқызу.
- Үй тапсырмасын қорытындылау: «Венн диаграммасы».
а) Абай «Қыс» Мағжан «Қысқы жолда»
ә) Абай «Жаз» Сұлтанмахмұт «Шілде»
Сергіту сәті «Желсіз түнде жарық ай »әнін орындату.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Білім - адам өміріне өте қажет . Тіпті оны ұлылардың өзі де мойындайды. Бүгінгі өтететін тақырыбымыз Абай атамыздың
«Ғылым таппай мақтанба»өлеңі. Өлеңнің тақырыбы « білімсіз, ғылымсыз болады ақыл тұл» дегенге саяды. Ақын бұл өлеңі арқылы жас ұрпақты өнерге, білімге, ғылымға шақырады.
(Өлеңді үнтаспадан тыңдату) .
а) Осы өлеңі рақылы Абай атамыз бізге қандай өсиет қалдырды?
(5 асыл іс пен 5 жамандықты оқушыларға айқызып, дәптерлеріне жазғызу) .
ә) Сөздік жұмысы:
Нәфрәтлі - жиіркенішті.
Ғибрәтлі - үлгілі, өнегелі.
б) Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту(жатқа айтуға да болады) .
2. «Ой қозғау»
Абайдың бұл өлеңіне ұқсас тақырыпта жазған кімнің өлеңдерін білесіңдер? (Ы. Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық», М. Жұмабаев
«Балалық шақ».
3. «Венн диаграммасы»
Абай «Ғылым таппай мақтанба»---Ыбырай «Кел, балалар, оқылық»(ауызша) .
Абайдың білім-ғылымға байланысты тағы қандай өлеңдерін білесіңдер? Үзінділерін жатқа айтқызу.
ІV. Сабақты бекіту «Кім жылдам?»ойыны
- Абай қай жылы туған? (1845жылы 10 тамыз)
- Туған жері? (Семей облысы, Шыңғыстау тауының бөктері)
- Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
- Абайдың ақындық жолы на алғаш есік ашқан кімдер? (әжесі-Зере, анасы-Ұлжан)
- Абайдың арғы аталары кімдер? (жеті атасы)
- Абай неше жасқа дейін оқыған? (13)
- Абайдың неше өлеңі, поэмасы, қара сөздері бар?(300-ден астам өлеңі, 3 поэмасы, 45 қара сөзі бар)
Рефлексия: Абайдың «Күз» өлеңіндегі « Жапырағынан айырылған ағаш қурай» суреті арқылы «Арман» ағашын киіндіріп, әрлендіру.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Тетігін тап та, бар, қалан.
V. Үйге тапсырма: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген тақырыпқа ой толғау жазу, өлеңді жаттау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz