Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Гуморальдық реттелу. Шамадан тыс бұлшық ет әрекетінің жүрек пен қан тамырларына әсері. Жүректі жаттықтырудың маңызы

Сабақтың тақырыбы: Гуморальдық реттелу. Шамадан тыс бұлшық ет әрекетінің жүрек пен қан тамырларына әсері. Жүректі жаттықтырудың маңызы. Жүрек- қан тамырлар жүйесі жұмысының сынамалары-адамның өзін-өзі бақылау амалы екендігі.
Сабақтың мақсаты:
жүрек қызметінің гуморальді реттелуін және бұлшықет әрекетінің жүрек пен қан тамырларына әсерін білу
Сабақтың көрнекіліктері: презентация, бейне фильм таратпа
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: баяндау, көрсету,диалог, тест ,талқылау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі ұран сөзі 2 минут
А) сыныпқа енгенде оқушыларға сөздіктер таратылады , сол таратылған сөздіктер арқылы топқа бөлініп отырады.( эпикард, миокард, эндокард,перикард)
Б) <<Құнды қасиеттерді жинау>> жаттығуы.
Ең алдымен жүргізуші Жүрекшені алып, <<Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз>>. Әр оқушы жүрекшені алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық оқушы өз ойын айтып шығуы керек.
Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз
Бір-бірімізді тыңдаймыз
Бір ғана адам сөйлейді
Өз ойларымызбен бөлісеміз
Бірлесіп жұмыс істейміз
Бос сұрақтар болмайды
Уақытты үнемді пайдаланамыз - деп
Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін.
II. Үй тапсырмасын тексеру (жеке жұмыс ) 10минут
1. Қандай қан клеткасы оттекті тасымалдайды? /эритроциттер/
2. Қандай клеткалар микроорганизмдерді қорытады? /лейкоциттер/
3. Қандай қан клеткасы қанның ұйыуына қатысады? /тромбоциттер/
4. Организмнің қорғаушы, антидене түзетін клеткасы. /лимфоцит/
5. Жүректің бірінші, өте жұқа қабаты. /эпикард/
6. Жүректің бұлшық еті. /миокард/
7. Жүректің жұмысы неше кезеңнен тұрады және ата?/үш, жүрекшенің жиырылуы,қарыншаның жиырылуы,жүректің босаңсуы/
8. Қызылтамыр қалай аталады?/артерия/
9. Қылтамырлар қалай аталады?/капилляр/
10. Көктамыр қалай аталады?/вена/
11. Қанның сол жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, оң жақ құлақшаға келу жолы.
/үлкен қанайналым шеңбері/
12. Қанның оң жақ қарыншадан шығып, өкпе арқылы өтіп, сол жақ құлақшаға келу жолы. /кіші қанайналым шеңбері/
13.Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі /тамырдың соғуы/
14. Бір минутта неше литр қан өтеді /5-5,5л/
15. Ағзаның бойымен қан айналымдары неше секундта айналып өтеді? 27 секундта
ІІІ Сергіту сәті <<Жұмыр қылыш>> 1 минут
Миға шабуыл 2 минут
Біз би билеп , дене мүшелерімізді қозғалыс жасап,көңіл күйіміз көтерілді.
Адам мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметі қандай жолмен реттеледі? (оқушылар жауабы)
Мұғалім: Жүректің де қызметі жүйкелік және гуморальдық жолмен реттеледі.

С.Т Жүрек жұмысының реттелуі. Бұлшық ет әрекетінің жүрек пен қан тамырларына әсері жеке жұмыс дәптерлеріне тақырыпты жазады
Мағынаны тану (Топпен жұмыс ) 10минут
І топ Гуморальдық реттелуі
ІІ топ Жүрек бұлшықетінің қызметі
ІІІ топ Жүйкелік жолмен реттелуі
ІҮ топ Гиподинамия
І топ Гуморальдық реттелуі Тірек схемасымен сызып түсіндіру
Гуморальдық реттелу (гуморальная регуляция); (ге- gulatio humoralis; лат. regulatio -- реттеу, реттелу; humor -- сұйық, ылғал) -- организмнің ішкі сұйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сұйығына) шығарьшған эндокринді бездер немесе жекеленген эндокринді жасушалар гормондары мен биологиялық белсенді заттарының болмаса ұлпа сұйығында еріген басқадай заттардың әсеріне байланысты мүшелер қызметтерінің реттелуі, яғни организмнің сұйық ішкі ортасының қатысуымен мүшелер қызметтерінің реттелуі (сұйықтық реттелу)
Адам организмінде қажетсінулеріне және қоршаған орта өзгерістеріне сәйкес әр алуан физиологиялық процестер үнемі жүріп отырады. Алайда мүшелердің процестерге қатысуы әр түрлі дәрежеде байқалады. Физиологиялық процестердің гуморальдық реттелуі биологилық белсенді химиялық заттар -- "гормондар"көмегімен жүзеге асырылады. Гормондарды арнайы бездер бөледі, олар қан мен лимфаға түсіп, бүкіл организмге таралады, салыстымалы түрде баяу,бірақ өте аз мөлшерде де өте белсенді әрекет етеді. Сыртқы секреция бездері де бар, олардың секреті (сөл) қуысқа (ауыз, асқазан, ішек) немесе сыртқы ортаға бөлінеді (тер, жас, май, сүт бездері). Олар әдетте үлкен емес, милиграммен немесе граммен өлшенеді. Ішкі секрецияның маңызды безіне ""гипофиз""(массасы 0,5-0,7г) жатады. Ол анатомиялық әрі қызметтік тұрғыда мимен байланысты. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары организмнен зәрдің бөлінуін азайтады, зат алмасуды өзгертеді, ұсақ артериялардың жиырылуын күшейтеді, артиялық қысымын жоғарылатады.Жүрек жұмысы сондай-ақ гуморальдық реттеу әсерінде болады, яғни биологиялық белсенді химиялық заттар гормондар көмегімен реттелді.Жүрек жұмысы сондай-ақ гуморальдық реттеу әсерінде болады, яғни биологиялық белсенді химиялық заттар гормондар көмегімен реттелді. Гормондар мен иондар жүрек қызметіне қандай әсерін тигізеді? /гормондар мен иондар жүректің гуморальдық қызметіне әсер етеді, яғни жүрек ырғағына, қанайналымына тигізетін әсері зор/
ІІ топ Жүрек бұлшықетінің қызметі Тірек схемасымен сызып түсіндіру
Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілетті. Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет. Жүрек бұлшықетінің реакциясының шамасы берілетін тітіркендіру күшіне (электрлік, механикалық, химиялық және т.б.) байланысты болмайтындығы анықталған. Жүрек бұлшықеті шекті (табалдырықты) және шамасы үлкен тітіркендіруде де максимал жиырылады.
Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8 -- 1,0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8 -- 0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0 -- 4,2 м/с жылдамдықпен таралады. Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң - папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне ағуын қаматамасыз етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі - созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады.
Қаңқа бұлшықеттеріне
Қаңқа бұлшықеттеріне - тұлға, бас, мойын және иық, жамбас белдеулер мен қол-аяқ бұлшықеттері жатады. Бұлшықет талшықтарының сыртын жұқа дәнекер ұлпасынан тұратын қабықша қаптайды. Бұлшықеттегі будаланып орналасқан талшықтардың арасында қантамырлар мен жүйкелер болады. Қантамырлардағы қан тасымалдау қызметін атқарса, жүйкелер оның жиырылуын реттейді. Қаңқа бұшықеттерінің екі шеті тығыз дәнекер ұлпасынан түзілген сіңірмен бітеді. Бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттеріБұлшық ет қозғыш тіндердің бірі, демек, басқа қозғыш тіндерге тән қасиеттер - козғыштық, қозуды өткізу бұған да тән. Мұнымен бірге бұлшық еттің ерекше қасиеті - жиырылу.Ет тіннің қозғыштық, дәрежесі қозу табалдырығы арқылы анық-талады. Көлденең жолақты қаңқа еті жүрек етіне қарағанда қозғыштау келеді, яғни оның қозу табалдырығы әлдеқайда төмен болады. Бірыңғай салалы бұлшықеттің қозғыштық дәрежесі жүрек етінікінен де төмен, демек, ол бұлшыкеттің тітіркендіру табалдырығы бәріненде жоғары болады.Ет талшықтарының қозуды өткізу шапшандығы сомалық жүйке талшықтарынікінен көп төмен. Қозу ет талшығы жылдамдыкпен, атап айтқанда: қаңқа етінде секундіне 3,5-14 м, жүрек етінде 0,9-1 м, жылдамдықпен тарайды.Бұлшықеттің негізгі қызметі және физиологиялық қасиеті - жиырылып жазылу. Жиырылу белгілі бір тітіркендіргіш әсеріне берілетін жауап, яғни ет ұзындығының қысқарып қатаюы (тонусының жоғарылауы).Жүрек еті мен кейбір бірынғай салалы, яғни ішек, лимфа тамыры қабырғаларындағы еттердің автоматиялық қасиеті де бар. Қаңқа етінің мұндай қасиеті жоқ. Ол орталық жүйке жүйесінің әсерінсіз жиырылмайды. Қаңқа еті тұлғалық жүйке жүйесімен, оның ішінде ми қыртысымен байланысты болғандықтан олардың жиырылуы адамның еркіне байланысты. Жүрек еті мен бірыңғай салалы етгі адам (жануар) өз еркімен жиырылта алмайды, бұлардың жиырылып жазылуын және автоматиялық қасиетін вегетативтік жүйке жүйесі реттейді. Ет пен жүйке байланысы бұзылса немесе түрлі себептермен ет ұзақ уақыт жиырылмаса, ет талшықтары құрылымы өзгереді
ІІІ топ Жүйкелік жолмен реттелуі жұмысын схемадан түсіндіру

Гормондар мен иондар жүректің гуморальдық қызметіне әсерін тигізеді, яғни оның ырғағына, қанайналымына тигізетін әсері зор. Симпатикалық жүйке жүйесіне кальций иондары, парасимпатикалық жүйке жүйесіне калий иондары әсер етеді.Оның жұмысы жүйке жүйесінің үнемі бақылауында болады. Жүрекше мен қарынша ішінде, сондай-ақ қан тамырлары қабырғасында жүйке ұштары - рецепторлар болады. Олар жүрек пен тамырлардағы кез-келген өзгерістерді қабылдап, оларды орталық жүйке жүйесіне береді. Сонымен қатар оған басқа мүшелерден қанмен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ақпарат түседі. Орталық жүйке жүйесі жауап ретінде жүрекке парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер бойынша импульс жібереді. Тыныштық жағдайында жүректің жиырылу жиілігі баяулайды, олардың күші парасимпатикалық жүйке әсерінен азаяды. Дене жұмысы немесе спортпен айналысу кезеңінде, керісінше, симпатикалық жүйкелер жиілікті жылдамдатып, жүрек бұлшықетінің жиырылу күшін арттырады. Нәтижесінде қанмен қамтамасыз ету күшейіп, мүшелерге қоректік заттар, оттек, су көп түседі де зат алмасу өнімдері тез шығарылады.
Жүрек жұмысы сондай-ақ гуморальдық реттеу әсерінде болады, яғни биологиялық белсенді химиялық заттар гормондар көмегімен реттелді.
Симпатикалық жүйке жүйесі - жүрек іс-әрекетін қоздырады, яғни бұлшықеттің жиырылу жылдамдығын, күшін, жылу өткізгіштігін, қозуын реттейді.
Парасимпатикалық жүйке жүйесі - жүрек бұлшықетінің негізгі қасиеттеріне кері әсерін тигізеді.
ІV топ Гиподинамия - дене қимылының жеткіліксіздігі. Тірек схемасымен сызып түсіндіру ГИПОДИНАМИЯ созылмалы және жіті деп бөлінеді. Сондай-ақ бүкіл организмнің қозғалыс әрекетінің жаппай ішектелуін жалпы гиподинамия, ал жеке бұлшық ет қимылының шектелуін жергілікті гиподинамия деп ажыратады.Созылмалы гиподинамияда еңбек пен тұрмысқа байланысты күнделікті қимыл-қозғалыс белсенділігі төмендейді. Бүл .көбінесе аз қимылдайтын, отырып жұмыс істейтін кісілерде байқалады. Олардың организмінде мүшелер мен жүйелердің әрекеттік белсенділігі әлсіреп, реттеуші механизмдер нашарлайды. Сондықтан организмнің әр түрлі әсерлерге шыдамдылығы азаяды.Қозғалыс белсенділігі көп жылдар бойы шектелсе, бұлшық ет талшықтары жіңішкеріп, гликоген мен энергия қоры азаяды, маймен қатпарланады. Қозғалыс әрекетінің күші мен төзімділігі кемиді, қимыл-үйлесім төмендейді, еттер тонусы әлсірейді. Осының салдарынан тұлғаның қалпы өзгеріп, ауырсыну синдромы пайда болады.Гиподинамия зат алмасудың төмендеуіне жол ашады. Энергия шығыны азайып, тотығу реакциясының қарқыны мен ферменттердің белсенділігі нашарлайды, газ алмасу өзгеріске ұшырайды.Адамдарда бұл жағдайда жүректің соғу күші әлсіреп, минуттық көлемі азаяды. Сондықтан жүректің өз көлемі кішірейіп, миокардта деструкциялық өзгерістер байқалалы. Қан тамырлары жүйесінде өзгерістер бола бастайды. Организм аз қозғалған жағдайда зат алмасудың барлық түрі өзгереді. Адамның қурсақ пен бел аймақтарында май қыртыстары пайда болады, дененің салмағы артады. Бұлшық еттер мен бауырдағы көмірсулардың қоры азаяды, белоктар мен тұздар көп ыдырайды. Кальций алмасуы бұзылғандықтан сүйек жұқара бастайды. Дененің жалпы температурасы төмендейді.Жіті гиподинамия қозғалыс белсенділігін күрт тоқтатқан адамдарда байқалады. Организмде ет-жүйке аппаратының жұмысы және оны вегетативтік жабдықтау, әсіресе афференттік серпіністер және эндокриндік ықпал жедел өзгереді. Өйткені бұлшық еттердің әрекеті және ішкі ағзалардың қызметі төмендейді. Әуелі орталық жүйке жүйесі зардап шегеді. Тамыр тонусы, зат алмасуы, жүйке орталықтарының өзара әрекеттесуі, ұйқы және тәбет бұзылады, жүрек аритмиясы пайда болады.Жергілікті гиподинамия әрбір бұлшық ет топтарының қозғалыс белсенділігі тыйылғанда, яғни дене мүшелерін гипстегенде, жүйке талшықтары зақымданғанда және т.б. пайда болады. Мұндайда еттің семуі, яғни атрофиясы басталып, зат алмасу өзгеріске ұшырайды, оның қозғыштық қасиеті, гуморальдық затқа сезімталдығы күшейеді. V. Постерді қорғау 3минут V Бекіту Бейне фильмді көру арқылы бүгінгі сабағымыздан қандай ой түйдіңдер Эссе жазу 3-4 сөйлем 6 минут VІ. Қорытындылау тест 2минут
1Бұлшықеттің жиырылу жылдамдығын, күшін, жылу өткізгіштігін, қозуын реттейтін
А) Иондар жүректің гуморальдық қызметіне әсері Б) Симпатикалық жүйке жүйесі
В) Парасимпатикалық жүйке жүйес Г) Жүрек бұлшықетінің қозғыштығы
2. Жүрек бұлшықетінің негізгі қасиеттеріне кері әсерін тигізеді
А) Қанайналымына тигізетін әсері Б) Биологиялық әсері
В) Парасимпатикалық жүйке жүйес Г) Симпатикалық жүйке жүйесі
3. Гиподинамия дегеніміз не?
А) тітіркендіргіш әсері Б) гуморальдық қызметі
В) Бұлшықеттің жиырылу Г) Дене қимылының жеткіліксіздігі
4. Жүректің симпатикалық жүйке жүйесіне әсер ететін иондар.
А) Кальций иондары Б) натрий ионы
В) Темір ионы Г) калий ионы
5. Жүректің парасимпатикалық жүйке жүйесіне әсер ететін иондар. /калий иондары/
А) Кальций иондары Б) Темір ионы
В) калий ионы Г) натрий ионы
1. Б 2.В 3.Г 4.А 5. В
ҮІ бағалау 1минут
VІI. Үй тапсырмасы: 1 минут
§35- 37. Жүрек аурулары туралы мәлімет
Үй тапсырмасын тексеру (жеке жұмыс ) Оқушының аты-жөні:
1. Қандай қан клеткасы оттекті тасымалдайды?
2. Қандай клеткалар микроорганизмдерді қорытады?
3. Қандай қан клеткасы қанның ұйыуына қатысады?
4. Организмнің қорғаушы, антидене түзетін клеткасы.
5. Жүректің бірінші, өте жұқа қабаты.
6. Жүректің бұлшық еті.
7. Жүректің жұмысы неше кезеңнен тұрады және ата?
8. Қызылтамыр қалай аталады?
9. Қылтамырлар қалай аталады?
10. Көктамыр қалай аталады?
11. Қанның сол жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, оң жақ құлақшаға келу жолы.
12. Қанның оң жақ қарыншадан шығып, өкпе арқылы өтіп, сол жақ құлақшаға келу жолы.
13.Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі
14. Бір минутта неше литр қан өтеді ?
15. Ағзаның бойымен қан айналымдары неше секундта айналып өтеді?

Баға:

Үй тапсырмасын тексеру (жеке жұмыс ) Оқушының аты-жөні:
1. Қандай қан клеткасы оттекті тасымалдайды?
2. Қандай клеткалар микроорганизмдерді қорытады?
3. Қандай қан клеткасы қанның ұйыуына қатысады?
4. Организмнің қорғаушы, антидене түзетін клеткасы.
5. Жүректің бірінші, өте жұқа қабаты.
6. Жүректің бұлшық еті.
7. Жүректің жұмысы неше кезеңнен тұрады және ата?
8. Қызылтамыр қалай аталады?
9. Қылтамырлар қалай аталады?
10. Көктамыр қалай аталады?
11. Қанның сол жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, оң жақ құлақшаға келу жолы.
12. Қанның оң жақ қарыншадан шығып, өкпе арқылы өтіп, сол жақ құлақшаға келу жолы.
13.Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі
14. Бір минутта неше литр қан өтеді ?
15. Ағзаның бойымен қан айналымдары неше секундта айналып өтеді?

Баға:

II. Әрбір жасушаға қоректік заттар оттек, су тасымалданып, зат алмасу өнімдерін сыртқа шығару жағдайында ағзаның тіршілік әрекеті жүзеге асады. Бұл процестерді жүрек және қан тамырлары жүзеге асырады.
Жүрек - пішіні конус тәрізді, кеуде қуысының сол жақ жартысына жақын, екінші-бесінші қабырға деңгейінде орналасқан қуыс бұлшықет мүшесі. Жүрек массасы 250-300 г. Жүрек төрт қуысты: екі жүрекше мен екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпашамен өзара байланысты болады. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: эпикард, миокард, эндокард. Адамда қантамырлардың екі тұйық жүйесі - қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері бойынша қозғалады.
Қан - дәнекер ұлпасына жататын, аралық ішкі ортасы болып табылады. Адамдағы жалпы мөлшері 5 л. Ол сұйық бөлік - плазмадан және формалы элементтерден: эритроциттерден, лейкоциттерден, тромбоциттерден /қан пластинкалары/ тұрады.
Қызметі: тасымалдау, гуморальдық, жылу реттеу, қорғаныш қызметін атқарады. Ағзаның ішкі ортасы: қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы.
Жүрек жұмысына ортаның әсері.
Сұрақ: Жүректің жұмысына қоршаған ортаның әсері бар ма? Зиянды әдеттердің денсаулыққа зияны туралы не білеміз?
Мұғалім толықтыруы: Жүрек жұмысын нашарлататын алкоголь мен никотин қан тамырларын тарылтып, жүрек көлемінің үлкеюіне әкеледі, жүрек аурулары пайда болады.
Жүрекке байланысты айтылатын теңеулер: жылы жүрек, мейірімді жүрек, ізгі жүректі, <<жүрегім аузыма тығылды>>, <<жүрегім алып ұшты>>, <<жүрегімді суырып алғандай>>, <<жүрегімнің түкпірінде>> т.б.. Осы айтылғандар адамдардың бір - біріне қарым-қатынасына байланысты айтылған. Қатты сөз, қаталдық, әділетсіздік жүрек жұмысын нашарлатады.Ал жақсы көңіл-күй, қуаныш, жақсылық жасау, жақсы көру жүрек жұмысына жақсы әсер етеді. Жүрек мейірімге, сүйіспеншілікке толы болса адамның денсаулығы да мықты болады. Сондықтан бір-бірімізді ренжітпей кешірімді болып, жүрегімізге ауыртпалық түсірмейік..

Ұқсас жұмыстар
Жүректің құрылысы
Жүрек жұмысы, жүрек жұмысының реттелуі
Қанның қызыл түсті жасушалары
Гуморальдық реттелу
Мұғалімнің бағалауы. Гуморальдық реттелу
Анатомия және физиология әлеміне саяхат
Жүйке жүйесінің жасушасы
Қан топтары
Жүйке жасушасының өсіндісі
Бұлшықет сүйекке
Пәндер