Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Әлем таныған тәуелсіз ел-Қазақстан әдеби танымдық кеші
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өткізілген
<<Әлем таныған тәуелсіз ел-Қазақстан>> әдеби танымдық кеші
Асылбек:Армысыздар, Отандастар! Құрметті қонақтар мен ата-аналар.
Гүлбақыт:
Қайырлы күн ! Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.
Гүлбақыт:
Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге,
Ақ бозаты оза шауып, жаңғырған аты әлемде.
Асылбек:
Қарыштап, дамып бар елге болдық төреде,
Азаттықтың ақ сұңқарлары қазағымның көгінде.
Гүлбақыт:Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мереке - Тәуелсіздігімізге 25 жыл толуы! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын ағайын!
Асылбек: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз.
Гүлбақыт:Еліміздің егемендік алуы- халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол- баршамыз бейбіт өмірде,еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
Асылбек:
Қазақстан бүгінде бірден- бір ядролық -қарусыз ел!
20 ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел, қазақ көрген қиыншылықты көрген жоқ. 40 жыл бойы сыналған Семей полигонында 600-ден астам ядролық жарылыстарының кесірінен 2 млн. астам адам уланды.Өмірлерін енді ғана бастағалы тұрған қаншама жастарымыздың болашақ тағдырларына балта шабылды.
Монолог (Балжан <<Мәңгілік бала дене>> Р.Мұқанованың монологы)
Асылбек:
Қасиетті Қазақстаным,
Мекенім,
Ақиқатттың алтын бесігі
Екеңсің
Елім,жерім,Отаным, бақ дәулетім,
Болашағым, өнер-білім өркенім.
Гүлбақыт:
Қазақстаным, қастерлі мәңгі
Дастаным,
Парақтап сенің киеңді түсіне
Бастадым.
Сенің менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
Балалар хоры << Күн әлемі>> орындайтын 2 сынып оқушылары
Астана туралы айтып кету (сахна сыртында)
Асылбек:
Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Астана - Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Бұл әрине менің қалам, менің астанам, менің Қазақстаным!
Гүлбақыт:
Сән берген Сарыарқадай гүл өңірге
Жайнаған Отанымның жүрегінде.
Астанам - бақ ошағым,түп қазығым,
Айналған бар қазақтың тірегіне.
Асылбек :
Жайнай бер, жаңа Астанам,
Ертегідей ғажап бас қалам.
Ынтымақтың тербеп бесігін,
Тәуелсіз ел көшін бастаған.
Жазира:
Мектебіміздің ұстаздары мен дарынды оқушыларының Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына және бас қаламыз Астана қаласына арнап шығарған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
Әдеби -монтаж
Асылбек:
Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына - Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды. (ОБСЕ)
Гүлбақыт:
1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Асылбек: Көп ұлтты Қазақстан халқын бір атаның балаларындай еліміздің өркениетті дамуы жолындағы игілікті іске жұмылдырып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы зор.
Гүлбақыт:
Елді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан.
Қол ұстасқан ел жатыр
Қырғыз, қазақ, Өзбектер
Армян, түрік, грузин.
Орыс пенен Украин
Терезесі тең жатыр,
Алатау Кавказ ұласып
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр.
<<Бейбітшілік >> биі әр ұлттың билері биленеді.
Гүлбақыт: Білім - сенің серігің, өмірлік жолдасың. Білімсіз ешнәрсе ашылмайды. Білікті болсаң ғана қоғамнан лайықты өз орныңды табасың.
Асылбек: Ия, мұғалім дұрыс айтасыз, қазіргі таңда білімсіз биік шыңдарға қол жеткізу мүмкін емес. Елбасымыз білім саласын қолдау мақсатында, жастарымыздың интеллектуалдық ойларын дамыту негізінде көптеген зияткерлік оқу орындары ашты.
Гүлбақыт: Бұл оқу орындарының негізгі мақсаты - әлемдік бәсекеге қабілетті болашақ жас ұрпақ дайындау.Атап айтатын болсақ, Қазақстанның көптеген аймақтарында 20 дан астам Назарбаев атындағы зияткерлік мектептері жұмыс жасауда.Сонымен қатар,Елордамыз Астана қаласында Назарбаев атындағы университет орналасқан.Осы оқу орындарында біздің мектебіміздің де оқушылары білім алуда.
-Асылбек,дәл қазір сен 11 сынып түлегісің.Бүгінгі таңда алға қойып отырған мақсат жоспарларың бар деп ойлаймын.
Асылбек: Ия, мұғалім.Мен мектепті үздік аяқтап, <<Болашақ>> бағдарламасы аясында,өз білімімді жалғастырғым келеді. <<Болашақ>> бағдарламасы ол тәуелсіз мемлекетімізде басқарудың тиімді тетігін білетін жастардың шоғырын қалыптастыру ниетінде қабылданған. Қазір біздің жастарымыз АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия,Жапония, Израиль, Испания, Италия, Канада, Қытай, Малайзия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Франция, Чехия, Швейцария сынды елдердің ең үздік жоғарғы оқу орындарында білім алып, біліктілігін көтеріп, тәжірибе жинақтап жүр.
БОЛАШАҚ КӨРІНІС ( шет елде оқып жүрген қазақ баласы) Гарворд университеті
ӘН << Жаңа ғасыр - Қазақстан>>
Орындайтындар: Аманбаев Мәди
Оразай Бейбарыс
Еркін Диана
Қонысбекова Гүлім
Асылбек:
Қазақстанның толағай табыстарының бірі спорт саласы.Еліміздің спортшылары әлем аренасында,көк туымызды желбіретіп,мәртебемізді асқақтатып келеді.Көк тудың желбірегенін көріп, кең тыныстайтын барлық жастар үшін жетістігіміз тым қымбат.
Гүлбақыт: 2011 жылғы 30 қаңтарда еліміз ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ эстафетасын қабылдады. Азия ойындары - Азия елдерінің спортшылары арасында әрбір төрт жыл сайын өткізілетін халықаралық кешенді спорт жарыстары.
Асылбек:
Бұл олимпиада ойындарында спортшыларымыз толағай жетістіктерге жетіп, мәртебемізді асқақтатқан болатын. Тәуелсіз еліміздің мұндай жетістіктерін болашақ ұрпақ сезініп, өз қолдауларын көрсетіп келеді.
Гүлбақыт:
Ашық болсын қазағымның аспаны
Жазылуда ай мен күндей дастаны
Қазағымның ән ұраны шырқалсын
Үн қосқандай бүкіл әлем жастары.
Спорттық би 4 сынып оқушылары
Жазира : 160 жылдан астам тарихта Орталық Азия аймағы, тіпті ТМД мемлекеттерінің ешқайсысында да Халықаралық көрме жалауы желбіреп көрген жоқ. Еліміздің тамаша табыстарының осы Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесін ұйымдастыру мәртебесіне ие болғандығы.
Асылбек :
Халықаралық <> көрмесінің Астанада өткізілуі - жаһан жұртшылығының Қазақстанды мойындай білгендігінің белгісі. Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болмақ.
СОҢЫ: эстрада жұлдыздарының әні << Аспанға қараймын >> әнімен бүлдіршіндер би билеп аяқтайды. 50 бала сахнаға шығады.
Асылбек:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Гүлбақыт:
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Халықаралық <

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz