Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия

«Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия»

қолданбалы курсы

2006-2007 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін орта мектептерінде 10 сынып оқушыларын бағдарлы оқытуға көшті. Бағдарлы оқытудың негізгі міндеттерінің бірі - мектеп бітірушілерді жоғары кәсіптік білімді игеруге тиімді дайындау. Мектеп оқушылары, мектеп ұжымы және ата-аналар бірлесе отырып 10 сынып оқушыларын «Қоғамдық-гуманитарлық» және «Жаратылыстану-математикалық» бағыттары бойынша оқыту үшін екі сыныпқа бөлді.

Осыған байланысты «Жаратылыстану-математикалық» бағытын таңдаған 10, 11 сыныптарына арналған математика пәнінен өтілетін «Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия» қолданбалы курсы бойынша бағдарламасын ұсынып отырмын.

Курс мақсаты: оқушыларды математика пәнін жақсы меңгертіп, өзінің бойындағы қабілеттерін толық ашып еліміздің ертеңгі сапалы да білікті мамандары болып шығуына бағыттау.

Жаратылыстану бағыты бойынша оқыған оқушылар келешекте жоғары оқу орнына барғанда алғашкы курста міндетті түрде «Жоғары алгебра» және «Аналитикалық геометрия» пәндерін немесе «Жоғары математика» пәнін өтеді, ал біздің ұсынып отырған бағдарлама осы курс бойынша көптеген тақырыптарды қамтиды және оқушыларды келешекте жоғары оқу орнына дайындайды.

Сонымен бірге, оқушылардың Ұлттық Біріңғай Тестке дайындалуда көп көмек көрсетеді, өйткені мұнда кейбір күрделі есептерді бір жолмен тез арада шығаруға болатын формулалар берілген.

Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10, 11 сыныптарына арналған математика пәнінен өтілетін «Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия» қолданбалы курсы бойынша бағдарлама

Авторлар:

Мажитов Нүркен Даулетбайұлы,

Мажитова Нышанкүл Менлиханқызы.

ТҮСІНІК ХАТ

Курс жоғары математиканың «сызықтық алгебра» және «аналитикалық геометрия» салалары бойынша негізгі тақырыптарын қамтыған. Курс 4 тараудан тұрады: 1) жоғары алгебра, 2) жазықтықтағы аналитикалық геометрия, 3) векторлық алгебра, 4) кеңістіктегі аналитикалық геометрия. Оларды оқып-үйренуде жалпы орта білім беретін курстарға қарағанда барынша жоғары деңгейдегі міндеттер жүзеге асырылады. Бұл тараулардың тақырыптарын өту барысында оқушылар жалпы мектеп бағдарламасымен қамтылмайтын (алайда Ұлттық Біріңғай Тестте кездесетін кейбір есептерді шығаруға септігін тигізетін) жоғары математиканың көптеген негізгі (мысалы матрицалар және олармен амалдар орындау, анықтауыштар, жазықтықтың теңдеуі, кеңістіктегі түзудің теңдеуі сияқты) ұғымдарымен, кейбір есептерді шығарудың жаңадан әдіс-тәсілдерімен (мысалы сызықтық теңдеулер жүйесін түрлендірулер арқылы немесе анықтауыштар көмегімен шешуді, үшбұрыш пен көпбұрыштардың аудандарын координаттар көмегімен табуды, үшбұрыш пен параллелограмның ауданын табудың векторлық әдістерімен) танысады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарға арналған бұл курс әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, жалпы ғылыми және интеллектуалдық біліктерді меңгертуге өз септігін тигізеді.

Курстың мазмұны мен құрылымы

Жоғары алгебра

Матрицалар. Матрицалармен амалдар орындау. Сызықтық теңдеулер жүйесін матрицалардың, анықтауыштардың көмегімен шешу.

Жазықтықтағы аналитикалық геометрия

Нүктенің жазықтықтағы координаттары. Көпбұрыштың ауданын координаттар әдісімен табу. Жазықтықтағы түзудің теңдеулері. Екінші ретті қисықтар: шеңбер, эллипс, гипербола, парабола.

Векторлық алгебра

Вектор. Векторларды қосу, санға көбейту. Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі. Кеңістіктегі векторлар. Векторлардың скаляр көбейтіндісі. Векторлардың арасындағы бұрыш. Екі вектордвң векторлық көбейтіндісі. Үш вектордың аралас көбейтіндісі.

Кеңістіктегі аналитикалық геометрия.

Жазықтықтың теңдеуі. Жазықтықтар арасындағы бұрыш. Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтық. Түзудің кеңістіктегі теңдеуі. Түзу мен жазықтық: түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесі, түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш, екі түзудің бір жазықтықта жатуының шарты.

Тақырыптық жоспарлау үлгісі

Барлығы 68 сағат, аптасына 1 сағаттан (10-11 сыныптар)

Тақырыптар
Сағат саны
№:
Тақырыптар: I. Жоғары алгебра.
Сағат саны:
№:
Тақырыптар: Матрица. Қосу және санға көбейту.
Сағат саны: 2
№:
Тақырыптар: Матрицаларды көбейту.
Сағат саны: 3
№:
Тақырыптар: Екінші және үшінші ретті анықтауыштар.
Сағат саны: 3
№:
Тақырыптар: Сызықтық теңдеулер жүйесін матрицалар көмегімен өрнектеу.
Сағат саны: 2
№:
Тақырыптар: Сызықтық теңдеулер жүйесін түрлендірулер арқылы шығару.
Сағат саны: 4
№:
Тақырыптар: Сызықтық теңдеулер жүйесін анықтауыштар көмегімен шығару.
Сағат саны: 4
№:
Тақырыптар:

II. Жазықтықтағы аналитикалық геометрия.

Сағат саны:
№:
Тақырыптар: Нүктенің түзудегі және жазықтықтағы координаттары. Екі нүктенің арақашықтығы.
Сағат саны: 1
№:
Тақырыптар: Кесіндіні берілген қатынаста бөлу.
Сағат саны: 1
№:
Тақырыптар: Үшбұрыш пен көпбұрыштың ауданы.
Сағат саны: 2
№:
Тақырыптар: Түзудің теңдеуі: бұрыштық коэффицент.
Сағат саны: 1
№:
Тақырыптар: Түзудің теңдеуі: жалпы түрі, кесінділік түрі.
Сағат саны: 1
№:
Тақырыптар: Түзулер арасындағы бұрыш. Берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуі.
Сағат саны: 2
№:
Тақырыптар: Берілген нүкте арқылы өтетін түзулер шоғының теңдеуі. Екі түзудің қиылысу нүктесі.
Сағат саны: 2
№:
Тақырыптар: Түзудің нормаль теңдеуі. Нүткеден түзуге дейінгі арақашықтық.
Сағат саны: 2
№:
Тақырыптар: Түзудің теңдеулеріне есептер шығару.
Сағат саны: 3
№:
Тақырыптар: Шеңбер.
Сағат саны: 2
№:
Тақырыптар: Эллипс.
Сағат саны: 2
№:
Тақырыптар: Гипербола.
Сағат саны: 2
№:
Тақырыптар: Парабола.
Сағат саны: 2
№:
Тақырыптар:

III. Векторлық алгебра.

Сағат саны:
№:
Тақырыптар: Векторларды қосу. Векторды санға көбейту.
Сағат саны: 2
№:
Тақырыптар: Нүкте мен вектордың кеңістіктегі координаттары.
Сағат саны: 1
№:
Тақырыптар: Векторлардың скаляр көбейтіндісі.
Сағат саны: 2
№:
Тақырыптар: Векторлардың

Ұқсас жұмыстар
Сағат саны
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
Информатика пәнін оқыту
Бүтін рационал теңдеу
Сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы
Теңдеуге есептер шешу
Кері тригонометриялық функциялар
Курстың міндеті
Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шешу. 8 сынып
Сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz