Жарық қысымы: П. Лебедевтің тәжірибелері, жарықтың химиялық әсері және фотосинтез

C:\Users\Пользователь\Desktop\Новая папка\20160314_093631.jpg

Маңғыстау гуманитарлық колледжі

физика пәнінің жоғары санатты оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Жарықтың қысымы. П. Лебедевтің тәжірибелері. Жарықтың химиялық әсері және оны қолдану. Фотосинтез туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: білімалушының білімін, дағды деңгейін бақылау, бағалау.

Дамытушылық мақсаты: жарықтың қысымы. П. Лебедевтің тәжірибелері туралы білімалушының білім деңгейін және тақырыпты игерудегі іскерлік пен дағдыны дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, табиғатты аялауға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгіме, практикалық, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: слайд, эл. оқулықтан бейнеролик, тақта.

Пәнаралық байланыс: химия, биология, математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау, есептер шығару (электронды оқулықтан)

«Өзіңді өзің тексер» әдісі (слайдтан)
1. Сыртқы фотоэлектрлік эффект деген не? (қатты денелер немесе сұйықтардан жарықтың әсерінен электрондардың ұшып шығу құбылысы)

  1. Ішкі фотоэффект деген не? (сәулеленудіңәсерінен жартылай өткізгіштегі еркін зарядтардың арту құбылысы)
  2. Фотон деген не? (жарықтың тек кванттар түрінде шығарылып қана қоймай, сонымен қатар кванттар түрінде жұтылуы)
  3. Фотоэффектіні қай жерде қолданады? (фотоэффект құбылысы ғылым және техниканың әр түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Фотоэффект негізінде жасалған құралдар фотоэлементтер деп аталады. )
  4. Жарық дегеніміз не? (толқын ұзындығы белгілі бір аралықта жатқан электромагниттік толқындар)
  5. Жаттықтырушы-есептер жинағы бойынша №5, 6, 10 есептерді шығарту.

№5. Индуктивтілігі 95 мГн шарғының магниттік өрісінің энергиясы 0, 19 Дж. Шарғыдағы токтың күші неге тең болады?

Берілгені: Шешуі:

L= 95мГн = 95*10 -3 Гн W = I 2 L 2 \frac{I^{2}L}{2} I = 2 W L \sqrt{}\frac{2W}{L} = 2 * 0. 19 95 * 10 3 \sqrt{}\frac{2*0. 19}{95*10^{- 3}} = 2A

W = 0, 19Дж

I=? Жауабы: 2А

№6. Тербелмелі контурдың индуктивтілігі мен сыйымдылығы сәйкес түрде 70Гн мен 70 мкФ-ға тең. Контурдағы тербелістер периодын есепте.

Берілгені: Шешуі:

L= 70 Гн Т =2 π L C \sqrt{}LC = 2 *3, 14 \sqrt{} 70*7*10 -5 = 0, 44с

С = 70 мкФ = 7*10 -5 Ф

Т=? Жауабы: 0, 44с

№10. Егерде радиолокатордан жіберілген сигнал жіберілген сәттен кейін ұшақтан шағылып 0, 2 мс ішінде қабылданған болса, онда ұшақ радиолокатордан қандай қашықтықта тұр?

Берілгені: Шешуі:

t= 0, 2с S = c t 2 \frac{ct}{2} = 3 * 10 3 2 0 , 2 \frac{{3*10}^{3\ }}{2}0, 2 = 30км

c = 3*10 8 м/с

S =? Жауабы: 30км

Үй тапсырмасы №5 (электронды оқулықтан орындайды)

Сыртқы және ішкі фотоэффекттің айырмашылығы неде екенін түсіндіріп бер. Сыртқы фотоэффекттің принципиальді айырмашылығы мынада:

Сыртқы фотоэффектіде ( электрондар заттан жұлынып шығады )

Ішкі фотоэффектіде ( электрондар заттың ішінде қалады )

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

ЖАРЫҚ ҚЫСЫМЫ

D:\АЛТЫН\Алтын 1\проекциялы-әдістемелік құралдар жинағы\img088.jpg

(Бейне ролик көрсету)

Максвелл жарықтың электромагниттік теориясы негізінде жарық қарсы кездесетін тосқауылдарға қысым көрсететіндігін алдын ала болжап айтты.

Максвелл теориясының дұрыстығын дәлелдеу үшін жарық қысымын өлшеу маңызды болды. Көптеген ғалымдар солай жасамақшы еді, бірақ жарық қысымы өте аз болғандықтан, hello_html_5a6dacb4.jpg оның сәті келмеді. Ашық күндері 2 ауданға не бары 4×10 -8 Н күш өсер етеді. Жарық қысымын алғаш рет атақты орыс физигі Петр Николаевич Лебедев 1900 ж. өлшеді ( Лебедов туралы қысқаша мәлімет көрсету слайд арқылы) .

Лебедевтің аспабы жіңішке шыны қылға ілінген өте жеңіл стерженьнен тұрады, оған жеңіл қанатшалар жапсырылған. Аспап ауасы сорылып алынған ыдыстың ішіне тұтас орналастырылған. Жарық стерженьнің бір жағына орналасқан қанатшаларға түскен.

Лебедев тәжірибелерін фотондарды импульс болады дегеннің эксперименттік дәлелдемесі ретінде қарастыруға болады. Әдеттегі жағдайларда жарық қысымы өте аз болса да, оның әсері едәуір болуы мүмкін.

Жарық қысымы - жарықтың шағылдыратын немесе жұтатын денеге түсіретін қысымы. Күн маңынан ұшып өткен кезде құйрықты жұлдыздың (кометаның) құйрығының қисаюына жарық қысымының әсері болатындығын 1619 ж. алғаш рет неміс ғалымы Иоганн Кеплер болжаған. 1873 ж. ағылшын физигі Джеймс Максвелл электрмагниттік теорияға сүйене отырып, жарық қысымының шамасын анықтады.

1899 ж. орыс физигі Петр Лебедев жарықтың қатты денелерге, кейінірек газдарға (1907 - 10) түсіретін қысымын өлшеді.

Жарықтың түсіретін қысымы келесі формуламен анықталады:

http://sanatez.net/fiz_electronka/htm/4_4.files/image072.gif http://sanatez.net/fiz_electronka/htm/4_4.files/image064.gif мұндағы: http://sanatez.net/fiz_electronka/htm/4_4.files/image066.gif -шағылу коэффициенті, http://sanatez.net/fiz_electronka/htm/4_4.files/image068.gif -жарық түскен беттің ауданы, http://sanatez.net/fiz_electronka/htm/4_4.files/image070.gif -жарық интенсивтілігі.

Молекулалардың - кез келген түрленуi - химиялық процесс . Көбiнесе жарықтың әсерiнен молекула ыдырағанда, тiзбектелген химиялық түрленулер басталады. Күн сәулелерiнiң әсерiнен матаның оңуы және күнге тотығу - бұлар жарықтың химиялық әсерінің мысалдары.


Ұқсас жұмыстар
11-сынып физика: Фотоэффект, жарық қысымы және рентген сәулелері мен компьютерлік томография
8-сынып физикасы: Жарықтың қасиеттері, жарық жылдамдығы, жарық көздері және Күн мен Ай тұтылуы
Топырақтан қоректену мен тыңайтқыштардың әсері: фотосинтез, күннің жарығы және хлорофиллдің рөлі
Физика пәні: Жарықтың қасиеттері және оның биологиялық әсері - ашық сабақ жоспары
Жарық құбылыстары: жарықтың қасиеттері, таралуы, жылдамдығы және Күн мен Ай тұтылулары
Жаратылыстану (1-сынып): Жарықтың маңызы және жасанды жарық көздері - сабақ жоспары
Өсімдік жасушаларындағы пластикалық және энергетикалық алмасулардың ерекшеліктері: фотосинтез және оның жарық пен қараңғы сатылары
Жасушадағы энергия алмасуы: зат алмасу, тыныс алу және фотосинтез
Минералды тыңайтқыштар: түрлері, химиялық құрамы және өсімдіктерге әсері
Түстердің жарыққа тәуелділігі: тәулік мезгілі мен жарық бағытының бояуға әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz