Жігіт сұлтаны сайысы

Жігіт сұлтаны

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны» сайысы.
Мақсаты:

а) ер балаларды ата бабамыздың салт - дәстүрімен таныстыру;
ә) балаларды елін, жерін, тілін өз дәстүрін білуге тәрбиелеу;
б) ұлттық өнерге, ән күйге, биге құмар етіп тәрбиелеу;
в) парасаттылыққа, имандылыққа, мейірімділікке баулу;
г) денсаулығы зор, сымбатты, елін, жерін қорғайтын білімді де білекті нағыз Қазақстан патриотын тәрбиелеу.
Көрнекілік: шарлар, плакаттар, мақал-мәтелдер,
Өткізу орны: сынып
Қатысушылар: 1 «Ә» сынып оқушылары.

Сайыстың барысы.
Махабат 1 - жүргізуші:
Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз - қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғалық.
Біздерде ойын - сауық басталады.
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.
Айдана 2 - жүргізуші:
Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері.
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар.
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері
Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет - ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
Махабат 1 - жүргізуші:
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» - демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең. Олай болса жігіттеріміздің өнерлерін, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық.

Айдана 2 - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Ата - жолын жалғайық
Ел дәстүрін қолдайық
Ұлдар шықсын ортаға.
Бүгінгі сайыста сұлтан аттанбақ!
Махабат 1 - жүргізуші. 1- ұл
Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
Сыныбымыздың ер жігітің
Шақырайық ортамызға
Бекарыс ұлды.
Айдана 2 - жүргізуші. 2- ұл
Қызық болсын көргенің
Жана берсін еңбегін.
Мәнді болсын өмірін
Шалқи берсін көңілін! деп келесі жігіт Мадияр

Махабат 1 - жүргізуші. 3- ұл
Спортпенен білім жағын бір қосқан.
Кем қалмаған талантпенен табысқан.
Қараңыздар Бектас жігіт ортада тұр
Тауды озар шын кіріссе намыстан.
Айдана 2 - жүргізуші. 4- ұл
Өмір сені не қиынға салса да.
Сүйкімді бол
Ата - анаңа баршаға
Еліміздің құрметті ұлы бол
Жасың жүзге жеткенше шаршама - ортаға Бекасылды шақырамыз.
Махабат 1 - жүргізуші. 5- ұл
Біледі ол жақсы менен жаманды.
Өнерменен тамсандырған адамды
Қошеметпен шақырайық ортаға.
Мирас атты жігіт болған сарбазды.

Айдана 2 - жүргізуші. 6-ұл
Қуантады білімімен бізді Нұрасыл

Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.

Махабат 1 - жүргізуші. 7-ұл

Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Бекзат

Көрінген күштің басынын

Айдана 2 - жүргізуші. 8-ұл

Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын ол біздің Отанбек
Махабат 1 - жүргізуші. 9-ұл

Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Береке

Айдана 2 - жүргізуші. 10-ұл

Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей
Ол біздің Бектас

Махабат 1 - жүргізуші. 11-ұл

Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан біздің Мұқамет
Айдана 2 - жүргізуші. 12-ұл

Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген

Ол біздің Бекасыл

Махабат 1 - жүргізуші.
Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1. «Таныстырсам өзімді» - таныстыру.
2. «Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету
3. «Құралайды көзге атқан» - нысана көздеу
4. «Ескірмейтін есті сөз» - танымдық сұрақтар

5. «Күш атасын танымас» - өнерлерін көрсетеді (Кір тасын көтеру, қол күрестіру) .
6. «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер». (Бата беру. )

Айдана 2 - жүргізуші.
Той басталды, той басталды.
Қолға сырнай алайық.
Кел шырқайық «Тойбастарды».
Қоштап кетсін халайық!

Махабат 1 - жүргізуші.
Әділқазы, аққазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйірік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл! - деп енді осы жігіттердің өнерін бағалайтын әділқазы мүшелерімен таныстырайық:

Айдана 2 - жүргізуші. 1 - сайыс «Таныстырсам өзімді». ( таныстыру)
Ей, такәппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстырсам өзімді». Сонымен бірінші жігітті шақырамыз.

Әділ қазылар алқасы «Таныстырсам өзімді» шартының бағасын берсеңіздер.
Махабат 1 - жүргізуші:
Дүниеде қымбат қой әке деген
Баласын аялаған, мәпелеген.

1 - сынып оқушысы шақырамыз.

Айдана 2 - жүргізуші: 2 - сайыс «Сегіз қырлы бір сырлы» ( Өз өнерін көрсету, ән, күй, би, көрініс және т. б. )

«Еңбек ердің - санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды Жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе? Қазақта Жігіттерді былай деп атаған!

«Көсем Жігіт» - ел басқаратын Жігіт,

«Шешен Жігіт» - дау шешетін Жігіт,

«Батыр Жігіт» - еліне қамқор Жігіт,

«Сері Жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі Жігіт. Олай болса сері Жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.
Келесі шартымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады. Бұл шартта Жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Ортаға 1-ші талапкерімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші.

Әділ қазы алқасы « Сегіз қырлы бір сырлы » шартының бағасын берсеңіздер.

Махабат 1 - жүргізуші: 3- сайыс «Құралайды көзге атқан» (дәлдеп ату)

Би болатын Жігіттің,

Төбеде болар жұмысы.

Мерген болар Жігіттің,

Мергендік болар жұмысы - дегендей ендігі кезекті Жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз. Ортаға 1-ші номерлі Жігітімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші.

Жігіттеріміздің өнерлерін, мергендіктерін тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Ескірмейтін есті сөз» деп аталады. Бұл шартта Жігіттеріміз сұраққа жауап береді.

Әділ қазы алқасы « Құралайды көзге атқан » шартының бағасын берсеңіздер.

Айдана 2 - жүргізуші: 4- сайыс «Ескірмейтін есті сөз» (танымдық сұрақтар)
Ей жігіттер!

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек оқуменен білімге.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде саған қуана бер, күлімде, - демекші сұрақтарға жауап беру сайысы.

Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.

№ 1 асық. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?
1. Түйе - Ойсылқара
2. Жылқы - Қамбарата
3. Қой - Шопаната
4. Ешкі - Сексеката
5. Сиыр - Зеңгі баба

№ 2 асық. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.
1. Қаңтар 7. Шілде
2. Ақпан 8. Тамыз
3. Наурыз 9. Қыркүйек
4. Сәуір 10. Қазан
5. Мамыр 11. Қараша
6. Маусым 12. Желтоқсан

№ 3 асық. Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
1. Жылқы - құлын
2. Сиыр - бұзау
3. Қой - қозы
4. Ешкі - лақ
№ 4 асық. Жеті атаны талдап бер:

Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене

№ 5 асық. «Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар»

- Бұл не? - Бұл қой.
№ 6 асық . Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?
Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.

№ 7 асық . Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың?

№ 8 асық «Сурет сабағы» өлеңің мәнерлеп жатқа айтып бер?

Шіркін, сурет сабағы


Ұқсас жұмыстар
Жігіт сұлтаны туралы ақпарат
Жігіт сұлтаны байқауы
Тақырып - Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны жайлы ақпарат
Сыныптағы жігіттің сұлтаны сайысы
Жігіт сұлтаны 2014 "сегіз қырлы бір сырлы" 7 сыныптар арасында
Жігіттің сұлтаны сайысы жайлы
Жігіт сұлтаны
Бала сұлтаны - 2015
Қазақ ғарышкері кім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz