Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жылу құбылысы

Пән
Жаратылыстану Сыныбы: 5 Күні:
Тақырыбы:
Жылу құбылысы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға жылу өткізгіштікті және қандай зат жылуды тез және баяу өткізетіндігін үйрету. Термометрмен таныстыру.
Өздігінен жұмыс істеу, пікірлерін ортаға салып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәлім - тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру.
Күтілетін нәтиже:
Жылу құбылысымен танысады.
Оқушылыр тақырыпты өз беттерімен меңгереді.
Өз ойын еркін жеткізе біледі.
Негізгі түйіні:
Топтық жұмыс.
Тапсырмалар:
1. Жылу дегеңді қалай түсінесіңдер?

2. Тәжірибе жасау.

3.Температура, термометр туралы не білесіңдер?
Модуль
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлау
Білім берудегі басқару және көшбасшылық
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
Білім беруде АКТ пайдалану
Деректер
Жаратылыстану: оқулық Б. Әбдіманапов, А.Прищепина, А.Әбілғазиев
Алматы: <<Атамұра>>,2010
Оқыту әдістемесі Б.Әбдіманапов,А.Прищепина
Алматы: <<Атамұра>>, 2010
Мұғалім:

Сабақтың басталуы:

Пысықтау:

Үйге тапсырма:

Рефлексия:

Бағалау:

Құрал-жабдықтар:
Мұғалім үйлестіруші. Топтардың өзара байланысын ұйымдастыру, жұмысты бақылау және қате жағдайда көмекке келу.
Сәлемдесу, сабақтың тақырыбымен,мақсатымен, нәтижесімен, идеясымен таныстыру

Сабақтың жоспары тақтаға жазылады
1.Жылу дегеніміз не?
2.Термометр.

Үй тапсырмасын тексеру: параграф 35, 36.
- Табиғат құбылыстары дегеніміз не?
-Жануарлар, өсімдіктер арқылы табиғат құбылыстарын қалай байқауға болады?
-Жылдық маусымдарда қандай биологиялық және метеорологиялық құбылыстарды байқауға болады?
-Жарық көздерін санап шық.
-Жарық көздері қалай бөлінеді?
Оқушыларға тест тапсырмалары ұсынылады.(Оқушылар тест жұмысымен алмасып, тексереді, баға қояды)

Жаңа тақырып.

Мұғалім: Жылу-энергияның белгілі бір пішіні.Мысалға Күн тек жарық берумен шектелмей, жылуды да бөліп шығарады.
Көптеген заттар жылудың әсерінен қызғанда көлемі ұлғаяды. Қатты заттарға қарағанда газ және сұйық заттардың көлемі тез ұлғаяды.
Жылу энергиясы әрдайым дененің жылы бөлігінен салқындау бөлігіне қарай жылуын өткізеді. Бұл процесті-жылу өткізгіштік дейміз.
Жылуды тез өткізетін: металдар.
Жылуды аз өткізетін: ағаш, су, ауа.
Слайд: 3,4,7,8,9,10.

Сұрақ: Ауа Жерді қалай қорғап тұр?
Түсіне қарай да жылу біркелкі қабылдана бермейді. Мысалға: қара түс жылуды жақсы қабылдайды, ақ, жылтыраған түстер-өте аз қабылдайды. Неге? Себебі, ақ және жылтыр түс түскен сәулені шағылыстырып отырады.
Сәуле дегеніміз не? Жарық тура бағытталған сызықпен таралса оны сәуле дейміз.
Оқушыларға тапсырмалар ұсынылады:
1. Cұраққа жауап беру, өз ойларын қағазға түсіру.
2. 1топ:Ауаны қыздырғанда көлемінің өзгеруі.

2топ:Әр түрлі заттардың жылу өткізгіштігі.

3. Сұраққа жауап беріңіздер.
Оқушылар тапсырмаларды орындайды, өзара талқылайды,бірінің
білмегенін бір-біріне айтады
Жаппай талқылау. Шағын топтардың әрқайсысы есеп береді
және дайын материалмен сынып алдына шығады
Оқушылардың жауабы тыңдалады және толықтырылады

Мұғалім: Жылу бөлу көрсеткішін оның температурасынан білеміз. Температура дегеніміз-жылу бөлу көрсеткіші. Температураны градуспен-арнайы термометр деген құралмен өлшейміз.
Термометр туралы слайд.)

-Жылу дегеніміз не?
-Температура деген не?
-Термометр деген не?
-Жылу өткізгіштік деп нені атаймыз?
-Жылуды аз өткізетіндерге не жатады?

Параграф 37, бет 94 сарамандық жұмыс.

Оқушылар сабаққа қорытынды жасайды (ойларын стикерге жазады).
Сабақ ұнады ма?
Не үйрендім?
Не үйренгім келеді?

Интерактивті тақта, презентация, суреттер, термометр, тәжірибеге арналған жабдықтар.

Тексерілді:.............................

Ұқсас жұмыстар
Топтар жарысы
Жауабын негіздеңдер
Жылу құбылысына шолу
Физикалық құбылыстарға сұрақтар
Күміс қақпа тапсырмалар қақпасы
Сайыстың ұраны
Молекула тобына аралған сұрақтар
Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі
«ХХі ғасыр көшбасшысы» атты сайыс
Қара жәшіктің құпиясы
Пәндер