Зерде интеллектуалды сайыс: дайындық сынып оқушыларына арналған мақсаттары мен ұйымдастыру тәртібі

«Зерде» инеллектуалды сайыс
Мақсаты: - Білімді, жан - жақты болуға жетелеу
- Көп білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
- Іздемпаздыққа, тапқырлыққа, ойлануға жетелеу.
- Жарыста озып шығуға талпындыру.
- Білімді, дарынды болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сандық, кубиктер, суреттер есептер.
Сайыстың формасы: топтық
Әдіс: жарыс.

Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгін даярлық сынып оқушыларының білімдерін зерделейтін»Зерде» атты интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер.

Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына - деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.

Әділ - қазылар алқасымен таныстыру.

  1. Тауды биік деме сенТалаптансаң шығарсыңЖауды мықты деме сенБілімді болсаң жығарсың - дей келе «Зерде» ойынын бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық. IIІ. Сайысқа қатысқан топтардың аттары:1 топ. «Тұлпарлар» Таныстыру. Тұлпар деген атымыз, Өжет және батылмыз. Жарысуға бүгін біз, Қырандармен дайынбыз!Ұраны: Тұлпардай біз шабамыз. Озып алға шығамыз!2 топ «Қырандар» Таныстыру. Біз қыранбыз, қыранбыз, Білімге біз құмармыз. Болашағы қазақтың. Ұлы, қызы боламыз!Ұраны: Алға, тек алға!Жеңіске қарай самға.
  2. Сайыс 5 турдан тұрады:1. Білгенге маржан (сұрақ-жауап) 2. Сауат ашу, математика3. Математик (есептер) 4. Жұмбақ шешу

5. Құрастырма сурет
I айналым. »Білгенге маржан» - сұрақ-жауап, дұрыс жауабын табу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егерде жауап дұрыс болмаса қарсылас топ жауабын дұрыс тапса, 1 ұпай ұтып алуға мүмкіндік бар, әр сұраққа ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
II айналым. «Кім жылдам»
«Кубик»лақтыру әріптерден сөз құрау беріледі. Сандар түсе санамақ айту, жұлдызша түсе ұпай санына 5 ұпай қосылады.
Б . . . , қай топ көп сөз тапса 5 ұпайға ие болады. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
III айналым. «Кім жүйрік» (логикалық есептер)
IV тур. «Математик» есеп шығару

Есептер беріледі шығару
Бір минуттың ішінде ойынды аяқтау қажет. Қай топ көп дұрыс жауап берсе, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.

V тур. Жұмбақ шешу.
Бұл жұмбақтың шешуі сыйқырлы сандықта. Дұрыс шешкен топқа 5 ұпай. Көрермендер сайысы, әр топқа 1ұпайдан -5 жұмбақ шешкізу.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. ( қой)

VI. Құрастырма сурет:

Қиықтардан сурет құрастыру 3минут уақыт беріледі.
Қорытынды жасалады: ( әділқазылар алқасы)

«Зерде» интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Зерде интеллектуалды сайыс: сыныптан тыс сабақтың жоспары
Физика интеллектуалды олимпиадасының сайыс жоспары мен өткізу тәртібі
Сынып үздігі: бастауыш сынып оқушыларына арналған интеллектуалды сайыс жоспары
3-сынып оқушыларына арналған Озаттар интеллектуалды сайыс сабақ жоспары
Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз интеллектуалды-танымдық ойыны: мақсаттары мен жүргізілу тәртібі
Түзете дамыта оқыту 3-сынып оқушыларына арналған интеллектуалды ойын Жұлдызды сәт: мақсаттары мен кезеңдері
Бастауыш сынып оқушыларына арналған Зерде интеллектуалдық ойыны: мақсаты, құрылымы және кезеңдері
Зерде интеллектуалды сайысы: білім, ақыл және отбасылық тәрбие
Ән жұмбақ музыкалық сайыс: мақсаттары мен ұйымдастыру кезеңдері
Мектеп оқушыларына арналған жол қозғалысы ережелері бойынша сайыс сабақ: мақсаттары мен мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz