Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қылмыс және заң
Атырау қаласындағы химия-биология
бағытындағы Назарбаев зияткерлік
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Текеева Жанша Тажибаевна
Сабақтың тақырыбы: Қылмыс және заң Сынып: 10
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
Ж9 Оқырманды қызықтыру және сендіру мақсатында жазу.
Өзіндік стильмен ғаламдық тақырыптардағы көтерілген мәселелерге өз көзқарасын дәлелдей отырып, (ресми, бейресми) жолдау хат, үндеу хат жазады
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:
* Мәселелерге өз көзқарасын дәлелдеп айта алды
Көптеген оқушылар:
* Оқырманды қызықтыру мақсатында айта алады
Кейбір оқушылар:
* Жолдау хат, үндеу хат жазады
Жетістік критерийлері:
:: ғаламдық тақырыптардағы көтерілген мәселелерге өз көзқарасын дәлелдей отырып жазады
Тілдік мақсаттар:
+ Ой жеткізуде етістіктің шақтарын қолдануы;есімдіктердің түрлерін пайдалану, сөйлем жүйесін дұрыс құра білу;
Осыған дейін меңгерілген білім:
> Оқылым стратегияларын меңгеріп, конспект құрастыра алады.
> Әлеуметтік мәселелер бойынша пікірталаста стильді орынды қолданады, ғылыми мәліметтерді салыстырып айтады.
Сабақта жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер:
Ұйымдастыру бөлімі
Сабақтың мақсатымен , жетістік критерийін презентация арқылы таныстыру.
Сыныпты 2 топқа стикерлермен бөлу.
Қызығушылықты ояту
Жұптық жұмыс. "Талқыла, пікір білдір, түйінде"
Бала неге қылмыс жасайды?
Тапсырма 1.
Төмендегі мәтінді оқып, ойыңызды жинақтап, бала тәрбиесіне сіздің білдірер пікіріңіз бар ма? Көтерілген мәселені 3 сөйлеммен түйіндеңіз.
Баланың ақ адал көңілі қылмыс атаулыдан жырақ болуы тиіс еді ғой, әлде қоғам, ата-ана, мектеп баланың тәрбиесіне жіті мән бермей отыр ма? Бір қарағанда, әр баланың өмірі әртүрлі жағдайда өтеді. Әлеуметтік қиындығы бар отбасының баласы мен төрт түлігі сай отбасындағы баланың мінезін, өмірге деген көзқарасын салыстыруға мүлде келмейді.
Отбасылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік баланың тағдырына, тіпті ойлау жүйесіне де әсер етеді. Бала айналаға қарап өседі. Өзінің құрбы- құрдастарына қарап еліктейді. Біреу бай болып, өзі кедей болса жан дүниесі қалай құлазымасын?
Сыныптағы 4 топтан бір елшіден барып келесі топқа өз тобындағы көзқарасты бөліседі.
Баланың не себепті тура жолдан тайып, қылмыс әлеміне еніп кететінін кім біледі?
ТЖ. Талқылап ортаға ой тастайды.
Тапсырма. 2. Баланың қылмыс әлеміне енуіне кімдер себепкер?
1. 2 нақты, дәлелді ой айтыңыз. 1 күмән келтіретін пікір тастаңыз.
2. <<Аш бала тоқ баламен ойнамайды>> деген сөзге өз көзқарастарың кандай? Ойларыңды дәлелдер келтіре отырып айтыңыз.
С Пікірлерін парақшаға жазып тақтаға іледі.
Тапсырма. Осы айтылған ой бүгінгі заманға сай келе ме?
1. Күмән келтіретін 1 пікір білдіріңіз, 2 сөйлеммен түйіндеңіз. Топ жетістік критерийін құрады.
Жетістік критерийлері:
> Ғаламдық тақырыптардағы көтерілген мәселелерге өз көзқарасын айта біледі.
> Ойын дәлелді пікірлер жеткізе алады
Өзіндік стильмен баяндауда сөздік қорды мол пайдалана алады
Абайсызда жасалатын қылмыстар да болады. Құлағымыз үйреніп қалған қылмыстық жаңалықтардың ішінде жасы кәмелетке толмағандардың бар болуын қалай түсінуге болады? Жалпы, мұндай балалар бесіктен белі шықпай жатып қылмысқа қалай барады? Әлдебіреулердің ықпалына, азғыруына түсіп қала ма, ол жағын біржақты ұғыну да оңай емес.
Тапсырма Асты сызылған сөздерге мән беріп, оның қолданылу себептерін түсіндіріп өтіңіз.
Бала құқығы
Конвенция - Бала құқығының әлемдік Конституциясы.
Мәтінді оқып танысып алады. Мәліметтерді жазып дәптерге түсіреді.Қанша аргумент жинағанын топтар бағалайды.
Жазылым тапсырмасы
Сыныбыңның оқушыларымен ақылдаса келіп, <<Балаларды қылмыс жасаудан қорғайық!>> атты қоғамдық форум өткізуді жөн көрдіңіз делік. Ендеше жоғарыдағы ақпараттарды негізге ала отырып, форумның жоспарлы әрекетін өз пікіріңізге қосып, ойыңызды ашық білдіріңіз
Форумға қатысушылар атынан көпшілікке Үндеу хат жолдаңыз.
Рефлексия. Бүгінгі сабақ туралы пікірлерін стикерге жазып қалдырады.

Халықаралық шарт бойынша бала деп кімді санайды? Балалар - бұл бесік арбадағы нәресте, бала бақшаға асыққан сәбилер, бастауыш, 5 - 7 сынып оқушылары сонда да болса, 8 сынып оқушылары кейде өздерін бала деп атағаны үшін ренжиді. Олар - жеткіншектер, яғни өздерін ересек сезінеді. 16 - 17 жастағы жоғары сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз. Конвенцияның бірінші бабын оқып көрейік: 18 жасқа толмаған әрбір адамзат иесін бала деп санау шартты мақсат. Яғни, 18 жасқа толмаған жасөспірім, жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралығын сақтауға құқылы. Даралықтың белгісіне оның есімі, тегі, әкесінің аты жатады. Балаға есім ата - анасының келісімі бойынша беріледі. Әдетте, ата - аналар өз балаларына кез келген атты ойлап қоя береді. Дегенмен, ондай таңдаудың шегі бар. Баланың мүддесін ескере отырып, ата - аналар өз құқықтарын пайдаланып, баланың мүддесіне қарама - қайшы келетін, айналасына күлкі, не жағымсыз жағдай туындататын есімді таңдамау керек. Баланың әкесінің аты ұлттық дәстүр ескеріле отырып, әкесінің есімімен жазылады. Мәселен, ата - аналарының қалауына қарай әкесінің атына "ұлы", "қызы" сөздері қосылып жазылуы мүмкін. Егер баланың әкесінің аты қос аттан тұрса (мәселен Әділмұрат) ата - аналарының қалауына қарай екі аттың бірі баланың әкесінің аты болып жазылады. Егер әкесінің аты белгісіз болса, шешесінің нұсқауымен баланың әкесі ретіндегі адамның есімі жазылады, ал тегі шешесінің тегімен көрсетіледі.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz