8-сынып қазақ тілі: Кезектес салалас құрмалас сөйлем туралы сабақ жоспары

Сламбекова А. А.

8 сынып

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Кезектес салалас.

Сабақтың мақсаты: Кезектес салалас сөйлеммен танысады. Салаластың мағыналық түрлерін толық меңгереді.

Міндеттері:

  1. Кезектес салалас сөйлемнің жасалу жолын біледі, кезектес салалас сөйлемді салаластың басқа түрлерінен ажырата алады.
  2. Синтаксистік талдау кезінде алған білімдерін қолдана алады.
  3. Бірлесіп жұмыс істейді. Ой қорытындысын жасауға дағдыланады.

Бағалау:

  1. Сұрақтарға жауап беру арқылы.
  2. Оқушылардың грамматикалық тапсырмаларды орындау кезінде өткен материалдарды пайдалана білуі арқылы.
  3. Венн диаграммасын құрастыр кезінде тапсырманы дұрыс орындай білуі.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: “Топтастыру”, “Кубизм”, “Түртіп алу”.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

І. Қызығушылықты ояту.

“Топтастыру” стратегиясы бойынша құрмалас сөйлемдерден білетін ұғымдарын жаздыру.

Құрмалас сөйлем

Салалас Сабақтас Аралас

1. Ыңғайлас 1. Шартты

2. Қарсылықты 2. Қарсылықты

3. Себеп-салдар 3. Себеп

4. Түсіндірмелі 4. Мезгіл

5. Талғаулы 5. Қимыл-сын

6. Кезектес 6. Мақсат

Содан соң өздеріне таныс емес салаластың астын сыздырамын.

ІІ. Мағынаны тану.

Оқулықтағы мәтінді оқып, танысады.

“Кубизм” стратегиясы.

  1. Суреттеңіз. Кезектес салалас сөйлем дегеніміз не?
  2. Салыстырыңыз. Кезектес салаласты басқа салаласпен салыстырыңыз.
  3. Саралаңыз. Жасалу жолы жайлы не білесің? Кезектестің басқа салаластан қандай ерекшелігі бар?
  4. Қолданыңыз. Кезектес салаласқа мысал келтір.

Ойашар.

ІІІ. Ой толғаныс.

Оқулықпен жұмыс.

“Түртіп алу” стратегиясы бойынша 116-жаттығу.

  1. Сөйлемді тақтаға жаздыру.
  2. Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін табу.
  3. Қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысып тұрғанын табу.
  4. Салалас құрмаластың қай түріне жататынын тапқызу.

Қорытындылау.

“Венн диаграммасын” толтыру.

Кезектес салаласты түсіндірмелі салаласпен салыстыру

Бағалау.

Үйге тапсырма: 118- жаттығу.

  1. Берілген жай сөйлемдерді мағыналарына қарай топтастыру.
  2. Кезектес салалас сөйлемге айналдыру.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің сабақ жоспарлары: Кезектес салалас құрмалас сөйлем және музыкалық аспаптар; Атақты күйшілер
Кезектес салалас құрмалас сөйлемге арналған әдістемелік сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Жаңа дәуірдегі жаңа Астана және қарсылықты салалас құрмалас сөйлем: қазақ тілі сабағының жоспары
Талғаулы салалас құрмалас сөйлем: сабақ жоспары мен оқу-әдістемесі
8-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем (2 сағат)
9-сыныпқа арналған ашық сабақ: Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
7-8 сыныптарға арналған қазақ тілі пәні бойынша ашық сабақ: Мақсатты келер шақ және түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
8-сынып қазақ тілі: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - сабақ жоспары
Салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау: сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz