Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Сызықты алгоритмдерді программалау

Пәні: информатика
Мектеп: <<Шұбар>> жалпы орта мектебі
Күні:7.12.16
Мұғалімнің есімі: Ибраимова Жайна
Сынып: 7Б
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Сызықты алгоритмдерді программалау
Сабаққа негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)
Оқушылар сызықты алгоритмді программалай алуды меңгереді
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:

Сызықты алгоритмге қатысты есептер шығарады

Оқушылардың басым бөлігі:

Сызықты алгоритмге қатысты есептерді компьютерде қатесіз орындайды

Кейбір оқушылар:

Мәселе есептерге шарт құрып, программасын дұрыс құрады
Тілдік мақсат:
Оқушылар:
-сызықты алгоритм не екенін оқып біледі, оқулықтағы мысалды топпен талдап, бір-біріне түсіндіреді.
-сызықты алгоритмге мысал келтіреді
-топтық жұмыс барысында берілген есептің блок-сызбасын құрады.
-сұрақ-жауап арқылы ойын дамытады

Негізгі сөздер мен тіркестер: сызықты алгоритм, блок-сызба, программа, begin, end, var т.б.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар

Сіз неліктен .... айта аласыз ба?

Неліктен берілген есептер сызықтық алгоритмге жататынын түсіндіреді

Жазылым бойынша ұсыныстар

Есептерді параққа шығарып, оларды компьютерде жазады
Пәнаралық байланыс
Математика, ағылшын тілі, тарих
Алдыңғы оқу
Өрнектер. Сандық функциялар
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы

0-3 мин

4-10мин

10-12мин

Ортасы

12-14мин

14-20 мин

20-25 мин
25-37мин

37-42мин

42-45мин
Соңы
Сәлемдесу
Оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Оқушылар қолдарына гүл шоқтарын алып, шеңбер болып орналасады, бір-бірлеріне тілек айтады.
Топқа бөліну. Гүл шоқтарының жапырақтарына жазылған сөздер арқылы 2 топқа бөлінеді. Жапырақтардағы сөздер: эллипс, тіктөртбұрыш, ромб, параллелограм, алтыбұрыш, program, end, begin, var, write. 1-топ <<Блок-схема>> тобы, 2-топ <<Программа>> тобы
Топтарға миға шабуыл сұрақтары қойылады.
1. Паскаль тілінде сандық функцияларды атап шығыңдар?
2. Паскаль тілінде өрнектер жазу барысында қандай ережелерді қолданамыз?
3. Жақшасы бар арифметикалық өрнекті есептеу қалай жүргізіледі?
4. Енгізі және шығару операторларын ата?
5. Екі бүтін типті айнымалыларды бөлу өрнегін есептеу
барысында шыққан нәтиженің типі қандай болады
және не үшін?
Үй жұмысын тексеру
Сәйкестендіру әдісі. Слайдтан кесте шығады. Дұрыс жауаптарын дәптерлеріне жазады. Сұрақтарды жауабымен сәйкестендіреді.

Жауабы тақтадан шығады.

Оқушылар өздері тексеріп баға қояды.
<<Адасқан әріптер>> әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Оқушыларға bilimland.kz сайтынан видео көрсетіледі. Сол бойынша оқушылар өз ойларын айтып тақырыпты ашады.
Оқулықпен жұмыс. Оқушылар өздері оқиды. Джигсо әдісі бойынша бір-бірлеріне түсіндіреді.
<<Тыңдап отырған үштік>> әдісі
Тақтада стикерлер жабысып тұрады. Стикерлерге а,а1,а2, б,б1,б2,с, с1,с2,с3 сөздері жазылып тұрады. Оқушылар а және а1, а2 бойынша топ құрады.а және а1,а2 тобы А деңгейінің 1 тапсырмасын, б және б1,б2 тобы В деңгейінің 1 тапсырмасын, с және с1,с2,с3 тобы с деңгейінің 1 тапсырмасын шығарады. Программасын құрып түсіндіреді. Әр оқушы шешен, тілші, хатшы рөлін атқарады. Шешен есепті айтып түсіндіреді, Тілші сұрақ қояды, Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, соңында қорытынды жасайды.
Басбармақ арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
А деңгей
1-тапсырма
Бір мемлекетте тұратын халық саны мен жер көлемінің ауданын алып, осы мемлекеттегі халық тығызжығын анықтаңдар.
2-тапсырма
Жай бөлшектерді қосатын программаны құрыңдар
В деңгей
1-тапсырма
1,5 л шайды қайнату үшін 30 г құрғақ шай керек. Шәугімге В л сияды. Шай демдеу үшін қанша құрғақ шай қажет?
2-тапсырма
Төрт сыныпқа Ғ га ауданы бар өрісті жинау тапсырылды. Әр сыныптағы балалар саны белгілі. Әр сыныпқа қанша га жинау қажет?
С деңгей
Нақты а саны берілген. Көбейтуден басқа ешқандай амалдарды қолданбай алу керек:
1) а4 екі амалмен
2) а6 үш амалмен

Сергіту сәті
<<Ауада жазу>> сергіту сәті орындалады.
Компьютермен жұмыс. Оқушылар құрған программаларын компьютерге тереді.

<<Ақиқат-жалған>> әдісі ауызша орындалады
1) Әрекеттері бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын алгоритмдер сызықты алгоритмдер деп аталады. (Ақиқат)
2) Программа денесі 4 бөліктен тұрады.(жалған)
3) Read - ол шығару операторы(жалған)
4) Сызықты алгоритмдерді программалау есепті шешу кезеңдерімен сәйкес жүргізіледі. (ақиқат)
5) Программа денесі программа тақырыбы, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімінен тұрады(ақиқат)
Бағалау
Бағалау парағы арқылы бағаланады.

8-9 ұпай - <<5>> баға
5-7 ұпай - <<4>> баға
1-5 ұпай - <<3>> баға
<<Бағдаршам>> әдісі арқылы кері байланыс алу
<<Бесбармақ>> әдісі арқылы рефлексия жазып, тақтадағы рефлексия парағына жабыстырады.
Үйге тапсырма: Сызықты алгоритмдерді программалау, бақылау сұрақтарына жауап жазу және деңгейлік есептің ең соңғы есебіне программа құру

Гүл

Интерактивті тақта, слайд

дәптер

Бағалау парағы

слайд

Интернет
Интерактивті тақта
Оқулық

Стикерлер

Түрлі-түсті қағаз

А4 форматтағы парақ

Бағалау парағы

Слайд
Компьютерлер

Бағалау парағы

Слайд

Бағалау парағы

Бағалау түстері
Рефлексия плакаты
Түрлі-түсті парақ
слайд
Қосымша ақпарат:
Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Биология, жаратылыстану
Рефлексия
Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған сралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Сабақ барысында мына сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектеетін не білдім?

Тексерілді:
ДОІЖО: Қожаберген Н.Ә______________

Оңтүстік Қазақстан облысы
Ордабасы ауданы
<<Шұбар>> жалпыорта мектебі
<<Бекітемін:>>
Мектеп директоры: Б.Айдарбек

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сызықты алгоритмдерді программалау

Информатика пәнінің мұғалімі: Ибраимова Жайна
Сыныбы: 7 <<Б>>

2016-2017 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Программа тілін машиналық тілге аударатын тіл
Алгоритм және визуалды программалау технологиясы
Сызықтық құрылымды алгоритмдермен программаларды құру
Сызықтық алгоритмді програмалау
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері. 9-сынып
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері
Python тіліндегі алгоритмдерді программалау
Паскаль - программалау тілі
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Пәндер