Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Ізденіс - шығармашылық бастауы атты интеллектуальдық сайысы

Математика, информатика, физика апталағында
7-10 сыныптар аралығында өткізілген
<<Ізденіс - шығармашылық бастауы>> атты интеллектуальдық сайысы

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін танымдық, зияткерлік, шығармашылық, тәжірибелік қабілеттерін арттыру.
Сайыстың міндеттері:
1. Сыныптар арасындағы қарым қатынасты, ынтымақтастықты нығайту әрі дамыту;
2. Жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту, оқушылардың интеллектісін байыту, ой-өрісін кеңейту;
3. Дарынды және қабілетті балаларды көбірек анықтап, оларға қолдау көрсету арқылы, мүмкіндіктерінің толық ашылуына көмек көрсету;
4. Оқуға және тәжірибе жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру.
Жабдықтар: компьютер, проектор, экран
Көрнекіліктер: презентация, карточкалар, ғалымдар суреттері, тәжірибеге арналған құралдар

Сайыстың барысы:
1 жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған нақты ғылымдарды сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің <<Ізденіс-шығармашылық бастауы>> атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысқа 7 және 10 сынып оқушылары қатысып отыр. Топ басшысы 10 сынып оқушысы. Өз командасын 9 сыныптан -2 оқушы, 8 сыныптан- 2 оқушы, 7 сыныптан -1 оқушылар арқылы жасақтап алды. Сайысты 11сынып оқушылары ұйымдастырып, жүргізуде.
2 жүргізуші:
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып ХХІ ғасырға
Барлық әлем жаңалығын бастайды.
Компьютер сенің көмекшің, қаламың әрі қағазың
Керек емес демессің аздаған болса хабарың
Үйрену керек бәрін де ақпараттық заманың
3 жүргізуші
Ғылымдардың патшасы атанған
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл - Ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың бәріне
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де!
1 жүргізуші
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыттанып шалқысып
Есеппен ән салысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық
Бұл адамдар ардақтаған халықты

2 жүргізуші: Сайысымызда топтардың ұпайларын есептеп, әділ бағасын қадағалау үшін әділ - қазылар алқасын тағайындап алайық.
1
2
3
4
5
3-жүргізуші:
Бүгінгі сайысқа 5 топ қатысады.
Сайысымыз келесі кезеңдерден тұрады:
1.Мен кіммін?
2.Бәйге
3.Ғалымдарды танып біл!
4.Бәрін білгім келеді
5.Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің арнайы бейне сұрақтары
6.Тәжірбие
Қорытындылау.
Сайысысымызды бір бірімізге сәттілік тілеу үшін шаттық шеңберіне тұралық.
I. Таныстыру
1 - жүргізуші. Бірінші кезең <<Мен кіммін?>>, яғни әр топ өздерін таныстырады. Жоғарғы ұпай - 5ұпай.
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.

1 тобымыз <<Инфизмат>> тобы
2 тобымыз <<Физматика>> тобы
3 тобымыз <<Эрудит>> тобы
4 тобымыз "Sirius" тобы
5 тобымыз "Fizmatinfo" тобы

2 жүргізуші. 2 сайысымыз - Бәйге
Шартын түсіндіретін болсақ әр топқа 3 пәннен 15 сұрақ қойылады. Экранда көрсетілген 1-5 сандарды таңдаймыз. Әр сан астында жасырылған сұрақтарға жауап береміз. Сұрақтар математика, физика, информатика пәндерінен қойылады. Уақыт шектеулі 1 минутта жылдам жауап беру керек. Егер сұраққа жауап бере алмаса, келесі сұраққа өтуіне болады. Уақыт экранда көрсетіледі.
<<1>> саны сұрақтары:
1) Шаманың (санның) жүзден бір (1100) бөлігі? (1%)
2) Ақпараттың өлшем бірлігі (бит, байт )
3) Столда 3 пицца жатыр, сен солардың екеуін алдың сонда сенің қолыңда қанша пицца қалды? (2 дәл өзің алған екеуі)
4) Күш бірлігі не деп аталады? ( Ньютон )
5) Компьютердің миы (Процессор)
6) Трапецияның ауданын қалай табамыз? (STP=a+b2∙h)
7) Дене өзінің көлемін және пішінін сақтайды, сонда бұл дене құралған зат қандай күде болады?
( қатты )
8) Дененің өз қозғалысы салдарынан болатын энергияны не деп атайды? (кинетикалық энергия )
9) Қандай сандар 2-ге бөлінеді? (Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді)
10) Мәліметтер енгізу пернесі (Enter)
11) Паскал программалау тілі қай жылы пайда болды? (1968-1971 жылдары)
12) Қандай фигура төртбұрыш деп аталады? (әрбір үшеуі бір түзуде жатпайтын төрт нүктені тізбектей қосатын қиылыспайтын төрт кесіндімен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигура)
13) Будың сұйыққа айналу құбылысы (конденсация)
14) Қағазға басып шығару құрылғысы ( Принтер )
15) Дене өзінің көлемін сақтайды, бірақ пішінін өзгертеді. Сонда бұл дене құралған зат қандай күйде болады? (сұйық)
<<2>> саны сұрақтары:
1)Қабырғалары a және b болатын тіктөртбұрыштың ауданы неге тең? (S=a*b)
2) Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)
3) Дене өзінің көлемін сақтайды, бірақ пішінін өзгертеді. Сонда бұл дене құралған зат қандай күйде болады? (сұйық)
4) Паскаль программалау тілін кім ойлап шығарды? ( Швейцариялық ғалым Никлаус Вирт)
5) 50 қандай санды 2-ге тең бөледі? (100)
6) Дененің өз пішінін өзгертуі (Деформация)
7) Ток көзін ойлап тапқан ғалым (Вольта А)
8) Ақпараттық ең кіші көлем бірлігі ( бит)
9) Зат бөлшектерінің ретсіз қозғалысы салдарынан болатын жанасқан заттардың бір-біріне өзара араласуы (Диффузия)
10) Қандай натурал сандар 3-ке бөлінеді? (Цифрларының қосындысы 3-ке бөлінетін натурал сандар)
11) Нәрсенің 1/4 -і қалай аталады? (Ширек)
12) Өткізгіштің ұштарындағы токты өлшеуге арналған құрал (вольтметр)
13) Енгізу құрылғысы (пернетақта )
14) Қандай төртбұрыш <<параллелограмм>> деп аталады? (Қарама - қарсы қабырғалары қос - қостан болатын төртбұрыш)
15) Вирусты емдейтін программа (антивирус)
<<3>> саны сұрақтары:
1)Нәрсенің 12 бөлігі қалай аталады? (Жарты)
2) Тізбектегі ток күшін реттеуге арналған прибор (реостат)
3) Екілік санау жүйесінің сандары (0 және 1)
4) Бір дененің екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш не деп аталады? (үйкеліс күші)
5) Қандай сандар 10-ға бөлінеді? (Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар)
6) Қағаздағы кескінді компьютерге енгізуге арналған құрылғы? (сканер)
7) Жыпылықтап тұратын тік сызықша ( курсор)
8) Егіс даласында 30 қарға қонақтап отырды. Фермер соның төртеуін атып түсірді. Далада қанша қарға қалды? (Өлген 4 қарға)
9) Үшбұрыштың ауданын есептеу формуласын айт. (S=(a∙h)/2)
10) Дене массасының оның көлеміне қатынасына тең физикалық шама ( тығыздық)
11) Грек тілінен аударғанда жылу және күш деген мағына беретін физика бөлімі қалай аталады? (термодинамика)
12) Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады және олар қалай аталады? ( 3 бөліктен, тақырып, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі)
13) Қандай төртбұрыш <<ромб>> деп аталады? (Барлық қабырғалары тең параллелограмм ромб деп аталады)
14) Термометрдегі сұйықтықты не деп атайды? (сынап)
15) Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы ( CD-ROM)

<<4>> саны сұрақтары:
1)Қандай натурал сандар 9-ға бөлінеді? (Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінетін натурал сандар)
2) Адамның денсаулыққа зиянды компьютер құрылғысы (монитор)
3) Атмосфералық қысымды өлшеу үшін қандай металл барометр қолданылады? (анероид)
4) Қандай төртбұрыш <<квадрат>> деп аталады? (Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш)
5) Пифагор теоремасын тұжырымдап айт. (Катеттердің квадраттарының қосындысы гипотенузаның квадратына тең)
6) Паскаль программалау тілінде енгізу операторын ата? (Read, Readln)
7) Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады? (Алымы бөлімінен кіші бөлшек)
8) Сұйық немесе газдағы дененің кері итеруші күші не деп аталады? (Архимед күші)
9) Ағылшын физигі және матиматигі. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан (Исаак Ньютон)
10) Бір адамның 14 түйесі бар екен, соның үшеуінен басқасының бәрі өліп қалыпты. Қанша қалды? (3)
11) Пернетақтадағы өшіру пернелерін ата (Delete, Backspace)
12) Сұйықтың ішіндегі өте ұсақ қатты бөлшектердің қозғалысын не деп атайды ( Мысал айту - Броундық қозғалыс)
13) Информатика кабинетінде жұмыс ережесі қалай аталады? (Қауіпсіздік ережесі)
14) Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы (балқу)
15) ДК құрамына кіретін негізгіқұрылғыларды атап шық (Жүйелік блок, монитор, пернетеқта, тышқан)

<<5>> саны сұрақтары:
1) Қандай сандар 5 ке бөлінеді? (Жазылуы 0 немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді)
2) Паскаль программалау тілінде шығару операторын ата? (Write, Writeln)
3) Квадрат (шаршының) ауданының формуласы? (S=a2)
4) Қандай бөлшектер аликвоттық бөлшектер деп аталады? (Алымы 1-ге тең)
5) Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама (отынның меншікті жану жылуы)
6) Ақпаратты тасымалдау құралдарын ата (Компакт-диск, дискета, флэшка)
7) Атом құрылысы және құрамын зерттеу жөнінде тәжірибелер жасаған ағылшын ғалымы (Резерфорд)
8) 1 байт неше бит бар? (8 бит)
9) Спутник немесе планетаның қозғалыс траекториясы, әдетте шеңбер немесе овал түрінде болады (орбита)
10) Компьютер дегеніміз не? (Ақпараттық процестерді өңдеуге арналған құрал)
11) Ядро құрамындағы оң зарядты бөлшектер (протондар)
12) Бір адам дөңгелек саябақтың маңында тұрады. Саябақты сағат тілінің бағытымен айналып өту үшін оған 80 минут уақыт керек, ал енді ол саябақты сағат тілінің бағытына қарсы айналып өтетін болса, 1 сағат 20 минут жұмсайды екен. Неге? (Өйткені 1 сағат 20 минут дегеніміз 80 минут болады)
13) Атом ядросындағы бейтарап бөлшек (нейтрон)
14) 1. Пернетақтадағы цифрларды енгізу пернесі қалай аталады? ( Num Lock)
15) Трапецияның анықтамасын айт. (Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп атайды)

3-жүргізуші Келесі сайысымыз <<Ғалымдарды танып біл!>>. Сайысқа 3 минут уақыт беріледі. Бұл сайыстың шартымен таныстырып өтейін: Ғалымдарды танып білсе атын атаса 1 ұпай, еңбегін айтса 2 ұпай, толық мәлімет берсе 3 ұпай беріледі.

1 жүргізуші: Келесі сайысымыз Бәрін білгім келеді... Бұл кезең 3 пәннің сұрақтарынан тұрады. Әр сұрақ сәйкесінше ұпайына байланысты қиындап отырады. Әр топ кезекпен ұяшықты таңдап, сұраққа жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап берсе, сәйкес ұпайға ие болады.

2 жүргізуші: Келесі сайыс үй тапсырмасы Тәжірибе: Бұл кезеңде әр топ үйден дайындап акелінген физика заңдылығына байланысты тәжірибе көрсетіп, басқа топтарға сұрақтар қою.

3 жүргізуші: Келесі сайысымыз Пән мұғалімдерінің сұрақтары. Бұл кезеңде мектеп әкімшілігі мұғалімдерінің бейне сұрақтарына жауап беру. Сұрақ жауабын 3 тілде жауап беру керек.

Қорытындылау. Бүгінгі сайыс сабағымызды қорытындылай отырып, жеңімпаз атанған топты ортаға шақырамыз, (мақтау қағазымен марапатталады)
Осымен сайыс сабағымыз аяқталды, келіп, тамашалағандарыңызға көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Дарынды балалармен жұмыс жасау
"Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары."
Шақыратын білімге
Оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың өзекті мәселесі
Менің елім, менің Қазақстаным
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары жайлы ақпарат
Математикалық ойлау есептері
Ендігі тамашалайтындарыңыз өнер сайысы
Аялайық аналарды әрдайым
"тарих қадамдары" интеллектуалды сайысы
Пәндер