5-сынып Жаратылыстану: Табиғаттағы күштер - үйкеліс пен тартылыс

Мерзімі : 16. 02. 2016

Сыныбы: 5

Пәні: Жаратылыстану

Мұғалімі: Куватова Меруерт Елтаевна

Мектеп: Б. Сүлейменов атындағы орта мектеп

Сабақтын тақырыбы:Табиғаттағы күштер

Сабақтың мақсаты : Оқушыларды табиғаттағы әр түрлі күштермен таныстыру және теориялық материалдарды іс жүзіндегі жұмыстармен ұштастырып отыру

Білімділік: оқушыларға табиғатта кездесетін күштер туралы, бүкіләлемдік тартылыс заңы, үйкеліс күші туралы білімдерін қалыптастыру

Дамытушылық: жалпы оқу іскерліктерін үйрену, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі :интерактивті тақта, суреттер

Пәнаралық байланысы :физика, қазақ әдебиеті

Сабақтың түрі :дәстүрлі емес

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Әдістері : топтық, баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыстар.

Сабақтың барысы: : Психологиялық дайындық

Ой ашар

Ой қозғау

Ой қорыту

Қорытынды

Бағалау

Үйге тапсырма

Ұйымдастыру

Сергіту сәтін ұйымдастыру

Балалар көздерін жұмады.

-Сендердің жүректерің -сендердің жарқыраған күндерің, ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісіңдер. Ал, қане жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне -бәріне жіберейік.

Ал енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.

Әр түрлі фигуралар арқылы сыныпты топқа бөлу

Үй тапсырмасын сұрау

Ой ашар “Біле бер қанша білсең - тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле - біле”

Ж. Баласағұн
1. 1. Дене жылдамдығын бір қалыпты тоқтаусыз сақтауын . . . дейді.
2. Дененің немесе дене уақыт өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы орнының өзгеруі деп аталады
3. Тепе - теңдік дегеніміз . . .
4 . Жануарлар денесінің тепе -теңдігі . . . байланысты болады.
5. Адамдардағы тепе -теңдікті сақтайтын . . . түбі органы.
II. Сәйкесін тап

ІІ. “Ой қозғау”

«Күш» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Табиғатта әр түрлі күштер кездеседі. Күш денелердің қозғалуына әсер етеді.

Егер сіз партаның үстіндегі кітапты жай қозғасаңдар ол бірден қозғала қоймайды. Оған себеп болған үйкеліс күшінің әсері . Егер кітапты қатты қозғасаңыз ол бір бағытта сырғанай бастайды. Үйкеліс күшінің әсерінен кітап біраз жерге барып тоқтауы мүмкін. Яғни үйкеліс кез келген дененің қозғалуын тежейді немесе оны тоқтатады. Кез келген дененің үстіңгі беті біз ойлағандай теп тегіс бола бермейді. Оны микроскоп арқылы байқауға болады. Дененің беті бұдыр болып келсе үйкеліс күші жоғарылайды. Сондьқтан да қағаз бетіне қаламсаппен жазғанда оның ізі қалады, ал әйнектің бетіне жазсаңдар, оған жазу түспейді. Себебі оның беті өте тегіс, үйкеліс күші өте аз. Бәтеңкелеріңнің табанына қарап көріңдерші, нені байқайсыңдар. Неге табандары бұдыр-бұдыр болып келген? Не себепті? Ал мұз айдынындағы сырғанақ тебушілердің конькиінің табаны тегіс болады. Себебі үйкелісті азайтып тез козғалу үшін қажет. Үйкелісті азайтудың бірден-бір жолы арнайы майды жағу. Мысалға, жұмыс істеп тұрған машинаның тетіктері шыдамды болуы үшін, бірін - бірі үйкелеуден сақтау үшін ұдайы майлап отырады.

Егер сендер бір нәрсені қолдарыңнан түсіріп алсаңдар, ол әрдайым жерге құлап түседі. Бүндай күшті тартылыс күші деп атайды. Тартылыс күші болмаса жер бетіндегі денелер (ағаш, үй, адам, жануар) ғарыштық кеңістікке ұшып кеткен болар еді. Осыдан 300 жыл бұрын ағылшын ғалымы Исаак Ньютон Бүкіләлемдік тартылыс Заңын ашты. Тартылыс күші Күн жүйесіндегі ғаламшарларды Күннің айналасында өз орбиталарында ұстап тұр. Тартылыс күші Жер атмосферасында ұстап тұр. Бұдан басқа көптеген процестер тартылыс күшіне байланысты болады.

:

III. Оқушылар сын тұрғысынан ойлана отырып, күш сөзіне, табиғаттағы күштер

туралы өз ойларын ортаға салады, пікір алмасады.

:

1-топ - Күш

2-топ - Үйкеліс күші

3-топ -Тартылыс күші

Топтық талдау жұмыстары

«Қонақ кәде» әдісі арқылы әр топтың оқушылары бір-біріне қонаққа барып, өз топтарының тапсырмаларын бір-біріне баяндап және түсіндіріп береді.

: Топтар жаңа тақырыпты қаншалықты түсінгендігін сұрақтар арқылы анықтайды.

1. Күш дегеніміз не?

2. Табиғатта қандай күштер бар?

3. Күш ұғымы қалай пайда болды?

4. Күштің маңызы қандай?

5. Үйкеліс күші дегеніміз не?

6. Тартылыс күші дегеніміз не?

Ой қорыту

IV. Пайымдаулар дұрыс па?


Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді сабақ жоспары (9-сынып): Механикадағы күштер - ауырлық, серпімділік және үйкеліс
Ньютонның бірінші заңы, инерциялық санақ жүйелері және күштер (ауырлық, серпімділік, үйкеліс, теңәрекеттілік)
Денеге бір түзу бойымен әрекет ететін тартылыс құбылысы, ауырлық және үйкеліс күштері: 7-сыныпқа арналған технологиялық карта мен сабақ жоспары
Тартылыс құбылысы және бүкіләлемдік тартылыс заңы
Бүкіләлемдік тартылыс заңы: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
7-сынып физикасы: Үйкеліс күші және техникадағы қолданылуы
7-сынып физикасы: Үйкеліс күші және техникада үйкелісті ескеру
7-сыныпқа арналған Механикадағы күштер тақырыбы бойынша ашық сабақ жоспары
5-сынып жаратылыстану: §21 Мұхиттар - сабақ жоспары
Үйкеліс күші: теория, тәжірибе және техникада қолдану (7-сынып сабақ жоспары)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz