Тербелістер мен толқындар: сабақ жоспары және есептер жинағы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы

Қызылтал жалпы орта білім беретін мектебінің

физика пәні мұғалімі Дускарова Саулеш Ондасовна

Сабақтың тақырбы: Тербелістер мен толқындар

Сабақтың мақсаты: 1. Тербелістер мен толқындар жайындағы білімді

жүйелеу және қорытындылау.

2. Физикалық формула, теңдеу құру және

есеп шығару біліктіліктерін дамыту.

3. Ізденімпаздыққа, жауапкершілікке және

ұйымшылдыққа тәрбиелеу,

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта көмегімен сабақтың барысын және орындалатын тапсырмаларды слайд түрінде көрсету, есептер жазылған таратпа материалдар

Күтілетін нәтиже: Оқушылар тербелістер мен толқындар тарауынан ҰБТ-де кездесетін есептерге талдау жасауды үйренеді, есеп шығару дағдысын қалыптастырады

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. «Бәйге» (формулалар)

ІІІ. «Ғажайып үштік» (деңгейлік тапсырмалар)

ІV. «Жорға» (қайталау сұрақтары)

V. Үйге тапсырма.

VІ. Қорытынды.

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ . «Бәйге»

1. Математикалық маятниктің тербелісінің меншікті жиілігі формуласын жаз.

2. Серіппелі маятниктің тербелісінің меншікті жиілігі формуласын жаз.

3. Математикалық маятник лифтіде үдеумен түседі. Тербеліс периоды қалай өзгереді?

4. Толқынның ұзындығы, жиілігі және таралу жылдамдығы арасында қандай байланыс бар?

5. Сыйымдылық кедергі қандай формуламен анықталады?

6. Тербелмелі контурдағы зарядтың теңдеуін жаз.

7. Контурдағы тербелістердің меншікті жиілігі формуласын жаз?

8. Тербелмелі контурдағы тербелістердің периодының Томсон формуласын жаз.

9. Ток күшінің және кернеудің әсерлік мәндерінің формуласы?

10. Трансформатордың пайдалы әрекет коэффициенті?

ІІІ. «Ғажайып үштік»

10
10
10
10: 15
10: 15
10: 15
10: 20
10: 20
10: 20

10 -ұпайлық

15 -ұпайлық

20 -ұпайлық

10 ұпайлық есептер.

1. Егер тербелмелі контурдың катушкасына темір өзекше енгізсе, ондағы электромагниттік толқынның жиілігінде қандай өзгеріс болады?

Жауабы: T=2π√LC ν=1/√L-1/√μ ; кемиді

2. Егер катушканың индуктивтігі 2 есе артып, ал конденсатордың сыйымдылығы 2 есе кемісе, тербелмелі контурдағы еркін электр тербелістерінің жиілігі қалай өзгереді?

Жауабы:1/T= ν 0 =1/2π√L 0 C 0 ; ν=1/2π √2L 0 C 0 /2 = ν 0 . Өзгермейді

3. Егер катушканың индуктивтігі және конденсатордың сыйымдылығ 2 есе артса, тербелмелі контурдағы еркін электрлік тербелістердің периоды қалай өзгереді?

Жауабы: T=2π√LC ; 2 есе артады

15 ұпайлық есептер.

1. Индуктивтігі 3 Гн катушка арқылы тұрақты электр тогы өтіп жатыр. Тізбектегі ток күші 4А. Катушканың магнит өрісінің энергиясы неге тең?

Жауабы: W=24Гн

2. Қатаңдығы 160Н/м серіппеге ілінген массасы 400 г жүктің тербеліс жиілігін табыңдар.

Жауабы: ν=3, 18 Гц

3. Егер периоды 2, 5с тербеліс 8, 5м толқын ұзындығын тудыратын болса, онда дыбыстың ауадағы жылдамдығын тап.

Жауабы: υ = 340 м/с

20 ұпайлық есептер.

1. Тербелмелі контур индуктивтілігі 100 мкГн, сыйымдылғы 200 пФ кедергісі 1 Ом резистордан тұрады. Максималь кернеуі 5 В болатын еріксіз тербеліс алу үшін, контур қанша қуат жұмсау керек?

Жауабы: Р =25 мкВт.

2. Индуктивтілігі 25мкГн катушканың резонансын 100м толқын ұзындығына келтіру үшін, конденсатордың сыйымдылғы қандай болуы керек?

Жауабы: С=113 пФ

3. Айнымалы конденсатордың сыйымдылығы 56 пФ-тан 667 пФ-қа өзгереді. Тербелмелі контур радиостанциядағы толқын ұзындықтарын 40 м-ден 2600 м-ге келтіру үшін өздік индукция қандай болу керек?

Жауабы : L=2, 86 - 8мкГн

ІV . «Жорға»

1. Электромагниттік толқындар қандай толқын?

2. Толқын дегеніміз не?

3. Электромагниттік толқындардың қсиеттерінің қайсысы олардың

көлденеңдігін көрсетеді?

4. Толқын ұзындығы деп қандай шаманы айтамыз?

5. Дыбыстың қаттылығы қандай шамамен анықталады?

6. Дыбыстың биіктігі қандай шамамен анықталады?

7. Газдарда қандай механикалық толқындар таралады?

8. Толық бір тербелісте фаза қаншаға өзгереді?

9. Денелердің еріксіз тербелістері дегеніміз не?

10. Трансформатор дегеніміз қандай қондырғы?

V . Үйге тапсырма. ІІІ тарау, есеп №4. 137 - 4. 142 (Қ. Аққошқарова)

VІ. Қорытынды (бағалау, оқушыларға қиындық туғызған тұстарын ескеру)

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. (жратылыстану-математика бағыты) . Б. Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев

2. Физика (есептер мен тест сұрақтары) . Қ. Аққошқарова, Н. Қойшыбаев

3. Электромагнитные колебания (метод решения задач) О. К. Костко.


Ұқсас жұмыстар
Механикалық және электромагниттік тербелістер мен толқындар: 11-сыныпқа арналған есептер мен шешу әдістері
9-сынып физикасы: Толқындар мен тербелістер тақырыбы бойынша ашық сабақ жоспары
Электромагниттік тербелістер: жарық дисперсиясы мен поляризациясы сабақ жоспары
Дыбыстық тербелістер мен толқындардың физикалық негіздері
Импульс, энергия және тербелістер: сабақ жоспары, оқыту әдістері және бағалау критерийлері
Мектептерге арналған математикалық және логикалық есептер жинағы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары: Тұрақтандырушы сұрыптау, гендердің дрейфі, популяциялық толқындар және оқшаулану
Өрнектер мен формулалар: есептер жинағы және натурал сандардың бөлінгіштігі
Электромагниттік өріс және толқындар: Максвелл теориясы, құйынды электр өрісі, тербелмелі контурлар және Герц тәжірибелері
Электромагниттік толқындар шкаласы және жоғары жиілікті сәулелердің биологиялық әсері мен қорғану шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz