Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Тілашар сценарий
Тілашар
Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту, мектеп,мұғалім, оқушы,оқулық,туралы
түсініктерін қалыптастыру. Үлкенді құрметтеу,сыйлау,еңбекті бағалау.
Отбасына ,туған жеріне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізуші:
Құрметті Ата - аналар, ұстаздар, тілашар тойына қош келдіңіздер.Бүгін біз бір жыл
оқытып,тәрбиелеген балаларымызды 1-сыныпқа шығарып салғалы
отырмыз. Әрине бұлда үлкен той, тойларыңыз құтты болсын?
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Бір белестен өттіңдер,
Өсті ақыл ойларың.
Қуанышы бүгінгі,
Құтты болсын тойларың.
Қол соғып қошементпен балаларымызды қарсы алайық.
Зейнеп: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым,білім жолына,
Енді қайық саламыз.
Нұртілек: Біз бақытты баламыз.
Қақаз, қалам аламыз,
Ұстаздарымыз үйреткен,
Әріптерді саламыз.
Хор: Мұғалім-ол біздің!
Молдаби Алты жасқа жеткенім
Еркеліктен кеткенім
Кітабымды қолтықтап
Мектебіме беттедім.
Жанбота: Мынау менің сезгенім.
Ол сыныптың анасы.
Өзінің де өзгенің
Баласы оның баласы.
Ән: Әнші балапан!
Зейін: Алты жасқа биздей тоған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата - ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.
Би:
- Сәлеметсіздер ме балалар !
-Сәлеметсіз бе?
- Мені таныдыңдар ма?
-Иә.
-Мен кіммін?
-Білім ханшасысыз.
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Балалар ,ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашып,әліппе жазған кім?
-Ыбырай Алтынсарин.
-Ыбырай Алтынсарин аталарыңның <<Кел балалар, оқылық>> деген өлеңін
білесіңдер ме?
Нұртілеу: Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Іздегеннің алдыңнан,
Сұрамай - ақ табылар.
Білім ханшасы: - Ой рахмет,ал енді сендер мектепке барғанда ең бірінші оқитын кітаптарың <<Әліппе>> туралы тақпақ кім айтады?
Аида: Әліппе білім анасы,
Әліппе кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған
Адамның барма баласы
Ақбота: Жақсы кітап әліппе,
Үйретеді әріпке,
Ойншықпен қоштасам
Әліппемен достасам.
Білім ханшасы: - Өте жақсы,осы оқу,білім туралы мақал-мәтел айтып көрейік.
Думан: Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Саянбек : Оқу білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
Білім ханшасы:-Өте жақсы! Қандай өнерлі балдарсыңдар! Мен сендерді күзде 1-сыныпта күтемін.Кездешкенше қош сау болыңдар!
-Сау болыңыз!
Ән:
Би:
Хор: Анамның тілі-аяулы үні.
Жүргізуші: Ертеңгілігімізді тамашалағандарыңыз үшін рақмет.Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Тілашар дәстүрі |
Тілашар |
Біздікіндей мектепті |
Тілашар тойы туралы |
Топ ұраны |
Тілашар тойы |
Қазақ елім |
Құтты болсын бүгінгі мереке күн |
Бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар |
Мінездеме үлгісі |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz