Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Тақырып Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылы
Т. Жүргенов атындағы орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тлеубаева Айсәуле Әбдімәлікқызы
Қазақ тілі 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш.
Сабақ түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты:Білімділік- тақырыптың мазмұнын меңгерте отырып, толықтауыштың өзіне тән белгілерін, түрлерін таныту;
дамытушылық- шығармашылық белсенділігін, танымдық дербестігін арттыру, жазу арқылы сөз байлығын молайта отырып, іздену қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік- туған жерді аялай білуге, сұлулыққа, адамгершілікке баулу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу
Қажетті құралдар: ватман, маркер, техникалық құрал-жабдықтар
Сабақтың әдісі: топтастыру, елес жетелеу
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа сабақ
4.Бекіту
5.Қорытындылау
6.Үйге тапсырма
7.Бағалау.
1. Ұйымдастыру А.Сәлемдесу.
Ә.Түгелдеу.
Б. Психологиялық даярлық. Шаттық шеңбері
<<Мен сізді таныстырғым келеді>>.
-<<Жақсы сөз - жан азығы>> - дейді қазақ. Мына жүрекшені бір - бірімізге бере отырып, бір-біріміздің жақсы қасиеттерімізді айтайық.
Отшашу арқылы бағалау.
Топқа бөлу. <<Тура толықтауыш>> тобы >> және <<Жанама толықтауыш >> тобы.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
<<Сиқырлы шар>>. Үрілген шарларды жару арқылы, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
1. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
2. Бастауыш дегеніміз не?
3.Баяндауыш дегеніміз не?
4.Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
5.Дара мүше дегеніміз не?
6.Омар қыр басында жүр. Сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тап.
7.Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті. Сөйлемдегі бастауыш қай сөз табынан?
8.Абай күрсініп қояды. Сөйлемдегі баяндауыш құрылысына қарай қандай?
3.Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш дегенде ойларыңызға не келеді? (жеке, топта жариялау)
Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың төңірегіне топтасып, бірі - ойды анықтау үшін, екіншісі - ойды толықтыру үшін, үшіншісі - ойды пысықтау үшін алынған сөздерді сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері дейміз.
Толықтауыш деп баяндауыш білдіретін амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесін айтамыз.
Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері мыналар:
1. Толықтауыш атау жіне ілік септіктерден басқа септіктерде тұрып, затты нұсқайды. Кейде толық мағыналы сөзден кейін туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірі қосақталып тұрады.
2. толықтауыш болатын сөз заттық мағынаны білдіреді. (көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі)
3. сұраулары аталған септіктердің Кім? Не? түбірлес болады.
4. Байланысу түрі - меңгеру, жанасу. (ереже шығартылады)
Толықтауыш тұратын септіктер және толықтауыштың түрлері
Толықтауыштың сұрақтары
Тура толықтауыш
Табыс септігінде
Кімді? Нені?
Жанама толықтауыштар
Барыс септігінде
Жатыс септігінде
Шығыс септігінде
Көмектес септігінде
Кімге? Неге?
Кімде? Неде?
Кімнен? Неден?
Кіммен? Немен?
Толықтауыш құрылысына қарай дара, күрделі, үйірлі болып бөлінеді. Дара толықтауыш: Татулықта (неде?)табыс мол. Күрделі толықтауыш: Жүз - жиырма беске (неге?) бөлінеді. Үйірлі толықтауыш: Жасау дегеннен (неден?) көз тұнады.
Оқулықпен жұмыс.
45-жаттығу. Берілген сөздерді атау және ілік септіктерден басқа септіктерге қойып, толықтауыш етіп сөйлемдер құраңдар.
І топ. Алғашқы үш сөз: әке, ақылды, төрт.
ІІ топ. Соңғы үш сөз: ол, оқыған, оқу
46-жаттығу. Әңгімедегі тура және жанама толықтауыштарды тауып, қандай сөз табынан жасалғанын, қандай септікте тұрғанын анықтаңдар.
Тура толықтауыштар:ұнататынын, жек көретінін, жауап(-ты жалғау жасырын тұр), қандай пиғылда екенімді,
Жанама толықтауыштар: Алла Тағаламен, пайғамбарларға, бар екендігіне, одан, талап-тілектерімізге, қас-қабағына, соларға.
Үлестірмелі қағазбен жұмыс.
І топ. Толықтауышты тауып, сұрағын қойыңдар.
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас - бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. (<<Қансонарда бүркітші шығады аңға>>, А. Құнанбаев)
ІІ топ. Толықтауышты тауып, сұрағын қойыңдар.
Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай, сары алтын шатырына
Күннің кешке кіргенін көрді көзім. (<<Жазғұтырым>>, А.Құнанбаев)
Сергіту сәті. <<Поэзия минуты>>. Абай өлеңдерін оқу. Бір-бірін <<Үш шапалақ>> арқылы марапаттайды.
4.Бекіту.
Елес жетелеу:
1. Күз мезгіліндегі ауылды еске түсірші.
2. Табиғаты қандай?
3. Ауылдағы адамдар нені кәсіп етеді?
4. Оларға қалай көмектесер едің?
5. Ауылға не тілейсің?
Ойтолғаныс (жұмыстарын жариялау)
Толықтауыштарды қатыстырып сөйлем құрастырыңдар.Толықтауыштардың қандай септікте тұрғанын анықтаңдар.
5.Қорытындылау. <<Күн шуағы>>.
Осы тақырыппен байланыстыра отырып жақсы тілек тілеп <<Күн шуағы>> нұрына жабыстырады .
6.Үйге тапсырма. Ережені жаттау. 58-59-бет. 47-48 - жаттығу. Мәтіннен тура және жанама толықтауыштарды теріп жазып, қай сөз табынан жасалғанын әрі құрамын анықтаңдар.
7.Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz