Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Туым-теңдігім, Елтаңбам-елдігім, Әнұраным-айбыным
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: <<Туым-теңдігім, Елтаңбам-елдігім, Әнұраным-айбыным>>
Мақсаты:
- Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсінік беру, елін, жерін, тілін, қазақ елінің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының рәміздері.Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының картасы, интерактивті тақта.
Барысы:
I. . Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
II. Топқа бөлу. (Топтардың аты: елтаңба, ту, әнұран)
III. Ой қозғау. (әнұран орындалады)
IV. Кім екен? (Суреттен тану)
V. Кім жылдам? (сұрақ-жауап)
VI. Шығармашылық тапсырма
VII. Қорытынды.
Сыныптағы оқушыларға Қазақстан рәміздеріне байланысты шығарма, өлең жазып келу тапсырылады. Шара барысында осы шығармалардан үзінділер оқылады.
Топ жарысының шарты: Әрбір қатысушы білімінің жетіктігімен өз тобымен де, сондай-ақ жеке дара да жеңіске жете алады. Әрбір топ ойынның ережесін бұзбаса, көрермендер көмегін пайдаланбаса және шығармашылық жұмыстарды ұйымшылдықпен, ынтымақпен орындаса жеңіске жетеді.
Ой қозғау. (әнұран орындалады)
Кіріспе сөзі:
Балалар, адамның туып өскен жері,туған-туысқандарымен,жақындарымен тұратын атамекені, Отаны, Қазақстан Республикасы екенін барлығымыз білеміз.
Олай болса балалар, Отанымызды, елімізді қастерлейтін қандай мақал-мәтелдерді білеміз?
<<Отан-оттан да ыстық>>
<<Туған жердің топырағы да ыстық>>
<<Отан әркімнің ары,ұжданы>>.
ҚР картасын құрастыру керек.
Бәрекелді балалар! Алда қандай мереке күндер бар?
Ынтымақ күні, жеңіс күні және біздің рәміздер күніміз бар.
Олай болса Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік рәміздерін білесіңдер? рәміздеріміз қай жылы қабылданды?
1992 жылы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері ретінде Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран - алғаш рет бекітілді. Бұл күн -ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.
Егеменді еліміз әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең,өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұраны ,Туын қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп ,оны қастерлей біліп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз.
Қосымша материял беріліп, оқып шығуға уақыт беріледі.
Қазақстанның елтаңбасында жарқын күн сәулесі ,көк аспан,шаңырақ,жарық жұлдыз,қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Көк аспан -кеңшілік, тыныштық, биіктің белгісі.
Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті, өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді. Елтаңбасындағы алтын шаңырақ қазақтың <<қара шаңырақ>>деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халқының қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.
-Қанатты тұлпардың мәні қазақтың аңыз-ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттерден аман алып қалған. Еліміздің азаттығының, жеңімпаздығының белгісі. Аспаны ашық жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік елінің перзенті болу қандай бақыт!
Көк байрақ туымыз-халқымыздың қасиетті ,киелі белгісі. Туымыздың көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді.Ту ортасындағы алтын күн-халқымыздың азаттық күні.Алтын күнді қанатымен жебеп,қыран құс ерлік белгісі. Кең- пейілділікті білдіреді.Ту шетіндегі ою -өрнек қазақ елінің танымын,қасиетін көрсетеді. Туымызды қастерлеу-халқымызды қастерлеу.Ұлттық әдептілік қасиеттердің бір үрдісі - ел Туын елжірей сүйіп,құдірет тұтып,құрметтей білу болып табылады. Әрқашанда төбемізге көтеріп ,тәлім алып көк байрақ - Туымызға тәжім етеміз.
<<Әнұран>>
Әнұраным-жан ұраным
Айтар әнім,сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Туымыздың көне күнін,
Даламыздың байтақ үнін ,
Ол әні ғой жүрегімнің
Мың қайталап айтам мұны.
Кім екен?
Кім жылдам? (сұрақ-жауап)
+ Елтаңба дегеніміз не?
Негізі <<Герб>> сөзі неміс тілінен аударғанда <<ербо>> - мұра деген мағынаны білдіреді. Ал дәл осы ұғымды тіліміздегі <<таңба>> деген сөз анық жеткізеді. Бұл әрбір елдің, қаланың, әрбір рудың, жеке адамның бейнесі белгіленген шартты және ерекшелік белгісі. Елтаңба иесінің тарихымен тығыз байланысты болады. Елтаңба сол елдің заңына байланысты анықталады және заң бойынша бекітіледі.
+ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары кім?
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота-Аман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
+ Қазақстан елтаңбасындағы бесбұрышты жұлдыз нені білдіреді?
Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар дегенге мегзейтін бесбұрышты жұлдыз.
(Шығармалардан үзінділер оқылады)
+ Мемлекеттік ту дегеніміз не?
Мемлекеттік ту- елдің Тәуелсіздігін білдіретін ресми билік нышан.
+ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы кім?
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы - суретші Шәкен Ниязбеков.
+ Қазақстан туының көк түске боялу себебі?
Танымдық тұрғыдан алғанда, қызыл-оттың, жылу мен қанның, жасыл-шөптің, өсімдіктің, қара-жердің, суықтың, қараңғылықтың, ақ-судың белгісі болып саналса, зеңгір көк-аспанның, ауа мен құрлықтың белгісіне баланады.
(Шығармалардан үзінділер оқылады)
+ Қазақ халқының басына түскен қасіретті баяндайтын әлемдегі болмыс бітімі бөлек ұлттық әнұран?
Қазақтың <<Елім-ай әні -әлемде теңдесі жоқ болмыс - бітімі бөлек ұлттық әнұран. Әдеттегі әнұрандарда, негізінен, мадақтау сарыны басым жататын болса, бұл ел әнінің қуаты бүкіл халық басына түскен қасіретті боямасыз баяндай отырып, рухты жасытпай, қайта елдік пен ерлікке шақыратын оптимистік сезім оятатын қасиетінде жатыр.
+ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнің авторы кім?
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Шығармашылық тапсырма:
Әрбір топ өздерінің рәміздерін ойлап табулары керек. Негізгі шарты: Ол ерекше, таңқаларлық болуы керек. Жәнеде міндетті түрде Қазақстанмен байланысуы шарт.
Қорытынды
Құрметті, балалар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сәтті аяқталды. Бұл шараға барлығымыз белсенді қатысып, өзіміздің білімімізді ортаға салып, білмегендерімізді көңілге түйдік деп ойлаймын. Енді Елбасымыз Н.Назарбаев пен дарынды әнші, композитор Б.Тілеуханның <<Елім менің>> әнінің клипін тыңдауларыңды ұсынамын. Бұл музыкалық шығарма қазақ елінің бар перзентінің еліне, жеріне, Отанына деген мақтаныш сезім оятатын ән. Бұл әнді қазіргі кездегі қазақ халқының ресми емес әнұраны десек қателеспейміз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz