Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Ф дыбысы мен әрпі. Ф дыбысы мен әрпін таныту

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ф дыбысы мен әрпін таныту.
oo Балаларға әріпті таныту; сөздерді тұтастай оқып, мәтіннің мазмұнын талдауға үйрету
oo Сөздік қорларын молайту, алған білімдерін қалыптастыру
oo Елін мақтан етуге, сүюге тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Психологиялқ дайындық:
Табиғатым тамаша .
Көз тоймайды қараса
Табиғатты қорғаймыз
Жаман бала болмаймыз.
Топқа бөлу: дыбыстар арқылы топқа бөлу
Үй тапсырмасын тексеру:
в
1-топ: В дыбысынан басталатын сөздер құру.

2-топ: Автобус сөзіне дыбыстық талдау жасау.
3-топ: <<Адасқан буындар>> шашылған буындардан сөз құрастыру.
Автобус , вокзал, вагон, трамвай, витамин
4-топ : Тек қана в дыбысынан басталатын сөздерді теріп жаз.
Үй алдында Ваня ағай
Велосипед майлады.
Вова шығып далаға
Вагон сүйреп ойнады.
Сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Кіріспе әңгіме:Жұмбақ
Бір құлағы сөйлесе,
Бір құлағы тыңдайды.
Білсең айтшы ендеше,
Жұрт не дейді мұндайды?
/телефон/
Қызығушылықты ояту.Ой қозғау.
телефон
Телефон туралы не білесіңдер?

Телефон сөзін буынға бөледі. Соңғы буында бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? Бүгін біз Фдыбысымен танысамыз.
Электронды оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс.
1.ауада жазу
2. дәптерге жазу.
Сергіту сәті:
Жаңа сабақ: Қос мықынын тіреніп
Тұрады ылғи шіреніп.
Ф дауыссыз қатаң дыбыс Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Мысал келтір. Тақтада жазу.
Оқулықпен жұмыс
120 беттегі мәтін оқылып талданады.
-Телефонның қандай түрлерін білесің?
-Телефон адамға не үшін қажет?
Оқулықтағы тапсырманы орындау.
121 беттегі тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрайды.
-Мынау қандай аяқ - киімдер?
- Оларды қай уақытта киеміз?
-Қыста қандай аяқ-киім киеміз?
Сергіту сәті
Шаңғыменен сырғанап
Боран болып уілдейміз.
Қар болып жапалақтап
Еппен жерге қонамыз.
Дәптермен жұмыс: Дәптерлеріндегі тапсырманы орындайды.
Ауызша жұмыс:<<Буын жалғастыр>> ойыны
фут....., фер......, теле......., фир .....
Қорытынды
Қандай әріппен таныстық?
Тест

№1 Егіндікөл орта мектебі

Ашық сабақ
Тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі
1-сынып
Өткізген : Баязова Г.Ж.

2014-2015 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Сабақтың жүру барысы
Ф дыбысы мен әрпі
Дауысты дыбыс әріптері
Ұұ дыбысы мен әрпі
Торғай сөздерінде дыбыстық талдау жасау
Б б дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әріпі. 1 сынып
Сөйлемді толықтыру дидактикалық ойыны
Сөзді тап
Пәндер