Файл қосу

Металдар тақырыбын қайталау

Химия пәнін рольдерге бөліп оқыту арқылы қызықтыру.

Мұғалім- мектептегі басты тұлға. Мұғалім беделінің зор болуы мұғалімнің өз пәнін толық меңгеріп,пәнін оқушыларға қызықтыра білінуінде деп ойлаймын.
Мен зейнеткер мұғаліммін.(Кеңес үкіметінің кезіндегі)
Атырау обылысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында
Абай атындағы орта мектебінде 36 жыл, 19 жыл
Биология, 36 жыл химия пәнінен сабақ бердім.Кезінде химия пәнінің жоғарғы санаттағы мұғалімімін.
Химия сабағында оқушыларды қызықтырудың көп жолдарының бірі оқушыларды рольдерге бөліп оқыту. Ол
Әдіс көбіне бір үлкен тарауды қайталау кезінде, оқушылар сол тараудан зор мағұлымат алғаннан кейін өткізуге болады.Әрине бұл ескі әдіс деп ойлауларыңыз мүмкін,бірақ ескініңде іздестірген мұғалімге берері көп. Оқушуларды ізденіске баулу, кітапхана мен байланысты қалыптастырып, оқушыларды кітап оқуға дағдыландыру үшін маңызы зор.
Қазірде баспасөз бетіне қарасақ көбіне тілге мән көбірек бөлінген, ол дұрыста болар, деген мен математика, физика жаратылыстану пәндеріне аз мән берілген сияқты. Артық болса кешіріңіздер.
Біз қазірде инженер мамандар жетіспейді дейміз, инженер мамандықтың наны матеметика, физика, химия емес пе?
Кәсіптік бағдарға, оқушыларды ізденіске, химия пәніне қызығушылығын арттыруға септігін тигізетін <<Металдар
Тақырыбын қайталау деген тақырып бойынша өткізген сабағымның жүрісін назарларыңызға ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: <<Металдар>> тақырыбын қайталау.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар <<Металдар>> туралы
білімін қортындылау, оқушыларға
кәсіптік бағдар тәрбиесін беру.

Көрнекілік құралдар: Шойын, болат қорыту пештерінің
(экраннан) мартен, конвертор,
пештерінің көрінестері,
минералдык тастар коллекциясы.

Сабақтың жүрісі:
а) Ұйымдастыру кезең <<Өндіріс басшыларымен
жетекшілерін, <<инженерлер>> мен таныстыру.
Жүргізуші: Мұғалім

Бүгін біздер <<Металдар техника өзегі>> деген тақырапта
<<Металдар>> тақырыбын қайталау. (кіріспе сөзбен бастаймын)
Өндіріс басшылырын таныстырамын.
1. Өндіріс басшысы- Қондыбаева Рита
2. Өндіріс бас инженері- Ноқатова Гүлбаршын
3. Минералогия ғылымының кандидаты- Жұмағалиева
4. Шойын құю цехының бөлім меңгерушісі Қозбақова
5. Түсті металдар бөлімінің инженері- Нұртаев Қуандық
6. Активті металл (сілтілік металл бөлімінің жетекшісі)- Аққожиев
7. Асыл металдар бөлімінің жетекшісі- Құнанбаева Гүлбағыт
8. Сирек кездесетін металдар бөлімінің жетекшісі- Ильясова
9. Балқу температурасы жоғары металдар бөлімінің жетекшісі- Исмағұлова
10. Шыны өндіру бөлімінің жетекшісі- Мамбетиязов
Мұғалім: Өндірістің дамуы үшін, ауыр және жеңіл өнеркәсіптің дамуы үшін металдардың маңызы зор.
Ауыл шаруашылығын,тоқыма өнеркәсібінің дамуы ауыр
Өнеркәсіпсіз дамуы мүмкін емес. Қайталау сабағында техника өзегі металдар екендігі туралы әңгіме етпекпіз. Осыған орай <<өндіріс басшысы>> 1.Қодыбаева Рита сізге металлургия өндірісінің басшысы ретінде металлургия саласында істеу үшін металдардың физикалық қасиеттерін білу міндетті сияқты.

Соған орай сізге бір сұрақ, сол металдардың физикалық қасиеттері туралы айтып берсеңіз.
2. Осы активті металдар өте сезімтал болады дейді .Су мен
қосылысында жанады, ыдыстан шығарса қопарылады.
Енді сол металдардың фото- электрлік қасиеттері жөнінде <<сілтілік металдар>> бөлімінің жетекшісі Аққожиев Қайыржан сіз айтып берсеңіз.
3. Өндіріс басшысы Қондыбаева Р. сізге бір сауал.Дүниедегі металдардың ауыры да, жеңілі де болады. Осы металдар туралы түсіндіріп жіберсеңіз?
4. Өндірісте ғылым кандидаты (минералогия ғылымы) Жұмағалиева Н. жұмыс істейді. Әкелінген руда құрамын зерттейді.
Металдар минералдардан алынады. Ал енді сіз осы минералдар туралы сөз козғасаңыз?
5. Өндіріс <<бас инженері Ноқатова Г. Сізге. Ал осы біздер металдарды көріп жұрміз. Қасиеттерін білеміз, енді сіз осы металдардың тарихын сөз етсеңіз.
6. Металдардың асыл тұрлері болады. Сол асылдардан дан біздің білетініміз күміс пен алтын.
<<Күміс пен алтын ды кім білмейді,
Қолда барда қуанып кім күлмейді.
Химиктерге жақпайтын не сыры бар
Әр қашан жаман металл құрғыр>>-дейді. демекші кезекті асыл металл алтыннан кейін, сонымен тепе-тең тұратын платина туралы, асыл металл бөлім меңгерушісі Құнанбаева Г. Жолдас айтып берсеңіз?
7. а) металдарды қорыту домна пештерінде өтеді. Ал пештің сырты мен ішіне экранға түсірілген бейнесіне ойша саяхат жасап айтып берсеңіз?
б) Тағы бір сауал. Болат пен шойын қортатын пешті әңгімеледіңіз. Ал енді шойын мен болаттын айырмашылығы туралы не айтар едіңіз?
в) Болат құю әдістері конвертор, Мартен әдістерінің қандай кемшіліктерімен жетістіктері бар, сол туралы әңгімелеп берсеңіз.
8. Қондыбаева Р. Өндіріс басшысы ретінде шойын мен болаттың сапасы туралы не айтар едіңіз?
9. <<Түсті металдар>> бөлім инженері Нұртаев жолдас. Түсті металдардың қолданылуы туралы не айтар едіңіз?
10. Рита сізге бір сұрақ. Қазір де атом ғасырында маталлургияның өркендеген кезі,(сол кезде) металдарға керексіну көп, соган байланысты қазірде 8000-нан астан құйма түрлері кездеседі. Енді сол құймалар туралы әңгімелесеңіз?
11.Сирек кездесетін металдар Лантаноидтар тобы №57 Гафнни аралығында пайдасы көп деп естіп ем, әсіресе АЭС-де жарылысты болдырмау үшін қажет көрнеді, сол туралы Ильясова айтып берсеңіз?
12. Балқу температурасы жорғы металдар W,Ті. Осы бөлім жетекшісі Исмағұлова айтып берсеңіз?
13. Минералдардан түсті металдарды қалай бөліп алуға болатындығы туралы айтып берсеңіз? (Жұмағалиева)
14. Шыны халық шаруашылығында көп қолданылады. Осы шынының тұрлері қалай алынады? Соны әңгімелеп берсеңіз (Мамбетиязов)
15. Сыныптағы техника қауіпсіздік инженері, табиғат қорғау бөлім бастығы отыр, сізге бірер сауал қойсақ.
1.Жұмысшылардың жұмыстағы техника қауіпсіздігі туралы не айтар едіңіз? (Түсіпқалиев)
2.Табиғатты адам қолдан өзгертеміздеп, бұлдіріп алып жұрміз. Зауыттан шыққан жану өнімдері табиғатқа қалай әсер етуде, табиғат қорғау, экалогияны ластамау үшін қандай жұмыстар жұргізілуде, соны айтып берсеңіз? (Машенов)
II. Қортынды мұғалім
Сонымен <<Металдар>> тақырыбын қортындыладық. Ол туралы сыныптан тыс оқулықтарды пайдаландық, ол сендердің берген жауаптарыңнан көрініп тұр.
Металдар тақырыбына есептер шығардық. Бұл сабағымыз сіздердің металдар туралы ұғымдарыңды кеңейтуге көмектесті. Сонымен қатар сіздерге тау-кенинженері болуға бағыт бағдар берді деп ойлаймын. Алғашқы қадамдарың құтты болсын! Дендерің сау болып, дүниеге керекті бір кірпіш болып қалана беріңіздер.
16. Оқушыларды бағалау: сегіз оқушы - 5
екі оқушы -- 4
үш оқушы -- 3
Барлығы-- 13 оқушы бағаланды
<<Химия- қиын
Ашиды миың.
Деуші едік оқып жүргенде,
Жар бермейтін құрыстап.
Мұндайын оның білгенде,
Оқитын едік дұрыстап>>,-деп Шамиль Мұханбетжанов ақын айтқандай, химияны сүйіп дұрыстап оқыңдар.
10.04.1992ж.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. <<Білім және еңбек>> журналы №4 1986ж.
2. <<Из истории химических элементов>> (на каз. яз.) автор Батырбек Ахметұлы Бірімжанов
3. Петерсон М. Ми Мюр П. <<Рассказы о химических элементах>>
4. Бірімжанов Б. А. <<Жалпы химия>> Алматы 1962ж.
5. Бірімжанов Б.А. <<Химик серігі>> Алматы <<Мектеп>> 1968ж.
6. Бірімжанов Б.А. Нұрахметов Н.Н. <<Химия әлемінде>> 1973ж.
Жарылғасова Айнаш Қазахстан оқу ісінің үздігі, аға, әдіскер, жоғарғы санатты химия пәнінің мұғалімі. Зейнеткер.
Атырау облысы, Жылыой ауданы,Құлсары қаласы.

Ұқсас жұмыстар
Оқыту әдістемесі
Металдар тарауын қайталау
Сілтілік жер металдар
Формативтік бағалау
Кальций және оның қосылыстары жайлы ақпарат, 9 сынып
Сабақтың көрнекіліктері
Металдардың тұздармен әрекеттесуі
Жалпы химиялық қасиеттері
Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары
Мыс қорытпалары
Пәндер